Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Хрисиандық. Христиандықтың пайда болуы негізгі ілімдері

Хрисиандық. Христиандықтың пайда болуы негізгі ілімдері


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Сынып: 9

Күні:

Сабақ тақырыбы: Хрисиандық. Христиандықтың пайда болуы негізгі ілімдері.


Мақсаты:

1. Оқушыларға христиан діні, діни ғұрыптары туралы тың мәліметтер беру, «христос», «евангелие», «апостол», «креационизм» ұғымдарына анықтама беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру және білімі мен біліктілігін арттыру.

2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Мақсаты: теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіріп, дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. «Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу, топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастыру .

  2. Қызығушылығын ояту кезеңі: Электронды оқулық бойынша тыңдау.

  3. Үй тапсырмасын тексеру:

Көне діни сенімдер; hello_html_mee3392f.png

Дәстүрлі мемлекеттік діндер;

Әлемдік діндер. (ассоциация әдісі)


Жоспар

1. Христиандықтың пайда болуы.

2. Христиандықтың басты бағыттары.


Жаңа сабақтың дәйек сөзі: «Маған рухани күш, яғни адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығы мен діни-сенімі бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Адам алдымен рухани жағынан жетілуге қадам жасайды да, содан кейін құдайды мойындайды, оған жақындай түседі.

Мұсылман діні мен христиан діні – Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты. Қай діннің болса да өмір сүруге құқығы бар. Ал адамдарда оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиіс... Құдайға құлшылық ету жас кезде де, егде тартқанда да жарасады.» Н.Ә.Назарбаев



  1. Мағынаны ажырату кезеңі : Топтарға жаңа тақырыпты бөліп беру.

  • «ТВ-шоу» шоу әдісін қолдану. Тақырып бойынша топтар теле бағдарлама жүргізу ойыны арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.



1. ХристиандықІ ғасырда пайда болған әлемдік дін, оның аты да, басталуы да палестинаның солтүстігіндегі Галилеядағы Назарет деген шағын қаладан шыққан діни ұстаз және уағызшы Иисустың (еврейше–Иешуа,арабша –Ғайса) есімімен байланысты. Ол өзін Христос Құдайдың жер бетіне жіберген елшісі, мессия ретінде алған («Христос»көне еврей тіліндегі «Машиахтың» грек тіліндегі «Мессияның» баламасы).

Діндарлар да, дінді жоққа шығарушылар да Ғайсаның өмірі туралы мәліметтерді ол өлген соң ондаған жылдардан кейін жазылған Евангелиелерден алады. Бұл кітаптардың мақсаты–христиан дінінің негізін салушының өмірбаянын жазу емес, жер бетінде Құтқарушының, құдайдың сүйікті ұлының келуін, оның қызметін, өлімі мен қайта тірілуін жария ету («Евангелие» грек тілінде «шапағатты хабар»). Ғайса қайда бармасын, барлық жерде оған оның шәкірті–12 елшісі (апостол) еріп жүреді.

Ғайсаның ғайыптан тірілуімен оның қасиеттілігін, сонымен бірге христиан дінінің қасиет жолымен келуін куәландыратын пайғамбардың жер бетіндегі кереметтері туралы оқиғалар тамамдалады. Ғайса күнә жайлаған жер бетінен көкке көтеріліп, мұнда өзінің ілімін тарату үшін шәкірттерін қалдырады, христиан діні дүниеге осылай келді, дейді «Жаңа Өсиет» кітабы.

Бекітілген догматтары:

Құдайдың бірлігі (монотеизм).

Құдайды дүниені жаратушы деп тану (бұл ілім «креационизм» деп аталады, латын тілінде «жарату» деген мағына береді).

Ғайсаның құдай дағуасын мойындау, оның тұтастығын, яғни Құдай-Әкемен толық теңдігін және жаратылмағандығын, яғни мәңгілігін мойындау.

Құдай Ұлының дүниені жаратуға қатысуын мойындау.

Ғайсаның адам бейнесінде болуы, оның Қасиетті Рухтан жаралып, Бейкүнә Мариямнан тууы.

Ғайсаның құтқару үшін келгендігі, атап айтқанда оның адамдарды құтқару үшін азап тартып, өлуі.

Ғайсаның азап тартуы мен өлуінің шындығы.

Ғайсаның жер үстіндегі ғұмырын нақты тарихи дәуірмен байланыстыру («Понти Пилат» кезінде).

Ғайсаның тіріліп, көкке шығуы.

Ғайсаның екінші оралуы, оның тірілер мен өлілерді таразылауы, шексіз патшалық құруы.

Қасиетті Рухтың Құдайдан екендігі, оның Әкеден таралуы (католиктерде –сонымен бірге Ұлдың өзінен де).

Інжіл пайғамбарларының Қасиетті Рухпен шабыттануы.

Шіркеудің тұтастығы, қасиеттілігі, даралығы және елшілерден басталуы.

Тазарудың (шоқынудың) қажеттілігі.

Өлгендердің тірілуі және мәңгілік жасау.

2. Рим империясының екіге бөлінуі шіркеудің ыдырауына соқтырды. Оған Батыста латын, Шығыста грек тілдерінің үстемдік етуі де зор ықпалын тигізді. 867 ж. Рим папасы Николай І мен Константинополь патриархы Фотий бір-бірінен біржола қол үзді, 2 бағыт пайда болды:

Батыс

Шығыс

Рим-католик шіркеуі («католик» лат. «жалпыға бірдей, әлемдік») немесе католик шіркеуі

Грек-православие (грек. «жалпыға ортақ, әлемдік») шіркеуі

XVI ғ. Батыс Европада жаңа пайда болып келе жатқан буржуазия мен феодализм арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Бұл католик шіркеуіне терең әсер етті. Реформация деп аталатын католицизмге қарсы кең қозғалыс орын алды. Осының салдарынан христиандықтың тағы бір тармағы–протестантизм пайда болды. Ол өз ішінен түрлі салаларға бөлінді.

V. Сабақты қорытындылау.

1. Христиан діні қалай пайда болды?

2. Христиан дінінің ерекшелігі қандай?

3. Христиан діні қай жылы екіге бөлінді?

VI. Үйге тапсырма. § 10 тақырыпты оқу.

Шағын эссе жазып келу: «Дін және мемлекет», «Менің дінге деген көзқарасым»



















Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров114
Номер материала ДВ-396703
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх