Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Сабақ жоспар "Табиғат-әсемдік әлемі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспар "Табиғат-әсемдік әлемі"

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Тақырып: Табиғат – әсемдік әлемі

Құндылық: Махаббат Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірімділік, қамқорлық.

Мұғалiм: Құтыбаева Ш. Сынып: 2а Оқушылар саны: 24


Сабақ мақсаты:Оқушыларды «табиғат», «сұлулық» адамгершілік құндылық туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • Табиғат сұлулығы туралы түсінік беру;

  • Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру;

  • Қоршаған ортаны сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

Интерактивті тақта, суреттер, дәптер, оқулық.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындықтарын тексеру.

  1. Тыныштық сәтi.

Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.

Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Қ.Толыбаевтың «Күн мен гүлдер» атты әңгімесінен оқушылардан түсінік сұрап, мәтін бойынша талдау жұмысын жүргіземін.

  • Гүлдерді, өсімдіктерді кім және қалай оятады?

  • Таңда ұйқыдан оятатын сәттеріңді естеріңе түсіріп, айтып беріңдерші?


Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

Ф.Оңғарсынованың «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» деген қанатты сөзінің оқушылардан мағынсын қалай түсінетінін сұрап, талдау жұмысын жүргіземін. Соңынан оқушылардың ойын толықтырып, түсінік беремін. Қанатты сөзді жаттатамын.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды топқа бөліп, тапсырма беремін.

І-топ: Мәтіннен түсінгендеріңді суреттеп бейнеле.

ІІ-топ:Суретті құрасытырып, сурет бойынша әңгіме құрастыру.

ІІІ-топ: Табиғат жайлы 1 шумақ өлең құрау.

ІҮ-топ: Табиғат туралы мақал – мәтелдер айту.


  1. Топпен ән айту.

«Жас дәуірдің түлегіміз» әнін топпен айту


  1. Үй тапсырмасы.

Үйге тапсырма ретінде Оқулықта берілген «Өсиет» әңгімесін оқып, мазмұнын айту.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенім білдірейік. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.




Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров265
Номер материала ДВ-550820
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх