Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Сабақ "Сәулет өнері "7 класс

Сабақ "Сәулет өнері "7 класс

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:



6 Шұбарқұдық негізгі мектебі









hello_html_m5183cd4.gif









Т а қ ы р ы б ы:

hello_html_m2807cb5b.gif



Класы: 7









Өткізген: Алчурина Н.Д.





2014-2015 оқу жылы



Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері.

І. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерін, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рух енгізу, тіл мен дін мәдениет мұрасын, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсінік беру.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, қосымша тарихи әдебиеттер, слайд, кесенелердің суреттері, киіз үйдің суреті, макеті.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиеті, география, бейнелеу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Өткен сабақты пысықтау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Бекіту, қорытындылау, бағалау.
5. Үйге тапсырма беру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушылар, біз өткен сабақта Отандық тарихтың ең негізгі тарауларының бірі Қазақстанның ХIV-ХV ғасырлардағы мәдениеті тақырыбын өткенбіз, сол тақырыпты қалай меңгергендеріңді білу үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.

1 тапсырма «Кім шапшаң» .«Сұрақ-жауап» әдісі.

1 Материалдық мәдениет дегеніміз не?

2 Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?

3 Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесіңдер?

4 Жазбаша әдебиет өкілдері кімдер?

5 Музыка қалай пайда болды?

6 Шаманизмнің қандай наным-сенімдері сақталған?

2 тапсырма. Терминдермен жұмыс.

1 Рухани мәдениет- белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі.

2 ХІҮ-ХҮ ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпаларының әдеби туындылары ауызша таралады, ғылыми тілмен айтқанда, фольклор түрінде дамыды.

3 Қазақстанда ислам дінінің тез қанат жая бастауына және бір себеп- ислам дінінің суфизм тармағының таралуы.

4 ХІҮ-ХҮ ғасырлар аралығында ислам діні мен шаманизмнің кейбір діни наным-сенімдері қатар өмір сүрді.


3 тапсырма Мақал- мәтел айту жарысы.
• Оқушыларға материалдық мәдениет үлгілері көрсетіліп, олардың атаулары сұралады.
• Оқушылар рухани мәдениетке жататын мақал-мәтел, жұмбақ сияқты өздеріне танымал фольклор үлгілеріндегі білімдерін танытады.

Мысалы:

2. Үй жұмысын бекіту
4 тапсырма «Ойлан тап»


№ Аты-жөні
Еңбектері


Не айтылады?
1. Хорезми «Хұсрау мен Шырын»
2. Дүрбек «Мухаббатнама»
3. Кутуб «Жүсіп-Зылиха»

3. Үй жұмысын қорыту. 5 тапсырма «Сандар сөйлейді»

1 ХІІІ ғасырдың соңындағы жазба деректерге қарағанда , киіз үйлердің арба үстіне тігілген, жылжымалы түрлері де болған.

2 ҮІ-ҮІІІ ғасырлардан бастау алған батырлық жырлары көптеген көріністермен толықтырып, ХІҮ-ХҮ ғасырларда эпостық жырға айнала бастады.

3 ХІІІ-ХҮ ғасырларда авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері де дами бастайды.

4 ХІҮ-ХҮ ғасырлар аралығында ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастады.

5 Қазақстанда ислам діні ҮІІІ ғасырда тарай бастағанымен, ХІХ ғасырдың аяғына дейін бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне толық жете қоймаған еді.

6 ХІҮ ғасырда Өзбек хан (1312- 1342) мен Моғол ханы Тоғылық Темір (1348-1362 ) билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлінген.

7 ХІҮ-ХҮ ғасырлар аралығында ислам діні мен шаманизмнің кейбір діни наным- сенімдері қатар өмір сүрді.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жоспары:
1. Сәулет өнері.
2. Қ.А.Иасауидің кешенді кесенесі.
3. Алашахан кесенесі. Көккесене.
4. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі.
5. Отырар.
6. Қолданбалы өнер.
7. Пысықтау сұрақтары.


Мұғалім:

Өнердің бұл түрі Қазақстанда Х-ХІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастаған еді. Оның басты дәлелі – Тараз қаласының маңындағы Айша бибі , Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындылары. Алайда ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығы бұл өнердің дамуына үлкен нұқсан келтірді. Өйткені ХІІІ ғасырдан ХІҮ ғасырға дейін жерімізді айтарлықтай ірі құрылыстар салынбаған.

ХІІІ ғасырдың екніші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде ХІҮ-ХҮ ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Мәселен, бұл кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілеріне Арыстан баб, Қожа Ахмет Иассауй, Көккесен, Алаша хан, Дәуітбек , Тектұрмас сияқты кесенелер жатады.

6 тапсырма «Сөздікпен жұмыс»
1. Кесене – діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
1. Сәулет өнері – Х – ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 ш жерде салынған Айша Бибі, Бабаджахатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған . Мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде Сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.




2. XIV-XV ғ аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнері - Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі. Қожа Ахмет исі мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене ОҚО Түркістан қаласының орталығында орналасқан. Тарихи деректерге жүгінсек 1397 жылы Әмір Темір салдырған, негізгі мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы беделін көтеру, пір тұтушылардың сеніміне ие болу. Аумағы 46,5х65,5м биіктігі 37,5 м, алдынғы беті шығысқа қараған, екі беті күмбезді 35 бөлмеден тұрады. Ең үлкен орталық бөлмесі 18,5 х 18,5 м, ортасында 1399 жылы жасалынған үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Оларда атақты адамдар жерленген.Ең басты бөлмесі Көрхан деп аталады, онда Ахмет Иасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған., қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Көрханның үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған.
Диуани хикмет

3.Алашахан кесенесі – ХIV – XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Б.з.д ІІ-І ғасырда өмір сүрген. Алаша хан көне қытай, араб деректерінде де есімі аталатын тұлға. Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х –ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшелігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі, таңдай, жүрекше оюларымен безендірілген.

4.Көккесене – Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында Төменарық деген жердің Солтүстік Батысында 8ш жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Сырт беті кілем сияқты өрнек үлгісімен жасалған. Өкінішке орай бүгінгі күні тек жұрнағы ғана қалған. 
5. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі - XV ғасырдың екінші жартысында салынған. А.Иасауи кесенесінің Шығыс жағынан 60м жерде орналасқан, 5 бөлмеден тұрады. XIX ғасырдың соңында қираған. Төбесіндегі күмбезі Иассауидің кесенесінің ішінен табылған. Қалай келгені белгісіз. 1485 жылы қайтыс болған ол Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екені жазылған. 1895 ж қараусыздықтан бұзылып кеткен, қалған бөлігі 1950- 1957 ж археологиялық қазба жұмыстарынан кейін кірпіштері Ахмет Иасауи кесенесіне жөндеуге жұмсалған деген дерек бар. Зерттей келе кесененің астыңғы сағанасында 5 адамның мүрдесі табылған. Ортасындағы Рабияның мүрдесі деген болжам бар.

6. Қолданбалы өнер - өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі, үлкен шығармашылықты қажет етеді. Кез келген сәулеттік құрылысты жасаған соң әрленуіне көңіл бөлу керек, болмаса шыққан шығын зая кетеді. Сондықтан құрылысшылар әдемілеуде қолданбалы өнерді пайдаланған.Жаңа үлгілері қалыптаса бастады, күмбез шатыр пайда болды. Күйген кірпіштен бір жағын түрлі-түсті әйнек сыр жағылған кірпішті пайдаланды. Оның сыры әлі күнге ашылмаған. Орта ғасырдағы құрылыс материалдарының сапалы жасалуынан сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз.

7 тапсырма: Сұрақ-жауап әдісі
1. Сәулет өнері деген қандай өнер?
2. Алашахан кесенесі қай жерде, қандай ерекшелігі бар?
3. Қ.А.Иасауи кесенесін кім салдырған, құрылыс жүйесі?
4. Археологиялық зерттеуде қандай сәулет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?


5. Отырар қаласынан табылған қоғамдық құрылыс орындарын ата?
6. Қолданбалы өнер қандай өнер?

8 тапсырма: Оқулықпен жұмыс
1. Арыстан баб кесенесі қай ғасырда бірнеше рет жөндеуден өтті?
2. Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі қайда салынған?

3. Алаша хан кесенесінің өзіндік ерекшелігі қандай?
4. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі қай ғасырда салынған?

9 тапсырма: Дәптермен жұмыс.
Тест.
1. Аталған сәулет өнері ескерткіштерінің қайсысы монғол шапқыншылығынан кейін салынған?
а. Айша-бибі кесенесі+
ә. Білеулі ғимарат
б. Арыстан баб кесенесі
в. Ақыртас ғимараты

2. Әмір Темір бұйрығымен тұрғызылған сәулет өнерінің ғажайып туындысы:
а. Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі+
ә. Алашахан кесенесі
б. Боран мұнарасы
в. Бабаджа қатын кесенесі

3. ХІV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш:
а. Аяққамбыр күмбезі
ә. Мырзарабат сардобасы
б. Алаша хан кесенесі+
в. Дың ескерткіші

4. Материалдық игіліктер қандай шикізат көзіне негізделеді?
а. Мал басынан алынатын+
ә. Саудаға
б. Қолөнерге
в. Жер өңдеу кәсібіне

5. Қуаңшылық жылдары қандай ырым жасалған?
а. Көкке табыну
ә. Пұтқа жалбарыну
б. Тасаттық
в. Аруақтарға сиыну

6.Қазақстанның байырғы тұрғындары аспан әлемін қалай атаған:
а. Көк тәңірі
ә. Жаратушы
б. Аруақ
в. Пір

10 тапсырма: Жаңа сабықты бекіту
Сәйкес келетін тарихи оқиғаларды тап
• 1397 жыл – Қожа Ахмет кесенесі салуға Әмір Темір 1397 ж бұйрық берген.
• 1399 жыл – Залдың ортасында 1399жылы жасалған үлкен тайқазан тұр.
• 1485 жыл –( Рабиға Сұлтан Бегім) Құлыптастағы жазуда Бегімнің Әмір Темірдің ұлы

Ұлықбектің қызы екендігі 1485ж қаза болғандығы жазылған.
• 6 ай

Дұрыс жауабы:
1397 жыл – Әмір Темір Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салуға бұйрық берді.
1399 жыл – Залдың ортасындағы үлкен тайқазан жасалған.
1485 жыл – Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы Бегім қаза болды.
6 ай – Отырар қаласы монғол шапқыншылығына осы уақыт аралығында төтеп беріп тұрды.

11 тапсырма:Тарихи сынақ хат.
Сәулет өнері Қазақстанда Х-ХІІ ғасырда _____ _____ кезінде өркендеген.
XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің үлгілеріне _____, _____, _____, _____ кесенелері жатады.
Бөлмелердің ішіндегі негізгісі - __________.
Кесененің өрнек үлгілері _____ ______ сәулет өнерінде кездеспейді.
Дұрыс жауабы:
Сәулет өнері Қазақстанда Х-ХІІ ғасырда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген.
XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің үлгілеріне Арыстан баб, Қожа Ахмет Иассауи, Көккесене ,Алашахан кесенелері жатады.
Бөлмелердің ішіндегі негізгісі – кітапхана.
Кесененің өрнек үлгілері Орта Азия сәулет өнерінде кездеспейді.


12 тапсырма: Карточкамен жұмыс.Сәулет ескерткіштерінің тұрғызылған жерлерін сәйкестендіру.

Сәулет ескерткіштері-----------Орналасқан жері
1. Айша бибі кесенесі---------- А)Жезқазған қаласы
2. Қарахан кесенесі------------- Ә)Түркістан
3. Жошы хан күмбезі----------- Б)Тараз
4. Алаша хан кесенесі--------- -В)Қарағанды
5. Қожа Ахмет Йассауи-------- Г)Тараз
6. Бабаджа қатын-------------- -Д)Тараз
1 2 3 4 5 6
б г а в ә д


ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы анықтамасы 5-11 сынып, 2005 жыл
2. Қожа Ахмет Йассауи. Байниетова Сәуле 2007 жыл
3. Қазақ халқының қолөнері А.1995 жыл

Х. Оқушыларды бағалау.
Оқушының қабілетіне қарай берген жауаптарын бағалау. Бағалау смайлинг арқылы бағаланады.
ХІ. Үйге тапсырма.
§33 Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.
а) Қожа Ахмет кесенесіне әңгіме жазу
ә) Отырар ойранының зардаптары туралы реферат жазу.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 02.01.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров267
Номер материала ДВ-301569
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх