Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Рабочие программы / Сабақ тақырыбы "Ш дыбысын машықтандыру".

Сабақ тақырыбы "Ш дыбысын машықтандыру".


  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

Фонетикалық фонематикалық жетіспеушілігі бар балаларға арналған логопедиялық топтық оқу іс әрекет.



Күні: 25.02.2016

Тақырыбы: Таза планета-мықты денсаулық.

Мақсаты: балаларға денсаулығымызды сақтау мақсатында планетамыздың қоқыстан таза болса, денсаулығымыздың мықты болатынын ұғындыру. [Ж] және [Ш] дыбыстарын ажыратуға, дыбыс орнын анықтауға үйрету. Артикуляциялық аппараттарының қимыл қозғалысын, фонематикалық есту және қабылдау қабілеттерін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Терең тыныс алуын қалыптастыру. Сөздік қорын молайту. Ұсақ моторикасын дамыту. Монтессори элементтерін пайдалану.

Көрнекілігі: Артикуляциялық жаттығулардың үлгілері, [Ж] және [Ш] дыбыстарының әріптік таңбасы, мазмұнды заттық суреттер,эбру әдісі, кинетикалық құм, жоба қорғау.

Сәлеметсіңдерме балалар?!




Көңіл күйлерің қалай?

Балалар, оқу іс әрекетімізді бастамас бұрын бір бірімізге Сәттілік тілейік.

Сәлем,сәлем, сәлем!

Дейді мынау әлем.

Жақсы көңіл күймен,

Сәттілік саған тілеймін мен!

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар, 2 топқа бөлінеміз.

Мен және планета және таза планета тобы.


hello_html_m7070e97b.jpg

hello_html_m798a43a0.jpg

Балалар, бүгін оқу іс әрекетіміз қызықты болмақ. Сабаққа жақсы қатысып отырсаңдар жұлдызша таратып отырамын. Сабақ соңында қай топта жұлдыз көп болса, сол топ жеңімпаз болады. Балалар, бүгін оқу іс әрекетімзге томпақ келіпті. Ол басқа ғаламшарлық. Кәнекей оны тыңдап көрелік. Менің атым томпақ. Мен ғарыштан келдім. Балалар, ғарыштан қарағанда сендердің планеталарың мүлдем ағарып кеткен, оның себебін білесіңдерме?







Дұрыс айтасыңдар балалар.

Мен жайдан жай келгенім жоқ. Сендердің білімдеріңді тексерейін деп, плантетамыздың тазаруын қалайсыңдарма, ол үшін не істеуіміз керек, тазалықты кімнен бастау керек соның барлығын білгім келеді.

Балалар, менің сендерге тапсырмаларым бар, орындаймызба?

1 тапсырма.

Эбру әдісін пайдалана отырып, планета бейнесін салу.

Артикуляциялық жаттығу.

[Ш] және [Ж] дыбыстарына бағытталған жаттығулар.

«тәтті тосап», «ожау» жаттығуларын жасатамын.

hello_html_414776e2.jpg

«Тәтті тосап»-жалпақ тілді шығарып жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/

hello_html_7dc65038.jpg

«Ожау» -ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғарғы тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.


2 тапсырма.

Тыныс алу жаттығуы.

Ұртымызға ауа толтырмай түтікше арқылы қар үлпілдектерін үрлету.

Орк әйнекшені пайдаланып, бетіне үлпілдектерді үрлету.



Сәлеметсізбе ?!

Good morning ?!

Здравствуйте ?!


Жақсы!




Сәлем,сәлем, сәлем!

Дейді мынау әлем.

Жақсы көңіл күймен,

Сәттілік саған тілеймін мен!













Иа, қыста дала аппақ қарға оралады, біз достарымызбен шанада сырғанап, шаңғы тебеміз. Сосын қыста жаңа жыл болады. Шырша жағамыз, қардан аққала жасаймыз.










Иа.

Адамдардың қоқыс тастағандарынан.

Зауыт, фабрикалардың түтіндерінен.

Химиялық заттарды сынағаннан.









Иа.















Ізденуші ұйымдастырушы кезең

Балалар, бүгінгі оқу іс әрекетіміздің басты тақырыбы

[Ш] және [Ж] дыбыстарын ажыратып үйренеміз. [Ш] және [Ж] дыбыстарын айтқанда ерніміз дөңгеленеді, тіліміз жоғары қарай кесе тәрізді көтеріліп, бірақ таңдайға тірелмейді, ал бүйір жақтары азу тістерге тіреледі, [Ж] дыбысын айтқанда, дауыс шымылдығы дірілдейді, [Ш] дыбысын айтқанда дайыс шымылдығы дірілдемейді.

Қане, бәріміз айтып көреміз:

ЖЖЖ......

ШШШ.....

3 тапсырма.

«Дыбыс орнын анықта». Мына сөздердегі [Ш] және [Ж] дыбыстарының орнын анықта. Сөз басында, ортасында, соңында.

Көк текше беремін. Бала дыбыс орнын анықтап, үстіне қою керек.


4 тапсырма.

Ұсақ моторикаға жаттығу.

«Дыбыстарды таңбалап жаз».

Балалар, кинетикалық құмды пайдалана отырып біз [Ж] және [Ш] дыбысының бейнесін салайық.





Сергіту сәті:

Мұрты ұзын құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Допты алдым қолыма,

Допты қойдым жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

«Өз үйшігін тап» ойыны.

Төбесінде [Ж] және [Ш] дыбыстары бейнеленген үйшіктерге осы дыбыстарға қатысты суреттерді ажыратып орналастыр.

Жапырақ, шырша,шелек,шеге, жұлдыз, әтеш, әже, шәй.

Жарайсыңдар балалар!
















Шар Ұшақ Әтеш

Шана Қайшы Қылыш

Жұмыртқа Әже Гараж

Жастық Ожау Тәж























Екі үй тұрады. Біреуінде [Ж] дыбысы бейнеленген, екіншісінде [Ш] дыбысы бей

Рефлекцифті коррекциялаушы кезең

Сонымен балалар, бүгін оқу іс-әрекетімізде қызықты өттіма?

Балалар, біздің үйден дайындап келетін жобамыз бар еді, Планета тазалығы үшін не істеуіміз керек деген.

Кәне қай топ айтады?

Планетамыздың тазалығы үшін не істеуіміз керек?





















Балалар,Томпақтың алып келген тапсырмалары ұнадыма. Сендердің білімді екендеріңе оның да көңілі толған шығар. Сұрап көрейік.

Томпақ:

Балалар, жарайсыңдар! Жарадыңдар! Елдеріңе, жерлеріңе жанашыр азамат болуларыңды тілеймін.

Жарайсыңдар, балалар!

Оқу іс әрекетке жақсы қатыстыңдар.

Жұлдызды ең көп жинаған топты жеңімпаз деп жариялаймын.


[Ж] және [Ш] дыбыстарын ажыратып үйрендік.





1 бала.

Планета таза болу үшін, ең бастысы тазалықты өзімізден бастауымыз керек. Таза жүруіміз керек.

2 бала.

Қай жерде жүрсекте қосқыстарды арнаулы жерге ғана тастауымыз керек.

3 бала.

Планетамыздың ауасы жақсы болу үшін түтін шығаратын зауыттарға түтінді тартып алатын қондырғылар орнату керек.

4 бала.

Озон қабаты ракета ұштан сайын көп тесіледі, қайта орына келтіретін қондырғы ойлап табу керек.


Күтілетін нәтиже:


Білуі керек: Планетамыздың тазалығы- мықты денсаулық кепілі.

Не игеру керек. [Ж] және [Ш] дыбыстарын ажыратуды.

Не меңгеру керек: Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындай алуды меңгеруі керек.









Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров87
Номер материала ДБ-355958
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх