Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Презентации / Сабақ тақырыбы "Сарыарқа" (8класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Сабақ тақырыбы "Сарыарқа" (8класс)

библиотека
материалов

Ақтөбе қаласы №36 орта мектебі

















Ашық сабақ

Тақырыбы: Сарыарқа

Пәні: Қазақстан географиясы

Класы 8

Өткізген Шауленова Гулнар Салыковна

Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебі















Ақтөбе-2016ж.

Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Сарыарқа аласа таулы өлкесінің географиялық орны, геологиялық құрылысы, жер бедері, пайдалы қазбалары. Климаты, өзендері, табиғат зоналары туралы білім беру;

Дамытушылық: Оқушылардың картамен жұмыс істеу, шығармашылық дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге,оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

1.карта-атлас;

2.кеспе қағаздары;

3.электрондық оқулық.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдісі:жеке,топтық тарсырма,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

аСынып оқушыларының сабаққа қатысымын тексеру;

бСынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру;

2. Байланыс сұрақтары:

1. Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі. Қанша физикалық-географиялық ауданға бөлінеді

2. Қазақстанның қандай жазықтарын білесіңдер

3.Қазақстанның қандай тауларын білесің

4.Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан аудандастырған кім

5.Жазық дегеніміз неКөз алдарыңа не елестейді



3.Жаңа сабақ.

Оқушылар біз Қазақстанды 9 ауданға аудандастырылғанын білеміз.Оның 3-уі жазық: Шығыс Еуропа,Тұран,Солтүстік Қазақ жазығы, сонымен қатар аласа және биік таулар бар екенін білеміз. Қазақстанның аласа тауларының бірі –Қазақтың ұсақ шоқысы-Сарыарқа өлкесімен бүгін танысамыз.

І-кезең:" Мағынаны тану" кезеңі.Мақсаты: Оқушыларға Сарыарқа өңірі туралы мәліметтерді беру арқылы білімдерін кеңейту.

Сарыарқа ежелден даңқы шыққан өлке. Бұл өлке Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жтыр.Ол батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр-Тарбағатаймен, солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстік-батыста Тұран ойпатымен шектеседі.

Интерактивті тақта арқылы оқушыларға Сарыарқа табиғатының керемет жерлері көрсетіліп, білімдері толықтырылады. Әйгілі Көкшетау, Оқжетпестің табиғаты туралы түсінік алады.

ІІ-кезең: Кім жылдам кезеңі.Мақсаты: Оқушыларға жылдамдылық таныту арқылы Сарыарқа туралы алған түсініктерін одан әрі дамыту.

Оқушыларға алдын-ала дайындалған Сарыарқа туралы мәтіндер беріледі,соны оқып 2 мин ішінде дайындалып, әр оқушыға сол мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

1-топ: Көкшетау.

Сұрақ-мәтін:Сарыарқаның географиялық орны,жер бедері,геологиялық құрылысы.

Сарыарқа Орталық Қазақстанның аласа таулы өлкесі.Батыста Торғай үстіртімен,щығыста Сауыр-Тарбағатаймен,солтүстікте Солтүстік Қазақ жазығымен,оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектесіп жатыр.Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 1200км,шығыс бөлігінде 400км,батыс бөлігінде 900км.шамасында.Сарыарқа өлкесі негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан,ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады. Ең биік тауы-Қызыларай.Оның биік нүктесі-Ақсораң-1565м.Солтүстікке қарай Қарқаралы 1403м ,Кент 1460м таулары, одан әріректе Баянауыл 950м ,шығысында Шыңғыстау 1300м таулары жатыр.Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады. Ірі ойыс-Теңіз-Қорғалжың қазаншұңқыры. Ол Сарыарқадан батыс бөлігін екіге бөліп жатады. Солтүстік-батысында-Ұлытау тау жүйелері орналасқан.

2-топ: Ұлытау.

Мәтін: Сарыарқаның пайдалы қазбалары.

Сарыарқа- пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған,Қарсақбай,Атасу,Саяқ,Қоңырат кен орындары мас,темір,марганец кендеріне бай.Жәйремде сирек металл өндіріледі.Осыларды қорытып, байыту мақсатында Қарағанды,Жезқазған,Балқаш және Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.

3-топ: Баянауыл.

Мәтін: Сарыарқаның климаты,өзен-көлдері.

Климаты құрғақ крнтинентті. Қысы суық,Қаңтардың орташа температурасы -14°-18°с.Суық күндері -40°с.Жазы құрғақ,ыстық,шілденің орташа температурасы+35°с көтеріледі.Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300мм. Ұсақ шоқылы тауларда ылғал молырақ түседі 370мм.Басты өзендері-Есіл,Нұра,Сарысу,Сілеті,Шідерті,Тоқырауын және т.б. Қар суымен қоректенеді. Есіоде ғана тұрақты су ағыны бар. Орталық Қазақстанды тұщы скмен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы салынған.Көл көп.Суы ащы. Тұщы көлдер- Көкшетау аймағында Бурабай, Шортанды, Қорғалжың. Қорғалжыңда қорық бар.

4-топ: Шыңғыстау.

Мәтін: Сарыарқаның табиғат зоналары, өсімдігі мен жануарлары.

Сарыарқа жері дала, шөлейт,шөл зоналарына кіреді. Көкшетау,Атбасар, Есіл өзендерінің бойында қара топыраққа тән өсімдіктер жамылғылары бар. Дала зонасының оңтүстігіне Теңіз бен Cарысу жазықтары, Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыстау бойлары шөлейт зонаға кіреді. Зонаның климаты қуаң,қошқыл қара қоңыр топырақ жамылғысында жусанды, бетегелі, көделі, боз өсімдіктері бар. Шөлейт зона мал жайылымына қолайлы. Шөл зонасы Ұлытаудың оңтүстігі мен Жезқазған маңын, Солтүстік Балқашты қамтиды. Қоңыр топырақта шөл өсімдіктері- тобылғы, қараған,боз, бетеге өседі.Жануарлар дүниесі де шөлейт,шөл зоналарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан. 1968жылы Қорғалжың қорығы ұйымдастырылған.


Сұрақ қою:

1-топқа:

Сарыарқа батыстан шығысқа қарай қанша км-ге созылып жатыр

1200км

2.Шығыс бөлігінің ені қанша400км

3.Батыс бөлігінің ені қанша900км

4.Сарыарқа өлкесінің жер бедері қандаймүжілген, тегістелген,қыраттардан,ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады

5.Сарыарқаның шектесетін жерлеріБатыста Торғай үстіртімен,шығыста Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен,солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектеседі.

6.Қандай таулары барҚызыларай,Қарқаралы,Кент,Баянауыл,Шыңғыстау

7.Қандай ірі ойыс барТеңіз-Қорғалжың қазаншұңқыры


ІІ-топқа сұрақтар:

Көмір өндірудің ірі ошақтарыҚарағанды,Екібастұз

Сирек металл өндіретін аймақЖәйрем

Қарағанды көмірінің сапасыжоғары

Ірі металлургиялық комбинаттар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш,Теміртау

Мыс,темір,марганец кен орындары. Атасу,Саяқ,Қоңырат,Жезқазған.

Қарағанды,Жезқазған,Балқашта қандай металлургия барІрі кен байыту комбинаты

Жәйремде не өндіріледісирек металл


ІІІ-топқа:

Не себептен климаты құрғақгеографиялық орнына байланысты

Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300мм

Тұрақты су ағыны бар өзен Есіл

Қаңтардың орташа температурасы -14°-18°с

Қанадй канал салынғанЕртіс-Қарағанды

Басты өзендеріЕсіл,Нұра,Сарысу,Сілеті,Шідерті

Тұщы көлдерБурабай,Шортанды,Қорғалжың



ІV-топқа:

1.Дала, шөлейт зонасына кіретін аймақТеңіз бен Сарысу жазықтары,Ұлытау,Шыңғыстау,Қарқаралы таулары

2.Қорғалжың қорығы қашан құрылған.1968ж

3.Сарыарқаның табиғат зоналары дала,шөл,шөлейт

4.Шөл өсімдіктерін ататобылғы,қараған,боз,бетеге,ақселеу,қара жусан,көкпек,т.б

5.Шөл зонасына кіретін аймақҰлытаудың оңтүстігі, Жезқазған маңы,Солтүстік Балқаш

6.Аймақта кездесетін жануарларбұғы,елік,ақбөкен,түлкі,қасқыр

7.Қорғалжың қорығының көркіҚоқиқаз.


ІІІ Кезең. Сандар сөйлейді бөлімінде таулардың биіктігі және қорықтардың құрылған жылдары айтылады. Оқушы қай тау екенін айтады. Слайд арқылы сандар көрсетіліп,оқушылардан сұралады. Жауабы оқушыдан сұралып болғаннан кейін экраннан дұрыс жауабы шығады.

1565м Ақсораң 5. 1300м Шыңғыстау

1403м Қарқаралы 6. 900м Көкшетау

1460м Кент 7. 1134 м Ұлытау

950м Баянауыл 8.1968ж Қорғалжың қорығы


ІV кезең:" Сіз білесіз бе" Сынып оқушылары қосымша әдебиеттерді, энциклопедияларды пайдалана отырып, Сарыарқаның табиғаты, керемет жерлері туралы аңыз-әңгімелер жайындағы деректерді келтіреді.

Шайтанкөл- Қарағанды облысының Қарқаралы тауларының басында,ну орман ішінде теңіз деңгейінен 1200м. Биіктікте орналасқан. Ұзындығы-75м,ені -50м. Суы мөлдір,түбі тастақ,суында сағымдардың көрінуіне байланысты Шайтанкөл атанған.

Ұлытау-Сарыарқаныңң оңтүстік батысында ұсақ шоқылы,орташа таулы массив. Орташа биіктігі-400-600м. Ең биік жері-1134м. Көшпенділер тарихында Ұлытау өте маңызды орын алады. Осы Ұлытауда 3 жүздің басы қосылып, ортақ келісім жүргізілген. Мұнда 3 жүздің ен-таңбасы қашалған Таңбалы тас бар.


Сарыарқа географиялық атауымен қазақ халқы батыстағы Ұлытаудан,шығыстағы Тарбағатайға,оңтүстікке Балқашқа дейінгі аралықты атаған. Оны кейде Арқа деп те атайды. Егер Қазақстанның картасына көз жіберсек, географиядан хабары жоқ,көшіп-қонып жүрген қарапайым халықтың, еуропалық бірнеше мемлекет сыйып кетерліктей алқаптың жер бедерінің жалпы ерекшелігін қалайша дөп басып, бір-ақ сөзге сыйғызып бергеніне таң қаласың. Қазақ арқа деген сөзді жылқының жон арқасына балап айтқан ғой. Шынында да картаға басында Ұлытаудан бастап,Қызыларай,Шыңғыстау арқылы,шығыста Тарбағатай,Сауырға дейінгі сызық жүргізсек,оның суайрық жонға сәйкес келетінін көреміз. Осы сызықтан солтүстікке қарай жатқан алқаптың өзендері Солтүстік Мұзды мұхит алабына қарай ақса, оңтүстікке қарай жатқан өзендер Еуразия ішкі тұйық алабына қарай ағады. Сонымен қатар, арқаның жерінің жан-жағы көтеріңкі қырат, сонымен бірге аласа болғанымен таулы келеді. Ол солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде Тұран ойпаты, Балқаш-Алакөл ойпаңы мен батысындағы Торғай даласымен шоқтығы көтеріңкі биік орналасқан. Олай болса, бұл алқаптың Арқа аталуы өте орынды.



5-кезең: Қорытындылау кезеңі. 4топ оқушыларын бағалап, есептеп,балдары шығарылады. Жеңіске жеткен топ марапатталады.

Үйге тапсырма: Қазақстанның аласа таулы өлкелерін кескін картаға түсіру.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел География
Подраздел Презентации
Просмотров704
Номер материала ДВ-332092
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх