Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары. Абайдың Ескендір поэмасы
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Сабақ жоспары. Абайдың Ескендір поэмасы

библиотека
материалов

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,
Шонжы ауылы, Е.Жуаш көшесі 51

Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
 
Сатбекова Гульшат

gsatbekova85@mail.ru


Күні: 23.02.2016 Сабақ: 64 Пәні: әдебиет Сынып: 9

Мектеп: «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мұғалім: Сатбекова Гульшат


Тақырыбы: Абайдың «Ескендір» поэмасы

Сабақ негізделген оқу мақсаты: көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.

Күтілетін нәтиже: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының түсініксіз жерлерін айқындайды.

Ақпарат көздері: оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Түйінді идеялар: оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта отырып Абайды түсініп оқып, ойға түйе білу.

Ресурстар: Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. Екі жұлдыз бір тілек.


Ұйымдастыру кезеңі

- оқушыларды ұйымдастырады

- топтастырады

- үй тапсырмасын тексереді

- жаңа сабақ түсіндіру

Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сабағымызды бастайық.
Топ мүшелері,
Масғұт, Ескендір, Әзім әңгімесі деген атпен үш топқа бөлінеді. Алған білімдерін жинақтау мақсатында ыстық орындық стратегиясын қолданамыз. Сұрақтар «әр командадан бір оқушы шығады сұрақтар қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек).
Масғұт тобына:
1. Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)
2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
3. Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)
4. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)
5. Абайдың жеті атасын атаңыз. (Құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)
6. Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
Ескендір тобына:
1. Абайдың ең момын, жуас атасы (Айдос)
2. Абайдың руы. (Тобықты)
3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
4. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)
5. «Медғат - Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)
6. Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)

Әзім әңгімесі тобына:
1. Абайдың «қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі Қаражанға)
2. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
3.
Абайдың «Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма!...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (Мағауияның өлімі)
4. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
5. Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)
6. Абайдың орыс досы. (Михаэлис)


Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ... Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер. Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.

«Миға шабуыл» стратегиясы

1. Поэма дегеніміз не? ("Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады)

2. Абайдың неше поэмасы бар? 3

ДЖИГСО әдісі арқылы жаңа сабақты меңгерту

«Ескендір» дастаны
1. Авторы – Абай Құнанбаев
2. Тақырыбы – Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.
3. Жанр түрі – поэма (дастан)
4. Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
5. Шумақ саны – 42
6. Тармақ саны – 168
7. Буын саны – 3 бунақты
8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы
9. Шығарманың композициялық құрылысы:
9. 1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
9. 2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
9. 3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
9. 4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
9. 5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
10. Шығарма кейіпкерлері
Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі - Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.
Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке - дара», «хакім адам» деп бағалайды.
Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
  • «Сөздер сөйлейді» стратегиясы (1 минут)

Сөздердің мағынасын ашу.

  • Хакім- ғалым

  • Данышпан – оқымысты

  • Иман – дін, Алланы мойындау

  • Ғибрат – үлгі

  • Аран – көз тоймау

«Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Үш топ кубикті пайдаланып, екі тапсырмадан алады.

1-қыры: «Ойланыңыз».

Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.

2-қыры: «Зерттеңіз».

Зерттеу сұрақтары:

1. «Абай «Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды» - деген пікірді қалай түсіндіресіздер.

3-қыры: «Қолданыңыз».

«Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.

4-қыры: «Суреттеңіз». Поэмадағы

Ескендір бейнесін суреттеңіздер.

5-қыры: «Салыстырыңыз».

Абайдың «Ескендір» поэмасы мен қарасөзін салыстырыңыздар.

6- қыры «Талдаңыз».

«Ескендір» поэмасына

талдау жасаңыздар.

4-тапсырма.

1. Өсиет (ақыл сөз) - қандай сөздер еді?

2. Поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.

3. Мифологиялық образдарды табыңыздар.

«Екі жақты бақылау күнделігі» стратегиясы.


Долдықпен хан Ескендір ашуланды,

Ашуланып қақпаға жетіп барды.



Қанша алтынды күміспен салсадағы,

Бір кішкентай сүйекті аудармады



Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?



Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,

Толмас көзің толар деп қайғы жеме





Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себепті оқудан, білуге құштарлықтан, ізденуден жалықпайық .

Рефлекция.

INSERT картасы

Үйге тапсырма

1. Поэмадан үзінді жаттау.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-044824

Похожие материалы