Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақ тақырыбы: "Сыен есім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ тақырыбы: "Сыен есім"

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ сын есім.docx

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету,бекіту.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын , шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, сызбалар.

Әдісі: СТО стратегиялары, топпен жұмыс, шығармашылық тапсырма, алтын балық стратегиясы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу. Назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық (2 мин)

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн, біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз –білім алу,

Міндетіміз –еңбектену

Еңбектену арқылы

5-ке қолды жеткізу.

-Жарайсыңдар, балалар! Осы алға қойған мақсатымызға еңбектену арқылы жетуге тырысайық. Біз сабағымызды бастамас тобымыздың атын қойып алайық және топ басшысын тағайындап алайық.

Қызығушылықты ояту. (2 мин)

1-топ: түбірі «тапты» деген сөзде, жұрнағы «қасқыр» деген сөзде, жалғауы «балалар» деген сөзде кездеседі, демек : ТАПҚЫРЛАР

2-топ: түбірі «ойын» деген сөзде, жұрнағы «сыншыл» деген сөзде, жалғауы «қаздар» деген сөзде кездеседі демек : ОЙШЫЛДАР

3-топ: түбірі «өнерлі» деген сөзде, жұрнағы «аспаз» деген сөзде, жалғауы «қыздар» деген сөзде кедеседі демек: ӨНЕРПАЗДАР

4-топ: түбірі білгір деген сөзде, жұрнағы киім деген сөзде, жалғауы аспаздар деген сөзде, демек: БІЛІМПАЗДАР

-Енді балалар бүгінгі сабақта төрт топ жаттығу жұмыстарын жарыса отырып орындаймыз. Топ басшысы кімдер? (топ басшыларына бағалау парақшаларын тарату)

ІІ.Өткен сабақты қайталау. (5 мин)

Алтын балық стратегиясы.

-Ал, балалар, өткен сабақтарда біз қандай тақырыптарды өттік? «оқушылардың жауабын тыңдау)

-Жақсы, балалар! Енді қазір өздерің бір стикер алып өткен сабақтар бойынша бір сұрақтан жазып, оны мына аквариумның ішіне саламыз. Кімнің үстелінің алдында алтын балық жатыр сол бала аквариумның ішінен сұрақ таңдап жауап береді, жауап толық берілмеген жағдайда топ мүшелері толықтыра алады.

-Жарайсыңдар, балалар! Өткен тақырыптарды жақсы меңгергендеріңді әр топ көрсете алдыңдар.

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, енді біз бүгін тағы бір сөз табымен танысамыз. Ол үшін сендер мына сөзжұмбақты шешулеріңіз керек.

1-тапсырма. (2 мин)

1. Көп сөз.... (күміс)

2. Аз сөз.... (алтын)

3..... өрге жүрер(өнерлі)

4..... киім тозбайды(кең)

5..... ағаш жерге иіліп тәжім етеді(жемісті)

6..... жігіт елге иіліп тәжім етеді(жетелі)

7..... жолдас жолда қалдырар(жаман)

-Ал, бүгін біз сабақта сын есімді қайталаймыз.

-Қане, сын есім дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ (4 мин)

-Зат есімнің алдында келіп, оның түсін, иісін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылады. Құрамына қарай: дара және күрделі болып бөлінеді.

Қазақ тілі - өте бай тіл. Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер құрамына, қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді, яғни сөз табына бөлінеді.

Зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, етістік сол заттың қимылын, іс - әрекетін білдіреді, ал сын есім сол заттың түрін, түсін, сапасын білдіреді.

Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз.: қалың-жұқа.

Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: негізгі және туынды. Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде тұрады. (көк, сыпайы, таза, жеңіл). Туынды сын есім яғни басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғану арқылы жасалады: ойшыл, алғыр, жолбарыстай, т.б.)

Сын есім

2-тапсырма. Әр топқа сурет беріледі. Топ оқушылары осы суреттегі заттың атауын тауып, қағазға сипаттайды. Оқиды, талдайды, дәлелдейді. (4 мин)

Дәптермен жұмыс. (2 мин)

Дәптерімізді ашайық ,

Қолға қалам алайық .

Салақтықтан қашайық ,

Көркем етіп жазайық.

Қауырсын (құс қанаты мен құйрығының ұзын талшықтары)

3-тапсырма “Менің бағытым” ойыны (2 мин)

1. тәтті қазба

2. пайдалы адам

3. тегіс қант

4. суық қоян

5. сұр су

6. ақылды жер

4-тапсырма. Мәтінді алдымен толық, содан соң сын есімдерсіз оқы. (3 мин)

Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар –геологтер. Олар тау-тасты кезіп, пайдалы қазбаларды іздейді.

Мәтін мазмұнында қандай өзгерістер болды? сын есімдер не үшін қажет екен?

Сергіту сәті (бейнебаянды қосып, қимылдарды қайталау) ( 2мин)

5-тапсырма. (әр топқа тапсырмалар) (6мин)



«Кім тапқыр?» ойыны

Сөздерді негізгі немесе туынды сын есім қатарына орналастыру.

Таза, үлкен, қызыл, өнерлі, сезгіш, арзан, жуас, тәртіпті, айнадай, жүзгіш, білгіш, бақытты, таудай, жасыл, ақылды, инабатты, сәулетті, әсем, жүйрік, доғал, суық, күндей.

(талдау)

Қарсы мағыналы сын есімдерді жазу, талдау.

Кең –тар

Ескі –жаңа

Ақылды –ақылсыз, ақымақ

Тәртіпті –тәртіпсіз

Ұшқалақ -орнықты

Қараңғы –жарық

Сұйық –қою

Қалың –жұқа

Жіңішке-жуан

Биік –төмен

Жақын –алыс

Арзан –қымбат

«Кім көп біледі?». Берілген сөздердің ішінен дара сын есімді бір бөлек, күрделі сын есімдерді бір бөлек жазу. Түсіндіру, ауызша сөйлем құрап дәлелдей білу)

(ақ шашты, ұзын бойлы, көк, әдемі, сары, қою, сары ала, торы, қоңыр, инабатты, алтын баулы, жасыл күрең, жаман, жұқа)

Терме диктант. (2 мин)

Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық, қызғылт, ақшыл, жүрді, айтып отыр, кәрі, қойшы, инабатты, қолшатыр)

(Осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазып, талдау).

Шығармашылық тапсырма. (5 мин)

1-топ. Зат есім мен сын есімнің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау

2-топ.Етістік пен сын есімнің айырмашалығын анықтау

3-топ. Зат есімнің жіктелуі мен етістіктің жіктелуінің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау

4-топ. Зат есімнің септелуі мен етістіктің шақтарының айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау.

Қорытынды. «Бес саусақ» әдісі бойынша бүгінгі тақырыпты қорытындылау.

Бағалау. Топ басшыларының топ мүшелерін бағалап шығуы.

Үй тапсырмасы: Дара және күрделі сын есімге бес-бестен 10 мысал жазып, сөйлемдер құрап келу.



Автор
Дата добавления 26.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров59
Номер материала ДБ-099722
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх