Инфоурок Другое КонспектыСабақ тақырыбы : «Достық» 4

Сабақ тақырыбы : «Достық» 4

Скачать материал

4 сынып

 

Қазақ тілі

 

Сабақ тақырыбы : «Достық» 


Мақсаты

 

Білімділік: Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау,жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету, жіктік жалғау тақырыбымен танысу Дамытушылық: оқушылардың коммуникативтік, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын,  тіл білімдерін байыту.

Тәрбиелік: оқушыларды қайырымды, адал, достыққа берік болуға, сауатты сөйлеуге тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: ойын элементтері, аудару, жазу, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар.

 

Сабақтың барысы

I.  Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, жыл мезгілі, ауа райы, бүгінгі сабақ кестесі туралы, кезекшімен сұрақ-жауап.

 

II.  Қайталау
Интерактивті тақтадағы сызба бойынша мамандық тақырыбына қатысты сөздерді қайталау: мамандық, мұғалім, дәрігер, азпаз, наубайшы, құрылысшы, әнші, биші, сатушы, суретші, етікші, кітапханашы, балықшы.  Мамандықтар, отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы  сұрақ-жауап: Кітапханашы қайда жұмыс істейді?

Әнші қайда жұмыс істейді? Ұшқыш қайда жұмыс істейді? Сенің әкеңнің мамандығы кім? Сенің шешеңнің мамандығы кім? Сен кім болғың келеді?  Мұғалім қандай мамандық? Дәрігер қандай мамандық? Құрылысшы қандай мамандық? Сурет арқылы менің досым тақырыбын еске алу.

 

ІІІ.  Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы «Достық», грамматикалық тақырыбы «Жіктік жалғау». Бүгін біз сабақта достық туралы нақыл сөздермен, жіктік жалғаулармен танысамыз.

 

 а)  Грамматикалық тақырыпты түсіндіру

 

Қазақ тілінде жіктік жалғаулар (личные окончания) баяндауышқа (сказуемое) жалғанады. Жуан сөзге (к твердому слову) жуан жалғау, жіңішке сөзге (к мягкому слову) жіңішке жалғау жалғанады. Әр жақтың (у каждого лица) жіктік жалғаулары бар.

Жекеше (единственное число)                                                               

І жақ (-мын, -мін)                                               

ІІ жақ (-сың, -сің)                                               

           (-сыз, -сіз)                                                 

ІІІ жақ (жіктік жалғау жоқ) 

Мысалы:

І жақ: Мен сабақта отырмын.

ІІ жақ: Сен бақшада жүрсің.

            Сіз сапаржайда тұрсыз.

ІІІ жақ: Ол диванда жатыр.

 

 

ә)  Сөздік жұмысы

достық- дружба                                            ұлт- нация                 

бағалай біл- умей ценить                            басқа- другой

қайырымды- добрый, отзывчивый            жолдас- товарищ

қиналу- затрудняться                                  қолда- поддержи

сәлем беру- приветствовать                        адал бол- будь предан

 

б) Сергіту сәті

Атама сәлем беремін

Әжеме сәлем беремін

Әкеме сәлем беремін

Анама сәлем беремін

Досыма сәлем беремін

Бәрін де жақсы көремін

 

в) Жазба жұмысы

Тақтада жазылған нақыл сөздерді көшіріп жазыңдар, жаңа сөздер арқылы мазмұнын түсіндіріңдер.

 

Достықты бағалай біл. Басқа ұлттың баласына қайырымды бол. Досыңа адал бол.  Досың қиналғанда қолда. Үлкендерге сәлем бер. Қазақстанда ұлттар тату тұрады.

 

 

г) Өздік  жұмысы

  Қолда, кіші

 сөздерін жақтар бойынша жіктеңдер, жіктік жалғауларын белгілеңдер. 

 

 

 

 

 

ғ) Сөзжұмбақ

Тақтадағы сөзжұмбақты шешіңдер.

1.     Родина   2. Гимн   3. Флаг    4. Государство    5. Герб     6. Дружба    

7. Единство    8. Гражданин     9. Елбасы     10. Біздің өзен    11. Школа

 

IV. Қорытынды

Жаңа тақырыпты, сөздерді қайталау, өз достары туралы туралы әңгімелеу, оқушы сөзін ауызша жіктеу. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

 

Үй тапсырмасы: ереже, ақылды сөзін жіктеу, нақыл сөздерді мәнерлеп оқу.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ тақырыбы : «Достық» 4"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2017 921
    • DOCX 33 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакаева Алтынай Токтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакаева Алтынай Токтаровна
    Шакаева Алтынай Токтаровна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23308
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой