Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Сабақ теориялық "Ойын теориясы"

Сабақ теориялық "Ойын теориясы"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/ Дата/ Date:

Топ/ Группа/ Group:

Пән/ Предмет/ Subject: Мектепке дейінгі педагогика

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Ойын теориясы

Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: дәріс

Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: аралас сабақ

Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :

білімдік / образовательная/ educational: Оқушы-студенттердің мектепке дейінгі жастағы

балалардың негізгі іс-әрекеті-ойынның түрлері жайында түсініктерін бекіту, олардың

жұмыс барысындағы ерекшеліктерге тоқталу,машықтанумен байланыста көрсете отырып,

таныстыру маңызын ашып көрсету.

дамытушылық/ развивающая/ developing: Өткен тақырып туралы білімдерін жүйелеп,шағын мәлімдеме жасау,құжаттармен жұмыс жасау дағдыларын,танымдық іс-әрекеттерін, белсенділіктерін дамыту,ойлауды белсенді ететін теңеу қабілеттерін дамыту.өз пікірлерін қорғай білу,таңдай білу қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: елжандылыққа,кәсіби сапалы қызмет жасауға,адамдармен тіл табыса білу қабілеттілікке,азаматтық жоғары ұстанымда болуға баулу,өз мамандықтарын сүйе білуге , балалармен жұмыс барысында мейірімділікпен қарап,ілтипатты болу,жақсы көзқарастармен, ынта-ықыласқа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: интерактивті тақта, бейнетаспа,нормативті-құжаттар,слайдтық презентация,қима қағаздар,тест сұрақтары.


Сабақтың жоспары/ План занятия/ Plan:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Мақсатқа жету

  3. тақырыпты хабарлау.

  4. Ойын: «Педагогикалық негізгі түсініктер»

  5. Негізгі бөлім: бағыттаушы ой-түйін

  6. Шағын топтарға бөліну,Ойын «Броундық қозғалыс»

  7. Топ тапсырмасы

  8. Ойын-біз актерміз (машықтанумен байланыс)

  9. Материалды бекіту.

  10. Үй тапсырмасы

  11. Қорытынды жасау.

Әдебиет/ Литература/ Literature:

  1. Отбасы және балабақша \\ Мектепке дейінгі педагогика .В.И.Логинова, П.Г.Саморукова. М., П., 1988 г. Бабанский Ю. Педагогика, 1983

  2. Мектепке дейінгі педагогика Ядешко В.И. и Ф.А.Сохина М., П.. 1986 ж

  3. Байтұрсын ұлы А Шығармалары. Алматы 1989

  4. Аймауытұлы Ж Тәрбиешіге жетекші( үзінділер).Дайындаған С.Қалиев « Қазақстан мектебі » // 1991 №6







Сабақ мазмұны.

1.Ұйымдастыру бөлімі. Үш тілде амандасу. Сәламатсыздар ма?Здравствуйте,Good morning. Бірыңғай талап бойынша студенттерді тексеру, сыртқы пішініне назар аудару, кімнің жоғын ескеру.(3)

Психогимнастиканы жүргізу.

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Сәлем, сәлем, сәлем!

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық, күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы


2.Бүгін практикалық сабақ.

тақырыпты хабарлау. Ойын-мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті

«Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді».

Нәзипа Құлжанова


Сабақтың мақсаты:өткен тақырып Ойын-мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті атты тақырып болатын осы бойынша білімдерімізді жүйелеп еске түсіреміз.Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына қойылатын талаптар туралы түсінігімізді молаятамыз.сабақ бойы сендер өздеріңді бағалау парақтарымен жұмыс жасайсыңдар.Әрбір жасаған жұмыстарыңа өздерің талдау бересіңдер.Бағалау бес балдық жүйеде болады.Бағалау парағының соңында 35 бал жинаған студент-5, 34-4, 33-32-3,30-2-деп бағаланады.

Түрткілеу: неліктен біз осы тақырыпты оқимыз?Қалай ойлайсыңдар?

Қазақстандағы білім беру жүйесі «Білім беру туралы»заңға жүгінді.Осы білім беру заңының мазмұнынында білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету керектігі туралы баса айтқан.Осы білім туралы заңның 2-бөлімінде Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады деп баса айтқан. Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдеге бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: - «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры деп баса айтып өтті.Олай болса әрбір педаогтың өз ісінің маманы болуы бүгінгі күн талабы.

басталуы: Ойын: «педагогикалық негізгі түсініктер»

Негізгі бөлім: Бағыттаушы ой-түйін

Ойын –мектепке дейінгі балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі ол балаларды қоршаған өмірді-адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында іс-әрекет пен сөздің ұштасуы өзара байланыста жүреді.Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Ойындардың мазмұны – адам өміріндегі таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар. Баланы ойын тәжірибесінен құр қалдыру – бұл баланы тек балалықтан ғана емес, сонымен қатар, дамып, жетілудің негізгі көздері: өмірде қажет болатын тәжірибеден, әлеуметтік қатынастар сипаттарынан, ұжымдық қатынастардан, өзін-өзі зерттеуден, әлемді тануға қызығушылық процесін қозғаудан құр қалдыру деген сөз. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған ролдеріне деген жауапкершілігі арта түсіп, қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасайды. Балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-рольдік ойындар маңызды орын алады. Өз ойындарында балалар отбасының тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың жұмысын, жалпы, күнделікті өмірде көретін және еститін құбылыстарды бейнелейді.

Ойын дегеніміз ерекшелікке қарамайтын, адамнің көңіл күйін көтеретін ойландыратын үрдіс төзімділігі алғырттықты,тапқырлықты,ұқыптылықты, іздемпаздықты,іскеллікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқада толып жатқан сапалық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі.Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану- үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбейтінін байқаймыз. Себебі ойын бар өмірдің бастауы деп білеміз. Ойын тек адамның дене күш қуатын молаытып, оны шапшаңдыққы, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қана қоймай, оның ақыл ойының толқусына, жан дүниенің қалыптасуына , есейіп өсуінеде пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылығын, қабылетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, « ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ». Және болуыда мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеті, ол арқылы баланың руханм сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құмарлықпен іліктеудің маздап жанар оты. Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға деген мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне иіндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа қуанышқа бөленуін қамтамасыз ету үшін ол баланың ойынға деген сүйіспеншілігімен қызығушылығын тәрбиелейді деп қарастырады.

Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психолгтар ғана емес, философтар,тарихшылар, этногрофтар әсіресе өнер қайраткері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы сөз жұмбақ,

сөз тізбек крассворд, викторина, психалогиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б танымдық ойындар жас ерекшелігіне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын арттырып, ойлауын жақсартып білімін шыңдауға танымдық ойындардың алатын орны ерекше. Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көз қарасыда кеңейе түседі.

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысыда адамға оның игілігіне бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі- ұлттық ойындар.

Ойын да халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Адам баласы жасаған жеті кереметінің қатарына сезізінші етіп, осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық, ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді.

Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай әр алуан болып келеді. Дегенмен халық ойынның неше алуан түрін туғызып қана қойған жоқ. Соны іс жүзінде қолданып, оның тәбиелік, білімдік жағын да көре білді.

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты жүктеп отыр. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін « тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Еңселі ел болып ана тілін. Ата салтын, дәстүрін қайта түлетуде. Жаңарған тілге жаңарған жаңа тіл заңы және тұжырымдамалармен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңа көзқарасты ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде.

Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымы оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдау керек Сондай оқу- тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойындарымыз.

Ол- санада ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге қарап әзірлеу қажеттігі сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Қазақ халқының ұлттық ойындары мыналар: ойын-сауық, тұрмыс салт жыр сйындары, дене шынықтыру спорт ойындары жәнеоймен келетін ойындар болып бөлінеді.Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бір саласы болып есептеледі.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егежей-тегежейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген.Ойын бала табиғатыменегіз.Өйткені,бала ойынсыз өспек емес,жан-жақтыдамысақ емес бала отбасы тәрбие және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып,ана тілін үйренеді.Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған бала ларға ана тілін оқытудың тиімді әдістерінеерекше мән берілуі тиіс.Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатадыОйын арқылы оқу процесін жандандырып сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар.Баланың сөздік қорын молайтып сөзді еркін өз мағынасында қолдануға тез жылдам сойлеуге жаттықтыруға ойын бірден-бір таптырмайтын құрал.

Оқушылардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың қажетті практикалық білімін біліктілігін, әдетән , тәртібін әлеуметтік тәжіребесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіп олардың әрқайсысының өз бағдарламасы бар екені бәріне мәлім. Сондай пәннің бірі тіл дамыту пәні- бастауыш сыныптарда жүргізіледі. Жас өспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай яғни жеке тұлғаны дамытудың баланың тіл мүкістігін танып тузетудің баланың жеке қасиетін ашып білімімен біліктілігін кеңейте отырып, өз ара қарым өатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.

Ал қазақ халық педагогикалық саусақ ойыны ұрпақтан ұрпаққа қалаған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттыратынын білген.Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды құстарды ағаштарды бейнелей алады.

Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы.

Ойын- бір қарағанда қарапайым құбылыс немесе әрекет іспетті ол міндетті түрде ұжымдық әрекет.Ойынның ережелері ойнаушылардың ой қиысында қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйласттық қажеттіліктерімен санасуы.Ір ойынның жеке әрекетімен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенім артады.

Ойынныңда өзіне тән мотивтері болады.Мысалы мазмұндық ролдық ойындар баланың зейінін, есін ойлауын, қиялын қалыптастыруды зор маңыз арттырады. Ойын әсер арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. АЛ ақыл ой оындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды.Олар ойындар баланың тапқырлығын байқағыштығын зейіндігін арттыру мен қатар, ерік сезім турлерінде дамытады. Ойын түрлері көп.Соның ішіндегі бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын сабақ ойын жаттығу сергіту ойындары дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар,логикалық ойын есептер Ұлттық ойындар тағы басқа бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі,Ол- дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білімді, білікті дағдыны қалыптастыру

Үй тапсырмасы. «Ойынды қалай ұйымдастырамын» тақырыбына эссе жазу.














































Автор
Дата добавления 19.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров230
Номер материала ДВ-272479
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх