- 02.10.2020
- 578
- 3
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Балалардың ыдыс-аяқ туралы,жеміс-жидек туралы,жанұя
мүшелері туралы білімдерін одан ары қалыптастыру
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау,ойлау қабілетін,ауызша сөйлеу
мәнерін қалыптастыру. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе
білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Дастарқан мәзірін жасауды үйрету. Қонақта өзін қалай ұстау
керек екені туралы ережемен таныстыру.
Балаларды қонақжайлылыққа, еңбексүйгіштікке,
инабаттылылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сабақ
Өткізілу әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу,пысықтау,қайталау, ой қозғау,ойын,
тәжірибе жасау
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,ыдыс-аяқтар,тәжірибе үшін қажетті
ұн,май, су т.б. Сюжетті суреттер.
Жеміс-жидектер муляжы, «Дүкен»-ойынына
арналған сөре.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды сабаққа жұмылдыру
2. Жаңа сабақ.
1. Балалар,сендердің үйлеріңе қонақ жиі келе ме? Ал сендер өздерің қонақты қарсы алдыңдар ма? Қонақ үйімізге келген кезде қалай қарсы аламыз?
Дұрыс айтасыңдар,әрине амандасамыз. Ал мен сендерге қазір бізге қонаққа келетін кісілердің суреттерін көрсетемін. Ал сендер олардың кім екенін дұрыс айтуға тырысыңдар. Қанеки, жақсылап қарайық,бүгін бізге қонаққа кім келді? Дұрыс айтасыңдар. Ата,апа,аға,апай,бауыр,сіңлі,қарындас.
Қонақтарға не дейміз? Әрине,сәлеметсіздер ме,төрлетіңіздер-дейміз.
Қонақтарымыз дастарқан басына келіп жайғасты.
2.Қазір мен сендерді қонақта адам өзін қалай ұстауы керек екендігімен,яғни
ережемен таныстырамын.Үйге кірген кезде еденді ластамау үшін,аяқ киімді жақсылап сүрту керек.Бөлмеге есікті қағып,рұқсат сұрап кіру керек. Кірген бетте «Сәлеметсіздер ме»- деп амандасамыз.Бөлмеге ең бірінші жасы үлкен кісілер,одан кейін жасы кішілер кіреді. Жасы кішісі үлкендерге орындық ұсынады. Қонаққа келген кезде қабақ шытпай,жағымды болуға тырысу керек.Жаныңда отырған адаммен сыпайы сөйлескен жөн.Тамақ жеген кезде қолды көп созып,елдің мазасын алмау керек. Дастарқанды тартқылауға,оған қисайып жантайуға, орындықты тербетуге болмайды.Қолды тамақ ішіп болғаннан кейін немесе үзілісте тізеге қояды. Шынтақты дастарқанға қоймайды.Аяқты созбайды. Тамақты жеп болған соң,шанышқыны,пышақты,қасықты дастарқанға тастай салмай,тарелкаға салып қой. Себебі майлы дақ дастарқанды былғайды. Егер тамақ ортаға қойылса,онда одан өзіңнің жеке тарелкаңа салып ал. Тамақ ішкен кезде оны төгіп,шашпа,асықпай жеуге тырыс.Тамақ ішіп отырған кезде кітап,газет оқыма.Тамақ ішіп болған соң,аузыңды майлық қағазбен сүрт,ол қағазды тарелкаға сал.Матадан тігілген майлықты тарелканың жанына қой.Үй иесі майлығын үстелге қойған кезде, басқа қонақтар майлықтарын қойып,орындарынан тұрады.Қонақ қарсы алу үшін азық-түлік,жеміс-жидек,көкөніс т.б. керек. Ендеше дүкенге келейік.
3.Қазір біз «Дүкен»- ойынын ойнаймын.
Мынау дүкен. Мен сатушымын. Сендер сатып алушысыңдар
- Сен не сатып алғын келеді?
- Мен конфет, көкөніс алғым келеді.
- Енді оны қайда саламыз?
4. Дұрыс Ыдыс-аяқтарға. Мына суреттегі ыдыс-аяқтарды атайық (Олардың пішіні, түсі қандай?)
5. «Мынау не үшін қажет?» - жаттығуын орындайық
Тарелкалар-ыстық тамақ салу үшін, бауырсақ, тоқаш, конфет т.б.тамақтарды салу үшін керек.
Ожау-тамақты құю, салу үшін керек.
6.Тарелкаларды дастарқанға қойып, сервировка жасап көрелік
Тарелканы қойған соң, шанышқыны сол жағына, тісін жоғары қаратып, пышақты оң жағына қоямыз. Майлықты шанышқының алдына қоямыз. Оң жаққа сусын ішетін ыдысты қоямыз.
7. Ас ішіліп болған соң, орнын жинап тазалаймыз. Алдымен стақандар, шәй ішетін кеселер, содан соң ас ішетін ыдыстар жуылады. Ыдыс екі суға жуылады. Біреуне ыстық су, екіншісіне салқын су құйылады. Жуылған ыдыстар сүртіліп, орнына қойылады.
8. Сергіту жаттығу.
9. Арттерапия. Ыдыс-аяқтардың суретін бояймыз. Суреттер беріледі
10. Қазір «Аналарымызға көмектесеміз»- ойынын ойнаймыз.
Кепкен жемісті бір бөлек, бұршақты бір бөлек жина.
11. «Әріптерді қос» - ойынын ойнап көрелік. Бүгінгі сабағымыз қонақ күтуге дастарқан мәзіріне байланысты болғандықтан, бұл сөздер де тамаққа қатысты
Мысалы: н-ан, сү-т, қа-нт, ал-ма, е-т, бауыр-сақ
12. «Ас-адамның арқауы»- деген мақалды қалай түсінесің? Дұрыс.
13.Қазыр біз ұн, су, нан содасын, аздап май қосып қамыр илеп, бауырсақ илеп көрейік. Есеміз, содан кейін кесеміз.
Жақсы. Қолымызды жуамыз, орнымызға отырайық.
14.Қорытынды.
Бүгінгі сабақтан нені үйрендік?Балалар жауап берді.
Дұрыс қонақты қарсы алуды, дастарқан даярлауды, ыдыс-аяқтардың түрін білдік, ыдыс-аяқтарды жууды, дүкеннен тамақ сатып алуды және дастарқан басында өзімізді қалай ұстауымыз керек екенін үйрендік. Қай тапсырма сендерге қатты ұнады?
Қонақтан қайтқанда үй иелеріне не дейміз?
Дұрыс. Рахмет. «Сау болыңыздар» - дейміз
7 282 159 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Индира Шамильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВам будут доступны для скачивания все 249 749 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.