Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Сабақ "Тәуелсіз менің Қазақстаным"

Сабақ "Тәуелсіз менің Қазақстаным"


библиотека
материалов

Сабақ «Тәуелсіз менің Қазақстаным»

Екібастұз  қаласы білім бөлімінің №7 «Ботақан» бөбектер бақшасы

коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорнына

Тәрбиеші: Кулимбетова Оразгүл Камалиқызы


Білім беру саласы: қатынас.

Бөлімі: тіл дамыту.

Сабақ мақсаты:

  1. Туған елі, Отаны – Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, тәуеліздік туралы түсінік беру, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру.

  2. Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту.

  3. Мақал-мәтелдер, өлең, тақпақтар арқылы сөздік қорын дамыту. Түсіну, есте сақтау, жаттап алу қабылеттерін қалыптастыру.

  4. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Отаным, тәуелсіз, мемлекет, елбасы, рәміздер, қыран, тұлпар.

Биленгвальды компонент: Отаным – Родина, тәуелсіз – независимый, мемелекет – государство, елбасы – президент, қыран – орел, тұлпар – тулпар.

Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері.

Сабақ барысы: Сабақ еліміздің әнұранымен басталады.

Педагог:           Бейбіт таңдар арайланып атады,

                              Туған жерді аймалады шапағы.

                              Байтақ елім Қазақстан!

                              Ең бақытты балалардың Отаны!

-Балалар, барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз. (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді). Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу, немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда – қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз.

Отан жайлы тақпақтар

  1. Байтақ дала-туған жердің,

        Қымбат маған әр тасы.

        Өзен-көлі, самал желі,

        Асқар тауы баршасы.

  1. Алтын дәнді даласы бар,

         Ақ күмістей қаласы бар.

        Неткен сұлі неткен көркем,

        Осы менің туған өлкем.

  1. Абай туған, Сәкен туған,

      Құрметте, досым, Қазақтың жерін!

     Қамбаға жылда мол астық құйған,

     Қазақстан- Республикам менің!

Педагог: Балалар, Отан туралы қандай мақал мәтелдер білеміз?

  1. Отан -елдің анасы.

  2. Отан оттан да ыстық.

  3. Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел болмас.

  4. Отанды сүю отбасынан басталады.

  5. Жері байдың елі бай.

Педагог: Жарайсыңдар, балалар! Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?

Тақпақ: Астана- арман қала,

               Астана- сұлу қала!

               Біз оны анамыздай,

               Сүйеміз шынын да.

Сергіту сәті.

Көк жалау желбіре.

Асқақтап аспанда.

Жас ұлан, ел бірге.

Сап түзе, жасқанба.

Педагог: Біздің Қазақстанда тағы қандай орталық қалалары бар?( Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Талдықорған, Жезқазған, Орал, Өскемен, Семей, Шымкент)

-Ал сендер қай қалада тұрасыңдар?

-Біз Екібастұз қаласында тұрамыз

-Екібастұз қандай қала?

Екібастұз – әдемі, таза қала.

Тақпақ: Екібастұз -туған жеріміз,

               Екібастұз – туған үйіміз.

               Екібастұз – әсем қаламыз,

               Көңілді ән мен күйіміз.

Ән «Туған жер»

Педагог: Балалар, айтындаршы біздің Қазақстанның жері қандай?

Қазақстанның жері бай үлкен әдемі.

Қазақстанның жерінде не бар?

Қазақстанның жерінде үлкен қалалар, ауылдар, көп үйлер бар жасыл орман, биік таулар, теңіз, өзендер бар.

Тақпақ: Менің елім – Қазақстан,

Бар ғой онда бәрі де

Өзен де, орман көл де бар.

Жайнаған сансыз қаласы бар.

Жайқалған жомарт даласы бар.

Педагог: Таңғажайып атыңда дәл табыды

Табылды да талай жұртқа таңылады

Туған елім, көкке жетті көк туың!

Сен, Тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі!

Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 24 жыл болып қалды.

Балалар, сендер Тәуелсіздік алдық дегенді қалай түсінесіндер?

Тәуелсіздік алдық дегеніміз- өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз, туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.

Педагог: Дұрыс айтысыңдар, балалар. Ал Тәуелсіздік мерекесіне арналған қандай тақпақ білесіңдер?

Бабамның да арманы

Осы еді ғой аңсаған

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Педагог: Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар қалай тұрады екен?

Олар – бір бірімен дос, тату тұрады.

Би “Достық шеңбер”

Педагог: Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім?

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы елбасшымыз

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Педагог: Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер Отанымыздың қасиетті белгілерін, рәмәздерін білесіңдер ме?

Дұрыс, мемлекеттің рәміздері: елтаңба, ту, әнұран жатады. Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды, көк ортасында күн шуағы. Астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай бер дегені. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

Біздің ту

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Дидактикалық ойын “Өз туынды тауып ал”

Педагог: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбаның орталық элементі шаңырақ. Шаңырақ бастауы -отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жас ұрпақтың арманы самғау биігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де – осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында Қазақстан деген жазу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторы, сәулетшілері: Шота Уәлиханов пен Жандармек Мәлібеков.

Тақпақ елтаңба

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Құт береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Педагог: Ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын сөзін жазғандар Жұмекен Нәжміденов Нұрсұлтан Назарбаев әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Дидактикалық ойын: “Басқа әуендердің ішінен әнұранды тап”

Тақпақ           Әнұраны елімнің

                        Шақырады бірлікке

                        Егеменді халқымның

                         Болашағы бірлікте

Педагог: Жарайсыңдар балалар! Ал енді біздің мемлекеттік тіліміз қандай болады?

Мемлекеттік тіл қазақ тілі

1.Жарық біздің күніміз                                                       2.Бақыт құсы қонды ғой

Біз өмірдің гүліміз                                                                  Менің туған еліме

Қазақстан Жан Отан                                                         Тіліміз бен дініміз

Қазақ тілі – тіліміз                                                               Қайта келді еліме!

Тіл туралы мақалдар дидактикалық ойын арқылы. “Мен бастаймын сен қошта”

Тіл (қылыштан да өткір)

Тілі тәтті (көңілі қатты)

Ең ащы да тіл

Ең қатты да тіл

Тіл (көңілдің кілті)

Педагог: Ал балалар, Қазақстан Республикасы қазіргі кезде бай да, бақытты болашағы зор, тәуелсіз егеменді ел. Олай болса осындай мемлекетте тұратын біз бақыттымыз.

Балалар, естеріңде-болсын. Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін құрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана азамат, азаматша болып ер жетесіңдер!

Туған тілді білу парыз

Туған жерді сүю парыз

Отанды қорғау парыз!

Күтілетін нәтиже: Балаларды өз елін қорғауға, рәміздерін силауға, елбасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Меңгеруі: Қазақстан Республикасының рәміздерін сипаттай білу, рәмізердін авторларын білу.

Қолдануы: Өз  елі туралы, елтаңба туралы мақал-мәтелдерді қолданады



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-297356

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG