Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Сабақ жоспар 10сынып "Программа даму тарихы"

Сабақ жоспар 10сынып "Программа даму тарихы"

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

СЫНЫБЫ: _____________ КҮНІ: _________________

БЕКІТЕМІН: ____________ МҰҒАЛІМІ: _____________


Сабақтың тақырыбы: Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үдерісі.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Программалау туралы мағлұмат беру, программалаудың даму тарихымен таныстыру.

ә) Тәрбиелігі: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

б) Дамытушылығы: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) үйге тапсырма

е) қорытынды

Жаңа сабақ

Программалау – хабарларды есептеу машиналарының көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты – аппаратты құралдармен басқару. Алғашқы пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын. Олардың бұйрықтары компьютерге түсінікті 1 және 0 символдарының тізбектерінен тұратын. Әр бұйрыққа сәйкес машиналық кодтар арқылы жазылған программалар есептеу машинасының жадына көп талап қоймайды. Сондықтан олар жүйелік программаларды, драйверлерді және трансляторды құруға ыңғайлы. ЭЕМ мен адам арасындағы қатынасты жеңілдету үшін Ассемблер типті программалар құрылды. Айнымалы шамалар символды аттармен белгіленіп, әр бұйрықтың машиналық коды мнемоникалық белгілеулерге ауыстырылды. Ассемблер тілдері аз да болсада адам тіліне ұқсастырылды. ЭЕМ-ді қолдану көпжақты болғандықтан арнайы есептерді шешу үшін түрлі тілдер құрылды. Оған сәйкес программалаушы өз программасында қандай процедураны қолданатынын таңдап және бұл процедураларды іске асыру үшін қандай алгоритм керек екенін алдын ала білу қажет еді. Бұл идеяның пайда болу себебі, есептеулердің алгоритмдік жағынан толығымен зерттелмегендігі. Процедураға бейімделген тілдің мысалы ретінде – Фортран тілін айтуға болады. Бұл тіл бірінші және кең қолданылатын програмамлау тілдерінің бірі. Өзінің қарапайымдылығынан және бұл тілде жазылған программалардың кеңейтілген кітапханаларын құруға түрткі болады. Олардың құрамында көптеген қарапайым процедуралар орын алады. Есептеуші математика аумағында программалау жүйесі процедурадан ауыса бастады. Нәтижесінде күрделі программалардың тиімді құрылуы – берілгендердің дұрыс қолдануын бақылау екендігі анықталды.

Программалық жасақтама дегеніміз – белгілі бір типті есептеуіш машиналар кластарына арналған, олардың аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтығы.

Компьютердегі программалық жасақтама құрамын программалық конфигурация деп атайды. Программалар арасында физикалық буындар мен блоктар арасындағы сияқты байланыс бар көптеген программалар өзінен төмен деңгейдегі басқа программаларға сүйеніп жұмыс істейді. Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың әртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар есептерді дайындап, жөндеуден өткізу, шығару үдерістеріне ыңғайлы, жетілдірілген пайдаланушы интерфейсін береді. Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады:

  • базалық немесе негізгі,

  • жүйелік,

  • қызметтік және қолданбалы.

Программалық жасақтаманың деңгейлері пирамидалық жүйе болып табылады. Әрбір келесі деңгей программалық жасақтаманың өзінен бұрынғы деңгейлеріне сүйеніп, жұмыс істейді. Базалық деңгей – программалық жасақтаманың ең төменгі деңгейі. Базалық деңгей, базалық ақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Ереже бойынша, базалық программалар базалық саймандар құрамына кіреді және тұрақты жадыда сақталады. Енгізу – шығарудың базалық жүйесі – компьютердің бастапқы жүктелуіне жасақтамаларды баптауға және енгізу-шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Ол компьютердің тұрақты жадында орналасқан, бұл негізгі MS-DOS-тың бөлігі емес, бірақ бұнымен тор байланысты BIOS құрамына компьютерлердің құрылғыларын тексеруге, амалдық жүйені монитор мен пернетақта, дискілер, принтермен енгізу – шығару амалдарын орындауға арналған программалар кіреді.

Жүйелік деңгейдің программалық қамсыздануының жиынтығы компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады. Амалдық жүйе ядросының бар болуы – адамның есептеу жүйесі мен тәжірибелік жұмысының мүмкіндігі үшін міндетті шарт.

Қолданбалы программалық жасақтама – әр түрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрылымына төмендегідей ҚПЖ кіреді.

  • Жалпы мақсаттағы ҚПЖ

  • Мәселелік бағытталған ҚПЖ

  • Интегралданған ҚПЖ.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әр түрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар,

  • Мәтіндік редакторлар мен процессорлар

  • Графикалық редакторлар

  • Электрондық кестелер

  • Мәліметтер қорын басқару жүйелері

  • Электронды тұсаукесерлер т.б.

Бекіту кезеңі.

Материалды бекіту мақсатында тұсаукесер жасатуға болады.

Қорытынды кезең.

  • Бүгінгі сабақтан не білдік?

  • Программа дегеніміз не?

  • Программалық жасақтама деген не?

Үйге тапсырма беру кезеңі.

Тақырыпты оқу.

Бағалау кезеңі.

Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгеру, тапсырманы орындау деңгейлеріне байланысты бағалар қойылады.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров314
Номер материала ДБ-057900
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх