Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ Құстар біздің досымыз

Сабақ Құстар біздің досымыз

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:

«Құстар біздің досымыз» 1-слайд

Мақсаты:

Мақсаты: Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету, торғай туралы көрген, білгендерін айтқызу, құстарға қамқорлық жасау қажеттігін түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету.

Оқу нәтижелері:

Балалар құстар туралы, құстарға қамқорлық жасау қажеттігін біледі, ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды.

Түйінді идея:

Сурет салу, бояу, мүсіндеу, әңгімелеу арқылы табиғатты аялауға, сүюге қамқорлық жасау сүйіспеншіліктерін көрсету.

Тапсырмалар мен жаттығулар:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Жағымды көңіл-күй орнату

Күнде ерте тұрамыз

Беті қолды жуамыз

Тамақ ішіп киініп

Мектепке көңілді болып барамыз

ІІ. Қызығушылықты ояту
Тәрбиеші:
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, көңіл қойып тыңдаңдар, жарай ма?
Балалармен таңдасып,
Жазда бақты қорғайды.
«Шиқ-шиқ» дейтін дауысы бар 2-слайд
Ағаш басына қонады.(Торғай)
- Бұл не? Кәне ойланамыз.
- Өзі ағаш басында отырады, ұшады, бұл не болды екен деп ойланған балалар:
- Торғай деп жауабын береді. 3-слайд
- Дұрыс балалар торғай.
Міне, балалар, торғай, қараңдаршы қандай әдемі өзі.Балалар естеріңде ме біз торғайды серуенде жүргенде де көрдік қой, торғай не істеп жүрді?
- Ұшып жүрді. 4-слайд
- Қайда қонды?
- Ағаш басына қонды. 5-слайд
- Дұрыс балалар енді торғайды міне, жақыннан көрейікші.Торғай қандай екен? Балалардың жауабы: Торғайдың көзі бар, тұмсығы бар, қанаты бар, жүні жұмсақ кішкентай екен.
- Кәне балалар, бәріміз бірігіп торғай деп айтайықшы.
- Торғай.
ІІІ Мағынаны тану. Балалар мен сендерге «Торғай» деген өлеңді оқып беремін.
Торғай – торғай тоқылдақ 3-слайд
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.
- Балалар торғай қалай дыбыстайды екен?
- «Шиқ-шиқ» - дейді бәрі хормен.
- Ал сендер құстарды жақсы көресіңдер ме?

Иә,олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.

-Ал сендер құстар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

1-ші оқушы:

Нан қоқымын шашпаңдар, 3-слайд
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

2-ші оқушы:

Қарға қарға қарғалар, 9-слайд
Қар үстінде жорғалар,
Боран соқса долданып
Бұтаға келіп қорғанар.
3-ші оқушы:

Ала қанат сауысқан, 10-слайд
Жерді шоқып тауысқан.

4-ші оқушы

Ауламызда бау бүрлеп

Шешек атып жайнайды

Ақ тамағы бүлкілдеп

Қарлығаштар сайрайды

Балалар сендер қандай құстар туралы тақпақ айттыңдар?

Балалар:торғай, қарға, сауысқан,қарлығаш.

Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер? Балалар:тоқылдақ, қарлығаш, сауысқан.Ендеше осы құстар жайлы сергіту сәтін өткіземіз.

IV. Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық

Қарлығаш болып ұшайық 11-слайд

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық

Қарлығаш болып ұшайық

Торғай болып қонайық 3-слайд

Сауысқан болып секіріп 10-слайд

Тоқылдақ болып шоқиық

Иә,балалар қарлығаш болып не істедік? Ұштық

Сауысқан не істеді? Секірді

Тоқылдақ ше? Шоқиды.

Ал торғай ше? Қонды.
VТоптық жұмыс. Енді, балалар бейнелеу бұрышына барайық. Мына жерден сендер құстардың суретін таңдаңдар. Өздеріңе орын табыңдар.Сендер бүгін бізге келген қонақпен торғаймен таныстыңдар, енді осы торғайға сыйлық жасап берейік. Әрбір топтан бір бала келіп мына жерден қағаз таңдайды. Жұмыс түсіндіріледі. Әдемілеп жасаңдар балалар. (Балалар жұмысқа кіріседі)
Ал, енді сурет салған жемдерді торғайға берейік. Торғайдың қарны тойды, сендерге рахмет айтып. Ойынға шақырады. Торғайдың жолдасы бар мысық.

VI. «Мысық пен торғайлар» деген ойынды ойнаймыз.14-слайд
Ойын: «Мысық пен торғайлар».
Кәне балалар (торғайлар) ұшып келіндер.
- Торғайлар жем жеңдер. Кәне кім қалай жейді?
- Торғайлар сендер тез ұшыңдар, мысық ұйықтап жатыр, қазір мысық оянып кетіп, ұстап алады – дегенде мысық:
- Мяу – мяу деп оянады, торғайларды көріп құлағы тікірейеді.
- Торғайлар алысқа ұшыңдар, мысық оянады. (мысық мяу деп торғайларды қуады. Бірақ торғайлар ұстатпай ұяларына кіреді).
- Балалар сендер бәріңде жақсы ойнадыңдар.
VІІ.Қорытынды: Торғаймен қоштасу.

Сұрақ-жауап.Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

Сабақта не істедік?

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап

Жүрейікші жараса

15-слайд Рефлексия «Жүректен жүрекке» Балалар торғайға және барлық құстарға жылы тілектерін айтады.Рақмет балалар!Сау болыңдар! 16-слайд


Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДВ-526058
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх