Инфоурок Дошкольное образование Рабочие программыСабақ, "Ойланайық, балақай!" (детский сад)

Сабақ, "Ойланайық, балақай!" (детский сад)

Скачать материал

 

Тақырыбы:    «Ойланайық балақай»

 

Мақсаты: Балаларды ойын арқылы табиғат туралы білімдерін тиянақтау. Жыл бойы алған білімдерін қызықты ойын арқылы бекіту. Балаларды зейінділікке , тапқырлыққа , тез ойлау қабілетін арттыруға тәрбиелеу.

 

Шаттық шеңбері: «Күлкі»

(Балалар біріне күлкі сыйлайды)

 

Жұмбақ шешу

Қыз кеп жасыл көйлекті,

Сай-саланы сөйлетті

Құс біткенді сайратты

Қар даланы жайратты. (көктем)

 

 Көктем:  Сәлеметсіздерме балалар, апайлар.

Мен көктеммін. Мен сендердің жыл бойғы білімдерінді көрейіндеп, сендерге қызықты ойын алып келдім.

 

 Тәрбиеші: Жарайды көктем ендеше біз сізбен қызықты ойындарды ұйымдастырып ойнайық.

  

     «Егерде күн болмаса не болар еді? »

(қаранғы болар еді, қорқынышты болар еді, бір-бірімізді көрмес едік, өсімдіктер өспес еді, күн жылынбас еді).

   Тәрбиеші: Дұрыс, күн жылуын берсін десек, нұрын шашсын десек, мына көнілсіз болып тұрған табиғатымызды жандандырайықшы. Ол үшін бірінші табиғатка не керек деп ойлайсындар?

     

  Балалар: Күн керек.

 

  Тәрбиеші: Балалар күннінде бізбен ойнағысы келеді екен. Кәне бәріміз ойнап көрейік.

 

  1.Дидактикалық ойын: «Қоян бірінші қай үйге барады?»

 

  2.Дидактикалық ойын: «Пішіндерді өз орнына орналастыр»

 

  3.Дидактикалық ойын: «Қай сан қалып қойды?»

 

  Тәрбиеші: Табиғатымызды жандандырып күнді орналастырайық.

   «Егер де ағаш болмаса не болар еді? »

 

  Балалар: Құстарға ұя болмас еді, жазда көленке болмас еді, таза ауа болмас еді, желден бізді қорғамас еді.

  Тәрбиеші: -Дұрыс балалар, ағаштармен біз «не артық» ойынын ойнайық.

  .Сиыр, қой, ешкі, түйе жылқы, ағаш?

  .Ата, әже, апа, әке, бала, қыз, маса?

  .Түлкі, аю, қасқыр, қоян, тиын, кесе?

 

  Тәрбиеші: Балалар ағашымыз көркейіп өссіндеп, ағашты табиғатымызға орналастырайық. Балалар, біз ойнымызды әрі қарай жалғастырайык.

  «Егер де біз күні бойы ойнамасақ не істер едік?»

 

  Балалар: Ішіміз пысар еді, ештемеге қызықпас едік, бір-бірімізге дос болмас едік, денеміз шынықпас еді т.б.

 

  Тәрбиеші: Ендеше кәне бәріміз қимылды ойын «ау, су, жер» ойынын ойнайық.

   Балалар  біз ойынымызды әрі қарай жалғастырайык.

  «Егер де құс болмаса не болар еді?»

   Балалар: Ағаштарды, өсімдіктерді қүрттан қорғамас еді, қүстар ән айтпас еді т.б.

  Тәрбиеші: Балалар құстар бізге ертегілер елінен қасқыр, түлкі, арыстанды ала келген екен. Олар не дейді кәне көрейікші.

    1.«Қасқыр мен түлкі» ертегісін үстел үсті театрымен сахналау.

    2.  «Арыстан мен түлкі» ертегісін сахналау.

    Тәрбиеші: Балалар ертегі сендерге ұнадыма?

Ендеше құстарға рахметімізді айтып табиғатымызды одан  әрі жандандырайық.

   Тәрбиеші: «Егерде гүл болмаса не болар еді?»

    Балалар: Табиғат әдемі болмас еді, сұлулық болмас еді, араға бал болмас еді, жердін көркі болмас еді

  Тәрбиеші: Мына әдемі гүлдер, біздерге. Дидактикалық ойын: «Мен айтамын, сен қайтала» деген ойын алып келген екен. Бір бала жаңылтпашты айтады, екінші қайталап айтады.

     Бес түн алма,

     Бестік алғандікі.

     Төрт түп алма,

     Төрттік алғандікі.

 

     Шеше, шеше,

     Неше кесе,

     Сынды кеше,

 

    Түлкі айлалы ак,

    Айлалы аңға

    Айла пайдалаң.

    Дидактикалық ойын: «Мен айтамын, сен жалғастыр»

   (Мен мақалдын басын айтамын, сендер аяқтайсындар.)

 Таулы жер бұлақсыз болмас,

 Сулы  жер құрақсыз болмас.

 

Отансыз адам

Ормансыз бұлбұл.

 

Тіккен гүлін қорғайды,

Ара басын қорғайды.

  

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есте сақтау қабілетін дамыту

 

Тақырыбы: «Суретті пайдаланып  есепті құрастыр»

 

Мақсаты:  Сандарды  тура және кері санату, әрбір санның құрамын анықтау.

Суреттер арқылы   «Неше? Қанша?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету. Балаларды логикалық ойындар ойнату арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Көрнекілік: Суреттер, кеспе ,сандар үлестірмелі заттар, , ойын есептер құрастыру.

 

Топ бөлмесіндегі  әсемдігіне балалардың назарын аудару.

 

-Балалар,алдымен амандасайық

-Амансың ба , алтын күн

-Амансың ба көк аспан

-Амансыз ба достарым!

-Балалар , іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-біріміздің жылуымызды сезінейік.

Армысың алтын күн,

Армысың асыл жер.

Армысың көк аспан,

Армысың жан досым

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым

 

Балалар бір-біріне қолдарын беріп жылуларын сезінеді

Іздену- ұйымдастырушы

-Көңіл-күйіміз жақсы болса, көңілді отырып іс-әрекетімізді  бастаймыз. Біз қандай ертегілерді білеміз?

Бізге бүгін қонақта «Бауырсақ»  ертегісіндегі  кейіпкерлер қонаққа келіпті .Ертегіні есімізге түсірейік .-Ата мен әжеге бауырсақ пісіруге көмектесейік. Ол үшін Алдаркөсемен бірге 1-5- ке дейін кері және тура санаймыз

 Дұрыс міне , біз тапсырманы орындадық, бауырсақта дайын болды . Бауырсақты суытып қояйық та келесі тапсырманыорындайық, санамақ айтамыз.

 Санамақ

Бір дегенім -білім,

Екі  дегенім- еңбек.

Үш  дегенім –үміт,

Төрт дегенім –талап

 Бес дегенім бірлік

 

-Ой балалар , бауырсақ та бізден  де, атай мен әжейден де қашып кетіпті. Бауырсақты іздеп табу үшін келесі «Көршінді тап «ойыны

Шарты: Балалар бір сан айтылады, сол  санның көршісін табу керек.

Балалар жауабы:  «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» «Шалқан»,  «Қанбақ»,  «Бауырсақ» тб

Балалар тура және кері санайды

12345

54321

Балалар санамақты қызыға айтып шығады

Балалар ойынға қатысады

345 сандардың көршісін табу керек 

678  сандарының көршісін табады

-Балалар , келе жатып қасқырға кездеседі ме ?

Қай аңға кездеседі

-Қоянның тапсырмасы «Кім тез шешеді ?»

1-сұрақ Айдананың қолында бес шар бар еді , оның екеуі ұшып кетті.Сонда Айдананың қолында неше шар қалды?

2-сұрақ  Ыдыста он алма бар. Оның екеуін досыңа бердің .Ыдыста неше алма қалды?

 

Ары қарай ертегімізді жалғастырайық. Бауырсақ қояннан құтылады. Ол домалап келе жатып қасқырға жолықты . Қасқырдың тапсырмасы:

Мына геометриялық фигураларды ажыратып айтып бер

 

Балалар біз тапсырмаларды орындаймыз деп шаршаған болармыз,сергіп  алайық.

Оңға қарай түзу тұр,

Солға түзу түр

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық

Бауырсақ домалап келе жатып аюға кездеседі.Балалар ,біз аюдың тапсырмасын орындасақ аю бауырсақты босатып жібереді

Логикалық сұрақ:

Дүкеннен апам төртбұрыш 2 доп әкеліп берді . Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды?

Балалар жауабы:

Доп дөңгелек болады

Төрт бұрышты доп болмайды.

Тәр биеші :  Жарайсың  Азамат

Бауырсақ домалап келе жатып ең соңында түлкіге жолығады

-Балалар түлкі қандай аң?

Түлкі өте қу аң

Тү лкінің тапсырмасын орындау керек

-Балалар түлкі бауырсақты жеп қоймас үшін не істеуіміз керек?

Екі шелекке екі шелекті қосқанда неше шелек болады?

Алты торғайдан бес торғайды алып тастасақ неше торғай қалады?

 

Жарайсыңдар

Балалар, көңіл күйіміз қалай?

Тәрбиеші балаларды  мадақтап , бағалап, жұлдызша таратады.

Сау болыңыздар  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Тақырыбы: 

 

Мақсаты:   Заттармен жалпы дамыту жатығуларды үйлесетін  қабілетерін дамыту, дәлдеп алысқа лақтыру,  төрт тағандап  жүруді , секіртпеден секіруді үйрену

Құралдар: Доп , кендергілер, баскетбол, үлкен доп, әткеншек

 

Балалардың іс-әрекеті , тәрбиешінің іс-әрекеті, жанұяның қатысуы

 

Шаттық шеңбері: 

Денсаулық –ол шыныққан,

Барлық денең мүшесі,

Денсаулық –ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі

Денсаусаулық-ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай,

Денсаулық –ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай

Балалр өлең сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасайды

Ата-аналар балалармен бірге ұйымдастыру іс-әрекетіне қатысып жұмыс жүргізеді

Бір қатармен бірінің артынан бірі жүру, аяқтың ұшымен қол белде , ө кшемен қол желкеде, қаздар секілді отырып   жүру.Қол тізенің үстінде, ирелендеп жүру , жәй жүгіру, бір жанымен жүгіру, 2 қатарға ,3 қатарға бөліну

Сапқа түзу жүріп, жүру, жүгіру түрлері  2,3 қатарға бөліну

 

Негізгі бөлім:

 

1.     Б.қ. «Кім киік»

1.     Аяқ тың ұшымен тұрып, жоғары көтеріп допқа қарау   

1.Допты алдымызға қойып отыру,қолды артқа тіреп , аяқты сәл жинап тізені оңға, түзу, солға бұру.

1.Екі аяқ бірге қол кеудеде бір орында тұ рып секіру

Жәй жүру, дем алу жаттығуы. 2 қатарға бөліну

Балалар жауабы:

«Спорт»

Күн нұрынан нәр алған

Дені сау болып жаралған

Дейді бізді «Мықтылар»

Дені саудың жаны сау,

Жайма шуақ әніміз

Әрбір күні шуақ әніміз,

Шымырлармыз бәріміз

Ертемен күнде сен,

Қолыңды сүйкесең

Кетіп кір ласың,

Тап –таза боласың

   (Сабын)

Жыл және құйып жаңбыр

Бұл жауын бірақ жай емес,

Аспанда жоқ, бұлты жоқ,

Күні бойы жауға әзір.

(Су сепкіш)

 

Аю мен қасқырданда ,

Ұзын менің тістерім

Бірақ жыртқыш аң  емеспін,

Шаштарға мен сән беремін

(Тарақ)

 

Капитан мүшелеріортаға шығып құйрығымен отырып шар жару керек.

Үлкен допты астыларына қойып кедергілер  арасынан межеге жетіп кері  қайту

Екі қолдап баскетбол торына көздеп түсіру

Әткеншектен  сырғанап межеден айналып өту

Межеге дейін секіртпемен секіріп , қайта келе жатып бір қолына секіртпені алып жүріп келу

 

 «Спорт-денсаулық кепілі»  атты сайысымызды бастаймыз.Біз бәріміз деніміз сау, күшті әдемі болып өскіміз келеді. Онда анықтайық. Біздің бүгінгі ойынымызда 2 топ жарысқа түседі.

Ата-аналар кіреді

«Мықтылар мен шымырлар»

1-сайыс:

 

«Эмблемалар сайысы»

«Мықтылар тобы»

«Шымырлар тобы»

Эмблемаларды тапсырды

 

2-сайыс:

«Үй тапсырмасы»

«Тазалық- денсаулық кепілі»

Екенін бәріміз білеміз. Микроптардан күресу үшін бізге көмекшілер керек. Бүгін екі топа бір-бірлеріне жұмбақ қою арқылы, дұрыс жауабын айта алу керек.

«Мықтылар»тобы   жұмбағы

 

«Шымырлар» тобы  жұмбағы

3- сайыс:

«Капитандар сайысы»

«Кім көпе шар үреді»

Эстафеталық жарыс

Әділ-қазылар алқасы екі топтың бағасын берді.

Барлығы бізге :

Сәби шақтан бастап біз,

Шынығуды сүйеміз

Ашық күнмен достасып,

Жалаң аяқ жүреміз

Қыста ,жазда әрдайым,

Айырмаймыз бәріміз

Шынықтыру жасап біз,

Мықты болып өсеміз

 

 Әділ қазылар алқасы екі топтың жеңімпаздарын мадақтайды.

 

Марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Әнші болам өскенде»

 

 

Апам үшін күнде де, күнде де,

   Отын -ағаш жарамын, жарамын

                                   Су құямын гүлег де, гүлге де,

Дүкенге де барамын, барамын

 

 

 

Жоқтатпаймын әпкемді, әпкемді

   Қоям шайын қайнатып, қайнатып

Жылай қалсам бөпемді, бөпемді

                                 Жұбатамын ойнатып

 

 

                                  Сыпырамын үй үшін,үйүшін

                                   Жуам аяқ табақты, табақты

Бірақ апам мен үшін,мен үшін

                                  Оқымайды сабақты,сабақты

 

 

 

«Біз өмірдің гүліміз»

 

Зеңгір көктем,нұрын төккен

                              Ортақ біздің күніміз!

       Жайнап өскен , жайдарлы өскен,

                              Біз өмірдің гүліміз!

 

 

Бал достыққа , жолдастыққа,

                             Шақырады әніміз!

                             Тыныштықта нұр құшақта ,

                              Бақыттымыз бәріміз!

 

 

 

 

 

 

 

                       Биші болам өскенде!

 

 

Мақсаты: Балаларға дұрыс қозғалысты аяқтың дұрыс қимылын үйрету.Оның әр түрлі позициялық элементтерін түсіндіру.Қазақ биінің элементтерін игеру. Қоянның биін , көз алдарына елестете отырып, би үйрету. Би арқылы көңіл күйлерін көтеру. Биге деген белсенділіктерін арттыру.

 

 

       «Өзбек » биі:   Абубакирова Арайлым

 

 

«Үнді» биі:       Абубакирова Арайлым

                           Әбілтай Данара

                           Айдос Асылым

                           Алдабергенова Айша

 

«Қояндар» биі: Абубакирова Арайлым

                           Әбілтай Данара

                           Айдос Асылым

                           Алдабергенова Айша

 

 

«Ақшақар» биі:   Абубакирова Арайлым

                           Әбілтай Данара

                           Айдос Асылым

                           Алдабергенова Айша

                               Сәрсенбаева Еркеназ

                               Айсұлтан Арайлым

 

«Қамажай»  биі:

 

                          Абубакирова Арайлым

                           Әбілтай Данара

                           Айдос Асылым

                           Алдабергенова Айша

                               Сәрсенбаева Еркеназ

                               Айсұлтан Арайлым

 

 

 

 

 

               Жолдарда қауіпсіздікті сақтайық

 

 

 

Жол жарақаттануларын алдын алу бойынша кеңестер:

 

! Жолда жүру ережелерін көшеде қатаң сақтаңдар,  жол белгілерін жаттап алыңдар;

 

! Көшенің көлік жүретін бөлігінде ешқашан ойнамандар;

 

! Жүріп келе жатқан көлікте әрқашан ұстағыштардан ұстап тұрындар;

 

! Жеңіл көлікте артқы орындыққа отырыңдар, қауіпсіздік белдігін пайдаланыңдар және есік жабық екеніне көздерінді жеткізіңдер;

 

! Велосипед, роликті коньки, скейтборт тебкенде, аса ұқыпты және сак болыңдар;

 

! Көшені жаяу жүргіншілерге арналған немесе жер астымен өтетін жолмен өтіндер;

 

!  Көшені бағдаршамнын тек жасыл жанғаңда ғана өтіңдер;

 

! Көшені өтерде алдымен солға кара, ал бөлгіш сызығынан кейін – оңға кара,

 

! Егер жолдан өтуге үлгермесең – бөлгіш сызығында тоқта да, бағдаршамнын жасыл жаңуын күт;

 

! Жүріп келе жаткан көліктін алдынан жүгіріп өтпе;

 

! Егер жаяу жүргіншіге арналған жол болмаса, жол шетімен көлік қозғалысына қарсы жүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балдырған»  ортаңғы тобының 2010-2011 оқу жылында  өткізілген

іс-шаралар  мен   жұмыстарына  сараптама

 

   «Балдырған» тобында өткен оқу жылында  барлығы 25 бала  тәрбиеленді. Ер балалар саны -12,  Қыз балалар саны -  13.

 

 

 

 

 

 

   Жаз айларында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  сауықтыру шаралары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта балалардың денсаулықтарын нығайту, тәрбие бере отырып, білім  беру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.Осы мақсат бойынша алдағы уақытта оқу жылында өз жұмыстарымызды жалғастырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мақсатымыз балаларға жыл мезгілдерін білуге,табиғаттағы өзгерістерді айыра білуге,табиғатты аялауға,қорғауға тәрбиелеу. «Дені саудың-жаны сау» атты

 

«Балдырған»  ортаңғы тобының 2012-2013 оқу жылында  өткізілген

жұмыстарға   жылдық сараптама

 

 

 

     2010 жылдың наурыз айында  балабақшамыз ашылды. «Балдырған»  ортаңғы  тобында     25 бала  қабылданды. . Ер балалар саны-12, қыз балалар саны-13

    Оқу жылынан   бастап    «Зерек бала»  бағдарламасы  бойынша  «Денсаулық», «Шығармашылық», «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта»  саласы бойынша жұмыс жасалды.  Бұл бағдарламадағы «Денсаулық» саласы бойынша мақсатымыз-баланың денсаулығын  сақтау мен нығайту , дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. «Қатынас» саласы бойынша мақсатымыз- балалардың тілін дамыта отырып, жатқа тақпақ айтуға,ертегілер үзіндісін драмалауға , тыңдауға  және сөзді түсінуге, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін қалыптастыру.

«Таным» саласы бойынша   қоршаған ортаны танып білуге, өзінің айналасындағы заттардың орналасуын анықтауға, ес, ақыл, ой, қиялын дамыту. Құрастыру іскерліктерін  қалыптастыру. «Шығармашылық» саласы  бойынша  мақсатымыз- балаларға қоршаған ортадағы құбылыстарды бейнелеу, эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.  «Әлеуметтік » саласы бойынша мақсатымыз- балаларды қарапайым әдептілік ережелері мен  қағидаларының негізінде қарым-қатынас пен өзара әрекетті құра алатын, Отаны мен отбасына деген сүйіспеншілігін , үлкендерді құрметтеуге, құрдастарының арасында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. Жаңа заман баласы-бүгінгі қоғамның ұлттық  қазынасы. Баланың қабілетін, қаншалықты ерте ашып, дамыса, оның нәтижесі  де соншалықты  жемісті болмақ.    «Менің Отаным-Қазақстан» стенд жасақталды.  Бұл стенді жасақтаудағы мақсатымыз-балаларды ұлтжандылыққа,отанын, елін,сүюге тәрбиелеу. «Жаны саудың- тәні сау» атты бұрышты жасақтаудағы мақсатымыз-балалардың денсаулығын сақтауға,салауатты өмір салтын қалыптастыру.   «Табиғат күнтүзбесі» бұл бұрышты жасаудағы мақсатымыз- табиғатты аялауға, гүлдерді күтіп- баптауға, жыл мезгілдерін айыра білуге тәрбиелеу.«Балдырғанның кітапханасы»атты , «Ұлттық бұрыш» , «Менің сиқырлы әлемім» атты шығармашылық бұрышы жасақталды. Балалардың көркемдік талғамын жетілдіру,шығармашылық қабілеттерін дамыту., Шаштараз ,дәріхана бұрышы жасақталды.  Шаштараз,дәріхана бұрышын  жасақтаудағы мақсатымыз- балаларға күнделікті көріп жүрген көріністеді жасау іскерліктерін дамыту. Көктем мезгіліне сай «Құстар-  біздің  досымыз!» атты ертеңгілік өтті.  Бұл ертеңгілікке балалар көктем мезгілінде құстардың бейнесінде киініп, тақпақтар айтты, көрініс қойып,би билеп , көрермендерді таңғалдырды. Ата-аналар алғыстарын айтып, әрқашан осындай ертеңгіліктер бола беруін өтінді. Ата-аналармен  бірігіп, спорттық сайыс   «Әкем  менен шешемнен ,үлгі алып өсем мен»  атты эстафеталық жарыс өтті. Жарысқа ата-аналар белсене қатысты. .Бұл жарыста  Байқатовтар отбасы   белсенділік танытып, 1-ші орынға  ие болып,  сыйлық беріп, марапатталды.

Жаз мезгілінде  балаларға  «Жазғы сауықтыру» шаралары ұйымдастырылады.

   Балаларды қорғау күніне байланысты  «Біз бақытты баламыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Балалар тақпақтарын айтып, би билеп, өлеңдерін айтып, өнерлерін көрсетті. Балабақша қызметкерлері ертегіден көрініс қойды. Балалар мерекені тамашалап қуанышқа бөленді.

  «Нептун  күні» байланысты  «Суық судың несі айып, шынығайық халайық»

атты  мерекесінде ата-аналармен бірігіп, Жем өзеніне барып,  балалар мен ата-аналар және балабақша қызметкерлері  де, суға шомылды.   Ертегілер елінде «Мақта қыз бен мысық» атты ертегі қойылымында балалар мысық, мақта қыз, дүкенші,тауық, тышқан, сиыр,тал,қыздар  рөлдерінде  киімдерін киіп, сөздерін жатқа айтып, барша көрермендерді   қуанышқа бөледі.

   Астананның туған күніне байланысты «Жаса,жаса, Астанам!» атты ертеңгілік өтті.Ертеңгілікте балалар тақпақтарын айтып, «Қара жорға»биін билеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы, Астана қаласындағы ғимараттар туралы түсінік алды. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты ата-аналар жиналысы өтті.  Оқу бағдарламасымен таныстыру.

 

   Қыркүйек айында Білім күніне арналған  тәрбие сағаты өткізілді.  .Күз мерекесіне      байланысты  «Жомарт күз»  атты ертеңгілікке  балалар күз мезгіліндегі көкөністер мен жемістердің үлгісін қолдан тігіп ,киімдерін киді, тақпақтарын айтып, жұмбақтар шешті, қолшатыр биін билеп, ертеңгілік өте қызықты  өткізілді. Күз мезгіліндегі өзгерістерді, көкөністер мен жемістерді күз мезгілінде пісетінін білді. 25 қазан Республика күніне байланысты  тәрбие сағаты өткізілді.

    16 желтоқсан     тәуелсіздік мерекесіне  мерекесіне байланысты  «Ашық есік» күніне  ата-аналарды  шақырылып, «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»  атты ертеңгілікті тамашалады. Ата-аналар оқыту мен тәрбиелеу процесін бақылады.Балалар  бұл ертеңгілікте тәуелсіздікке байланысты  тақпақтарын, хормен өлеңдерін айтты. Тәуелсіздіктің құрбандары болған  Қайрат Рысқұловтың рөлінде көрініс қойылды. Тәуелсіздігіміздің  19 жылдығына байланысты мәдениет үйінде балалардың барлығы хорға қатысып, Мұқанова Жанерке  «Тәуелсіз Қазақстан» атты өлең айтты.Әдемі костюмдерімен сахнанын сәнін аштты.

     Жаңа жыл мерекесіне орай «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілік өтті.Ертеңгілік өте әсерлі болды. Әкімнің шыршасына қатысып, «Қара жорға» биін  Саян, Нұрәділ, Саламат, Жанерке, Динара, Аружан биледі. Жаңа жыл мерекесінде  ата-аналар жыл басына таласқан хайуанаттар рөлдерінде көрініс қойын, ойындарға қатысты.  Шыршаны айналып ән айтып, би билеп ,Аяз ата мен Ақшақардан  балалар сыйлықтарын алды.Ертеңгілік өте әсерлі болды.

Әр салаға байланысты папкалар дайындады.

     Ақпан айында  ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен «Таным» саласы бойынша «Төрт түлік мал» туралы ашық сабақ ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Балалар төрт түліктің пайдасын , оның қасиетін, малдарға қомқор болу керектігін ,бір-бірінен ажыратуға,қалай дыбыстайтынын,  туралы  түсінік алды.

Малдардың пірлерін ажырытып айтты. «Жайлау» көрінісін жапсырмалады. Ата-аналар дидактикалық «Төлін  тап»  ойынына қатысты. Ашық сабақ өте жоғары деңгейде өтті.

  8- наурыз  Аналар мерекесіне арналған  «2011-Арулар» сайысы атты ертеңгілік өтті.  «Арулар» сайысына сегіз қыз қатысып, «Балабақша  аруы» атты жүлдені Альбина жеңіп алды.  «Арулар» сайысы жоғары дәрежеде өтті. Қыздарымыз сән үлгісін көрсетіп, ән айтып, би билеп, аналарға арналған тақпақтарын айтты.

«Арулар» сайысы жоғары дәрежеде өтті

    Ұлыстың ұлы күніне байланысты «Наурыз –жыл басы!» атты ертеңгілік өтті.

Ата-аналар ұлттық тағамдардан тұратын мерекелік дастархан дайындады.Ата-аналар ертеңгілікке қатысып көріністер қойды. Алдар көсе, Қожанасыр,рөлдерінде ойнады.

  Жыл бойы ата-аналар  «Ашық есік күндеріне» қатысып отырды. Ата-аналармен бірлескен  мәдени шаралар , сауықтыру шаралары және түрлі тәрбие жұмыстары жоспарға  сай  жүргізіліп отырды.Жиналыста балаға қатысты  маңызды мәселелер талқыланып ,сауалнамалар, тренингтер, анкеталық сұрақтар, баяндамалар  толтырып, тыңдалады.  Ата-аналарға арналған «Отбасы және балабақша» стенді дайындалды.  Балабақша бойынша шығармашылық жұмыстарды   бала мен ата-аналар бірігіп жасалған   қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

      Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен балбақшаның  1 жылдық мерей тойы «Достықтың жұлдыздары» атты концерт мәдениет үйінде   ұйымдастырылды. Барлық топтар қатысып, балалар тақпақтарын айтып,би билеп, айтыс айтып, санамақтар, көріністер қойып, бар өнерлерін ортаға салды. Концерт балабақшаның меңгерушісінің  ұйымдастыруымен өте жоғары деңгейде өткізілді.Аудандық білім бөлімінен қонақтар келіп , Балабақша меңгерушісіне, балабақша қызметкерлеріне , балаларға алғыстарын айтты.

  Мамыр айында «Қош бол, сүйікті балабақшам!» атты  ертеңгілік өтті.  Ертеңгілікте балалар жыл бойы үйренген санамақтарын, ертегілерін, өлеңдерін, билерін билеп бар өнерлерін ортаға салды. Балалардың мінез-құлықтарына байланысты  өлең жолдарын  шығарылып, диплом табыс етілді.   Сауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу, барысында балабақша өмірімен тығыз байланыста болған ата-аналарға марапаттау қағазы берілді.Ата-аналар балабақша меңгерушісіне, тәрбиешілеріне  үлкен алғыстарын айтты.

   Маусым айында  балаларды қорғау күніне арналған  «Біз бақытты балдырғанбыз!»  атты  мерекелік шара ұйымдастырылды. «Балдырған» тобының балалары мәдени  демалыс орталығына барып, ән  айтып, би билеп  марапатталды.

   «Кішкентай ханзада мен кішкентай ханшайым атты »  сайысқа қатысып,  Абубакирова Динара ,Мигдатова Аружан  «Инаббатты ару», «Сүйкімді ару»   номинациясымен  марапатталды. Обылыстық «Балдәурен -2011»  байқауына қатысып,   Жанеркеге сертификат берілді. «Би думаны-2011» байқауында  «Жаңа толқын, жарық үміт» номинациясы  бойынша   «Гүлдер тобы»  марапатталды. Аудандық «қысқы пейзаж» тақырыбында  сурет көрме- байқауына   қатысып , Сағи Албина, Болатов Әділ,  марапатталды. Ақтөбе дарын орталығына   қатысып сурет көрмесінен  Серік Саян , Жанаберген Саламат  марапатталды. 

   2011-2012 оқу жылында   «Балдырған»  1-ші кіші  тобында  26 бала тәрбиеленуде .  «Алғашқы қадам»  бағдарламасы бойынша жұмыс жасалды.Оның .Оқу жылының қыркүйек айында жаңа оқу жылының  басталуына байланысты кезекті ата-аналар жиналысы өтті.

    Алғашқы балабақшаға келген баланың  жаңа ортаға бейімделуі  оңай болмайды. Ол үшін тәрбиеші  жылулық тартып, баланың көңілін таба білу керек. Ертеңгілік өз тобында отырып , саған қарай апыл-тапыл, былдыр да тәтті тілімен «Сәлеметсіз бе, апай!»  деген сөзінің өзі үлкен қуанышқа  бөлейді. Балаларды  жан-жақты тәрбиелеуге  мақсат қоясың.

   Білім күніне байланысты тәрбие сағаты өткізілді.Күз мезгіліне байланысты  ата-аналардың қатысуымен  «күз сыйы »  тақырыбында  көрме  өткізілді.Бұл сайыста ата-аналардың қосқан үлесі көп болды. Ата-аналарға «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды. Ата –аналар оқыту мен тәрбиелеу процесін бақылады. Ата-аналарға баяндамалар, тренингтер өткізілді. Тәуелсіздіктің

20 жылдығына байланысты ертеңгілік өтті . Ол ертеңгілікке балалар тақпақтарын айтты. Жаңа жыл мерекесіне байланысты «Жасыл шырша жанында » атты ертеңгілік ата-аналармен  бірігіп , өте қызықты өткізілді.

   Қаңтар айында «Қыс қызығы» атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді. 8-наурыз  және 22-наурыз мерекесін байланысты  ертеңгіліктер ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Ата-аналар әр -түрлі кейіпкерлердің рөлдерін ойнады. Қол моторикасын   дамытуға арналған ойындар ойналды.

Қимылдық, ұлттық ойындар ойналды.

  «Достықтың жұлдыздары »  атты мәдениет үйінде балабақшаның екі жылдығына байланысты  коңсерт қойылды.

   Алғаш келген кезбен салыстырғанда  ойы да, бойы да ,өзгерді                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          . Балалармен әртүрлі оқу іс-әрекеттер жүргізілді. Түрлі-түрлі ойындар ұйымдастырылды.

   Балалардың денсаулықтарын нығайту, тәрбие бере отырып, білім  беру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.Осы мақсат бойынша алдағы уақытта оқу жылында өз жұмыстарымызды жалғастырамыз.

Сәби жүрегіне жол табу –тәрбиеші үшін үлкен бақыт.

Аудандық білім , дене шынықтыру  және спорт бөлімінің бастығы Қ.Назаровтың алғыс хатымен  марапатталдым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

«Балдырған»  2сәбилер тобының 2012-2013 оқу жылында  өткізілген

жұмыстарға   жылдық сараптама

 

                                           

   2012-2013 оқу жылында   «Балдырған»  2сәбилер  тобында  29 бала тәрбиеленді .  «Зерек бала»  бағдарламасы бойынша жұмыс жасалды. Оқу жылының қыркүйек айында жаңа оқу жылының  басталуына байланысты кезекті ата-аналар жиналысы өтті.

   Оқу жылынан   бастап    «Зерек бала»  бағдарламасы  бойынша  «Денсаулық», «Шығармашылық», «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта»  саласы бойынша жұмыс жасалды.  Бұл бағдарламадағы «Денсаулық» саласы бойынша мақсатымыз-баланың денсаулығын  сақтау мен нығайту , дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. «Қатынас» саласы бойынша мақсатымыз- балалардың тілін дамыта отырып, жатқа тақпақ айтуға,ертегілер үзіндісін драмалауға , тыңдауға  және сөзді түсінуге, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін қалыптастыру.

 «Таным» саласы бойынша   қоршаған ортаны танып білуге, өзінің айналасындағы заттардың орналасуын анықтауға, ес, ақыл, ой, қиялын дамыту. Құрастыру іскерліктерін  қалыптастыру. «Шығармашылық» саласы  бойынша  мақсатымыз- балаларға қоршаған ортадағы құбылыстарды бейнелеу, эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.  «Әлеуметтік » саласы бойынша мақсатымыз- балаларды қарапайым әдептілік ережелері мен  қағидаларының негізінде қарым-қатынас пен өзара әрекетті құра алатын, Отаны мен отбасына деген сүйіспеншілігін , үлкендерді құрметтеуге, құрдастарының арасында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. Жаңа заман баласы-бүгінгі қоғамның ұлттық  қазынасы. Баланың қабілетін, қаншалықты ерте ашып, дамыса, оның нәтижесі  де соншалықты  жемісті болмақ.  Бес сала бойынша жұмыс жасалды.

   Білім күніне байланысты «Ұлағатты -ұстазым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тілдер мерекесіне байланысты «Тілім менің мақтанышым!» атты тәрбие сағаты өткізілді» Күз мезгіліне байланысты  ата-аналардың қатысуымен  «Күз береке» тақырыбында мерекелік іс-шараға ата-аналарда белсене қатысып,балалар тақпақтарын, өлеңдерін айтып ұйымшылдықпен өткізілді.

  «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды. Ата –аналар оқыту мен тәрбиелеу процесін бақылады.

Ата-аналар жиналысы өткізіліп, «Отбасы,ұшқан ұя-жылылықтың,жылулықтың мекені!» атты ойын жаттығулары өткізілді. Ата-аналармен әртүрлі ойындар ойналып, сауалнамалар жазылды

1желтоқсанда Елбасы күніне байланысты  «Елбасы –ел тірегі» атты тәрбие сағаты өткізіліп, балаларға Елбасының өмірбаянымен танысты.

    Тәуелсіздікке  байланысты «Тәуелсіздік-тірегім, туған жерім,жүрегім» атты ертеңгілік «Еркетай», «Балапан», «Балдырған», «Айгөлек» тобы бойынша өткізілді . Ол ертеңгілікке балалар тақпақтарын, өлең айтып, көрініс көрсетіп, билерін биледі. Жаңа жыл мерекесіне байланысты  «Төрлет,төрлет, жаңа жыл» атты  мерекелік іс-шара ата-аналармен  бірігіп өткізілді.Ата-аналар ертегі желісінде қойылым қойып, «Испан» биін билеп, Мыстан кемпір болып киініп, әртүрлі ойындар ойналып , мерекеге ата-аналар түгел қатысып, өте қызық өтті.

   Қаңтар айында   біздің топта екі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді.  «Қатынас» саласы , бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу» тақырыбы: «Дала жануарларының тіршілігі», «Әлеуметтік орта»саласы,  бөлімі:«Қоршаған ортамен танысу», тақырыбы: «Кім боламын?» тақырыптары  бойынша оқу іс-әрекеті өте жақсы деген бағамен бағаланды.

   Заттық дамытушы ортаға байланысты  апталық өтті.Әр ұлт өкілдеріне байланысты папка қуыршаққа киім тігу.Дидактикалық материалдар жинақтау. «Қасқыр мен егінші» ертегісі бойынша қуыршақ театры өткізілді.

  Ақпан айында  «Отбасы –шағын мемлекет» атты ата-аналарға баяндама оқылды.
« Мектеп жасына дейінгі  баланың құзыреттілігін қалыптастырудағы балабақшаның рөлі» тақырыбында семинар-пактикум атты аудандық семинар өтті. Бұл семинар бойынша екі ашық ұйымдастырыл-

ған оқу іс-әрекеті өткізілді. Сюжетті-рөлдік ойын: «Билайн орталығы» Экология бөлімі бойынша  «Табиғатты аялайық!» атты тақырыбында демалыс бөлмесіндегі гүлдер бағына саяхатқа шығып, гүлдер отырғызылды. Біздің топтың балалары  «Саңырауқұлақ» биін биледі

  8-наурыз  халықаралық әйелдер күніне байланысты  «Менің анам осындай» атты аналар сайысы өткізілді. Төрт ана қатысып, өз өнерлерін, қол өнерлерін ,өздерін таныстырып,сайыс өте ұйымшылдықпен, дайындықпен өткізілді. Аналарға бас жүлдеге, бірінші,екінші,үшінші орындарға марапаттау қағазы беріліп,сыйлықпен марапатталды.  22-наурыз мерекесін байланысты  «Қош келдің, Әз Наурыз» атты  ертеңгілікке  ата-аналардың қатысуымен  өткізілді. Ата-аналар әр -түрлі кейіпкерлердің рөлдерін ойнады. Соның ішінде үнемі ертеңгілікке ұйымшылдықпен Қужабековтер отбасы қатысып  отырады.

  1мамыр  айында Қалалық мәдениет үйінде  би думаны өткізілді.Би думаны -2013  байқауында «Саңырауқұлақ» биімен «Жаңа толқын, жарық үміт» номинациясы бойынша  марапатталды.

 Сәуір айында  Қалалық балалар шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен  «Тәрбие бастауы-балабақшада» атты тәрбиешілер жарысында төрт тәрбиеші бас жүлдеге ие болды.

9 мамыр «Жеңіс» күніне орай  «Жеңіс күнін тойлаймыз!» атты тәрбие сағаты өткізілді. 1маусым  балаларды қорғау күніне байланысты «Бала-бағы бар үйдің!»атты мерекелік іс-шара өткізілді.

  Мұғалжар аудандық білім дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Н.Жүсіповтың атынан Абубакирова Арайлым, Нұрсланұлы Жансерік, Молдағали Галифа, Әбілтай Данара  алғыс хатымен марапатталды.

  Балабақша әкімшілігінен Алдабергенова Айша,Айдос Асылым, Болат Әлішер, Аманжол Темірлан алғыс хатпен марапатталды

 Бес сала бойынша ойын бөлмесіндегі бұрыштарды, ойыншықтарды толықтырып отырдық.

   Алғаш келген кезбен салыстырғанда  ойы да, бойы да ,өзгерді                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          . Балалармен әртүрлі оқу іс-әрекеттер жүргізілді. Түрлі-түрлі ойындар ұйымдастырылды.

      Балалардың бағалау картасы бойынша балалардың білім деңгейін жақсы нәтиже көрсетті.

   Балалардың денсаулықтарын нығайту, тәрбие бере отырып, білім  беру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.Осы мақсат бойынша алдағы уақытта оқу жылында өз жұмыстарымызды жалғастырамыз.

 

Сәби жүрегіне жол табу –тәрбиеші үшін үлкен бақыт. Г.Н. Қожамұратова

Ембі қаласының әкімі Ә.Ө.Қорғанбайдың алғыс хатымен марапатталдым.

 

 

 

Тәрбиешілер:                           Г.Н. Қожамұратова     Г.М.Ағайдарова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Достық»  балабақшасы  «Балдырған»  тобының оқу –тәрбие  ісі бойынша

 екі жылдық есебі

 

       Қазақстан   Республикасының   президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа   әлемдегі Қазақстан » атты халқына жолдауында  еліміздің дамуының жаңа кезеңінің келесі  10 жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Бұл бағдарлама бес саланы қамтиды. «Денсаулық», «Шығармашылық»,  «Қатынас», «Әлеуметтік орта », «Таным».   Бұл бағдарламаны меңгерудегі мақсатымыз-балалар  өмірін сақтау және денсаулығын нығайту,оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу баланың жеке басын үйлесімді дамыту, табиғи ортада өмір сүруі мен жемісті әрекеттенуіне мүмкіндік беретін жеке тұлғаның әлеуметтік рухани қасиеттерін қалыптастыру. Әрбір баланың сезімталдық саулығын қамтамасыз ету, оның өзін-өзі жақсы сезінуін дамыту болып табылады.

  2010-2011 оқу жылында  «Балдырған» тобында 25  бала тәрбиеленді. Оның  13-і қыз бала, 12-сі ер бала болды. Сәуір айынан бастап  «Құстар біздің досымыз» атты ертеңгілік өтті. Ата-аналар жиналысы өтті. Төмендегідей тақырыпта баяндамалар оқыдым.  «Ата-ана махаббаты» , «Ата-аналардың бала  тәрбиесіндегі  сенімділігі», «Бала тәрбиесіндегі  ата-ана жауапкерші-

лігі»   атты баяндамалар тыңдалды. «Әкем менен шешемнен,үлгі алып өсем мен» атты спорттық жарыс өтті. Бұл жарысқа төрт ата-ана қатысып, Байқатовтар отбасы  1-ші орынды жеңіп, марапатталды.

  Астананың  туған  күн  мерекесіне байланысты    «Жаса ,жаса,Астанам!» атты ертеңгілік өтті . Тамыз айында  ертегілер елінде атты «Мақта қызбен мысық» атты ертегісін сахналап бердік.

   Қыркүйек айында жаңа оқу жылының басталуына  байланысты кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді. «Білім» күніне байланысты  тәрбие сағаты өткізілді.  Күз мерекесіне байланысты  «Жомарт күз» атты  ертеңгілік өтті.

Тәуелдігіміздің 19  жыл мерей тойына байланысты  «Тәуелсіз елдің ұланы-мыз!»  атты  ертеңгілік  өтті.  Тәуелсіздігіміздің  19 жылдығына байланысты балалар  мәдениет үйінде хорға қатысып, өлең айтты. Ата –аналармен  тренингтер өткізілді. Жаңа жыл мерекесіне байланысты  «Жасыл шырша жанында » атты ертеңгілік ата-аналардың қатысуымен,  өте қызықты өтті. Әкімнің шыршасына  біздің топтың балалары қатысып, «Қара жорға»  биін  Саян, Саламат, Нұрәділ, Жанерке, Динара,Аружан  биледі.Ақпан айында «Таным» саласы , «Экология»  бөлімі бойынша «Төрт түлік мал » тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтті. 8-Наурыз мерекесіне байланысты  «2011- Арулар»  сайысы өткізілді.  Балабақша аруына  сегіз қыз қатысып, Албина   «Балабақша аруы»  атағына ие болды.

Ұлыстың ұлы күні мерекесіне байланысты «Наурыз мерекесі құтты болсын!» атты ертеңгілік  өтті.

«Шебердің  қолы алтын» атты  тақырыбында көрме ұйымдастырылды . Бұл көрмеде ата-аналардың қосқан үлесі көп болды. Бұл сайыста ата-аналарға арналған «Ашық есік » күндері өткізілді. Ата-аналар оқыту  мен тәрбиелеу  процесін бақылады. «Ел тәуелсіздігінің » 20 жылдығымен балабақшаның

жылдық»   мерей тойында балалар өз өнерлерін көрсетті. «Қош бол балабақша» атты ертеңгілік өтті. Ата-аналар ертеңгілікке ат салысып, қатысып , ризашылық -тарын білдіріп, алғыс сөздерін айтты.

1-ші маусым мерекесіне орай «Біз бақытты баламыз»  атты ертеңгілік өтті.  «Кішкентай ханзада мен кішкентай ханшайым атты »  сайыс өткізілді. Тобымызда қатысқан Абубакирова Динара

 Мигдатова Аружан  қатысып «Инаббатты ару»   номинациясымен тағы басқа  да қыздарымыз марапатталды. Обылыстық «Балдәурен -2011»  байқауына қатысқаны үшін  Жанеркеге сертификат берілді. «Би думаны-2011» байқауында  «Жаңа толқын, жарық үміт» номинациясы  бойынша   «Гүлдер тобы»  марапатталды. Аудандық «қысқы пейзаж» тақырыбында  сурет көрме- байқауына   қатысып , Сағи Албина, Болатов Әділ,  марапатталды. Ақтөбе дарын орталығына   қатысып сурет көрмесінен  Серік Саян , Жаңаберген Саламат  марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«

 

 

 

   2011-2012 оқу жылында   «Балдырған»  1-ші кіші  тобында  26 бала тәрбиеленуде .  «Алғашқы қадам»  бағдарламасы бойынша жұмыс жасалды.Оның .Оқу жылының қыркүйек айында жаңа оқу жылының  басталуына байланысты кезекті ата-аналар жиналысы өтті.

    Алғашқы балабақшаға келген баланың  жаңа ортаға бейімделуі  оңай болмайды. Ол үшін тәрбиеші  жылулық тартып, баланың көңілін таба білу керек. Ертеңгілік өз тобында отырып , саған қарай апыл-тапыл, былдыр да тәтті тілімен «Сәлеметсіз бе, апай!»  деген сөзінің өзі үлкен қуанышқа  бөлейді. Балаларды  жан-жақты тәрбиелеуге  мақсат қоясың.

   Білім күніне байланысты тәрбие сағаты өткізілді.Күз мезгіліне байланысты  ата-аналардың қатысуымен  «күз сыйы »  тақырыбында  көрме  өткізілді.Бұл сайыста ата-аналардың қосқан үлесі көп болды. Ата-аналарға «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды. Ата –аналар оқыту мен тәрбиелеу процесін бақылады. Ата-аналарға баяндамалар, тренингтер өткізілді. Тәуелсіздіктің

20 жылдығына байланысты ертеңгілік өтті . Ол ертеңгілікке балалар тақпақтарын айтты. Жаңа жыл мерекесіне байланысты «Жасыл шырша жанында » атты ертеңгілік ата-аналармен  бірігіп , өте қызықты өткізілді.

   Қаңтар айында «Қыс қызығы» атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді. 8-наурыз  және 22-наурыз мерекесін байланысты  ертеңгіліктер ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Ата-аналар әр -түрлі кейіпкерлердің рөлдерін ойнады. Қол моторикасын   дамытуға арналған ойындар ойналды.

Қимылдық, ұлттық ойындар ойналды.

  «Достықтың жұлдыздары »  атты мәдениет үйінде балабақшаның екі жылдығына байланысты  коңсерт қойылды.

   Алғаш келген кезбен салыстырғанда  ойы да, бойы да ,өзгерді                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          . Балалармен әртүрлі оқу іс-әрекеттер жүргізілді. Түрлі-түрлі ойындар ұйымдастырылды.

   Балалардың денсаулықтарын нығайту, тәрбие бере отырып, білім  беру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.Осы мақсат бойынша алдағы уақытта оқу жылында өз жұмыстарымызды жалғастырамыз.

Сәби жүрегіне жол табу –тәрбиеші үшін үлкен бақыт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Балдырған»   тобының 2010-2012 оқу жылында ата-аналар мен жүргізілген  жұмыстарына сараптама

 

  «Балдырған»  тобында     25 бала,оның 13-і қыз, 12-сі ер бала.  Сәуір айында ата-аналармен жиналыс өткізілді. Ата –аналар жиналысында балабақша өмірі мен және  күн тәртібімен  таныстырылды. Ата-аналар комитеті сайланды.

Ата-аналар үшін баланың  балабақшаға бейімделуі туралы кеңес оқылды

1-маусым мерекесіне байланысты ертеңгілікке ата-аналар  көрініс қойды.  «Әкем менен  шешемнен, үлгі алып өсем мен» атты спорттық жарыс өткізілді. Бұл жарысқа төрт отбасы қатысты. Байқатовтар отбасы 1-ші орынды жеңіп, марапатталды.

   Ата-аналар балалармен бірге , «Суық судың несі айып, шынығайық халайық»   атты «Нептун» күніне байланысты  балалармен бірге суға шомылды.

   Кезекті ата-анала жиналысы өтті.Ата-аналар жиналысында сауалнамалар, тренингтер өткізілді. Күз мезгіліне байланысты  «Күз жомарт» атты ертеңгілік өтті.Бұл ертеңгілікке  ата-аналар   белсене араласты.  «Күз сыйы » атты көрме ұйымдастырылды .Бұл көрмеге ата-аналардың қосқан үлесі көп болды.

  Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығына байланысты «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»  атты ертеңгілік өткізілді.   Ертеңгілікке ата-аналар түгел қатысты.

       « Ашық есік»   күндері өткізілді.Ата-аналар балалардың оқыту мен тәрбиелеу процестерін бақылады.   «Ашық есікте»    «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі  сенімділігі»  туралы баяндама оқылды. Жаңа жыл мерекесіне байланысты  ертеңгілік  ата-аналармен бірігіп өткізілді. Ертеңгілікке  ата-аналар жыл басына таласқан хайуанаттар рөлдерінде ойнады. Ақпан айында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша  экология сабағынан «Төрт түлік мал» туралы ашық сабақ өткізілді.Ашық сабаққа бес ата-ана қатысты. Ашық сабақ өте жоғары деңгейде өтті.Наурыз мерекесіне байланысты  ертеңгілікке ата-аналар қатысып,  «Алдар көсе», «Қожанасыр»  рөлдерінде ойнап, көрініс қойды. 8-Наурыз мерекесіне байланысты  «Балабақша аруы» атты ертеңгілік өтті. Бұл сайысқа ата-аналардың қосқан үлесі көп болды. Қыздарымызға сән үлгісін тігіп, қолөнер бұйымдарын  жасап үлкен үлес қосты.

  Сәуір айында кезекті  ата-аналар жиналысы өткізілді. «Ата-ана махаббаты » атты баяндама оқылды. Ата-аналарға ойындар, тренингтер өткізілді. « Қош бол, сүйікті балабақшам!»  атты   ертеңгілікке   ата-аналар    ат салысып  қатысып, ризашылықтарын білдіріп,  алғыс сөздерін айтты.

    Жыл бойы  балабақша өміріне  үлестерін қосқан ата-аналарға  мадақтама қағазы  берілді .

  2011 оқу жылынан бастап  1-ші сәбилер тобы қабылданды. Ата-аналар жиналысы өткізілді. Жыл бой жүргізілетін жұмыстар туралы айтылды.

Сенбіліктер,  тәрбиелік , мерекелік іс-шаралар, баяндамалар, анкеталық  сұрақтар, тренингтерге ата-аналарды қатыстыру. Ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-анамен танысу тренингі өткізілді, ата-аналар туралы мәлеметке байланысты , сауалнама толтырылды.  «Баланы балабақшаға қалай дайындау керек?»   атты баяндама оқылды. Ашық есік қүндері өткізілді.Оқыту мен тәрбиелеу процесін бақылады.  «Жаңа жыл» мерекесіне байланысты ертеңгілікке ата-аналар түгел қатысып,  күн,  түн, жел, ай. жұлдыз ,, қоян, қасқыр,  түлкі, аю, рөлдерінде  ойнады.   «Аңдар » , «Өзбек», «Испан» биін

биледі.  8-наурыз,22-наурыз мерекесінде де, ата-аналар көріністерге қатысты.

Мерекеде ата-аналар    әр түрлі кейіпкерлердің рөлдерін  ойнады. Мереке өте қызықты және көңілді өтті.Ата-аналар сенбілікке қатысып, ойын алаңдарын ретке келтірді. Кезекті  ата-аналар жиналысы  өткізілді. «Бала тәрбиесіндегі  ата-ана жауапкершілігі»  атты баяндама оқылды.

 Ата-анамен  «Өнерлі саусақтар»  атты қолөнер бұйымдарын тапсырды .

Балабақшадағы өткізілген ертеңгіліктерге тәрбиелік іс-шараларға , сенбіліктерге , жиналыстарға  ата-аналар белсене қатысады. Ата-аналар  үнемі  балабақша өмірімен байланыста болады. Алдағы уақытта   ата-аналармен біріге отырып, оқу жылындағы жоспарымыз бойынша  өз жұмыстарымызды жалғастырамыз.  

 

 

 

 

 

 

Жауапты тәрбиешілер:     Алданова  Айгүл

                                          Қожамұратова Гүлбақыт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балдырған»  тобы бойынша балалардың жаз мезгіліндегі сауықтыру шараларына жүргізілген жұмыстарына  сараптама

 

       2012жылдың  маусым, шілде, тамыз,  айларынан бастап жазғы сауықтыру шаралары  ұйымдастырылды. Жазғы сауықтыру жұмыстары бойынша дене сауықтыру, улы өсімдіктерден сақтануы, өрт қауіпсіздігі, алғашқы көмек көрсетілуі, құммен, тұзбен, сумен шынықтыру шаралары

таныстық.

Жазғы сауықтыру шарасы  ең бірінші  Балаларды қорғау күніне байланысты, балабақшамыздың  2 жылдық «Достықтың жұлдыздары» атты мерей тойы тойланды.Балалар тәтті тілімен тақпақтарын  айтып,барша көрермендерді таңғалдырды.

     Балалар өз-өзіне массаж жасауды  үйренді. «Жайдарлы  жаз  келді»  тақырыбында   жаз туралы мағлұмат берілді. Сүйікті балабақшам ішіне саяхат жасалды. Балабақша туралы мағлұмат берілді. Ұлттық ойындар  ойнатылып, түсінік берілді.Таза ауада жаттығулар  жасалды. Таза ауа жаттығулар  адам денсаулығына өте пайдасы зор екені туралы айтылды.  Астананың туған күніне  байланысты «Астанам- бас қалам!»  атты  мерекелік іс-шара  өтті. Балалар    астана  туралы тақпақтарын айтты.  Балалар кітапханасына  саяхатқа бардық. Балалар кітапхананы саяхаттап, кітаптар туралы мағлұмат алды.  Балалар  құммен ойнау арқылы, әр түрлі пішіндер жасап , саусақтарын дамытты.  «Нептун»  күніне байланысты  суға шомылды. Пайдалы тағамдар туралы кеңес берілді. Тағамдардың адам ағзасына пайдасы зор екенін айтып түсіндіру. «Мен әдепті баламын!»  атты тәрбие сағаты өтті. Су режимін сақтау туралы түсінік берілді. «Табиғат қандай тамаша!»  атты тәрбие сағатында

 саяхатқа  шықтық. Табиғаттағы гүлдерге, талдарға балалар су құйды. Ағайынды Жұбановтар мұражайына  саяхатқа шықтық. «Туған өлкем мақтанышым!»  туралы түсінік  берілді. «Көңілді шарлар»  спорттық  сайысы өткізілді.   «Төрт түлігім -ырысым» атты тәрбие сағатында балаларға төрт түлік туралы мәлімет берілді. «Тазалық – денсаулық  кепілі »  атты тәрбие сағаты өткізілді.

    Қауіпсіздік ережелері туралы түсінік берілді.

Ата-аналармен  тамыз айында сенбілік өткізілді.Ойын алаңдарын жаңартты.

Ата-аналарға балалардың портфолиосын жасақтау тапсырылды.

Ата-аналарға «Шебердің қолы ортақ» атты көрме ұйымдастырылды.

       Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында тәрбиелік, спорттық сауықтыру шаралары  ұйымдастырылып  өткізілді.

 

 

                                   Жауапты тәрбиешілер:    Алданова Айгүл

                                                                              Қожамұратова Гүлбақыт 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ембі қаласы «Достық»  балабақшасы МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балдырған» тобының  оқу  тәрбие ісі бойынша  екі жылдық есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауапты тәрбиеші:

                  Қожамұратова Гүлбақыт    Нұрғалиқызы

 

 

 

 

 

 

 

                                  2010-2012 оқу жылдары

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ, "Ойланайық, балақай!" (детский сад)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 556 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.12.2015 3135
    • DOCX 166 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожамуратова Гулбакыт Нургалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17692
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные подходы к содержанию и организации образовательно-воспитательного процесса в условиях введения ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 489 человек

Курс профессиональной переподготовки

Современные педтехнологии в дошкольном образовании

Воспитатель

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс повышения квалификации

Воспитательный потенциал методики Никитиных на основе идеи необратимого угасания возможностей эффективного развития способностей детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 24 человека