Егер
тапсырмада көрсетілген файл
сендерге
берілмесе, онда мәтінді өз
беттеріңмен
теріңдер.
А деңгейі
- Мәтінді теріңдер:

Сәтемір хан
Сәтемір жеті жасында
атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі
тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ
құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап
түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы
құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып,
қисая-мисия барып, тамның төбесіне шағып кетіпті.
Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай-тағаланың жаратқан
жан-жануарының ең кішкентай осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жасап
жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай,
ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты.Мұны көріп отырып менің де талап
іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсызтық екен» деп, ойынын тастап, қалаға
барады. Қалада бір білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға
жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.
Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша
болған екен.
- Құжатты өз бумаларыңда
Сәтемір хан деген атпен
сақтаңдар.
- Түзету мәзіріндегі Ауыстыру
бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі
«Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар.
- «;» белгісін «.» белгісіне
ауыстырыңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас
әріптерге ауыстырыңдар.
- Өз бумаларыңның Сәтемір хан
файлындағы өзгерсітерді сақтаңдар.
В деңгейі
1.Мақалдар файлын ашыңдар:
Өзін ғана ойланған – жамандықтыңң белгісі,
Өзгені де өйлаған –
Адамдықтың белгісі. Ағашты жемісінен таниды, Адамды
ісінен таныйды.
Өз білмегеніңді
кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра
Оқусыз білім жок, ьь
Білімсіз күнің жоқ.
Оқу – білім бұлақы
Білім – өмір шырағы.
1.Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып
тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар.
2.Мәтінді әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер.
Enter, BackSpase
және Delete пернелерін қолданыңдар:
·
егер бір жолда екі мақал орналасса, онда курсорды бірінші
мақалдың соңына қойып, Enter пернесін басыңдар;
·
егер бір мақал екі жолда орналасса, онда курсорды бірінші жолдың
соңына қойып, Delete пернесін басыңдар (курсорды екінші жолдың басына қойып,
BackSpase пернесін басуға да болады).
1. Файлды өз бумаларыңда Мақалдар_1 деген атпен сақтаңдар.
С деңгейі
1. Сөздер файлын ашыңдар:
Тапсырма
Дабыл Бума
Үйдің төбесі
Мектеп Бөлме
Қоңырау Программа
2. Delete, BackSpase пернелерін қолданып және алмастыру
режимінде (Insert пернесін қосып) символдарды жойып, ауыстырып жаңа сөздер
жасаңдар.
3. Құжатты өз бумаларыңда Сөздер_1 деп сақтаңдар.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.