Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақ Құрастыру "Түрлі-түсті көбелектер"

Сабақ Құрастыру "Түрлі-түсті көбелектер"

библиотека
материалов

Ортаңғы «Айгөлек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.

Білім бөлімі: Құрастыру, мүсіндеу, жапсыру, сурет.

Тақырыбы: «Түрлі-түсті көбелектер».

Мақсаты: Күзгі түрлі-түсті жапырақтардан, көбелек бейнесін ұқыпты құрастырып, орналастыру.


Қажетті құралдар: Көбелектердің суреттері, бояу, су, таяқшалар, сүлгі.


Ұйымдастырушы қозғаушы.


































Ұйымдастырушы ізденушілік.





























































































Жетекші жөндеуші.

-Балалар бүгін бізде керемет күн екен. Біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр.

-Қане келген қонақтарға қуанып шаттық шеңберімізді құрайық.

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Білер қазақ баласы,

«Сәлем - сөздің анасы».

Сәлеметсіздер ме қонақтар.

Ал, қанеки, балалар!

Біз бүгін достық шеңберінде бір-бірімізге, қонақтарға жақсы тілектер айтып, достық сезімдерімізді білдірейікші.



Жақсы балалар орнымызға жайғасайық.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастайық.

Балалар біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің білім беру саласы: Таным білім бөлімі бойынша құрастырудан «Түрлі-түсті көбелектер» тақырыбы екен.

Балалар сендер көбелекті білесіңдер ме?

Қане олай болса кім маған көбелек жайлы айтып береді.

Көбелектер қандай болады?


Көбелектердің түр-түсін ажырата білеміз бе?

Ал енді мен бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр.

1.Гүл ұшып гүлге қонады,

Гүл бақшам гүлге толады. Ол не?


2.Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанша ұстап үлгердім.


Жарайсыңдар балалар олай болса мына слайд тақтадан көбелек түрлерін видеоролик арқылы тамашалайық.

Көбелек түрлеріне тоқталып өтейік. Ол ұшады, қонады, көбелектер гүлді шаңтозаннан, күннің ыстығынан қорғайды екен. Тек олар қысқа өмір сүреді екен. Балалар көбелек әдемі әрі нәзік болады. Олардың өмір сүруі ауа-райына байланысты, ашық күнде олар ұзақтау өмір сүреді. Ал, ауа-райы суық, желді, ылғалды болса – олар тез өліп қалады.


Қане балалар көбелек жайлы кім тақпақ біледі?



hello_html_m4ca72941.jpg






hello_html_442b63e8.jpg









Жарайсыңдар балалар.

Балалар қане енді ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Түстеріне қарай жина».

Ойын шарты: Балалар көбелектерді түстеріне қарай топтастырады.

«Көбелектер» ойыны.

Шарты: Топта музыка ойнап тұрады. Жерде гүлдер жатады. Көбелектер гүлдерді айнала жүріп ұшады. Музыка тоқтағанда көбелектер гүлдердің біріне қонады.

Жарайсыңдар балалар ойынд өте тамаша ойнадыңдар.

Қане балалар енді шеберханаға жайғасайық.

Балаларды 3 топқа бөлеміз.

  1. Сары көбелектер.

Шоқу әдісін пайдаланады.

  1. Қызыл көбелектер.

Түрлі-түсті қағаздан көбелекті қиып, жапсырады.

  1. Қара көбелектер.

Ермексазбен есу, шымшу арқылы көбелекті мүсіндейді.


Ал, қане балалар шаршаған шығарсыңдар денемізді бір сергітіп алу үшін слайд тақтаға назар аударайық. Кірпі «қара жорға» биін билейді, бізде кірпіге ілесе билейік.

Қане орындарыңа жайғасып жұмыстарыңды ары қарай жалғастырайық.

Қане қай топтың жұмысы аяқталды, қонақтарға көрсетейік.

-Балалар сендерге бүгінгі іс-әрекетіміз ұнады ма?

Несімен ұнады?

Деген сұрақтар арқылы балалардан жауаптар алу.

Орнымыздан тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Аман-есен болайық.

Хош, сау болыңыздар қонақтар!




Балалар шаттық шеңберіне тұрады.





Балалар қонақтармен сәлемдеседі.



Біз балдырған баламыз,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

hello_html_m113fae9c.jpg



hello_html_m3d6dc2d8.jpg








Иә білеміз



Екі қанаты болады,ұшады гүлге қонады.


Иә білеміз




(көбелек)



(көбелек)

Нурислам.

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелек.

Қызыл қанат көбелек,

Бақшамызға келе кет.

Ерасыл.

Көк көйлек, көк көбелек!

Көздері дөп-дөңгелек.

Гүл көрсе, күлімдейді,

Қолыма ілінбейді.

Көк шөптің арасынан,

Түр-түсі білінбейді.

Айгерім

Көбелек-ау, көбелек,

Қонбай қайда кеттіңдер?

Гүлдер,гүлдер көктесін,

Көбелектер көп келсін.

Гүл қанатты көбелек,

Бақшамыздан кетпесін.

Сұлтанәли

Көбелек-ау, көбелек,

Әдемісің керемет!

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой.

Айсана

Көріп жаздың қызығын,

Гүлден-гүлге самғаймын.

Гүлдің ерке қызымын,

Гүлден өзім аумаймын.

Шаршағанда ырғалып,

Гүл үстінде демалам.

hello_html_mf5ea82e.jpg


Балалар 3 топқа бөлініп шеберханаға жайғасады.

hello_html_m1a0a6290.jpg


Балалар барлығы бірлесе қара жорға биін билейді.







Балалар өздерінің аяқтаған жұмыстарын көрсетіп қалай жасағанын,түр-түсін атап айтып береді.


Иә өте қатты ұнады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.






Балалар қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар көбелек жайлы, түрлі-түсті түстерді ажырата білді.

Қандай түсініктерді игерді: Түсіне қарай дид-қ материалды орналастыру түсініктерін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тақпақтарды мәнерлеп айта біледі және шоқу әдісін пайдалануды, қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын меңгерді.




Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-094291

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG