Оралбаева А.К - информатика пәні мұғалімі
|
Пәні, сыныбы: |
Информатика, 5 сынып |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Калькулятор және блокнот. |
||||
|
Жалпы мақсаты: |
Блокнот бағдарламасы, калькулятормен жұмыс істеу туралы түсінікті қалыптастыру, блокнот бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері туралы айту және калькулятормен жұмыс істеу тәсілімен танысу. |
||||
|
Оқу нәтижелері |
§ Блокнот бағдарламасы, калькуляторді іске қоса алады (барлығы); § Калькулятор және блокнот туралы түсінік қалыптасады; (барлығы); § Калькулятормен есеп шығарады. |
||||
|
Сабақ түрі: |
Жаңа білімді меңгерту. |
||||
|
Сабақтың әдісі: |
ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме СТО: Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары АКТ: презентация, электрондық оқулық ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау ОҮБ: (формативті, сумативті) Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік тапсырмалар |
||||
|
Көрнекілігі |
ДК, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам. |
||||
|
Түйінді идеялар |
Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады. |
||||
|
Сабақ кезеңдері Қызығушылықты ояту: Уақыты: 5 мин |
Оқушылармен амандасу, түгендеу Тренинг: «Кездесу» ойыны Алдымен оларды шеңбер бойымен жүргізіп, қолдарына қағаздар бердім. (түймедақ гүл жапырақтарында жазылған сөздерді оқыды). Сүрет арқылы сыныпты 2 топқа бөлу. |
||||
|
Мағынаны ажырату: Уақыты: 10 мин
|
Миға шабуыл. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексеру. “Кім көп біледі?”, “Кім жылдам?” тапсырмалар. (бір- бірін бағалайды, бағалау парағы) |
||||
|
Ой- толғаныс: - анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
- синтез, бір-бірімен ой бөліседі. Уақыты: 13 мин
|
Мағынаны тану. «Жаңа сабақ» кезенде оқушылар диалог түрінде слайдтағы мәліметтермен танысты.
«Дебат» әдісімен жаңа білімді бекіту
Формативті бағалау (бағалау парағы) |
||||
|
Сергіту сәті. Уақыты: 2 мин |
Қозғалыс (музыка арқылы) |
||||
|
Уақыты: 8 мин
|
Бекіту тапсырмасы: «Тапқыр достар» - тест тапсырмалары (өзін- өзі бағалау), «Есеп шығару» Деңгейлік тапсырмалар:
|
||||
|
Рефлексия Уақыты: 3 мин
|
|
||||
|
Үй тапсырмасы Уақыты: 2 мин |
Калькулятор және блокнот бағдарламасы (155-156 бет) |
||||
|
Бағалау Уақыты: 2 мин |
Формативті (қол белгісі арқылы) бағалаулар және сабаққа қатыстары бойынша жиынтық баға қойылады. |
“Кім жылдам?”
|
|
“Кім көп біледі?” Сұрақтар:
1. Мәтіндік редактор қалай аталады?
2. Графиктік редактор қалай аталады?
3. Мәтінді компьютерде өңдеудің негізгі құндылығы неде?
4. Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлініп, олардың саны неге тәуелді болады?
5. Компьютерлік алфавитте неше символ бар?
ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме
СТО: Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары
АКТ: презентация, электрондық оқулық
ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау
ОҮБ
Информатика сабақты 5 сынып оқушыларына жүргізідім, сыныптың оқушылары бұдан қандай нәтиже береді деген оймен іс-тәжірбемді бастап кеттім.
Алдымен оларды шеңбер бойымен жүргізіп, қолдарына қағаздар бердім. (түймедақ гүл жапырақтарында жақсы сөздер жазылды,). Суреттер бойынша оқушылар топ-топқа топтасып, өз орындарына отырды. (екі топ). Қолдарындағы суреттерге қарап, оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты екендігін өздері болжады. Одан кейін топтық жұмыс барысында оқушыларды бағалау парағымен таныстырдым. Олар бірінші өзіне, содан кейін топтағы басқа мүшелерге баға береді. Баға қойған уақытта олардың топтағы жұмысқа қаншалықты белсенді қатысқанын, ортаға салған жаңа идеяларын ескереді. Сондықтан да оқушылар бағалағанда бір біріне кемшіліктерін айтып, әділ баға қояды. Ол бағаға мұғалімнің бағасы қосылады да ортақ бір шешімге келеді. Оқушылар өздері біліп отырады қандай баға, не үшін алғандары. Мұнда олар білімдерін қолданылуын, сол арқылы өмірмен байланыстырып қорыта алатындығы арқылы өз білімдерін
сабақтың мақсатына сәйкестендіріп бағалай алатындығын ұқты. Сонымен сабағымызды ой шақырумен бастап кеттік. Оқушылардың сабақ басындағы «Миға шабуыл» арқылы “Кім көп біледі?”, “Кім жылдам?” тапсырмаларға жауап берді. Мұндағы сұрақтар оқушыларды сыни ойлап, сындарлы
пікірлер айтуына жағдай жасайтындай болды. Осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе алдында сабақтарда үндемей отырған (Али, Жарқын) оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетіледі. Олар шағын топта пікірталастарға қатысып, топ ішіндегі тапсырмаларға біртіндеп тартылды. Егер оқушының қызығушылығы оянса, онда ол сабаққа белсенді қатысады. Осы кезеңде АКТ ны пайдалануды жөн көрдім. Оның тиімділігі: әрі көлемді, әрі қызықты болып көрінеді. Тапсырмалардың бәрін айтпай-ақ тақтаға жазып қойса, уақыт үнемдеуге көмектеседі және мұғалімге аз сөйлеуге мүмкіндік береді.
формативті, сумативті)
Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік
тапсырмалар
Профессия: Системный аналитик
Профессия: Преподаватель информатики
Профессия: Преподаватель математики и информатики
В каталоге 6 688 курсов по разным направлениям
Учебник: «Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.
Тема: 1.3.2. Перевод десятичных чисел в другие системы счисления