Инфоурок Другое Рабочие программыСабақ жоспар "Ауа-райы және оны болжау" (3 сынып)

Сабақ жоспар "Ауа-райы және оны болжау" (3 сынып)

Скачать материал

Пәні: Дүниетану
Тақырыбы: Ауа райы және оны болжау.
Мақсаты:
1. Ауа райының құбылысы жайлы түсінік беріп, өздері байқаған жаймен салыстыру. Ауа райының жай-күйін арнайы метеорологиялық стансаларда бақылайтынын, оның қорытындысы қалай жасалатынын әңгімелеу
2. Ауаның температурасы , жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің арасындағы байланыстар туралы ұғымын дамыту
3. Оқушыларды адамгершілікке, достыққа , бірлесе жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интер активті тақта, термометрлер, су құйылған стакандар, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы отыр.Өздерің байқап отырғандай сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Сабағымызды бастамас бұрын қонақтарымызбен амандасып алайық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
-Жақсы, балалар, енді үй тапсырмасы бойынша жұмыс жасайық.Үйге қандай тапсырма беріліп еді?
-Бүгін үй тапсырмасын сендерді топқа бөлу арқылы сұрағым келіп тұр.Ол үшін сендер қатарларың бойынша төрт топқа бөлініңдер.Мен әр топқа сұрақтар таратамын, әр топқа ойлануға 1мин уақыт беріледі.1мин өткен соң әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.
Ітоп:Бұрынғы кезде адамдар сағатты қалай білген және оны қалай ойлап тапқан?
ІІтоп:Бір жұмада қанша сағат барын қалай есептеп табуға болады?Кез-келген заттың ұзындығын, биіктігін, енін өлшеу үшін қандай ұзындық өлшемдері қолданылады?
ІІІтоп:Ұзындық өлшемдерін білу адамға не үшін қажет?
ІVтоп:Салмақ өлшемдерін білу адамға не үшін қажет?Заттың салмағын анықтау үшін не қолданамыз?
ІІІ Жаңа сабақ.
-Жақсы, балалар, үй тапсырмасына жақсылап дайындалып келіпсіңдер.Өткен тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер!
-Олай болса, бүгін біз сендермен жаңа тақырып өткелі отырмыз.Ол «Ауа райы және оны болжау» деп аталады. (слайд)
-Балалар, ауа райы дегеніміз не?Сендер оны қалай түсінесіңдер?
-Ауа райын білу адамдарға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-Ия, балалар, сендердің айтқандарыңмен мен де келісемін.Температура, бұлттылық, жауын-шашын, жел, ылғалдылық т.б. ауа райын түзеді екен.(слайд)
-Ауа райы сонымен қатар өздерің мына слайдтардан көріп отырғандай ыстық, аязды, боранды, құрғақ, жаңбырлы болады екен.(слайд)
-Балалар, сендер білесіңдер ауа райы өте құбылмалы болып жиі өзгеріп отырады.Міне, осы өзгерістерді метеорологиялық стансаларда бақылайды.(слайд)
-Сонымен қатар басқа үлкен алқаптардағы бұлттылық жайын Жер серіктері фотосуретке түсіріп, бейнесін жерге беріп отырады.(слайд)
-Осылай жинақталған мәліметтердің барлығы арнайы ауа райы карталарына түсіріледі.бір тәулікте сондай карталардың төртеуі жасалады.Оларды бір-бірімен салыстыру арқылы таяу тәуліктегі ауа райының жайына болжау жасалады.(слайд)
-Балалар, қалай ойлайсыңдар ауа температурасын ненің көмегімен өлшейміз?
-Дұрыс айтасыңдар!Термометрдің көмегімен біз ауа температурасын өлшейміз.термометрдің бірнеше түрлері болады.Олар: су температурасын өлшейтін, адам денесінің қызуын өлшейтін және ауа температурасын өлшейтін.(слайд). (слайдта көрсетілген суреттер бойынша оқушылардан қай термометрдің қандай қызмет атқаратынын сұрау).
-Жақсы, енді осы термометрлердің қалай жасалатындарына біраз тоқтала кеткім келіп тұр.термометрлердің негізгі бөлігі сынап толтырылған шыны түтік және шкалаларға бөлінген тақта.Әр бөлік 1ºС-қа тең.Шкала ортасы 0ºС.Бұл жылу мен суықтықты ажырататын шекара.(слайд)
-Жылы температураға «+», ал суық температураға «-» белгісі қойылады. Градус көрсеткіші былай жазылады. +10ºС немесе -10ºС. (слайд)
IV Сергіту сәті:
Жел соғады гу-гу,
Жаңбыр жауады тырс-тырс.
Жаңбыр басылады,
Күн ашылады.
Сарамандық жұмыс:
-Біраз сергіп демалып қалған сияқтымыз.Олай болса, оқулықтағы сарамндық жұмысқа назар аударайық.(оқушыларға оқыту, өздеріне жасатқызу)
1-тәжірибе:стакандағы жылы суға термометрді сал.нені байқадың?
2-тәжірибе:Стакандағы суық суға термометрді сал.нені байқадың?
3-тәжірибе:Сынып бөлмесінің ауа температурасын өлшеп, оны дәптерлеріңе жазыңдар.
Топпен жұмыс:
-Енді, балалар, алдындағыдай тағы да топқа бөлініп отыра қалыңдар.Әр топ бір жыл мезгілі болып, сол жыл мезгіліне сай оның ауа райы жайлы әңгімелейді.Дайындыққа 1мин уақыт беріледі.
V Бекіту:Жаңа тақырыпқа сай ауа райының құбылыстарына байланысты жұмбақтар жасыру.Сұрақтар қою.
Қара таудай буралар,
Қара бұйра шудалар
Бура жерге шөгеді:
Бұлау терін төгеді.
(Бұлт пен жаңбыр)

Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.
(Қар)
Ақ моншақтар сабалар,
Қалмайды олар жанды аяп.
Жатып-жатып жоғалар,
Ешкім жинап алмай-ақ.
(Бұршақ)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
(Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
(Аяз)
Сұрақтар қою:
а)ашық және бұлтты күндердің айырмашылығы қандай ?
ә)Температураны өлшейтін құралды не деп атаймыз?Оның неше түрі бар?
б)Найзағай деген не?
в)Бұлттылық деген не?
VІ Бағалау:Әр топ басшылары оқушыларды өздері бағалайды.
VІІҮй тапсырмасын беру: 60-61 бет оқу, мазмұндау.(слайд)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 885 503 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.03.2016 3929
    • DOCX 14.4 кбайт
    • 2 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танабай Азамат Әбдірханұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    Танабай Азамат Әбдірханұлы
    Танабай Азамат Әбдірханұлы
    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32973
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой