Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Сабақ жоспар "Өсімдіктердің тыныс алуы"(6-сынып)

Сабақ жоспар "Өсімдіктердің тыныс алуы"(6-сынып)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Қырық құдық ауылы орта мектебі













Сабақ жоспар



Тақырыбы: Өсімдіктердің тыныс алуы.
















Биология және химия пән мұғалімі: Абилова Ғазиза Исматовна






















2015-2016 оқу жы

Оқу ісінің меңгерушісі: Айгисова С.Е. ____________


Сабақ№_27_ Сыныбы___6___ Күні_9.12.2015 ж._

Тақырыбы: &27 Өсімдіктердің тыныс алуы.

Сабақтың мақсаты:  Білімділік – өсімдіктердің тыныс алуы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық – оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін,есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.  

Тәрбиелік – оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге және ұқыптылықпен тазалыққа , жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:Оқулық,тақта,кесте.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру (Сәлемдесу,түгендеу)

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Фотосинтез қандай процесс?

2. Қант жапырақтың қай бөлігінде түзіледі?

3. Жапырақтың фотосинтез жүретін бөлімі қандай ұлпаға жатады?

4. Крахмалдың жарықта түзілуін қайсы тәжірибемен көрсетуге болады?

5. Фотосинтез кезінде оттегі бөлетінін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер.

6. Табиғатта және өсімдік ағзасында тыныс алу мен фотосинтез қалай байланысқан?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Барлық жасушалар және тірі ағзалар тыныс алады.Өсімдіктер тыныс алу кезінде оттегін сіңіріп,көмірқышқыл газын шығарады. Өсімдіктерде арнайы тыныс алу мүшелері болмайды.Өсімдік мүшелерінде жиналған заттардың біраз бөлігі – жасушаларды, мүшелерді құруға, тыныс алуға жұмсалады,тыныс алуда негізгі рөлді органикалық заттар атқарады.Жасушалар оттегін сіңіріп, органикалық заттарды ыдыратып, тотықтырады.

Тыныс алу дегеніміз оттегінің сіңірілуі, көмірқышқыл газынының бөлінуі, сонымен бірге оттегін пайдалану арқылы органикалық қосылыстардың тотығуы.

Тыныс алғанда органикалық заттардың біраз бөлігі жоғалады,өсімдіктің салмағы кемиді.Мысалы,тұқым өну кезінде құрғақ затының 3-10%-ы кемиді.Өну үшін сыртқы орта жағдайы неғұрлым қолайсыз болса, тыныс алуға соғұрлым қоректік заттар көбірек жұмсалады.

Тыныс алу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуі мен дамуына жұмсалады. Тұқым өнген кезде энергия жылу ретінде бөлінеді.

Өсімдіктердің тыныс алуына әртүрлі жағдайлардың әсері

  1. Судың әсері. Тұқым құрғақ болса (10-12 % су), баяу тыныс алады. Егер тұқымда судың мөлшері 33 %-ға жетсе, 2 г көмірқышқыл газын бөледі. Сондықтан да тұқымды қоймада сақтағанда оның ылғалдылығы 12-14%-дан аспау керек.Сонда ол ұзақ сақталып,шығымдылығын жоймайды.

  2. Температураның әсері. Температура неғұрлым жоғары болса,тыныс алу соғұрлым жиілейді.Қыстың -20-250 С аязында да өсімдіктердің тыныс алуы тоқтамайды,тек баяулайды. Тұқымдардың тыныс алуы +500 С – та тоқтайды.

Жасуша цитоплазмасындағы нәруыз ұйып қалады.

Қыста төмен температурада сақталған картоп түйнектерінің тыныс алуы баяулайды. Қанттың қорға жиналуы тоқталмайды.Көп сақталған картоптың дәмі тәтті болатыны сондықтан.

  1. Жарықтың әсері. Өсімдікке жарық жеткілікті болса, тыныс алу жылдамдайды. Тыныс алуға қарама-қарсы фотосинтез процесі де қатар жүреді. Жасыл өркендерді қараңғы жерге қойса, көмірсулардың жетіспеуінен тыныс алу қарқыны күрт төмендейді.

  2. Улы заттардың әсері. Улы заттар атмосферада көбейіп кетсе,өсімдіктерді уландырады. Тыныс алуы бәсеңдейді.

Ауаның ластануы өсімдіктің тыныс алуына әсері


Ауа қандай заттармен ластанады? 1. Жер шарындағы барлық тірі ағзалардан бөлінетін көмірқышқыл газының көбеюі. 2.Өндірістер мен өнеркәсіптерден бөлініп шығатын қалдық заттар,түтіндер.3.Автокөліктердің түтіні.4.Түрлі ауру туғызатын зиянды микробтар. 5.Химиялық жасанды заттардан бөлінетін улы газдар.


Қоршаған ортаны ластанудың қорғау шаралары:


1.Атмосфераның тазалығына жасыл өсімдіктер көп пайдасын тигізеді.Көгалдандыру жұмыстарын дамылсыз жүргізу.

2. Ескіріп, үлкейіп,өсуі нашарлап кеткен ағаштарды кесу.

3. Өндіріс, өнеркәсіп орындарынан шығатын улы газдарды ауаға таратпай, өзіне сіңіретін желдеткіштерді орнату.

4. Тамырдың түбіндегі топырақтарын қопсытып отыру.

Фотосинтез бен тыныс алудың салыстырмалы кестесі


Фотосинтез кезінде

Тыныс алу кезінде

1.Көмірқышқыл газы мен суды пайдаланады.

2.Нәтижесінде органикалық зат түзіліп, судың ыдырауынан оттегі бос күйінде бөлінеді.

3.Жарық энергиясы сіңіріледі.

4.Тек жасыл өсімдіктердің хлоропластарында жүреді.

5. Тек жарықта ғана жүреді.

6.Өсімдіктің салмағы артады.

1. Органикалық зат пен оттегін пайдаланады.

2.Органикалық зат ыдырап,көмірқышқыл газы мен су бөлінеді.

3.Органикалық заттың энергиясы босап шығады.

4.Барлық тірі жасушаларда жүреді.

5.Күндіз де, түнде де ұдайы болады.

6. Өсімдіктің салмағы кемиді.


ІV. Қорытынды.

V. Сабақты бекіту сұрақтары.

1. Өсімдіктер қалай тыныс алады?Қандай жағдайлар тыныс әсерін тигізеді?

2. Тыныс алу қай кезде жылдамдап,қай кезде баяулайды?

3. Фотосинтез бен тыныс алуды неліктен бір-бірінен қарама-қарсы процесс дейміз?

4. Өсімдіктердің тыныс алуын жақсарту үшін қандай шаралар жүргізу қажет?

5. Тыныс алу кезінде бөлінген энергия қайда жұмсалады?

6. Өнген тұқымы бар ыдыста майшам неге сөніп қалады?


VI. Үйге тапсырма. &27.90-93 бет.











Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2162
Номер материала ДВ-333415
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх