Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
СТО,АКТ, ОҮБ және ОБ, ОЖСО, ОБ және К.
|
Кіріспе
|
Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық жүргізеді.
Оқушыларды топқа бөлу.
-
Балалар, қазір қай мезгіл?
-
Күз мезгілінің айларын атайықшы.
Мұғалім тақтаға жазады: қыркүйек, қазан,
қараша.
|
Оқушы оқу құралдарын алып, сабаққа дайын
болу.
Оқушылар топқа бөлінеді. Топ мүшелері
араларынан өздеріне топбасшы сайлап алады.
Әр топ өзіне ат қойып,не үшін солай
атағандарын айтып береді.
|
Қызығушылығын ояту
|
«Ой қозғау»
Балалар, өткен сабақтарды еске түсірейік.
Сендерге сұрақ беріледі.
І топ: Сөйлем дегеніміз не ?
ІІ топ:Айтылу мақсатына қарай нешеге
бөлінеді?
ІІІ топ: Құрамына қарай ше?
Жауаптарына қарай оларға фишка таратылып
отырады.
|
Топтық жұмыс:
Ережелерді еске түсіреді, мысалдар
келтіреді.
|
Мағынаны тану
|
Балалар, жаңа өздерің айтқандай қазір күз
мезгілі. Енді «Күз» тақырыбына шағын мәтін құрайық..Әр топ бір сөйлемнен
айтайық.
Мұғалім оны тақтаға жазады. (мұғалім жай
сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрап, жазады.)
Мысалы: Күз түсіп, күн суыта бастады. Осылай
сөйлем құрауға бола ма?
Оқулықпен жұмыс: түгел назарларыңды оқулыққа
аударыңдар. 13-жаттығу. Екі бағанда сөйлемдер берілген.
Сөйлемдерді салыстырып болған соң,
оқушыларға сұрақ:
Осыдан қандай ой түйдіңдер?
Ережеге көңіл аударыңдар. Бірнеше оқушыға
оқытып, жаттап алу тапсырылады.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен
құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
14-жаттығу. Негеш пен Білгішбектің диалогын
оқыту
15-жаттығу. Мәтінді оқу, мәтіндегі
сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін айту.
Жаттығуды көркем жазу ретінде ұсыну.
16-жаттығу сендердің есте сақтау
қабілеттеріңді байқау барысында беріліпті.
Қай топтың оқушылар тез жаттап, жазып шығады
екен.
|
Топта талқылау жүргізу:
Оқушылар сөйлемдерді салыстырады.
Бір-бірінен өзгешілігі неде екенін айтып береді. Бағанның екі жағындағы
сөйлемдердің әрқайсысы қанша ой берілгенін анықтайды, олардың тыныс
белгілеріне көңіл бөледі.
Оқушылар топта талқылап, қорытынды ойларын
жеткізеді.
Ережені оқушылар оқып шығады. өз ойларымен
салыстырады.
Оқушылардың бірі Негеш, бірі Білгішбек болып
оқиды.
ІІІ топ: қорытынды жасайды.
Оқушылар көркем етіп жазады, құрмалас
сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігін айтады.
«Түн» өлеңін мәнерлеп оқиды, неше құрмалас
сөйлем барын анықтайды. Бірінші шумағын жатқа жазады.
|
Ой толғау
|
Ойын: «Жалғасын тап..» шарты: мұғалім құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін оқиды, оқушылар
келесі бөлігін табады.
Аспан бұлттанып, .....
Асыл мектепке келіп, ....
Жұмыс көп болғандықтан,...
Алыстан арбалағанша,...
Еңбектің наны тәтті, ...
Білекті бірді жығар,..
Қына тасқа бітеді,...
Оқу білім бұлағы,...
17-жаттығу. Ребус шештіру. Егер ребусты
дұрыс шешсең, екі жай сөйлем шығады.
Балалар, бүгін біз не
үйрендік? Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын
|
Топ мүшелері топта ақылдаса отырып, жауап
іздейді.
Оқушылар ребусты шешеді. Жай сөйлемдерді
құрмалас сөйлемге айналдырып жазады.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.