Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Сабақ: "Күз береке" (детский сад)

Сабақ: "Күз береке" (детский сад)


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

hello_html_m505a115f.gifhello_html_m3d54ff3e.gifhello_html_m42a7c402.gifhello_html_781b64f5.gifhello_html_665da561.gifhello_html_m74ef3481.gifhello_html_e6d4ca4.gifhello_html_2d09f512.gifhello_html_m12935f18.gifhello_html_704580ad.gif

Тақырыбы: «Күз береке»

Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту,күз ерекшеліктерін , күз сыйын ұғындыра отырып , балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекілік: Күз көрінісін бейнелейтін суреттер, жұмбақтар.

Тәрбиеші: Армысыздар,құрметті ата-аналар мен балалар!Ел байлығын арттырған ,берекелі күз айы да келді.Күз бізге жемістерімен ,көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді.Бүгінгі «Күз береке» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бүгін мейрам , бүгін той

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!

Балалардың амандасуы .

Күн анамыз нұрын шашып тұр

Күнге ұқсап шеңбер құрайық

Күнге қарап тілектерімізді айтайық

Күніміз жарық болсын!

Күз мезгілі жеміс-жидекке , астыққа толы болсын еліміз.

Т: Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін ата?

Б:Жапырақтар сары,қызыл болып,шөптер қоңыр, сарғыш түске боялды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Күн бірте қысқарады. Жаңбыр жауады. Адамдар жылы киім киеді.

Т:Күз айларын атаңдар?

Б: Қыркүйек,қазан,қараша

Балалар хормен: «Келші, келші алтын күз!»

Тәрбиеші: Жомарт көңіл, жарқын күз

Берекесі халқымның

Қош келіпсіз, Алтын күз

Құт қонағы төрімнің

Жоғары шық, кел төрлет

Көңілдерді ән тербет

Арналады саған жыр.

Тәрбиеші: Қош келдің,Күз ханшайымы! Өзіңмен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз.Оған біз өте қуаныштымыз.

Күз ханшайымы: Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Күз ханшайымы, мына қолыңыздағы сыйлықтарыңызды балаларға берсек бола ма?

Күз ханшайымы:Бұл сыйымды балалар еңбек етіп алу керек.

Ендеше, балалар , Күз ханшайымына арнап тақпақ, би,өлеңдерімізді орындап берейік.

Т:-Балалар, неге күзді «Алтын күз» дейміз?

Б: Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен , астығымен келеді. Сондықтан «Алтын күз» деп атаймыз.

Күз ханшайымына әдемі тақпақтарымызды айтып берейік.

Инабат:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Әділет:

Бір-бірлеп жапырақ,

Сылдырлап ұшады.



Сарғайған жапырақ

Күз нұрын құшады



Жансерік:

Ерекше күз енді,

Айнала сар ала.

Комбайн жүзеді,

Толқыған далада

Ералы:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ

Тәрбиеші:

Жауын жауса қуанып,

Көмекке келер қол шатыр

Ол шатырды алайық

Шырқап әнмен биге салайық

Ән: «Жау,жау жаңбыр»

Т: Балалар күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

Б:Сары,қызғылт болады.

Жапырақтар сарғайып, қурап жерге түсті.

Темірлан:

Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақтан жабады

Күн бірте суытып,

Жауын көп жауады

Күз жомарт дейміз біз

Жемісін жейміз біз



Нұрым:

Далада егінжай,

Алтындай болады

Сап-сары жапырақ

Сыбдырлап ұшады.

Батыр:

Алтын-сары,қызыл-көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жадырап

Ақжол:

Ой, алақай, тамаша,

Шашу, шашты жапырақ



Арслан:

Бақтың іші алаша.

Аунар ма еді жатып ап

Арайлым:

Ұшты кенет жапырақ,

Сары көбелек секілді

Бағлан:

Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді ажырап

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ

Тәрбиеші:

Құлпыра берші кең дала,

Гүліңді мен терейін

Жапырағыңмен жасыршы,

Қойныңа мен енейін

Би: «Жапырақтар» биі

Күз ханшайымына жеміс-жидектер,көкөністер тақпақтарын айтқысы келіп тұр.

Т: Көкөністерге нелер жатады? Көкөністер қайда өседі?

Б: Картоп. сәбіз, қияр, қызанақ,қырыққабат т.б Жерде өседі.

Т:Жемістерге нелер жатады? Жемістер қайда өседі?

Б:Алма,алмұрт,жүзім,өрік,шие т.б Талда өседі.

Ғазиз: Уылжып бақтарда,

Жемістер пісіп тұр.

Баян:

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын

Санжар:

Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім

Қайсар:

Мен өрікпін,өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін

Исмайл:

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Бақдәулет:

Мынау алма, айналдым,

Түрлі –түсті болатын

Әлішер:

Мынау-өрік, күнім,

Ерте ашар гүлін

Қара өрік, сары өрік

Ектім екі түрін

Күз ханшайымы бізге жемістерді кім көп теретінін бақылайды.

Ойын: «Жемістерді кім тез тереді?»

Жемістерді жерге шашып, екі балаға жемістерді жинату.

Т: Әрі қарай тақпақтарымызды жалғастырамыз

Бақтияр:

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен

Барма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген?

Данагүл:

Теңбіл-теңбіл қарбызды,

Тентек серік жарғызды

Арайлым:

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды,

Қоянға да азықпыз-

Сәбіздерміз жазықсыз.

Асылым:

Көк түйнегін қиярдың,

Азат үзіп жеп алды

«Үлкейсін де» деп едім

Өзі қатты ұялды.

Айша:

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп,

Қырық қабат атандым

Тәрбиеші:

Мың бұрала билеген,

Кім бар екен сұлу қызды сүймеген .

Бүлдіршіндер көріп қалсын қанекей,

Бишілеріміз бар «қолшатыр» биін билеген

Күз ханшайымы:Ал енді ,балалар, менің сендерге алып келген ойыным бар.

Ойын: «Дәмін татып ажырат»

Жұмбақтар:

Әрі тәтті, әрі қызыл,

Татқан жанды тауырқапты (Алма)

Көк ала костюм киеді.

Күннің көзін сүйеді (Қарбыз)

Доптар жатыр желісі бар,

Қабат-қабат терісі бар.

(орамжапырақ)

Ән: «Күз жомарт»

Тәрбиеші: Сары- ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі –дей келе күзіміз жылдан-жылға берекелі, мерекелі бола берсін демекпін! «Күз береке «атты ертеңгілігіміз аяқталды.

-Сау болыңыздар!





































































































































































IMG_6206.JPGPSD.Kindergarten.Poster.Template.01.3508x2480.jpg

IMG_6204.JPG











IMG_6212.JPG

IMG_6205.JPG





IMG_6207.JPGIMG_6208.JPG







I:\оформление\PSD.Kindergarten.Poster.Template.01.3508x2480.jpgJ:\Фото\Фото0011.jpgIMG_6210.JPG



J:\Фото\Фото0049.jpgJ:\Фото\Фото0014.jpg



J:\Фото\Фото0050.jpg











Табиғат бұрышы

Ұлттық бұрышы

Шығармашылық бұрыш

Ұсақ қол маторикасы

Денсаулық бұрышы

Кезекшілік бұрышы

Менің Отаным -Қазақстаным























Бекітемін:

«Достық» балабақшаның

меңгерушісі: Ә.Ж.Достанова

« »-------------------2012 жыл



Балалар мен ата-аналардың құқықтық білімдерін дамытуға бағытталған жұмыстың жоспары

Жұмыстың мазмұны


Түрі

Мерзімі

1

Аңсаған ата заңым!

Танымдық әңгіме

Қыркүйек

2

« Жайна менің, Қазақстаным»

Тәрбие сағаты

Қазан

3

Тілім менің-менің мақтанышым!


Тәрбие сағаты

Қараша

4

«Сенің өмірін туралы заң»


Ережелер

Желтоқсан

5

«Отбасы –шағын мемлекет»


Кеңес

Ата-аналарға

Қаңтар

6

Әрбір бала денсаулық сақтауға құқылы

Сюжетті ойындар


Ақпан

7

«Тандау жасауға құқылымын»

Тәрбие сағаты

Наурыз

8

«Шығамын тірі болсам адам болып»


Тәрбие сағаты

Сәуір

9

Табиғатты қорғауға ,сүюге құқылы

әңгімелеу


Сәуір

10

«Құқықтық сауаттылық заман талабы»

Ата-аналарға

Баяндама

Мамыр

11

1-маусым Балаларды қорғау күні!

Мерекелік

іс-шара






Жауапты тәрбиешілер: Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы













Тақырыбы: «Ел қорғауға әзірміз!»

Мақсаты: «Жеңіс күні» мерекесінің маңыздылығын түсіндіру. Бейбітшілік туралы түсінік беру. Аға ұрпақтың өсиетін адал болуға және потриоттық сезімге тәрбиелеу.Отансүйгіштікке, елжандылыққа,жауапкершілікке,үлкенді сыйлауға қадірлеуге тәрбиелеу

Жылулық шеңбері:

Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне қолдарымен жылулық сыйлап, амандық, достық,татулық, сүйіспеншілік туралы жақсы тілектерін айтады.

Деніміз сау болсын! Жеріміз бай болсын! Еліміз аман болсын! Бейбітшілік болсын!

Әңгімелесу

-Балалар, үлкендер неге «Ел іргесі аман болсын!» ,«Аспанымыз ашық

болсын !» , «Бейбітшілік болсын! » болсын деп бата береді?

-Кімнің атасы,әжесі соғысқа қатысты?Олар туралы не білесіңдер?

Би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: «Біздің еліміз, жерімізді жаудан қорғаған қаһарман қазақ батырларын, ерлердің ерліктерін ешқашанда ұмытпаймыз. Олар біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады!»

1-бала:

Зұлым жаудың ниеті,

Москваны құлатпақ,

Қызыл алаң тасында,

Жын ойнағын ойнамақ.

2-бала:

Содан кейін осында,

Жеңіс тойын тойламақ,

Қызыл алаң тасында ,

Жын ойнағын ойнамақ

Тәрбиеші: Қазақтың батыр өрімдей қыздары ерлікпен жаумен алысып ,қаза тапты. Әлия мен Мәншүкті біз ешқашан ұмытпай, есте сақтаймыз. Әлия мен Мәншүктің ерлігін әнге қосып шырқап жүрміз.

3-бала:

Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп ғой батыр ағалар,

Жатып алар балалар

4-бала:

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті Әлия,Мәншүк апалар,

Әлия,Мәншүк аттары әнге айналған,

Әлия, Мәншүк-қос жұлдыз көкте жайнаған

Тәрбиеші: «Жеңіс!»- деп үн қатады.Одан күлімдеп қолына шар, гүл, көгершін суретін көтереді.

5-бала:

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама!

Жеңіс келді әке боп,

Елдігі бар балаға

Соғыс ардагерлеріне сөз берілді.



6-бала:

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән, көрік

Жеңіс келді, алақай,

Тоя жейтін нан болып!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Тәрбиеші: Балалар,ал қазір біз үстелге отырып жапсыру жұмыстарын жасаймыз. Ал енді балалар , сендер өз жұмыстарынды бізге қонаққа келген қонақтарға сыйлаймыз.

Арылып жаудан жеріңді,

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер, бұл қай күні!

Тоғызыншы май күні!

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»





Мақсаты: 1қыркүйек білім күніне байланысты түсінік беру.Білімге деген қызығушылығы мен құштарлығын, ойлау қабілетін, есте сақтауын, жаттау дағдыларын дамыту.



Жылулық шеңбер:

Балалар шеңбер бойына тұрып,қол ұстасып, кезектесе табиғаттағы әдемі құбылыстарды еске түсіру.

Біз әдепті баламыз,

Тату-тәтті тұрамыз,

Жүрекке жылу толтырып,

Қайырымды боламыз.

Әнұран орындау

Тәрбиеші:

Бүгінгі күн бәрімізге ерекше күн.Алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа жылы, яғни оқу жылы басталды.Ал осы жылды жемісті етіп өткізу бәрімізге байланысты. Бүгінгі ғарышкерлер, ел басқарған қайраткеріміз, ақын жазушылар да кезінде дәл осылай бақшаға келген болатын.Сондықтан да біз сіздердің балалық дәурендеріңіздің қызықты өтіп, саналы да білімді азамат болуларың үшін өзіміздің білімімізді , іс-тәжірибемізді, қамқорлығымызды еш аямаймыз. Сендер де жақсы оқып , тәртіпті болып, бізге қолқанат бола біліңдер. Алғашқы білім күндерін құтты болсын.

1-бала:

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз,

Ілгері жүріндер,

Достық жырын біліңдер,

Туғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіндер.



2-бала:

Келгенде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жолыңа,

Шәкіртім деп қуанып.

3-бала:

Мейірім толы көзіне,

Кім бар сенен шыдамды,

Шалыс басқан кезімде,

Кешіресің кінәмді

-Балалар мектепке бару үшін қандай құралдар керек?

Дәптер, қалам,қарандаш,кітап т.б

Мақал-мәтелдер айту.

Жұмбақтар шешу.















































Общая информация

Номер материала: ДВ-262601


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Организация воспитательной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Педагогическая деятельность мини-музея как культурно-просветительского центра дошкольной организации»
Курс повышения квалификации «Художественно-эстетическое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования»