Инфоурок Начальные классы КонспектыСабақ жоспар Ана тілі Тақырыбы: «Алматы- бас қалам, Жас қала –Астанам»

Сабақ жоспар Ана тілі Тақырыбы: «Алматы- бас қалам, Жас қала –Астанам»

Скачать материал

 

Пән атауы: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға судың ластану жолдарына қарай оны қорғау жолдарын шешу туралы түсінік беру. Ластанған судың адам ағзасына әсері туралы ұғым қалыптастыру. Ойлау, қорытынды жасау, есте сақтау, жағдаятты шешу, салыстыру дағдыларын дамыту.Үнемшілдікке, табиғатқа қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Тақырыпты түсініп оқуға баулу, негізгі ойын анықтау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқуға машықтанады, мағынасын терең түсінеді.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, карта, оқулық, дәптер, бақылау күнделігі,  сурет, ақ парақ, маркер т.б

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, пиза тапсырмалары.

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

Сәлемдеседі. Психологиялық дайындық. Музыка тыңдау. Топқа бөледі.

Тұсау кесер.

Үй тапсырмасын тексеру.

 

Каспий теңізін әңгімелеткізу. (бейне ролик бойынша) 

ІІ. Өткен сабаққа шолу. Сұрақ – жауап.  Деңгейлік тапсырмалар

І – топқа:

1.Контур картаға Қазақстандағы өздерің білетін өзендерді түсіріңдер.

2. Судағы еріген заттар туралы не білесіңдер?

3.Жер асты суынан қандай құбылыстар туындайды?

4.Ауыл сыртында сайда, жатыр үлкен айна. Бұл не? (көл)

ІІ – топқа.

1.     Өзен мен көлдің айырмашылығын ата.

2.     Контура картаға өздерің білетін көлдерді түсіріңдер.

3.     Судың қасиеттерін атаңдар.

4.     Өзендердің маңызы.

ІІІ – топқа.

1.     Жазық жердегі өзендер қалай ағады? Қандай өзендерді атай аласың?

2.     Көлдердің маңызы.

3.     Контур картаға Арал, Каспий теңіздері мен Балқаш, Зайсан көлдерін белгіле.

4.     Маңғыстау  облысындағы өздерің білетін  көлді атаңдар.

 

Негізгі бөлім.

Жаңа сабақты

Түсіндіру

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Адам табиғаттағы суды таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады. Өзендер мен көлдергефабрикалардан, зауыттардан және тұрғын үй- жайлардансарқынды сулар құйылады. Олар ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресуге қолданылған улы заттармен де ластанады. Сондықтан көптеген өзендер мен көлдердегі тіршіліктің жойылып кетуіне қауіп төнеді. Ондай су ішуге келмейді. Тіпті оған шомылудың өзі өмірге қауіп келтіреді. Міне сондықтан адам су қоймаларының таза сақталуын қадағалап отыруымыз керек.

Сен білесің бе? айдары.

«Сусыз тіршілік жоқ» деген мақал тегін айтылмаса керек. Ғалымдардың бақылауы бойынша, мысалы, ит тамақсыз 30-40 күн, ал сусыз 3-4 күн ғана шыдайды екен.

Су өсімдіктің негізгі бөлігін құрайды. Мысалы, қарбыздың 98пайызы, қиярдың 95 пайызы, картоптың 80 пайызы судан тұрады. Адам ағзасының да жартысы судан тұрады.

Күзде суық желді күндер жиі қайталанады. Бірақ өзендегі су әлі тоңази немесе қата қоймайды.

Суық күзде суда жүзетін құстарға су жылы, себебі судың температурасы ауаның температурасынан жоғары болады. Су ауаға қарағанда баяу салқындайды.

Адам терлеген кезде дене температурасы төмендейді. Тер – адам денесінің температурасын қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Қатты қызынудан сақтайды.

Шығармашылық тапсырма

1 – топ: Тыйым сөздер:Суды үнемде;

Шүмекті ашық қалдырма;

Лас суды ішпе;

Суды аз пайдалануға тырыс;

Суды ластама;

Суды ысырап қылма;Түнде суға барма

2 – топ: Суды қорғау туралы мақалдар:

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Бұлақ көрсең көзін аш.

Судың да сұрауы бар.

Сулы жер – нулы жер.                                                                               

3 – топ: Логикалық тапсырма: Есепте немесе ойлан;

Егер сен тісіңді тазартып жатқанда құбырды жауып тұрсаң, 4 литр су үнемдейсің. Егер күніне 2 рет тазартатын болсаң неше литр су үнемдейсің?

5 адам  1 күнде неше литр су үнемдейді?

 

Дұрыс жабылмаған краннан 5 сағатта 5 литр су ағатын болса, 1 тәулікте қанша су ағып кетеді? Бұл көп пе, әлде аз ба?

Қорытынды бөлім.

Бекіту

Пиза тапсырмаларын орындатқызады. Бақылау күнделігімен жұмыс жасатады.

 

Бағалау

 

Топ басшысы мүшелерін және бір – бірін бағалауды ескертеді.

 

Рефлексия.

Кері байланыс.

Стикер таратады.  

-Не үйрендік? Не білдік? Не білгім келеді? Бүгінгі сабақта не ұнады?

 

 

Үй тапсырмасы

Су және оны қорғау.Су туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Алматы- бас қалам, Жас қала –Астанам»

Сабақтың мақсаты:  Өлең мазмұнымен таныстыра отырып ел астаналары  

                                       туралы мағлұмат беру. Сауатты, мәнерлі оқуға  

                                       дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.  

                                       Оқушыларды Отанды, елді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Интербелсенді тақта, автор суреті, астаналар суреті,                  

                                           оқулық, магнитафон.

Сабақтың әдісі:  Сұрақ – жауап, баяндау, СТО

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, қазақ тілі, музыка

Сабақ жүрісі: І. Психологиялық икем.

Әрбір сабақ –

Әрбір ісің –

Әрбір сөзің –

 

ІІ Үй жұмысын сұрау.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

- І. Жансүгіровтің «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

- Кімдер дайын? (4 оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту)

 

ІІІ Үй жұмысын бекіту.

1)     Өлеңнің авторы кім?

2)     Таудың әсемдігі мен көркемдігі. өлеңнің қай шумақтарында айтылған?

3)     Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?

4)     Ақын тауды кімге теңейді?

 

ІV. Жаңа сабақ

1)     Картамен жұмыс

-         Жақсы балалар картадан Көкшетауды табайық.

-         Ол жеріміздің қай аймағында орналасқан?

4 аймақта орналасқан ірі-ірі қалаларды атап шығайық.

- Біздің осы шұрайлы әдемі- әдемі  не бір қалаларымыздың бірі Астана, енді бірі. Алматы қалаларына тоқталғым келіп тұр.

 

2)  «Ой қозғау»

Астана, Алматы қалалары тұралы не айта аламыз? (Оқушылар ойын тыңдау, толықтыру)

-Жақсы балалар, мен сіздерді еліміздің астаналары болған тағы да қазақ елінің бас қалаларымен таныстығым келіп тур.

 Орынбор –тұңғыш астана. (суреті)

1925 жылы Наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді.

1997 жылы саяси экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты республиканың бас қаласы – қазақ жерінің кіндік ортасы-Ақмолаға көшірілді.

 

3)    Автормен таныстыру

Жарасқан Әбдірашев – 1948 жылы 7 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманаткел ауылында дүниеге келген.

 

 

 

4)     «Алматы бас- қалам,

Жас қала – Астанам» өлеңін дауыстап оқып, түсіндіру.

5)     Оқушыларға тізбектей оқыту.

6)     Өлеңнің құрлысына талдау жасау үш шумағын үш топқа орындату.

7)     Сергіту сәті.

8)     Топтық тапсырма

І топ  Оқулықта берілген сөзжұмбақты шешеді.

ІІ топ Астана қаласының символы Бәйтеректі құрастырады.

ІІІ топ Астана туралы өлең құрастыру.  

 

9)    Дәптермен жұмыс.

Өлеңдегі жалқы есімдерді теріп жаздыру.

 

V Қортынды.

1. Сабақты бекіту Венн диаграммасы.

 

2. Үйге тапсырма беру.

3. Мадақтау, бағалау. 


Әліппе білім бесігі
--
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 «в»  сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қыс көркі – қар

Мақсаты: Қыс мезгіліне тән ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Экологиялық міндет: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге үйрету.

Қандай жыл мезгілі басталды? Айналаға әсем көрініс сыйлаған жаңа жауған қарға көңіл аудару: жер беті аппақ, жолдарды, орындықтарды, ағаштар мен бұтақтарды қар басқан. Қыс – барлық ересектер мен балалардың сүйікті жыл мезгілі, сондықтан оны қуанышпен қарсы алады..

Жұмбақ: Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (Қар)

Көркем сөз: Алғашқы қар

О, керемет, керемет!

Бейне аппақ көбелек,

Ақша қар жай көлбеңдеп,

Қонып жатыр жерге кеп.

Қонып жатыр тауға кеп,

Бақшаға кеп, бауға кеп.

Қонып жатыр көлге кеп –

Кетті ұласып жер мен көк.

Шыр көбелек айналып,

Қонып жатыр жайланып:

 Енді қайтып ұшпаймыз

Осы жерді қыстаймыз. (Жаманбалинов М)

Қысқа байланысты сурет салу

Қорытындылау

Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай  Алтынсаринге 175 жыл!»

Мақсаты:

1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.окулық,хрестомати

Күтілетін нәтиже:  «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгімелермен таныс бола отырып, өзіндік ой қорытып, ненің жақсы,ненің жаман екенін айыра алады.  Тіршіліктің тұтқасы еңбек,білім,өнер екенін түсінеді.

Сабақтың барысы:

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру,дайындығын бақылау

Сабақтың мақсатын айту.

— ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі

Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап етіледі.
«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850  Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857 Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859 Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде
оқытқан жылы.
1864 –  Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14  — Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш
кітабымды кеше ғана бастадым,» — деп жазған жылы
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы

1889 – қайтыс болған жылы.
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.

«Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалары.

Ыбырай лирикасы: табиғат бейнесін суреттеген «Өзен», «Жаз»  өлеңдері,жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа,ата-ананы,досты сыйлауға шақыратын «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» өлеңдері бар. Әлеуметтік теңсіздік:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері».

Шағын әңгімелері.

Адамгершілік тәрбиесіне арнаған «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», «Тәкаппарлық», «Байұлы» т.б.

Ыбырайдың жастарды,ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы жүректілік қасиеттерге баулитын «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік» т.б. әңгімелері бар. Жастарды еңбекті сүюге,оқуға, өнерге ұмтылуға жігерлі,төзімді болуға үндеген «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам» т.б. әңгімелері. Өнер мен білімді үлгі еткен «Лұқпан әкім», «Зеректік», «Силинші ханым», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың  пайдасы», «Атымтай жомарт» әңгімелері.

Орыс жазушыларынан аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

                    Ақын                                       ағартушы                           педагог

 

 

                                                    Ы.Алтынсарин                        оқулық авторы

                  Жазушы

 

                                       Ғұлама                            шағын әңгіме шебері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Спорт – менің серігім»
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу
Барысы:
Ұйымдастыру
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы
Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел, - деп бүгінгі эстафеталық жарысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Жарысымыз 2 командадан тұрады.
1 команда «Жас ұлан»
2 команда «Достық»
Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
«Ой шақыру»
Сұрақтар:
1. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2. Денсаулық үшін не пайдалы, не зиянды?
3. Тұмау деген не? Оның таралу жолдары қандай?
4. «Ауру - астан» демеп пе еді халқымыз, тамақтану гигиенасы туралы не айтасыздар?
1. тур Таныстыру (әр команда капитаны ұрандарымен таныстыру).
2 тур Спорт - біздің досымыз,
Күш, қайрат сыналған.
Спорт - біздің досымыз
Бала кезден шыңдалған - деп келесі турымыз «Кедергілерден өту»
3 тур
Жүйрік болса кім
Күлімдейді күн
Жарыста жүгір, алға ұш - деп келесі турымыз «Скакалкамен жүгіру».
4 тур Жүгір.Жүгір, селмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып
Нұрға сылан,
Болып қыран,
Өс ұлан –деп «Жорға, аяңдап жүруден жарыс».
5 тур Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт,
Таза ауа жұт,
Бойыңа құт –деп келесі «Ергежейлі» аяқты жартылай бүгіп жүруден
жарыс.
6 тур Күш атасын танымас –деп келесі турымыз «Мен күшті» арқан тартыс.

Осымен бүгінгі жарысымыз өз мәресіне де жетті.Келесі жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Келіп тамашалап көргендеріңізге рақметімізді айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Болашақ елдің бақытты ұланымын!» атты зияткерлік ойын

Мақсаты:  Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, қазақ тілі мен ана тілі пәндері бойынша танымдарын арттыруға жағдай жасау. Оқушының өзіндік ізденісін дамыту.Табандылыққа, тез ойлауға тәрбиелеу.

Әдісі: викториналық сұрақтар.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, көрме

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде,

Көңілді кеш жасайық.

Жүргізуші:

Сіздерді алдымен «ойынының шартымен таныстырып өтейік.Ойын төрт бөлімнен тұрады. Ойынға 2 топ қатысады. Әр бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болуы керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.  Қай топ көп сұраққа дұрыс жауабын айтса, сол топ жеңімпаз атанады.

Жүргізуші:

Сондықтан, осы сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылыр алқасымен таныстырайық.

Жүргізуші:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік,

Серігің болсын бойыңда.

Қадамдарың оң болсын,

Сәт сапар, сайыс жолында!-дей келе ортаға «Көмбе» ойынының қатысушыларын шақырамыз.  І. Екі топ өздерін таныстырады.

І топ. «Алғырлар» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

ІІ топ. «Тапқырлар» тобы.

Ұраны:  Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Жүргізуші:

Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен,

Келесі сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашанда өрісі кең– дей отырып, ойынымыздың «Асық иіру» бөлімінен бастаймыз. ІІ. «Асық иіру» сайысында 4 тапсырма бар.

«Алшы» сұрағы: Абай Құнанбаевтың бір өлеңін жатқа айт.

«Тәйкі» сұрағы: Берілген сурет бойынша өз ойларын білдіру керек.

«Бүк» сұрағы: Мақалды жалғастыр.

Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

«Шік» сұрағы: Сурет бойынша өз ойларын білдіру керек.

Жүргізуші:  Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – дей келе «Шаршы иіру» бөліміндегі сұрақтарға жауап береміз.

ІІІ. «Шаршы иіру» бөлімінде 6 сұрақ болады.

1.      Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?

2.      Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.      «Көксерек» әңгімесін кім жазған?

4.      Тұрлаусыз мүшелерді ата?

5.      А.Байтұрсынов кім?

Жұмбақ :   Қанатты бір тышқан,

Жасырынып күндіз,

Қараңғыда ұшқан.  (Жапалақ)

Жүргізуші:

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін

Жазып, біліп, асыл сөз термек үшін

Көрсетіп сұрақтардың жолын қалай

Келдім оларды айтып бермек үшін – деп, ойынымыздың «Мергендік» деп аталатын бөлімін бастайық.    ІV.«Мергендік» бөлімінде 8 сұрақ қойылады.

1.      Тамшы тас жарады, тас жармаса …… (бас)

2.      Өнер алды – қызыл ……… (тіл)

3.      Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ……. боларсың (шешен)

4.      Мектеп – кеме, білім — ……. (теңіз, море, sea)

5.      Денсаулық – зор …….. (байлық)

6.      Ашу — дұшпан, ақыл — ……. (дос)

7.      ….. оттан да ыстық (отан)

8.      Отансыз ……. , ормансыз бұлбұл (адам)

Жүргізуші: Сайыскерлер ойынын,

Тамамдадық біз бүгін,

Әділқазы береді,

Дұрыс, әділ шешімін

Ұпай санағанша көрермендерге қызықты сұрақтар қойылады. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңіп шыққан топ марапатталады.

О/97   Ә/99

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: - Карлыева Ақшолпан - Жаңаөзен қаласы, «№ 13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі. «Дыбыстар мен әріптер әлемі» (Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал) Жаңаөзен,2013ж,  --- бет

Рецензент: Жаңаөзен қалалық білім үйлестіру орталығы

 

 

       Бұл әдістемелік құрал 1-сыныптың  сауат ашу кезеңіне арналған. Бұл көмекші құралда әріптер мен дыбыстарға арналған өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ұйқас өлеңдер, санамақтар, метограммалар берілген. Ұсынылып отырған көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспар Ана тілі Тақырыбы: «Алматы- бас қалам, Жас қала –Астанам»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 1650
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бигельдиева Айткүл Амантұрлықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10523
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 147 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1472 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе