Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ жоспары "Абай және эстетикалық тәрбие"

Сабақ жоспары "Абай және эстетикалық тәрбие"

Скачать материал

Жұматаева Зибагүл Жұмағалиқызы-  қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Тұрағұлова Балжұма Темірбекқызы- педагогика пәні оқытушысы

Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік- гуманитарлық колледжі

 

Сабақтың тақырыбы: Абай және эстетикалық тәрбие.

Сабақтың мақсаты:

1.     Абай Құнанбаев шығармаларын талдау арқылы ағартушылық көзқарастарын дәлелдеу, нақты мысалдар келтіру арқылы эстетикалық тәрбие туралы ойларын талдау.

2.     Өлеңдерін, қара сөздерін талдау арқылы оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін, коммуникативті және қолданбалы қабілеттерін дамыту.

3.     Абай шығармаларының өміршеңдігін насихаттау, қызығушылығын ояту, әсемділікке, әдемілікке, өнерге баулу.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, педагогика, психология, ән

Сабақ типі: білім, іскерлік, дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақ түрі: біріккен сабақ.

Әдіс- тәсілдер: репродуктивті, проблемалық баяндау, көрнекілік, т.б.

Көрнекілік: интерактивті тақта, Абай портреті, еңбектері, бағалау парағы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: (амандасу, сабақ мақсатымен таныстыру, бағалау

                                          парағы мен кері байланыс парағын үлестіру)

ІІ. Миға шабуыл немесе қызығушылықты ояту.

    Мақсатымыз өткенді еске түсіру, қайталау. (көмекшілер өткізеді)

-         А.Құнанбаев кім?

-         Қандай шығармаларын білесіңдер?

-         Тәрбие дегеніміз не? т.б.

ІІІ. Графикалық тест. (интерактивті тақта арқылы жүргізіледі)

 


А)                         В)                     С)                        Д)                          Е) 

1. Өмірдегі, өнердегі әсемдікті, сұлулықты көре білу, одан ләззат алу.

А) эстетикалық тәрбие;                            Д) адамгершілік тәрбие;

В) еңбек тәрбиесі;                                     Е) жыныстық тәрбие;

С) дене тәрбиесі;

2. Эстетикалық тәрбие құралына жатпайтыны қайсы?

А) спорт;                                                   Д) әдебиет

В) табиғат;                                                Е) музыка

С) өнер;

3. «Адам ата- анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады….» Абайдың нешінші қара сөзінен үзінді?

А) 7                      В) 19                    С) 31                    Д) 25                   Е) 33

4. «…Бес нәрседен қашық бол,

         Бес нәрсеге асық бол

         Адам болам десеңіз»- Абайдың қай өлеңінен алынған?

А) «Интернатта оқып жүр»;

В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;

С) «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»;

Д) «Ғылым таппай мақтанба»;

Е) «Сегіз аяқ»

5. Абайдың шәкірттерінің бірі

А) Сұлтанмахмұт;                           Д) Шәкірім;

В) Міржақып;                                  Е) Мағжан;

С) Көкбай;

-         Балалар қандай сан шықты? (4)

-         4 санына байланысты не білеміз?

Төрт тұлға: 1. От. 2. Су. 3. Жел. 4. Жер.
Төрт құбыла
: 1. Шығыс. 2. Оңтүстік. 3. Батыс. 4. Солтүстік.
Төрт маусым
: 1. Көктем. 2. Жаз. 3. Күз. 4. Қыс.
 Төрт түлік
1. Түйе пірі – Ойсыл қара. 2. Жылқы пірі – Қамбар ата.
3. Сиыр пірі – Зеңгі баба.
  4. Қой, ешкі пірі – Шопан ата, Шекшек ата.
Төрт мұрат
:         Дау мұраты – біту.

Саудагер мұраты – ұту.

Қыз мұраты – кету.   

Жол мұраты – жету. (Сырым батыр).

Төрт қорлық:        Шақырылмаған жерге бару.

  Бейбастық сөйлеу.

  Дұшпаннан жәрдем күту.

  Сараңнан қажет сұрау.

4 жыл мезгілі: Қыс, көктем, жаз, күз

ІV. Практикалық жұмыстар:

А) Сызбамен жұмыс.

-         Балалар, табиғат қандай тәрбиенің құралы? (эстетикалық)

-         Эстетикалық тәрбие дегеніміз не? (сызбамен жұмыс)

                                         Эстетикалық тәрбие

 

Табиғаттағы әдемілік                                      қолдан жасалған әдемілік

Ә)  Ертегі құрастыру.

-         Эстетикалық тәрбие құралдарына тағы не жатады?

-         Өнер, әдебиет.

-         Ендеше ауыз әдебиетінің үлгісі- ертегі құрастырайық. (тәрбие, оның құралдары жөнінде ертегі құрастыру)

Б) Өлеңдерін талдау.

-         Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі- табиғат. Ол байқампаздықтың, қиялдың дамуына әсер етеді. Эстетикалық талғамды жетілдіріп, бекіте түсу үшін табиғат көріністерінің сүлулығы жырланған шығармаларды кеңінен пайдаланған жөн. Жыл мезгілдеріне байланысты бейнематериалдарды көре отырып, Абайдың «Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдерін талдау.

-         Ұлы Абай әр жыл маусымына арнап жазған өлеңдерінде табиғаттың құбылыстарын, әсем көріністерін адамдар арасындағы қатынастармен, күнделікті өмір тіршілігімен байланыстыра отырып шебер суреттеген. Абайдың бұл өлеңдерінен басқа табиғат жыршыларына ұқсамайтын, өзгеше стильдік өзіндік үнді, тек Абайға тән сарынды байқауға болады.

V. Топпен жұмыс.

1-    топ: Жыл мезгілдеріне, эстетикалық тәрбиеге байланысты мақал- мәтелдер, жұмбақтар жазу.

2-    топ:  Рөлдік ойын.  Абайдың «Он жетінші» қара сөзін көрсету.

3-    топ: «Эстетика». «Әдебиет» тақырыбына байланысты Абай афоризмдерін жазу.

4-    топ: Еркін хат. «Абайға хат»

-         Эстетикалық тәрбиенің тағы бір құралы- музыка. Абай ақын ғана емес, сазгер де. Абайдың қандай әндері бар еді?

(1 әнін орындау)

VІ. Қорытынды.

-         Сонымен, Абай- халық қамқоры, ақылшы ұстазы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтсақ «Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

-         Енді кері байланыс парағын толтырамыз.

-         Сабақтың типі, түрі қандай болды?

-         Қандай әдіс- тәсілдер қолданылды?

-         Сабақта не істедіңіз?

-         Не үйрендіңіз?

 

VІІ. Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушылар өзін- өзі бағалайды.                    

 

 

Бағалау парағы

 

 

Аты- жөні

тапсырмалар

Жалпы баға

 

 

1

2

3

4

5

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Абай және эстетикалық тәрбие""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 657 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.01.2016 1498
    • DOCX 52 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турагулова Балжума Темирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53295
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 515 человек из 67 регионов