Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сабақ тақырыбы: "Көктем,көктем, көктемде" тәрбие сағаты (1 - 2 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Сабақ тақырыбы: "Көктем,көктем, көктемде" тәрбие сағаты (1 - 2 класс)




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақ тақырыбы: Көктем, көктем, көктемде

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға көктем ерекшеліктері туралы және көктем мерекелері жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.

2.Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру,көктем туралы білімдерін одан әрі толықтыру.

3.Ұлттық салт-дәстүрлерді қалыптастыруға,өздерін дұрыс ұстауға,өнерге,табиғатты аялауға,меірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: плакат,көрініс,жұмбақтар,мақал-мәтел,т.б.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз: Туған жер,Отан,өскен ел деген жүрекке жылы тиетін салиқалы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен тікелей байланысты.Қазақстан табиғаты көз тартар көркем, бар сұлулықты өз бойына жинаған.Бүгін біз «Көктем,көктем,көктемде» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

II Негізгі бөлім:

Күн-ана О, қасиетті Жер-ана! Табынамын. Саған басымды иемін!Мен жылуыммен жер бетін қыздырып,кеудеге қуаныш сеуіп,өзімнің гүл көктемімді шақырғалы тұрмын.

- Мұғалім : Ал балалар,мына жұмбақты шешіп көріңдерші:

- Бұлтты айдап желдеткен

Нөсерлетіп селдеткен

Шалшық кешіп ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың ? (Көктем)

-Мұғалім: Ендеше ортаға көктемімізді шақырайық.

-Ару-Көктем:

Сәлем достар аман ба,

Мынау бейбіт заманда

Шат-шадыман көктеммін,

Шаттық болсын әмәнда.

Ән құрадым үніммен,

Сән құрамын гүліммен

Қуантамын бәріңді,

Құт-береке күніммен.

Күн –Ана:

Сәлем елдің көктемі

Әлем енді көктеді

Ару-Көктем мына

Құрметпенен бас идік

Құстарыңа көктегі

- Ару-Көктем мына бүлдіршіндер сенің келу салтанатыңа жиналып отыр,өз өнерлерін көрсеткісі келеді.

Ару-Көктем:

- О, тамаша! Өнерге қандай шек болсын! Ал, қанеки, бастаңдар. Бүгінгі күнді көңілді өткізейік.

Көктем, көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде

Біз қуанып қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

1 оқушы: Нарғыз

Көктем, көктем көктемде

Күн шуағын төккенде

Күлім-күлім қағамыз

Ойнап асыр саламыз.

2 оқушы: Жанель

Көктем, көктем көктемде

Күн күркіреп өткенде

Нұр жаңбырды тосамыз

Оны да әнге қосамыз

3 оқушы: Есет

Көктем келді, құс келді

Күн ұзын, түн қысқа енді

Көктем келді су ақты

Күннің көзі шуақты

4 оқушы: Серік

Көктем келді, гүл өсті

Көбелектер гулесті

Көктем келді, гүл өсті

Әнші құсқа толды енді.

Мұғалім:

- Енді 1 сынып оқушыларының орындауында «Көктем» әні.

Күн – Ана:

- Балалар Ару-Көктемде неше ай бар?

- Олар қай айлар?

- Наурыз айында қандай мерекелер бар?

-Ал сәуір айында ше?

- Мамыр айында?

- Осы мерекелерге арналған қандай ән, тақпақтар білесіңдер?

5 оқушы: Малика

Арылтып жаудан жерімді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні

Тоғызыншы мамыр күні

6 оқушы: Айша

Малдар төлдеп, қой қоздап

Сүттен бұлақ ағызған

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты Наурыздан

Ару – Көктем:

- Балалар ежелден бері көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, бар тірлігі табиғат аясында өткен ата-бабаларымыз табиғаттың сан алуан құпия сырларын біліп, терең-ойлы қорытындылар жасаған.

Күн – Ана:

- Жыл сайын белгілі бір астрономиялық уақытта қайталанып келіп отыратын ауа-райының ерекше өзгерісін «амал» деп атайды. Амалдар негізінде жылдың көктем, күз кезеңдерінде байқалып, бір күннен бірнеше күнге созылуы мүмкін.

7 оқушы: Бағлан

- «Қызыр қамшысы» - сәуірде 17-19 күндері ауа-райы суытып жаңбыр жауады да, келген құстар ұя басады. Халық бұл амалды «Қызыр қамшысы» деп атаған.

8 оқушы: Назерке

«Тасбақа дауылы» -көктемде, сәуір айында тасбақа ұйқысынан оянып, інінен жер бетіне шығады. Осы кезде ауа-райы күрт бұзылып, қатты жел соғады. Халқымыз қысқы ұйқысынан тұрған тасбақа әлсіз болғандықтан мүйізді сауыты үстінде қалған топырақ қалдығын қатты соққан жел ұшырады деп ұққан. Сондықтан бұл амал «Тасбақа дауылы» деп аталады.

9 оқушы: Аягөз

Қанша жүректі нұрлантып келдің

Қанша жүректі ырғалтып келдің

Мына келісің қызық – ақ сенің,

Қанша тырнаны тізіп-ақ келдің,

Қанша көк ектің гүлін шынардың,

Қанша бөбектің тілін шығардың?

Енді 3 сынып қыздарының «Қос қарлығаш» биін тамашалаңыздар.

Ару-Көктем:

- Ақын, жазушы деген халық ән-күй, сауық-сайранға жақын жүреді деп естуші едім.

Күн – Ана:

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы

Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Жан-жануар адамзат анталаса

Ата-анадай елжірер күннің көзі

10 оқушы: Нұрсұлтан

Ой, балалар – балалар

Жылы-жылы жел соқты

Жылғалардан су ақты

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті

Жер қарайды жаз кепті

Желкілдейді көк майса

Желіндейді мал жайса

Ауыл көшті қыстаудан

Әне апамдар мал сауған

11 оқушы: Зекзатгүл

Қар су болып жөнелді

Қалды дала жалаңаш

Бүршік атып бар ағаш

Келіп көктем құстары

Бау- бақшада ән салды

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

Енді 1 сынып оқушыларының орындауында «Наурыз тойы» әнін тамашалаңыздар.

Күн – Ана:

Қандай тамаша ән! Біздерге құстардың қандай пайдасы бар?

Нарғыз:

Мен торғаймын, торғаймын

Суықтан да тоңбаймын

Құрт, құмырсқа шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын

Бекхан-Көкек:

Жаршысымын көктемнің

«Көкек» дейді мені жұрт

Өз айтын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт

Мұғалім:

- Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, өте пайдалы құс. Ол күніне 39 шегіртке, 43 құрт, 50 шытырлақ қоңыз, 4 өрмекші тағы басқа зиянды құттарды жейді.

Пайдалы құстың бірі- Қараторғай. Бір топ қараторғай балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.

Қарлығаш – өте сүйкімді және пайдалы құс. Бір жазда 1 миллион құрт жейді.

- Енді қазір «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі бойынша көрінісін тамашалаңыздар.

Автор: Ертеде қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапандар шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде ұяға бір жауыз жылан өрмелеп бара жатады. Оны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, көкектен көмек сұрайды.

 Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.

  - Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.

  Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. – Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып.- Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.

  Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығашқа дәуіт .- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. -Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетед

  Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі.

  Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.

  Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-572004
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>