Инфоурок География Другие методич. материалыСабақ жоспар "Қазақстанның көлдері" 8 сынып

Сабақ жоспар "Қазақстанның көлдері" 8 сынып

Скачать материал

8 сынып

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның көлдері

Сілтеме

Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер

Жалпы мақсаты

Көл мен бөген дегеніміз не екенін білу,олардың ерекшеліктерін түсіну және шаруашылықта қолдану

Күтілетін нәтиже

Көл мен бөген дегеніміз не екенін біледі,олардың ерекшеліктерін түсінеді және шаруашылықта қолданады

Негізгі  идеялар

Көлдер мен бөгендер туралы біліп,картадан анықтап олардың шаруашылықта маңыздылығын оқып біледі

Оқыту құралдары

Қазақстанның физикаық картасы,көлдердің суреттері

Тапсырмалары

«Кім жылдам?» Сұрақ-жауап

Сыни тұрғыдан ойлауға  сұрақтар «Ой қозғау»

Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс»

Сұрақ-жауап «Не ұқтым?»

Жұмыс дәптер

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу,санамақ арқылы топтастыру

І.Үй тапсырмасы: «Кім жылдам?»

1.Солтүстік мұзды мұхит алабының өзендері

2.Каспий теңізі алабының өзендері

3.Арал теңізі алабының өзендері

4.Балқаш-Алакөл алабының өзендері

Жұлдызша арқылы бағалау

ІІ.Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар .Мадақтау арқылы бағалау

1.Жердің ойық жеріне жиналған суды не деп атаймыз?

2.Неліктен өзен бойларын бөгеп,бөгеттер салынады?

3.Көл мен бөгеннің қандай айырмашылығы бар?

Мадақтау арқылы бағалау

ІІІ. Жаңа сабақ: Топтастыру,постер қорғау

Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Жайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр (таблицаны қара).Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшелігі көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі таралмаған. Әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде көлдер көп. Мысалы, солтүстікте ормандыдала және дала зоналарында 25 287 көл бар, ал шөлейт және шөл зоналарында 20 000 жуық көлдер кездеседі.

Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді.

Тектоникалық көлдер.Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Мұндай көлдер Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралған. Жайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжың тобы, Көкшетау тобы (Бурабай, Зеренді, т. б.), бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі, т.б. су айдындары осы топқа жатады.                                                                                                                                               Реликті (қалдық) көлдер.Ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш-Алакөл ойысындағы кейбір көлдер калдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері. Бұлар жер қыртысының майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасты.                                                                                                           Мұздың көлдер типі.Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б. мұздық көлдері жатады.                                                                                                                              Қар көлдері.Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Қар ойыстарының пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда қар көлдері құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.                                                                                                                                       

Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер.Оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында мұндай көлдер өте көп.                                                                                                                                                     Ескі арна көлдері.Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нөтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер. Өзен жайылмаларында орналасады.

Бөгендер.Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді: 50 км²-ге дейін - кіші, 250 км²- ге дейін - орта, 1000 км ге дейін - ірі, одан үлкендері - аса ірі бөгендер.Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км². Оларда 90 км3 тұщы су жиналған. Республикада екі өте ірі, бір - ірі және алты орта бөгендер бар, калғандары кіші бөгендер . Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Молодежное, Шерубай-Нұра, Кеңгір, Өскемен, т.б. Осы аймақтың 20 бөгенінің су айдыны (акваториясы) 8,7 мың км²-ді (барлық бөгендердің 87%) құрайды, ал су көлемі 86 км3- ден (барлық бөгендердің 95%) артық. Бөгендердің шаруашылық маңызы зор. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау бағдарламаларында пайдаланады

Оқушыларды топтастыру арқылы постер қорғату

1 топ:Көлдерге жалпы шолу

2 топ:Көлдердің түрлері

3 топ:Бөгендер

Бағалау. Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау

ІV.Сабақты бекіту:

1)1.Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерің білесіңдер?

2.Көлдердің таралуында қандай заңдылықтар бар?

3.Көлдердің су деңгейінің көтерілуі неге байланысты?

4.Көлдер қазаңшұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді?

5.Өзендерді қандай мақсатпен бөгейді,олардың қандай маңызы бар?

6.Өздерің тұратын жерлеріңдегі көлдер мен бөгендерді атаңдар.

2)Жұмыс дәптері

Мұғалімнің  бағалауы

Кейінгі тапсырма

Кескін картаға  көлдер мен бөгендерді түсіру

Кейінгі оқу

Қазақстанның  ірі көлдері

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспар "Қазақстанның көлдері" 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 668 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2018 604
    • DOCX 22.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мұратова Ақкүміс Ізімғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мұратова Ақкүміс Ізімғалиқызы
    Мұратова Ақкүміс Ізімғалиқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31330
    • Всего материалов: 40

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 760 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе