Инфоурок Другое Рабочие программыСабақ: "Шаттыққа толы жүрекпен"(1-сынып)

Сабақ: "Шаттыққа толы жүрекпен"(1-сынып)

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағы

 

Мектеп: «Шилібастау орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм                       Мерзiм:                №1

Тақырып:Шаттыққа толы жүрекпен

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер:сыпайылық, құрмет, мейірімділік

Мұғалiм: Сарсебаева Ж.А. Сынып: 1                 Оқушылар саны: 

 

Сабақтың мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.                                                 

Міндеттері:

   - «өзін – өзі тану» пәні туралы түсінік беру;

   - өзіне деген сенімділігін арттыру;

   - өзін және бірі – бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

«Орманғасаяхат»

Отырыңыздар,арқаны түзу ұстаңыздар,көздеріңізді жұмып, терең тыныстаңыздар.Әр тыныс алған сайын көбірек босаңсуға және тынышталуға тырысыңыздар. Біз қазір орманға қыдыруға барамыз. Елестетіңіздер, сіздер сынып есігіне жақындап келе жатқандарыңызды,есікті ашыңыздар, дәлізбен жүріп келесіздер міне далаға шықтыңыздар. Таза ауаны жұтасыздар, шаштарыңызға желдің соққанын беттеріңізге күннің жеңіл қыздырған жылы лебін сезесіздер. Орман жаққа бет алыңыздар. Сақ болыңыздар, жүріп келе жатып жәндіктерді басып кетпеңіздер. Бір минут тоқтап жан-жақтарыңызға қараңыздар. Табиғаттың сұлулығы мен балғындығын сезесің. Қандай да болмасын бір гүлге жақындаңыз. Иіліңіз және оған мұқият қарап оның нәзіктігін қараңыз. Иіскеп оның хош иісінен тыныстаңыз. Ары қарай жүріңіз, айналаңыздағының бәрін байқаңыз. Гүлдер, гүлдің, ағаштың иістері, құстардың әні, жәндіктердің ақырын ызыңы. Орманға сүңги түсіп қараңыз, ағаштар одан бетер биік және көбірек. Жарық пен көлеңкенің ойынын тамашалаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыздар. Орман ішінде біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Біз тоғай ішіндегі алаңқайға шықтық, біз бұл жерде бірнеше минут демаламыз. Сіз астында демалғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындап келіңіз оның бұтақтарынан қолыңызбен ұстаңыз. Оның мықты екенін сезініңіз, оның бойында өмір қуатының бар екенін түйсініп, сезінуге тырысыңыз. Енді оның астына отырыңыз, оның бұтақтарына арқаңызды сүйеңіз. Көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз және айналадағы тыныштыққа назар аударыңыз. (Бұл жерде мұғалімнің 1-2 минут кідіріс жасауына болады). Бізге бақыттың қандай екенін, қандай жеңіл екенін сезінеміз. Табиғат қандай тамаша және біз оны қалай сүйіп, қалай құрметтеу керек екенін, оны қорғау керектігін, бірде-бір тіршілік иесіне зиян келтірмеуді түсінеміз, есте сақтаңыздар бұл сіздердің және ағаштарыңыз, кез-келген уақытта сіздердің оған оралуларыңызға болады. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыздар. Тұрыңыздар да жан-жақтарыңызға тағы бір көз тастаңыздар.  Жайлап артқа қарай бағанағы соқпақ жолға жолдағы жәндіктерді басып кетпей оралыңыздар. Міне, біз мектептің есігіне келдік. Жан-жақтарыңа тағы бір қараңыздар, терең таза ауамен тынысалыңыздар, есікті ашып, өз орындарыңызға оралыңыздар. Өздеріңізде осы сезімді, тыныштықты және қанағаттанушылықты сақтаңыздар. Көздеріңізді ашыңыздар және күлімсіреңіздер!

 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Үй тапсырмасын тексеру.

«Өзін-өзі тану еліне саяхат» атты сурет бойынша әңгімелесу.

  1.«Өзін - өзі тану» дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Тіл табыса білу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

 

Әңгiмелеу (сұхбат).

Жағдаяттарды талдау.

1 - жағдаят:

 Сәуле ауырып қалды. Әлия сабақтан кейін ауырған құрбысына барып, үй тапсырмасын орындауға көмектесті.

  - Осы жағдаяттан Әлияның қандай қасиетін көріп отырсыңдар?

 2 - жағдаят:

 Асан жүгіріп келе жатып, абайсызда Дамирді қағып кетті. Дамир жерге құлап, қолын ауыртып алды. Асан оған қарамастан, асыға жүгірген күйі өте шықты.

- Сендер Асанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

 

 

 Дәйек сөз:

  Өмірді тану өзіңді танудан басталады.

                                                        Халық даналығы

   Халық даналығында «Өмірді - тану өзіңді танудан басталады» деп өте орынды айтылған. Себебі өзіңді адамдармен, қоршаған ортамен, қоғаммен қарым -  қатынаста тани аласың. Ал адамдарды, қоршаған ортаны, қоғамды және олардағы құбылыстар мен әрекеттерді білу - өмірді тану дегенді білдіреді.

 

 

  Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

 «Сәлем саған мектебім» тақырыбында әңгіме құрастыру.

 

 

Топпен ән айту.

 

Әнші балапан

                            Сөзін жазған: Қ.Қазыбекұлы

                            Әнін жазған: М.Омаров

 

Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Ата салтын ертеңге

Жеткізетін өздерің,

Жеткізетін өздерің!

    Қайырмасы:

     Әнші, биші, әнші балапан,

     Әнші, жыршы, күйші балапан.

     Әнші, биші, әнші балапан,

     Әнші, жыршы, күйші балапан.

 

 

  Үй тапсырмасы.

Қамқорлық жайында әңгіме құрастырып келу.

  Бағалау:

 Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет! Бәріңізді өте жақсы қатысты деп бағалаймын!

 

 

Соңғы тыныштық сәті:

  Баяу музыка қойылады. Балалар көздерін жұмып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ой елегінен өткізіп, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстап, жақсы қасиеттерді жүрегіне сақтап алады.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ: "Шаттыққа толы жүрекпен"(1-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 225 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2017 387
    • DOCX 17.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсебаева Жанар Алтынбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсебаева Жанар Алтынбековна
    Сарсебаева Жанар Алтынбековна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26806
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 377 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 267 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе