Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Сабақ " 1837-47 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс"

Сабақ " 1837-47 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс"


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Борангалиева Айсауле

Атырау облысы, Индер ауданы

Кулагино орта мектебінің І санатты тарих пәні мұғалімі


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету;

Дамытушылық:Қазақстан аумағындағы көтерілістерге және Қазақ хандығы мен Кенесары билігіне салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару, өз көзқарасын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік:Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру, мағынасын ажырату, салыстыру, пікір – сайыс, танымдық ойындар.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстанның картасы», тірек – сызбалар, кестелер

Пән аралық байланыс: география , әдебиет

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру: Түрлі түстер қағаздар арқылы топқа бөлу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Ыстық орындық»- оқушы шығару арқылы үй тапсырмасы сұрақтарын беруі.

«Ой-түрткі салу» сәті.

1.«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымын түсіндіріңдер.

2.Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты қандай?

3.Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы туралы не білеміз?

(Оқушылар жауаптарының соңын слайдтар арқылы дұрыс жауаптары көрсетіледі. )


1.Ұлт -азаттық қозғалыс –отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.

2. Ұлт -азаттық қозғалыстың басты мақсаты-Ұлтты отарлық езгіден азат ету,оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтіру.

3. Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы- отаршылдыққа қарсы күрескен Абылайдың ұлы Қасым сұлтан, әкесімен бірге ұлдарыда атқа қонады .

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:


  1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.

  2. Кенесары Қасымұлы-қаһарман батыр, қолбасшы, дипломат,аса көрнекті мемлекет қайраткері.

  3. Көтерілістің басталуы.

  4. Кенесарының хандық билігі

  5. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары,

тарихи маңызы.


«Сүйетін аруақты Кене ағасын,
Кененің кең пейіштей Сарыарқасын.
Ол сүйген туған тауын, өскен жұртын,
Сол үшін жарқылдатқан көк найзасын»- осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.


Оқушылар назарын бейнекөрініске аударамыз:

1.Бейнетаспада кім туралы көрсетті ?

2. Қандай ірі шайқастар болды?


  • Бөлінген тақырып бойынша,үш топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

  • 1-топ - Көтерілістің себептері, мақсаты мен қозғаушы күштері.

  • 2-топ Көтерілістің басталуы

  • 3-топ – Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы

  • Әр топ өз тақырыптары бойынша топтық таныстырылым әзірлейді. Өзара сұрақ қою арқылы толық мағлұмат алды.

Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері

XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарынашабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.

Құжатпенжұмыс
1.Кенесарының жіберген елшілері Қытай шебінде қандай міндет атқарды?
2.Қытай Кенесарыны және оның әскерлерін өз жеріне жіберуден неге бас тартты?

Кенесарының хаттары:

«Біздің ата – бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күнде басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.
• Орынбор генерал – губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық – татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», дейді
Кенесарының Сарыарқадан ұлы жүзге қарай бет алуы.
- Қоқан езгісіндегі қазақтарға дербестік алуға көмектесіп, өзіне тірек жасауды ойластырды.
Жаңа сөздер:
Зекет
- мал өсірушілер
Ұшыр - диқандардан алынатын салық
Жасауылдар - сенімді адамдары
Манап - қырғыздардың ақсүйек рубасылары
Номадтар - көшпелі қазақтар
Шығармашылық тапсырма: Сіздер қалай ойлайсыздар, «Көтеріліс қазақ халқының сол кездегі жағдайын шеше алды ма?» Ойланып өз ойларыңыздан шағын эссе жазайық.
Кенесарыға қойылған талаптар:
1. Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймақта ғана көшіп қонуға тиіс болды
2. Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып Ресейге бағынуға тиіс болды
3. Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат берілмеді
4. Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың барлығы Ресей империясына 1сом 50 тиын түтін салығын төлеп тұруға міндетті болды.



Тапсырма: Сызбаны толтырыңдар:


Көтерілістің басталу себептері


Көтерілістің мақсаты


Көтерілістің басты қозғаушы күші


Көтеріліске қамтылған аймақ


Көтерілістің әлеуметтік ұлттық құрамы


2-тапсырма: Көтерілістің барысы:

Болған уақыты

Оқиғалар

Маңызы, ерекшеліктері









3-тапсырма- Сәйкестендіру

4-тапсырма- Тұлғаны таны

ІҮ.Сабақты бекіту

1.К.Қасымұлы бастаған көтерілістің ұлт – азаттық сипатта болғанын немен дәлелдейсіңдер?

2. К.Қасымұлы туралы ғалымдар әртүрлі айтып келеді. Біреулері оны ханның тұқымы, өзімшіл, баққұмар десе , екіншілері – мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат дейді сендердің пікірлерің өз ойларыңды дәлелдеңдер.

3. Егер Кенесары жеңілмесе, өлмесе, өз іс - әрекетін қалай жалғастырушы еді?

Қорытынды: М.Жұмабаевтың өлеңін талдау.

     Арқада Көкшетауға жер жетпейді

     Басқа жер көңілді ондай тербетпейді,

     Ту тіккенАбылайатакеңдаламда,

     Қазақта Хан Кенеме ер жетпейді.

Проблемалықсұраққа: Көтерілісті «шоқтығы биік көтеріліс» деп атауға болама?

Қорытаайтқанда, жасындай жарқылдап өткен Кене хан бастаған1837-47 жылдар аралығындағы жалпы ұлттық қарсылық – бүгінгі мемлекеттілік тәуелсіздігімізбен ұлттық жаңғыруымызға жетер жолдағы еш уақытта өз маңызын жоғалтпайтын тарихи кезең. Ал Кене хан әрқашанда Отанға қызмет етудің биік үлгісі болып қала бермек.

«Қаламсап әдісі»- оқушылардың қаламсаптарын жинап алып, бүгінгі сабақтан не түсінгені жөнінде айтып өтеді.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату

V.Қорыту

VІ.Бағалау

VІІ Үйге тапсырма: Кенесары Қасымұлының өмірімен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу.
































Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров453
Номер материала ДВ-570526
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх