Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сабақ үлгісі "Су және оның қасиеттері"

Сабақ үлгісі "Су және оның қасиеттері"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Ашық сабақ ортаңғы топ тәрбиеші:М.К.Валеева
Білім беру саласы:
Таным. 
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Экология негіздері.
Тақырыбы: Су және оның қасиеттері.
Мақсаты: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Су жайлы алған түсініктерін одан әрі байқағыштығын, қызығушылықтарын дамыту. Суды таза сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Топта бірлесіп жұмыс жасау. Көрнекілігі: Ойын, су туралы, суреттер .Қолданылатын әдіс – тәсілдері. Түсіндіру, көрсету, ой жинақтау, көрнекілік. Таңғы шеңбір. Күн шықты,
Жел тұрды
Аспанды бұлт жапты
Жаңбыр жауды.
Найзағай шарт етті.
Тәрбиеші сөзі - Балалар, мен сендерді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде көргеніме қуаныштымын. Мен балабақшаға келе жатқанда жолда тамшыны кездестірдім. Тамшы жалғыз келген жоқ,достармен келді.Ол сендерге жұмбақ әкелді. Балалар жұмбақ шешеді.

Тәрбиеші:Қандай табиғатта суды кездестіруге болады. Балалар:көлде,мұхитта,өзенде,бұлақта.

Тәрбиеші:Балалар білесіндерме?Мұхит пен теңіздің суы-ашы болады, көлде,өзенде,бұлақта сулар тұшы болады. Балалар су не үшін керек? -Тамақ пісіруге,ыдыс жууға,кір жууға,т.б. Жануарларға су керек пе?Ия Өсімдіктерге су керек пе? Не үшін керек? -Өсу үшін.

Балалар су туралы көп білдік?Енді судың қасиеттерімен таныстырамын. Балалар алдарында 2 стақан тұр.1-ші бос,2-шенде су бар. Судағы стақандағы суды-бос стақанға құямыз. Тәрбиеші:Су құйылдыма?Неге су құйылады? -Ол сұйық.Су сұйық болса, оны сұйықтық деп аталады. Балалар үйде,балабақшада су қайдан ағылады? -кранымыздан су ағылады. -Қолымыздағы су құйылған стақанды иіскейміз...одан иіс шығама? -Судың иісі жоқ. -Суды ішеміз?-Су қандай?-Онда дәмі барма? -Стақандағы шырынды аламыз,дәмін көреміз? - Қандай дәмі? -Тәтті, дәмді,дәруменді. -Шырын неден істеледі? -Жемістен. –Қандай жемістен? -Алманың дәмі. –Судың дәмі жоқ,шырынның дәмі бар. Ойын:«Күн мен жаңбыр»
(Ойын шарты: «Күн ашылды» дегенде әр түрлі қимылдар жасайды. «жаңбыр жауды» дегенде тығылады.)

Тәрбиеші:Балалар білесіндер ме?Су қозғалғанда не болады? -Толқын болады. Енді балалар орнымызға отырып толқынның суретін саламыз.
Балалар, бүгін біздер қандай тақырыппен таныстық?
Су біздің үйімізге қалай келеді, не арқылы?
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Су тақырыбымен таныстық
Құбыр арқылы келеді Су туралы толық мағлұмат алды. Қандай түсініктерді игереді: Судың дәмі,түсі, иіс болмайды, Әрбір қойылған сұрақтарға іс - әрекеттерді ойлана дұрыс жауап беруді, топта бірлесіп жұмыс жасауды меңгерді.




Автор
Дата добавления 26.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров52
Номер материала ДБ-099532
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх