Инфоурок Химия КонспектыСабақ тақырыбы: Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау

Сабақ тақырыбы: Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың жаңадан бастаған пән – химияның алғашқы ұғымдарын қаншалықты меңгергендігін ойын элементтерін пайдалана отырып тексеру, химияның басқа пәндермен байланыстылығына көз жеткізу

Дамытушылық: Әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде белсенділік қабілетін дамыту, танымдық ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру, өздігінен ізденуге талпындыру

Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, өз ісіне жауапкершілікпен қарай білуге тәрбиелеу

 

Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту, ұжымдық, жекелей оқыту технологиясы, сұрақ - жауап, ойын түрлері, тест

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабағы

Пән аралық байланыс: тарих, биология, география, әдебиет, физика

Сабақтың көрнекілігі: хат, кілті жоқ құпия сандық, ғажайып карта, кеспе қағаздар, тест парақтары, Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, мультимедиялық проектор.

 

Сабақтың барысы:

Жоспар:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Саяхат барысы

3. Қорытындылау

4. Бағалау

5. Үйге тапсырма

 

1. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеген соң сыныпқа құлыпты құпия сандық пен хаты жанына қойылған ғажайып карта әкелінеді. Картада құпия сандықтың кілті қайда жасырылғаны сызылып көрсетілген. Кілтке жету үшін оқушылар ХИМИЯ ПАТШАЛЫҒЫНА саяхат жасайды. Жол жөнекей оқушыларды бес патшалық – Тарих патшалығы, География патшалығы, Биология патшалығы, Әдебиет патшалығы, Физика патшалығы өздерін таныстыра отырып өзінше сынайды, сынақтан мүдірмей өткенде ғана келесі патшалыққа жолды сілтеп шекараларынан өтуге рұқсат береді. Ең соңында алдарынан ХИМИЯ патшалығы шығып, ол да дайындап қойған сынағынан өткізеді, сонда ғана құпия сандықтың кілтін берілетіндігі түсіндіріледі.

 

2. Саяхат барысы

Карта бағыты бойынша оқушылардың алдынан бірінші болып Тарих патшалығы шығады.

1) Тарих патшалығы.

1-тапсырма.Оқушыларға проектордағы мәтін бойынша тарих пен химияның арасындағы байланыс түсіндіріледі

Оқушыларға мәтінге байланысты тест жұмысы орындатылады.

 

Бұрын болғандарыңа, кейін де бағалау үшін қажет ХИМОНДАРды ұсынамын.

2-тапсырма: №1. Физикалық (Ф) және химиялық (Х) ұғым

1. судың булануы

2. көмірқышқыл газы әсерінен ізбес суының лайлануы

3. майшамның жануы

4. металдың балқуы

5. шегенің таттануы

6. көмірдің жануы

 Жауабы: ф,х,х,ф,х,х

№2. Таза (Т) және қоспалар (Қ)

1. дистельденген су

2. мыс

3. топырақ

4. қант

5. ауа

6. фосфор

 Жауабы: т,т,қ,қ,қ,т

№3. Қай сөйлемде химиялық элемент (Э), қайсысында зат (З)

1. Мыс купоросынның құрамына мыс кіреді

2. балықтар суда еріген оттекпен тыныс алады

3. таттың құрамына темір кіреді

4. темір ылғал ауада таттанады

5. темір мен күкірттің қоспасы

6. мыс оксиді мыс пен оттектен тұрады

 Жауабы: э,з,э,з,э,э

 

 

 

Тарих патшалығының сынағынан мүдірмей өттіңдер. Ендеше келесі патшалыққа аттанайық. Ол – География патшалығы. Ол бізге қандай сындар дайындап отыр екен?

2. География патшалығы.

1 тапсырма:  5 моль судың массасын есепте

26г магний қанша оттегімен әрекеттеседі?

 

      

 

 2 тапсырма: Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын табыңдар: CO2  =44, H2SO4 =98, CuCl2 =135, FeCl3 =162,5,  ZnO=81,  FеS=88.

         

Тапсырмаларды белсенді орындаған оқушылар химондармен тиісінше бағаланады да келесі патшалыққа сілтеме алады.

 

3. Биология патшалығы – оқушыларды деңгейлі тапсырмалар арқылы сынайды:

1) Биологияға байланысты сұрақтар

А)Тыныс алу процесіндегі элемент. (оттегі)

Ә)Қанның құрамында  кездесетін маңызды химиялық элемент. (темір)

Б)Адам сүйегінде кездесетін химиялық элемент. (кальций)

 

2) Реакция теңдеулерін аяқтап, қай типке жататынын анықта:

Н О →

Аl + O

Fe + CuCl

 

  

 

 

Бұл тапсырмаларды да мүдірмей орындаған оқушыларды бағалап, келесі патшалыққа жол тартамыз. Ол – Әдебиет патшалығы.

 

4. Әдебиет патшалығы.

Күрделі тапсырмалар орындаудан оқушылардың миына үлкен салмақ түседі. Әдебиеттің де химиямен байланысы бар екеніне көз жеткізу үшін әдебиет патшалығында сергіту тапсырмаларын орындау артық болмас.

Мысалы:

Мақал - мәтелдер:

1. Өз елім –....... бесігім (алтын)

2. .................... қызған кезінде соқ. (Темірді)

3. ...................... тас екен, арпа-бидай ас екен. (Алтын-күміс)

4. Жылтырағанның бәрі .......... емес. (алтын)

 5.Ас сөз .........., көп сөз .......... . (алтын, кұміс)

6. Ақыл арымас, .......... шірімес. (алтын)

 

 

 

Жұмбақтар:

1.Бірінші буыным көп емес,

   Екінші буыным тілсіз жау. (аз+от)

 

2. Шыдасаң да алтын ассыз мүлде,

    Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)

 

4. Сыныптан шықпайды,

    Тимесең жұқпайды,

    Жәрдемінсіз бұл заттың,

    Оқушы сабақ ұқпайды.(В - бор)

 

5. Тынысым, ырысым,

     Ол жоқ жерде,

     Жойылмақ жүрісім.(оттек)

 

6. Өсімдіктен аламын,

    Өміріме нәр қыламын,

    Бойыма ол сіңген соң,

    Сыртқа оны шығарамын,(СО2 - көмірқышқыл газы)

 

   

 

Әр дұрыс жауапқа бір химоннан үлестіреміз.

Ән айтып, мақал - жұмбақ шешіп серігіп алған оқушылар ары қарай сапарын жалғастырады. Сол кезде алдарынан Физика патшалығы шығады.

 

5. Физика патшалығы

Бұл патшалық та оқушыларды деңгейге бөліп, олардың әрқайсысына ойындар дайындап қойыпты:

1-тапсырма.  1-ұжымдық топқа қойылатын тапсырма.

1.Салыстырмалы атомдық массасы 65-ке тең.

2.Осы элементтің хлормен қосылысының салыстырмалы молекулалық массасын есепте.

3. Осы қосылысты қосылу реакциясы арқылы алуды жүзеге асыр.

4.Осы қосылысты орынбасу реакциясы арқылы жүзеге асыр.

 

2-ұжымдық топқа қойылатын тапсырма.

1.Салыстырмалы атомдық массасы 24-ге тең.

2.Осы элементтің хлормен қосылысының салыстырмалы молекулалық массасын есепте.

3.Осы қосылысты қосылу реакциясы арқылы жұзеге  асыр.

4.Осы қосылысты орынбасу реакциясы арқылы жүзеге асыр.

 

       

 

Ендеше, физика патшалығының да тексеруінен өттік. Алдымызда – ХИМИЯ патшалығы! Көрейікші, химиктер бізге не дайындаған екен?!

 

 

 

6. ХИМИЯ патшалығы

Мультимедиялық проектордан «Таза заттар және қоспалар» тақырыбында тәжірибе көрсетіледі.

. Демонстрациялық  тәжірибелер: Оқушылар өздері орындайды.

 

        

 №1.Тұз бен құмның қоспасы берілген тұз бен құмды бөліп алу керек.Бұл қандай қоспа? Қоспалардың тағы қандай түрлерін білесің.                                                                                                   (1 ұжым тобына)

 

№2. Ағаштың ұнтағы мен құм берілген. Бұл қандай қоспа? Қандай қоспаларды білесің? Қоспаларды бөл. (2 ұжым тобына)

 

 Соған байланысты талдау сұрақтары қойылады:

Патшалықтардың да сындарынан өттік, сұрақтардың барлығына да жауап алдық. Онда құпия сандықтың кілтін алып, сандығымызды ашып көрейікші, химиктерге нені аманат етіп тастаған екен?..

- Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды, - деп мұғалім сандықты ашса, ішінде 8 - сыныптың оқулығы және тәттілер шығады. Мұғалім тәттілерді оқушыларға және келген қонақтарға үлестіреді.

3. Қорытынды

Қорыта келгенде, химия атамыз бізге алтынға толы сандықты емес, ақылымызды шыңдайтын білім тастап отыр екен! Онда үлкендердің үмітін ақтап, енді ғана бастаған ХИМИЯ пәнін ары қарай жоғары ынтамен, белсенділікпен оқуға талпынайық! Сонда ғана қолдарыңдағы тәттілер секілді өмірлерің де тәтті болатынына сенемін.

 

4. Бағалау.

Оқушылар саяхат бойы жинаған химондар санын санайды, үштен көп химон жинағандары сәйкесінше бағаланады.

 

5. Үйге тапсырма.

Өтілген тарауды қайталау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

БАСТАПҚЫ ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР ТАРАУЫН ҚАЙТАЛАУ




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

                                                                                      

 

 

Пән мұғалімі: Журтубаева А.А

 

                                                                                         

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ тақырыбы: Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 421 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2016 1359
    • DOCX 1.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Журтубаева А А. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Журтубаева А А
    Журтубаева А А
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8132
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 38 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 463 человека из 70 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе