Инфоурок Биология Другие методич. материалыСабақ "Жасушаның зерттелу тарихы"

Сабақ "Жасушаның зерттелу тарихы"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Жасушаның зерттелу тарихы, жасуша теориясы

Сабақтың мақсаты: вирустардан басқа барлық тірі ағзаларға тән, ең кішкентай өлшем бірлік – жасуша, оның ашылу тарихымен және оны зерттеуде пайдаланылған құралдар жайлы мағлұмат беру. 
Білімділігі
: «Жасуша» ұғымын түсіндіріп, микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.
Тәрбиелілігі
:  Адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.
Дамытушылығы
: Электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту. 
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, мироскоптар.
Сабақтың типі:
аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған
студенттерді белгілеп, студенттердің сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:
1.
Жасушаның зерттелу тарихы. Цитология негіздері.
2.
Жасуша  теориясы

Цитология ғылымы. Цитология( гренше – жасуша ғылымы ) жасушаның (клетка) құрлысын, химиялық құрамын және жасуша ішіндегі түрлі құрлымдардың атқаратын қызметтерін зерттейтін биология ғылымының маңызды салаларының бірі. Цитологияның қарқынды дамуының нәтижесінде, биология – сипаттамалық ғылымнан эксперметтік ғылымға айналды. Қазіргі кезде цитология ғылымы жасуша құрлысын зеріттеп қана қоймай, ондағы болатын күрделі физикалық – химиялық процестерді де зерттейтін нақты ғылым саласы болып отыр. Цитология – молекулалық биологияның, яғни цитохимия, цитогенетика,

цитоэкология және т.б. жаңа салалардың дамуына негіз болып отыр.

Цитологиялық зерттеулердің бастамасы, ең алғаш 1870 жылы щвейцарлық биохимик Ф. Мишердің лейкоциттердің ядросынан нуклеин қышқылдарын табуынан басталды. Кейіннен нәруыздың (белок) биосинтезі осы қышқылдардың қатысуы арқылы жүретіндігі анықталды.

Цитогенетика – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын жасуша деңгейінде зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл ғылымның қалыптасуына америкалық ғалым Т. Морганның тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы негіз болды.

Цитоэкология – қоршаған ортаның бұзылуына байланысты жасуша құрамының өзгеруін, соның салдарынан қауіпті аурулардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын қарастырады.

Жасушаның зерттелу тарихы. Жасушаның зерттелу тарихы 300 жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізінің қалануы оптикалық құрвлдардың дамуымен тікелей байланысты. Атап айтқанда, алғашқы микроскопты 1609 жылы, Г.Галилей құрастырған. Ол микроскоп қарапайым болғандықтан ғылыми -зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Кейінен,1665 жылы, ағылшын биологі, физигі әрі механигі Р.Гук өзі жасаған микроскоппен тығынның жүқа кесіндісін қарап, оның жеке ұяшықтардан тұратынын көрді. Осы ұяшықтарды Р.Гук « жасуша» (грекше – қуыс деген сөзінен шыққан) деп атаған. Р.Гук « жасуша» деген терминді алғаш қолданған, бұл термин осы уақытқа дейін қолданылып келеді. Р.Гук жасаған микроскопы арқылы тек өлі денелерді ғана көрген. XYII ғасырдың 70 -жылдары нидерландтық табиғат зерттеушісі Антони мен Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап, онымен қанның құрамындағы эритроциттерді және бір жасушалы организмдерді тұңғыш ретбайқаған. Осыдан кейін жасушаның құрылысы жан-жақты зеріттеле басталды. XYII және XYIII ғасырларда өсімдік қабықшасы зерттелді. Ал XIX ғасырдың басында жүргізілген микроскопиялық зерттеулерлің нәтижесінде өсімдіктердің және жануарлар организмдерінің жасушалардан тұратындығы дәлелденіп, органикалық дүниенің даму заңдылықтары ашыла бастады. Сонымен қатар 1831 жылы ағылшын ғалымы Р.Броун өсімдік жасушасының ядросын ашты, 1839 жылы чех ғалымы Я Пуркине

жасушаның ішіндегі сұйықтықты « протоплазма » немесе « алғашқы плазма » деп атады. Қазір протоплазма ғылыми тілде « цитоплазма » деп аталады.

Жасуша теориясының қалыптасуы.XIX ғасырдың басында неміс ғалымдары – ботаник М.Шлейден мен Т.Шванн өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыра отырып зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, олардың құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігін анықтады. Демек, жасуша – тірі организмнің ең кіші өлшем бірлігі,сонымен қатар тіршіліктің негізгі тірегі.

Сонымен, 1838 – 1839 жылдары М.Шлейден мен Т.Шванн көптеген деректі материалдарға сүйеніп, жасуша теориясының негізін қалады. Жасуша теориясының қалыптасуы биология ғылымының әр түрлі салаларын дамытуға үлкен жаңалық болды. ФЭнгельс жасуша теориясын XIX ғасырдағы ашылған үш ұлы жаңалықтың бірі деп жоғары бағалады. Ол жаңалықтар - « энергияның сақталуы және бір түрдің екінші түрге айналуы », « жасуша теориясы» және Ч.Дарвиннің «эволюциялық ілімі » еді. Жасуша теориясының негізі қаланғаннан кейін 20 жылдан соң, 1858 жылы неміс дәрігері Р.Вирхов « әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болады » деген қортындыға келді. Сонымен, жасуша – бір-бірімен тығыз байланысты әр түрлі құрам бөліктерден тұратын күрделі біртұтас жүйе болып табылады.

1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған. 
Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген. 
Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық өлшем бірлігі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, оптикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды. 
1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайм ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылыр көпжасушалылы ағзалар сияқты тіршілік етеді. 
Жасушамен алғаш танысқандықтан, әрі бұл материал күрделі болғандықтан жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, өсімдік жасушасын бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құралдардың түрлері, олармен жұмыс істеу әдісін үйрету керек.
Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұмыс істеу тәртібі. Жарық микроскобының әрбір бөлімінің атын, не үшін қажеттігін оқушылардың дәптеріне жаздырған жөн. Содан соң микроскоппен қалай жұмыс істеу керек екендігін мұғалімнің өзі көрсетуі тиіс. Алдыға қойылған мақсат – оқушыларды микроскоппен, жұмыс істеу барысымен таныстыру.
Ол үшін микроскопты үстелдің шетінен 5-8 см қашықтыққа қойып, барлық бөлімдерін таза жұмсақ шүберекпен сүртіп тазартылуы тиіс екенін айтып, әр бөлімдерін қалай пайдалану керек екендігін (бұранданы жоғары, төмен қозғау; айнаны жарыққа бағыттап жарық ұстау жолы; көретін затты заттық үстелдің үстіне дәлдеп қою, т.б.) нақтылай көрсетіп жаттықтырған жөн. Микроскопқа керекті жабдықтардың маңызын, қалай қолдануын (заттық әйнектің саусақпен шетінен ұстау; ортасынан ұстаса саусақ ізі түсіп зерттейтін затты анық көрсетпей кедергі болатынын ескерту; сондықтан тазалап сүртіп алу) айту. Препарат жасау үшін зат әйнегінің дәл ортасына тамызғымен 1-2 тамшы су тамызып, көретін объектіні дұрыстап орналастырған соң, суда ауа көпіршіктері болмас үшін жабын әйнегі шетінен ұстап зат әйнегіне бұрыш жасай жабу жолы үйретіледі. Ауа көпіршіктері қалып қойса, әйнектің үстінен сәл басып кетіруге болады. Көретін объектіні міндетті түрде су тамшысына салып қарауды ескертуді ұмытпау керек (қандай да болмасын кез келген объектіні сусыз қарауға болмайды кейде объектіні ерекшелігіне байланысты басқа ерітінділер, бояғыш заттар қосуға болады).
Микроскоппен қарайтын препарат дайын болған соң зат үстелінің дәл ортасына (зат әйнегіне салынған объект зат үстелінің ортасындағы тесікке дәл келуі керек, себебі айна арқылы түсірілетін жарық объектіге түспесе анық көрінбейді) орналастырып, бұранда арқылы зат анық көрінгенше окулярдан көз алмай көру түтігін ептеп жоғары немесе төмен түсіріп қарау керек екенін түсіндіріп, көрсеткен жөн. Препарат пен объектінің ара қашықтығы шамамен 1 см болғанда зат анық көрінеді. Микроскоптың зат үстеліне су тигізуге болмайды, сондықтан препараттағы артық суды сорғыш қағаз немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп тасталуы тиіс (негізінде артық су тамызбауға тырысу керек).
Микроскоппен жұмыс істегенде мынадай ережелер есте болуы керек:
А) микроскопты бір орынға орнықтырып қойғаннан кейін жұмыс істеп біткенше екінші орынға жылжытуға болмайды, жылжытса объект көрінбей қалады;
Ә) алдымен айнамен жарық түсіріледі, егер микроскопта объектив екеу болса (бірі – кіші, екіншісі – үлкен) алдымен кіші объективпен қарайды;
Б) микроскопты бір қалыпты температурада сақтайды, қалай болса, солай қоя салса, шаң басып әйнектері күңгірттеніп бұзылады;
В) ауық-ауық жұмсақ, құрғақ шүберекпен окуляр мен объективтің сыртқы линзаларын сүртіп тазалайды;
Г) микроскоп өте күрделі құрал болғандықтан оны химиялық реактивтермен, улы химикаттармен қатар қоюға болмайды. Өзінің ағаш қорабына салып шаң-тозаң кірмейтін таза, құрғақ шкафқа орналастырады.Үлкейтіп көрсететін құралдармен оқушыларды таныстырып болған соң зертханалық (практикалық) жұмыс орындауға кіріседі. 

ІІІ. Бекіту. 
Сұрақтарға жауап беру және кестені толтыру

1.     Жасушаның ашылу тарихы

2.     Жасуша теориясының қалыптасуы

3.     Жасуша теориясының қағидалары

4.     Тірі ағзалар жасушалары жетілуіне байланысты

5.     Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.
Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

ІV Үй тапсырмасы. §3 оқып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ "Жасушаның зерттелу тарихы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 499 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.09.2015 3974
    • DOCX 25.3 кбайт
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қалидолдақызы Сания 5-сынып. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қалидолдақызы Сания 5-сынып
    Қалидолдақызы Сания 5-сынып
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37133
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 392 человека

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 405 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 254 человека

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе