9-сынып.
Дүние жүзі тарихы
Сабақтың
тақырыбы: §4. Франция
Сабақтың
мақсаты:
? Францияның
соғыстан кейіңнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп,
әлеуметтік шиеленістің себебін, Францияның көппартиялық жүйесінің ерекшелігін
және экономикалық дағдарыстың ел өміріне әсерін нақты факторлармен ашып
көрсету.
? Француз
фашизмі туралы түсінік бере отырып,, оның герман және итальян фашизмінен
айырмашылығына талдау және тиісті тиісті қорытынды жасай білуге баулу.
? Халықтың
майданның қалыптасуы туралы әңгімелеп, жүргізген шараларының маңызына
тоқталып, ең бастысы, Францияда фашизмнің билеп-төстеуіне тосқауыл болғанын
атап, оқушыларды фашизмге, ымырасыздыққа қарсы тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі:
интерактивті
Көрнекілік:
карталар (ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Франция, ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы Еуропа)
.
Сабақтың
барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
·
Оқу құралын тексеріп түгендеу
·
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын
сұрау:
G Ұлыбритания үшін
Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?
G Ллойд Джордж
үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.
G Лейбористер
партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін
сипаттаңдар.
G Дүниежүзілік
экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.
G Англиядағы қандай
партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?
Жаңа сабақтың
жоспары:
1. Соғыстан
кейінгі Франция
2. Франциядағы
экономикалық дағдарыстардың ерекшеліктері
3. Француз
фашизмінің ерекшеліктері
4. Халық
майданының қалыптасуы
Негізгі оқиғалар:
Ü 1919
жылы Францияда 2,2 мың ереуіл болып, оған 2 млн жұмысшы қатысты.
Ü 1924-1926
жылдарда солшыл блок үкіметі билік басында болды.
Ü 1930
жылы экономикалық тоқырау басталды.
Ü 1924
жылы «Патриоттық жастар» лигасы құрылды.
Ü 1927
жылы «Әскери крест» лигасы құрылды.
Ü 1934
жылы Халықтық майдан құрылды
Ü 1936
жылы Халықтық майдан партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті.
№
|
Лигалардың
аты
|
Лигалардың
талаптары
|
1
|
«Француз
әскери лигасы»
|
Фашистік
диктатура орнату
|
2
|
«патриоттық
жастар» лигасы
|
«Алтын
парламентті» жою, күшті атқарушы өкімет құру.
|
3
|
«Әскери
крест»
|
«Коммунизмді
құрту», «Сатқын демократияны»
|
Сабақты
бекіту:
Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси
ерекшеліктері болды?
1919-1920
жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?
Француз
көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар
Экономикалық
тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?
Б.Ү.Ү.
кестесі.
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім
келеді
|
|
|
|
Қорытындылау, бағалау:
Үйге
тапсырма
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.