Инфоурок ИЗО, МХК КонспектыСабақ тақырыбы:Геометриялық денелердің проекциялары.

Сабақ тақырыбы:Геометриялық денелердің проекциялары.

Скачать материал

Сабақ тақырыбы:Геометриялық  денелердің проекциялары.

Сабақтың мақсаты:  Геометриялық  денелердің проекцияларын сызу құралдары арқылы салып үйрену

а) Білімділік: Оқушылардың таным қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды детальдарды кескіндеп, бейнелеуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Детальдардың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,  қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сызбаларды сауатты сызып, топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Компютер, сергіту сәті «Көңілді күн»,А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.

Сабақ әбісі:                    Сөздік ,көркемдік,практикалық.

Сабақ типі:                     Аралас сабақ.

Сабақтың өту барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі  2мин

2.     Үй тапсырмасын тексеру  кезеңі5 мин

3.     Білімді жан жақты тексеру кезеңі 3 мин

4.     Жаңа білімді меңгеру кезеңі 25 мин

5.     Жаңа білімді бекіту кезеңі 5 мин.

6.     Үй тапсырмасын беру. 3 мин

 Сабақтың барысы:       

      1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)Оқушыларды түгендеу, сергіту сәті «Көңілді күн»жасау арқылы сабақа бейімдеу.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

а) Графикалық жұмыс №8

3.Білімді жан жақты тексеру

А)Қандай геометриялық денелерді білесіндерме?

Б) Цилиндр,Конус,Шар ережесін айтындар?

4. Жаңа білімді меңгеру кезеңі

Цилиндр. Цилиндр туралы жоғары да айтылған. Математика курсында цилиндрді тік төртбұрыш өзінің бір қабырғасынан айналғанда шығатын айналу денесі деп түсіндіреді. Тік төртбұрыштың қозғалмайтын қабырғасын цилиндрдің осі деп атайды, ал оған қарама-қарсы қабырғасы – жасаушысы. Жасаушысы цилиндрдің бүйір бетін және қалған екі қабырғасы цилиндрдің табандары болатын бірдей екі дөңгелекті сызып шығады. 72-суретте горизонталь проекциялар жазықтығында  тұрған цилиндрдің сызбасы және тікбұрышты изометриясы сызылған. Цилиндрдің фронталь және профиль проекциялары – тең тік төртбұрыштар, ал горизонталь проекциясы шеңбер болатынын көреміз. Айналу цилиндрінің осі табан жазықтықтарына перпендикуляр. Цилиндрдің бетінде жататын оның осіне параллель кесінді жүргізуге болады. 72-суретте осындай кесінділердің бірі АВ көрсетілген. Осындай кесіндіні, мысалы, АВ кесіндісін, цилиндрдің жасаушысы деп атайды. Оның себебі АВ кесіндісін осьтен айналдырса, онда ол кесінді цилиндрдің бүйір бетін жасайды. Цилиндр ді картоннан жасап алуға болады. Ол үшін оның жаймасын салу керек. 72, б-суретте цилиндр бетінің жаймасы келтірілген. Жайма тіктөртбұрыштан және екі дөңгелектен тұрады. Дөңгелектер – цилиндрдің табандары, ал тіктөртбұрыш – оның бүйір бетінің жаймасы. Тіктөртбұрыштың биіктігі цилиндрдің биіктігіне тең, ал ұзындығы оның табанындағы дөңгелек
шеңберінің ұзындығына тең. Шеңбердің ұзындығы с болсын, ал диаметрі d болсын. Олардың қатынасын гректің
p ("пи" деп оқылады) әрпімен белгілейді. Сонда Осыдан с = , ал p 3,14. Жоғарыда қарастырылған цилиндрді тік цилиндр дейді. Жасаушылары табан жазықтықтарына көлбеу болатын цилиндрді көлбеу цилиндр деп атайды. Көлбеу цилиндрдің табандарындағы дөңгелектердің центрлерін қосатын түзу (цилиндрдің осі) оның табан жазыкқтықтарына перпендикуляр болмайтындығын байқау қиын емес. Көлбеу цилиндрдің сызбасы 73-суретте көрсетілген.

 Конус. Тікбұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуінен айналдырғанда шығатын айналу денесін конус дейді. Тікбұрышты үшбұрыштың қозғалмайтын катеті конустың осі, гипотенуза – жасаушысы деп аталады, ал екінші катет конустың табаны болатын дөңгелекті жасайды. 74, а-суретте айналу конусының сызбасы, ал 74, ә-суретте аксонометриясы кескінделген. S нүктесі конустың төбесі деп аталады. Сонда конустың фронталь және профиль проекциялары теңбүйірлі үшбұрыштар, ал горизонталь проекциясы табанына тең дөңгелек болады. Конустың төбесіp2 жазықтығына өзінің горизонталь проекциясы болатын дөңгелектің центріне проекцияланады. Конустың аксонометриясын салу үшін аксонометриялық осьтер жүргізіп, табанының центрі – О' нүктесі координаталары бойынша салынады. Одан кейін конустың табанындағы шеңбердің кескіні болатын сопақша сызылады. Конус төбесінің аксонометриясы – S' нүктесі координаталары бойынша салынады. S' нүктесінен сопақшаға жанамалар жүргізіледі (74, ә-сурет). Конусты картоннан жасау үшін, оның бетінің жаймасын салуды қарастырайық (74, б-сурет). Қалауымызша S0 нүктесін алып, центрі осы S0 нүктесі болатын, радиусы конус жасаушысының ұзындығына тең шеңбер доғасын жүргіземіз. Доғаның бір ұшын А0 деп белгілейік. Доғаның бойына А0 нүктесінен бастап шеңбердің (конустың табанындағы) ұзындығын салу керек. Бұл арада жуықтап салу әдісін пайдаланған тиімді. Шеңберді тең 12 бөлікке (одан да көп тең бөліктерге) бөледі. А2В2 – шеңбердің 1/12 бөлігі болсын. А2В2 кесіндісін өлшеуішпен (шеңберсызармен) өлшеп алып, доғаның бойына А0 нүктесінен бастап 12 рет саламыз. Ең соңғы нүктені және А0 нүктесін S0 нүктесімен кесінді арқылы қосамыз. Сонда конустың бүйір бетінің жаймасы шығады. Оның толық бетінің жаймасын алу үшін бүйір бетінің жаймасына тақап конустың табанын салса болады. Егер төбесі мен табанының центрін қосатын түзу оның табанына перпендикуляр болмаса, конусты көлбеу конус дейді. Көлбеу конустың мысалы 75-суретте келтірілген.

Шар. Дөңгелекті диаметрлерінің біреуінен айналдырғанда пайда болатын денені шар деп атайды. Шардың бетін сфера дейді, оның проекциялары өзара тең шеңберлер болады (76-сурет).

5. Жаңа білімді бекіту кезеңі

Жаттығу

1. Табан қырының ұзындығы 30 мм, биіктігі 50 мм төртбұрышты дұрыс пирамиданың сызбасын үш проекцияда салып көрсет. Оның қиғашбұрышты фронталь диметриясын тұрғыз.

2. Табанына сырттай сызылған шеңбердің диаметрі 60 мм, биіктігі 40 мм дұрыс бесбұрышты призманың фронталь, горизонталь және профиль проекцияларын салып, тікбұрышты изометриясын тұрғыз.

 

6.Үйге тапсырма беру: Табаны фронталь проекциялар жазықтығында жатқан диаметрі 50 мм, биіктігі 40 мм цилиндрдің (конустың) үш проекциясын және фронталь қиғашбұрышты диметриясын сал.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ тақырыбы:Геометриялық денелердің проекциялары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 487 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 820
    • DOCX 16.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжегалиева Кундыз Жалгасбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6807
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Изобразительное искусство")

Учитель изобразительного искусства

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Современные методы арт-терапии: базовые техники

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 437 человек

Курс профессиональной переподготовки

Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель мировой художественной культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 538 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов