Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Сабақ жоспары Қағазды жырту тәсілі

Сабақ жоспары Қағазды жырту тәсілі

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қағазды жырту тәсілі.


Мақсаты: Оқушыларға қағазбен жұмыс жасау білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

Білімділігі: Оқушыларға түрлі түсті қағаздармен жұмыс жасату,білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру, қызығушылығын арттыру.


Дамытушылығы: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау .


Тәрбиелік: Біткен бұйымды талдап, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.Тазалық гигиеналық талаптарды орындауға дағдыландыру, қауіпсіздік ережесін естеріне салу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаз, желім,

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс , жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.(2-мин)

А)Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу.

Ә)Оқушылардың сабаққа керекті құрал жабдықтарын түгелдеу.

Б)Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық.(3 мин)
Біз өмірдің гүліміз.

Зеңгір көктен,

Нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.


Жайнап өскен,

Жайдарлы өскен,

Біз өмірдің гүліміз.


Бал достыққа,

Жолдастыққа,

Шақырады әніміз,


Тыныштықта,

Жолдастыққта

Бақыттымыз бәріміз.

«Қызғалдақтар» тобы
Келіпті көктем
Көрікті неткен!
Қызғалдақ гүлдеп,
Күн нұрын төккен.



«Көбелектер» тобы
Іздеп - іздеп не керек,
Таптым бір гүл керемет.
Гүл дегенім бірақ та,
Болып шықты көбелек.



II.Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары.(4-мин)

  1. Аппликация дегеніміз не?

  2. Оригами қандай тәсілмен жасалады?

  3. Коллаж – дегеніміз не?

  4. Матаны жапсыру үшін қандай желім қолданамыз?


ІІІ. Жаңа сабақ: (4-мин)

1.Біз негізінен, қағазды бөліктерге бөлу үшін қайшыны пайдаланамыз.

2.Ал бүгінгі жұмысты орындау кезінде біз қайшыны пайдаланамыз.

3.Көлдегі қаздар аппликатциясын қағазды жырту тәсілі арқылы жасаймыз.

4.Сонымен біз түрлі түсті қағаздармен жұмыс жасаймыз.

5.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.


ІҮ. " Миға шабуыл ".(4мин)

І - топ: Қайшының жақсы жағы І – топ; Желімнің жақсы жағы.

ІІ – топ: Қайшының жаман жағы ІІ –топ: Желімнің жаман жағы



Ү. Сабақты меңгерту.(10-мин)

Жұмыстың орындалу барысы.

Ал балалар өткен сабақтың бәрінде қайшы қолданатынбыз, бүгінгі сабақта қайшы қолданбаймыз.

1. Басқа түсті қатырма қағаздың бетіне шетінен жиек қалдырып,ақ түсті қағаз желімде.

2.Көк түсті қағазды бір неше қабаттап бүктеп шық. Бүгілген сызық бойымен қағазды жыртып ал.

3.Ақ қағаздың бетіне көк түсті қағаз жолақтарын желімде Бұл жолақтарды желімдегенде, жолақтардың астыңғы жиегі мен екі шетіне ғана желім жақ.

4.Суретте көрсетілген ретпен бірнеше қаз жаса.

5.Қағаздың жоғарғы жағына сұр түсті қағаздан жыртып, бұлтты желімде.

6.Дайын қағазды көл бетіне орналастыр.


ҮІ. Сергіту сәті (2мин)


ҮІІ. Постермен жұмыс (10мин)


ҮІІ. Сабақты қорытындылау: (2мин)

1.Қағаздың қасиеттерін есіңе түсір?

2.Қағазды қайшымен қию және қолмен жырту тәсілдерін салыстыр?


ҮІІІ. Рефлексия (2 мин) Бағдаршам


ХІ.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау, бағалау. (2 мин)


























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.03.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров161
Номер материала ДВ-536734
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх