Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / ОБЖ / Другие методич. материалы / Сабақ" ҚР Конституциялық негіздері" 10 сыныр
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • ОБЖ

Сабақ" ҚР Конституциялық негіздері" 10 сыныр

библиотека
материалов

Бекітемін:


Сабақтың тақырыбы: ҚР Конституциялық негіздері, Конституция – ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі ҚК..

Сыныбы: 10

Өткізілетін күні:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға конституциялық құқық ұғымы, оның қайнар көздері мен нормалары жайлы түсінік беру. Заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс - әрекет жасамауға тәрбиелеу. Төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып конституциялық құқық нормалары мен қайнар көздерін аша білуге қол жеткізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауаптар т/б.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі

Көрнекілік құралдар: тірек сызбалар


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру бөлімі12 минут.

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу, взвод командирінің рапортын қабылдау, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

2. Мемлекетіміздің гимнін орындату.

3.Үй тапсырмасын тексеру (Электронды оқулықпен жұмыс).

- жарықшақты қол гранаталары неге арналған?

- ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаталарының қандай түрлері бар?

- Ф-1 жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиеттерін атап беріңдер.


II. Негізгі бөлім – 25 минут.

Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.
Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы – басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.
Конституциялық құқық тәсілдері дегеніміз – ол конституциялық - құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.
Конституциялық құқық тәсілдері:
Құқық беру әдісі
Рұқсат ету әдісі
Міндеттеу әдісі
Тыйым салу әдісі

1) құқық беру әдісі, яғни конституциялық - құқықтық қатынастарға қатысушыларға құқықтар беру;
2) рұқсат ету әдісі, яғни субъектіге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету,
3) міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту;
4) тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.
Конституциялық - құқықтық нормалар – мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық - құқықтық нормалар:
- реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәні мен байланысы өзінің мазмұнымен;
- баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда – мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;
- құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Конституциялық құқық нормасының құрылымы:
Гипотеза: Норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі
Дизпозиция: Құқық субъектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі
Санкция: Ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде конституциялық - құқықтық нормалар құрылымында тек жекелеген жағдайларда ғана кездеседі
Конституциялық - құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:
- құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;
- міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;
- тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды қамтиды.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз – конституциялық - құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік - құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:
- 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т. б. заңдар.
- Заңдар – конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т. б. заңдар жатады.
- Конституциялық - құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;
- Қазақстан Президентінің конституциялы құқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сотының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық - құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;
- Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т. б. шешімдері.



III. Қорытынды бөлім – 8 минут

  1. Оқушыларды бағалау.

  2. Бекіту сұрақтары:

- Конституциялық құқық неліктен Қазақстан Республикасының қолданымдағы құқықтарының жетекші саласы болып табылады?
- Конституциялық - құқықтық нормалардың ерекшеліктері қандай?
- Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

3. Үйге тапсырма (түсінгендерін айту).

4. Сабақты қорытындылау.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.12.2015
Раздел ОБЖ
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров199
Номер материала ДВ-255465
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх