Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Сабақ "Ондық бөлшектерді көбейту"

Сабақ "Ондық бөлшектерді көбейту"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Толеубаева Мервет Омарбековна Мұғалім портфолиосы В есебі

«Өрлеу» БАҰО III деңгей

Алматы облысы 5 топ


«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

_________ Қонысбаева Қ.С. ________ Солтанбекова А.С.

«___» ________ 2015 жыл «___» ________ 2015 жыл




Математика пәнінің мұғалімі Толеубаева Мервет Омарбековна

Зерттеуге алынған – 5 «Б» сынып

Өзімнің оқыту және оқу тәжірибемде бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген сабақтар топтамасын ( кем дегенде 4 сабақ) орташа мерзімді жоспарлау


Сабақтың басты мақсаты:


Тізбектелген төрт сабақта оқудың және оқытудың жеті модулін пайдалана отырып , оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрету. Оқушылардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын арттыру. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру.










5 сынып математика пәнінен орташа мерзімді жоспарлау

Тақырыбы:

Оқып үйренудің негізгі мақсаттары

Оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер

Оқып үйренудің нәтижесі

Бағалау, оқыту үшін бағалау

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Ресурс

1

Ондық бөлшектерді көбейту

Ондық бөлшектерді көбейтудің ережелерін пайдалана отырып, есептеуге дағдыландыру.

Интерактивті тақта арқылы видео көрсету, Диалогтік тәсіл, топтық жұмыс, Қабілеті жоғары және төмен оқушыларға таратпа материалдар. «Джигсо» әдісі.






















Ондық бөлшектерді көбейту мен қосудың айырмашылығын біледі. Ондық бөлшектерді көбейтудің ережелерін пайдаланады.

Мұғалім әр топтағы оқушылардың қарым қатынасын бақылайды. Смайликтермен бағалау.

Жоғары деңгей - мәтіннің көмегімен тақырыпты түсіндіру, ережелерді пайдалана отырып есептерді шығару

Орташа деңгей – ондық бөлшектерді көбейтудің ережелерін пайдаланып жоғары деңгейлі оқушылармен мәселені шешу жолын қарастыру.

Төменгі деңгей - жоғары және орташа деңгейлі оқушыларға деңгейлік тапсырманы орындау

Активстудио, слайд, 5 сынып электронды оқулық,

«5математика» Әбілқасымова А

2

Есептер шығару

Ондық бөлшектерді көбейтудің тиімді тәсілдерін анықтауға машықтандыру.

Топтармен жұмыс, АКТ, Қабілеті жоғары және төмен оқушыларға таратпа материалдар. Диалогтік тәсіл

«Инсерт» әдісі.

Есептерді шығаруда тиімді тәсілдерді пайдалана алады.

Оқушылар бір бірін ынталандыру мақсатында бағалау, мұғалім бақылайды

Күрделенген тапсырманы орындау.

Орташа тапсырмалар.

Формулалар



«5математика» Әбілқасымова А

оқулықтар.

3

Есептер шығару

Бөлшектерді түрлендіру арқылы ондық бөлшектерге амалдар қолданып, өз бетінше есеп шығаруға дағдыландыру.

Топтық жұмыстар есептер берілу

Жұптық жұмыстар: Диалогтік тәсіл Қабілеті жоғары және төмен оқушыларға таратпа материалдар, «Инсерт» әдісі

Жай бөлшектер, аралас сандарды ондық бөлшекке айналдырып амалдарды дұрыс қолдана білді.

Топтық жұмыс нәтижелерін оқушылар өзін өзі бағалау. Формативті бағалау.

Формулаларды және ережелерді қолдану; салыстыру.

Үлестермелі таратпалар, сызбалар

«5математика» Әбілқасымова А

оқулықтар

4

Есептер шығару

Ондық бөлшектерді көбейту және қосу амалдарын жазу және ережелерді айта алуға машықтандыру.

Топтық тапсырмалар:

Сәйкестендіру; есептерді шығару жолының алгоритмдерді жазу;

Қабілеті жоғары және төмен оқушыларға таратпа материалдар. Диалогтік тәсіл,

Өз бетінше есептер құрастырып, ережелерді толық қолданады. Ондық бөлшектерді көбейтуді үйренді.

Бірін бірі бағалау, формативті бағалау

Жоғары деңгей – есеп құрастыру, шешімін дұрыс таба алу, ережелерді дұрыс қолдану

Орташа деңгей – формула мен ережелерді қолдана отырып, жоғары деңгейлі оқушылармен есеп құрастыруға ықпалдасу

Төменгі деңгей – өрнектерді ықшамдау, сұрақ қою, жеңіл тапсырмаларды орындау

«5математика» Әбілқасымова А

Оқулықтар

сызбалар,



Тізбектелген сабақтар топтамасында жеті модульді пайдалана отырып, оқушылардың қалай оқу және қалай оқыту керектігін үйрету. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерде «Джигсо», «Инсерт», «Ыстық орындық », «Қар кесегі», деңгейлеп оқыту т,б әдіс – тәсілдерді пайдаландым. Бірінші сабақта сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде «Ыстық орындық» тәсілімен үй тапсырмасын сұрадым. Жұппен және топпен жұмыс кезінде Джигсо – ұжымдық оқыту әдісін пайдаландым. Венн диаграммасын постерге түсіру арқылы қорғап шықты. Джигсо әдісі арқылы сыныптағы талантты оқушыны да анықтадым. Үй тапсырмасын АКТ ны пайдалану арқылы тексердім. Екінші сабақтағы сыни тұрғыдан ойлауда Инсерт әдісін қолдандым. Бұл тәсіл оқушылар өз ойларын ашық айтуға, оқығанын түсінуге үйрететін ұтымды құрал. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйренді. Әр топ келесі топтың жұмыстарын бағалап, шешім шығарды. Екінші сабақта да бағалаудың әр түрлі тәсілдерін пайдаландым. «Бас бармақ», «Смайлик», Карточка көтеру арқылы бағаладық. Интербелсенді тақтаны мәселе есептерді шешуде, бейнеролик көрсету үшін пайдаландым. Бұл сабақта талантты баланы анықтауға пайдаланған Инсерт әдісі көмек берді. Үшінші сабақта сыныптағы жас ерекшеліктерінде айырмашылық бар оқушыларды деңгейлеп тапсырмалар арқылы оқыттым. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде оқушылар өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланды. АКТ –ны үй тапсырмасын тексеру кезінде және деңгейлік тапсырмаларда қолдандым. Бұл сабақта да жас ерекшелігіне сай оқытуда тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өтілген материалды қаншалықты түсінгенін анықтадым.Бағдарламаның төртінші сабағында АКТ- ны үй тапсырмасын тексеруде, сергіту сәтінде қолдандым. Жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар берілді. Сол тапсырмалар арқылы талантты бала анықталды. Сыни тұрғыдан ойлауға деңгейлік тапсырмалар, мәселе есептерді шешу кезеңдері болды. Оқушыны мадақтап, бас бармақ арқылы, топ басшысының бағалауы арқылы бағаладым. Осы сабақтарда оқушылардың қызығушылықтары артып, белсене қатысып отырды.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.10.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров345
Номер материала ДВ-076163
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх