Инфоурок Начальные классы Рабочие программыСабақ жоспары "Абылай" 4класс

Сабақ жоспары "Абылай" 4класс

Скачать материал

№20

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Болар бала жасынан. М. Мәжікеев

   Сабақтың мақсаты:

1.     Мәтінді түсініп оқу арқылы оның идеясын ашуға жағдай туғызу.

2.     Мәтінді өз бетімен, топта құрастыру арқылы зерттеп, шығармашылық

дағдыларын шыңдау, оқушының белсенділігін арттыру.

3.     Білуге, зерттей оқуға мүмкіндік бере отырып, айналасындағылардың

пікірін тыңдап, оған құрметпен қарауға, ұқыптылыққа үйренуге талпындыру.

   Сабақтың көрнекілігі: хрестоматия, бор, тақта, плакат, суреттер, Ә. Қастеевтің «Амангелді сарбаздары» картинасы.

 

   Сабақтың барысы:

   I. Қызығушылықты ояту.

   Ә. Қастеев шығармасын тақтаға ілу.

   - Суретке жақсылап қараңдар (1 минут).

   - Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

   - Олай деп айтатындай не көріп тұрсыңдар?

   - Сурет ортасындағы ақбоз атты адам туралы не айтуға болады? (Сипаттау, оқушыларды сөйлету.)

   - Бұл адам туралы тағы не айтуға болады?

   Оқушылар суреттегі батырдың бейнесін танып, Амангелді Иманов туралы әңгімелейді.

   Сурет бойынша қорытынды сөз.

   II. Мағынаны тану.

   - Балалар, батыр болсын, ақын, ғалым болсын - барлығы да бала болған. Олар да сендер сияқты ойнаған. Ал сендер бос уақыттарыңда қандай ойын ойнайсыңдар?

   Оқушының еркін әңгімесін тыңдау, қорытындылау.

   - Ұлт азаттығы үшін күрескен батыр Амангелді Имановтың балалық шағы туралы білгілерің келсе, «Болар бала басынан» деген мәтінді құрастырып шығарыңдар.

   Оқулық жабық тұрады. Оқушыларға мәтін бөліктері үшке бөлінген түрінде таратылады. Ол үшін оқушылар 1, 2, 3-ке дейін санап, біріншілер тобы - 1-топ, екіншілер - 2-топ, үшіншілер - 3-топ болып отырады.

   Мәтінді топпен іштей оқып, басаяғын тауып, орналастырады. (Мұғалім топ жұмысын бақылап жүреді, орналасуын байқайды.)

   1-топ өздері тапқан 1-бөлігін мәнерлеп оқып береді, 2-топ 2-бөлігін оқиды, 3-топ соңғы бөлігін оқиды.

   Әр топ мәтін ретінің осылай қойылу себебін түсіндіреді.

   - Сонымен, мәтіндегі әңгіме кім туралы екен?

   Амангелді Иманов - ұлт азаттығы үшін күрескен қазақ батыры... Қысқаша дерек беру. Енді әр бөлімге ат қою. Мысалы:

1.     Бала ойыны

2.     Асау құнан

3.     Құнан үйрету

   - Мәтінде Амангелдінің өмірімен байланысты қандай адамдар есімі аталады? (Зерттеп іздену.)

   Мәтіннің 1-бөлімімен жұмыс:

   - 5 жастағы Амангелдінің ойынын автор қалай сипаттаған?

   - Әлжан қарттың әңгімесінде Байсақал байдың ауылы неге аталды?

   - Таутабай неліктен мырза атанған?

   Осы ретпен мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға негіз болатын сұрақтар талданады.

   - Құнанның мінезі немесе Амангелдінің батылдығы қалай суреттелген?    - Амангелді бұл кезде неше жаста болуы мүмкін?

   - Баланы неліктен «жетімек» деді? (Әкесі ауру еді...)

   - Амангелдіні менсінбеген Таутабай қалай ұялды?

   Қажет дерек

   Асау үйрету - қазақ тұрмысындағы қызық кәсіп. Бір ауылда бір-екі немесе бірнеше адам ғана асау аттарды мініске үйрету шебері болған. Асау үйретушіге әдіс-тәсілмен қатар ептілік, күш-қайрат, жүректілік те керек.

   - Амангелді қандай бала? (Тақтада топтау)

   Хрестоматиядан Амангелді туралы қосымша мәтіндерді оқып, батырдың бейнесін топтау арқылы ары қарай толықтыру.

   III. Ойтолғау.   

   Cыныптас немесе ерекше мінез-қылығы бар достарың жайлы «Болар бала қандай болады?» атты эссе жазу.

   Үйгс тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№17

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім. Несіпбек Айтов

   Сабақтың мақсаты:

   1. Өлеіңнің идеясын ашу арқылы тіл мәселесіне мән беріп, өмірмен байланыстыру.

   2. Өлеңді тіл ерекшеліктеріне мән бере талдау, балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу. Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.

   3. Өзін-өзі тану, сыйлау ұғымдарының терең мағынасының бірі - ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беріп, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

   Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, қосымша материалдар, маркер, плакат.

 

   Сабақтың барысы:

   I. Қызығушылықты ояту. Оқушылар топқа бөлініп отырады.

   - Біздің ана тіліміз қай тіл?

    Өз тіліңді қалай дәіптер едің?

   Тақтаға немесе плакатқа оқушылардың пікірлері (көк маркермен) жазылады. Мысалы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 


   Ескерту. Балаларға өз ойыңызды таңудың қажеті жоқ екенін ұмытпаңыз.   

   1-топ ана тілін отбасында қалай қолданатындары туралы қысқаша эссе жазу.

   2-топ ана тілінде өлең-жыр білетіндерін көрсету.

   3-топ ана тілі өзінің білім алуына қажетті тіл екенін жазу.

   Жазу жұмысы аяқталысымен, көршімен дәптер алмасу. Оқушылардың бірнеше эсселері оқылып, жұмыстары қорытындыланады.

   - Балалар, сендердің ана тіліне арнап жазған сезімге толы эсселеріңді тыңдап, таңданып тұрмын. Ал ақын ағаларың Н. Айтов ана тілі туралы өз сезімін қалай білдірген екен? Мүмкін, сендердің жазған ойларыңа ұқсас жақтары да болар. Ақынның да балаша ойлайтын кездері болады. Оқығыларың келе ме?

   II.     Мағынаны тану.

   Ақын Н. Айтовтың «Ана тілім» өлеңін оқып, мазмұнын түсіну.

   Сұрақтар:

-         1-шумақта ақын өз тілін білмейтін адамның сезімін қалай суреттеген?

-         2-шумақта ана тілін қалай сипаттаған?

   - Ана тілі арқылы адам қалай өседі? Оқушылардың пікірін тыңдап, қорытындылау.

   Сұрақтар:

   - Ақын өлеңінде ана тілім сөзінен кейін неліктен тыныс белгісі қойылған?

   - Өлеңде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген?

   Бастапқы топтауға қайта оралу. Оқушылар өлеңге қайта үңіліп, оқу арқылы мөлшермен мынандай көркем сөздерді (қызыл маркермен) жазады:

   бақ тілі, дана тіл, пәк тіл, бесіктегі ән, алтын ұя.

   Топтау кестесін пайдаланып, жұмысты қорытындылау.

   -Біздің ана тіліміз ақын мен сендердің мадақтарың арқылы көкке көтерілді. Тіл туралы жазған ақындарды естеріңе түсіріңдер...

   - Балалар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында былай деп жазылған: (Плакат немесе интерактивті тақтада жазылған).

   «1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі».

   Ендеше, барлығымыз өз ана тілімізде сөйлеуге міндеттіміз.

   Өз тілін білмейтін адамдар туралы әңгіме де сабақтың бірінші кезеңінде айтылуы мүмкін. Себебі онда отбасында тілді қолдану туралы эссе жазылғандықтан, бұл мәселені мұғалім қорытындылап кетеді.

   III. Ойтолғау.

   - Балалар, бүгінгі сабақта сендер ана тіліне деген сезімдеріңді қалай жеткіздіңдер?

   - Ана тілі арқылы.    

   - Ойларыңды қалай жеткіздіңдер?

   - Ана тілі арқылы.    

   - Мен сендердің тамаша ойларыңды, сезімге толы шығармаларыңды қалай ұқтым?

   - Ана тілі арқылы.    

   - Олай болса, ана тілінің ғажап күші мен өміріміздегі орнына ештеңе жетпейді екен!

   Ана тіліне арнап 4 немесе «5 жол өлең» құрастыру тапсырылады.

   Сабақ мақал-мәтелдермен өрнектеліп, тіл мерекесімен байланыстырыла өткізілсе, мазмұндылығы байи түспек. Тіл тазалығын сақтамайтын адамдардың сөздерінен мысал келтіре отырып, бұрыс сөйлеудің мәдениетсіздік екенін байқату үшін, күлдіргі сахналық «Бұрыс тілділер» атты қойылым ұйымдастыруға болады. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақ жоспарына өзгеріс енгізу мұғалімдердің белсенділігіне байланысты.

   Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№19

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мұғалім. Нұрхан Жанаев

   Сабақтың мақсаты:

1.     Өлең мазмұны мен идеясын түсінуге мүмкіндік беру.

2.     Өлеңді өз бетімен талдау арқылы кейіпкер бейнесін талдауға үйрету.

Прозалық кейіпкердің поэзиялық кейіпкерден айырмашылығын аңғаруға алғашқы әрекеттер жасау.

3.     Ашық әңгіме, бүкпесіз ой арқылы тіл дамуына, ой еркіндігіне мүмкіндік

беру. Осы арқылы оқушылардың барлығын белсенді әрекетке ұмтылдыру.

   Сабақтың көрнекілігі: тақта, бор, бір күн бұрын тапсырылған өз мұғалімдерінің бейнесі салынған портрет, шығарма, арнау өлең, тілек, т.т. тақтаға көрме ретінде қою.

 

   Сабақтың барысы:

   Ұйымдастыру кезеңі.

   Үй тапсырмасын пысықтау.

   I. Қызығушылықты ояту.

   а) Балалар тақтада жазылған: Сабақ, Мұғалім, Қоңырау, Оқушы деген топтарға бөлініп отырады.

   - Осы сөздерді мәтін шығатындай ретпен қалай қояр едіңдер?

   Мысалы: 1. Қоңырау. 2. Оқушы. 3. Мұғалім. 4. Сабақ.

   Оқушылар бұлай қойылу ретін түсіндіреді. Ауызша сөйлемдер құрастырады.

   - Балалар, осы мәтіндегі басты кейіпкер кім болар еді деп ойлайсыңдар?

   - Мұғалім.

   - Неліктен мұғалімді алдыңдар?

   - Себебі қоңырау соғылса да, мұғалімсіз сабақ басталмайды.

   - Мұғалімсіз мектеп болмайды...

   Оқушылардың ойы осы идеяға әкелетіні сөзсіз. Бірақ оқушының ойына мұғалім өз ойын таңбауы тиіс. Бұл әңгіме - жаңа сабаққа шығаратын көпір.

   ә) Немесе мектеп, қоңырау, оқушы бала, мұғалім бейнесін сызба суреттер арқылы тақта, плакатта көрсетіп, осы суреттер бойынша мәтін құрастырып, мәтінге тақырып жазып, ол мәтіндегі бас кейіпкер кім екенін анықтатып, әңгімелету. Бұл жерде ешқандай шектеу жоқ болғандықтан, оқушының шығармашылық мүмкіндігіне кедергі болмауы керек. Сондықтан кейбіреуі «5 жолды өлең» жазуы да мүмкін.

   Плакатқа салынатын сызба-бейне: Мектеп, қоңырау, мұғалім, бала.

   II.     Мағынаны тану.

   - Олай болса, ақын Н. Жанаевтың «Мұғалім» өлеңіндегі басты кейіпкерімен танысайық.

   Іштей оқу.

   Өлең кімнің атынан жазылғанын анықтау.

   Өлеңдегі шәкірт ойын ашып беру.

   - Ақын мұғалімге деген халық құрметін қалай білдіреді? Өлеңнен үзінділер оқылып, пікірлері дәлелденеді.

   - Шәкірт үшін мұғалім кім?

   - Оқушы ұстазына қандай серт береді?

   Әр топ өлең шумақтарына ат қояды.

   Мысалы: 1. Мұғалімге тағзым.

1.     Қамқоршы.

2.     Өміріме үлгі.

3.     Орындалар арман.

III. Ойтолғау.

   - Балалар, өздерің айтқандай, халқымыз мұғалімді құрметтеген. Мұғалімге арналған қандай ән білесіңдер? Бұл әнді білмейтін адам жоқ деп неге айтамыз? («Ұстазым» әні.) Хормен 1 шумақ ән айту.

   - Осы мүшлім деген сөздің мағынасын тағы қандай сөздермен айтуға болар еді? (Дәптерге жаздыру). Ұстаз, оқытушы, апай, ағай немесе аты-жөнімен.

   - Сендер өз мұғалімдеріңді қалай атағыларың келеді? Таңдауларың туралы қысқаша эссе жазыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№7

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі. Алтай Аманжолов

   Сабақтың мақсаты:

1.     Әке тәлімі өмірлік тәжірибесі мен теорияны ұштастыра білуге, қолайсыз

жағдайдың, қателіктің алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін тәрбиенің бірден-бір көзі екенін үғына отырып, әңгіменің негізін түсіне білуге жол ашу.

2.     Сыни тұрғыда ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай тұғызу.

(Қорытынды жасау , салыстыру, толықтыру, негізгі ойды түйіндеу, сипаттау, алған білімін жаңа жағдайларда пайдалана білу қабілеттерінің дамуы.)

3.     Еңбексүйгіштікке, өмірдің әртүрлі жағдайларына дұрыс көзқараспен

қарауға, үлкендерді сыйлау, құрметтеу керектігін түсінуіне мүмкіндік беру.

   Сабақтың көрнекілігі: Автор суреттері, нақыл сөздер, әңгіменің желісімен салынған сюжетті сурет, кемпірқосақтың суреті (әр топтың алдына жеке-жеке), түрлі түсті мойынорағыштар (кемпірқосақ түстес жұқа маталар), интерактивті тақта.

 

   Сабақтың барысы:

   Ұйымдастыру кезеңі.

   Ұй жұмысын қорытындылау.    

   Жаңа сабаққа көшу сатысы.

   - Балалар, бүгін сендермен өмірімізде кездесетін әртүрлі қиын жағдайлар туралы әңгімелеспекпіз. Бұл ешкімге құпия емес, әрқайсысымыз осы өмірімізде төбелес немесе ұрыс ортасында, күш қолдану жағдайында, жанжалдасу, түрлі айқай-шудың арасында болған кезеңдер, тіпті қатыспаған жағдайдың өзінде, көзбен көрген кезіміз болды. Және бұл жағдайлардан әрқайсысымыз әртүрлі шешім тауып шығып кетіп жүрдік.Тіпті кейбіріміз шешімін таба алмай талай дал болған кездеріміз де болған шығар.

   I. Қызығушылықты ояту.

   Белгілі бір жағдайға баға беріп, дұрыс шешімін табуға көмек беру үшін, оны сырттай бақылап және ол жағдайды жан-жақты, әртүрлі бағытта байқау керек. Ол жағдайды қарастырудың қанша жағын тапсаң, оны соншалықты жақынырақ танып, өзің үшін соншалықты көбірек мәлімет алуға жағдай: туғызасың, дұрыс шешімін табуға мүмкіндік аласың.

   Қазір біз осындай оқиғаны қарастырамыз. Және бізге дұрыс шешімін
табу үшін алдымыздағы кемпірқосақ көмектеседі. Ал сендер кемпірқосақ
қа
й кезде шығатынын білесіңдер ме?     

   II.     Мәтінді тану.

   Мәтінді оқымас бұрын автор жайында қысқаша мәлімет беріп өту. Тақырыбына «Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасау.

   - Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін? Олай ойлауыңа не себеп болып тұр? Нені негізге алып отырсың?

   Мәтінді «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушыларға тізбектеп оқыту.

   Сөздік жұмысын жүргізу.

   Қалай ойлайсыңдар, әңгіменің негізгі ойы неде? Бұл әңгімені бізге нені үйренсін, қандай тәлім-тәрбие алсын деп берген екен?

   Жаңа ұғымдарды, жаңа әрекеттерді меңгеру кезеңі.

   Әңгімедегі болған оқиғаны топта талқылау.

   Бұл оқиғаны топта талқыламас бұрын, біз қазір кемпірқосақтың түрлі түсі бар мойынорағыштарды тағып алайық. Кемпірқосақтың түрлі түсті шапақтары барлық әлемді шарлап, жер әлем жаңарып, тіршілік нәрімен сусындағанда, тазарғанда шығады. (Әр топқа өз қалауы бойынша түстерді таратып беру.)

   1-топ. Кемпірқосақтың бірінші түсі қызыл, ендеше қызыл түсті мойынорағышты тағалық. Қызыл түс шынайылықтың белгісі болып келген, осы түс арқылы оқиғадағы әке мен баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп көрелік. Олардың жан дүниесінде не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Бір сәтке өзімізді солардың орнына қойып көрелік. Әкесі баласын немесе баласы әкесін қандай деңгейде жақсы көреді екен. Әкесі немесе баласы сезімдерін әңгімеде көрсете білді ме? Олардың арасындағы ата-аналық міндет, баланың ата-анасы алдындағы борышын өтеу сияқты міндеттер әңгімеде қалай орын алған? Әңгіме соңында олар қандай жағдайда болды?

   2-топ. Қызғылт-сары түстегі мойынорағыш таққан топ жаңа туған көктемнің, жаңа тіршілік нәрінің белгісі, ендеше әңгімедегі келеңсіз жайт неге орын алды? Оған себеп болған не? Осыны зерттейді. («Топтастыру» стратегиясын пайдалануларына болады.)

   3-топ. Сары түс бізге бұл оқиғаның тек жақсы жақтарын қарастырады, болған жайттың қандай пайдасы болғанын анықтайды. Яғни, тәрбиелеудің де түрлі тұстары болатынын қарастырады. («Т кестесін» құруға болады).

   4-топ. Жасыл түс - бұл шығармашылық адамдары. Бұл топ бізге болған жайды суреттеп, өлең немесе жазудың түрлі жанрларын пайдалану арқылы көркем шығарманың бір түрін көрсетуі керек.

   5-топ. Көгілдір түс - бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі. Ендеше көгілдір түстегі топ осы әңгіменің өзімізге «өмірлік сабақ» болатын жаман жағы мен жақсы жағын атап көрсетуі керек. (Венн диаграммасына салуға болады.)

   6-топ. Көк түс таққан топтағы оқушылар бұл оқиғада бала үшін жағымды, және ол үшін ұнамай тұрған нәрсені атап көрсетулері керек.

   7-топ. Күлгін түстегі топ оқушылары автордың рөлін атқарады. Бұл топ оқушылары автор ретінде нені жеткізгісі келгенін, нені негізге ала отырып бұл әңгімені жазу себептеріне тоқталады.

    III. Ойтолғау.

   - Біз бүгін өте жақсы жұмыс жасадық. Сендер өздеріңнің көптеген сұрақтарға шешім таба алатын жеке тұлға екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Бүгінгі кемпірқосағымызға рақметімізді айтайық. Алдымызда жатқан суреттерді алып, осы суретімізге қарап отырып «Бес жолды өлең» құрастырып көрелік. Зат есім ретінде кемпірқосақ сөзін алып, етістік ретінде бүгінгі сабақпен байланыстырып көрелік.

   Топ оқушыларының жұмыстарын тыңдау.

   Сабақты қорытындылау.

   Үйге тапсырма: Мәтінді бүгінгі талдаудан кейін тағы қайтара оқып, мазмұндауға дайындалу. Қалай ойлайсың, сабақтағы талдағанға дейінгі оқу мен үйдегі оқудың айырмашылығы бар ма? Бар болса, қандай ой түйдің, эссе жазып келу. Енді өзің осындай жағдайа тап болсаң, шешімін табу үшін қандай талқыға салар едің?

 

 

 

 

 

№ 5

Күні:
Сабақтың тақырыбы: Диқан баба.

Мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Оқушыларға молшылық туралы мағлұмат беру. Ой ұшқырлығын дамыту.
3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, іскерлікке, нанды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: саяхат схемасы, аялдамалар суреттері, мақал - мәтелдер жазылған парақтар, бағалау парақтары, интерактивті тақта.
Сабақ түрі: аралас сабақ, саяхат сабақ.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.

Мұғалім: Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетіндегі ең ақылды ең күшті кім? (адам). Ал сендер де ақылды, күшті, зеректісіңдер.
Ендеше біз өз білімімізге сеніп сабағымызды бастайық.
Балалар, біз бүгін «Әдебиет еліне» саяхат жасаймыз. Ол үшін 4 топқа бөлінеміз. Әр топтың өзінің топ басшысы болады. Саяхат барысында шартты белгілері бар ауылдарға тоқталамыз.

1. Саяхатымызды Қоңырау белгісімен бастаймыз, бұл - сабақтың басталуы.
Ата тілі туралы өлең шумағын айту.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2. Бұл қандай белгі? Сұрақ белгісі сұрақтар мен тапсырмалар ауылы.
• Үй тапсырмасын тексеру
• Үйге қандай тапсырма берілді?
• Үйге берілген тапсырма С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» атты өлеңін жатқа айту
• Карточкамен жұмыс.
№1. Ауыз әдебиетінің түрлерін жаз.
№2. Әдебиеттегі бейнелеу құралдарын жаз.
№3. Мақалдарды жалғастырып жаз.
Бақа көлін сүйеді,
..........
№4. Жаңылтпашты жалғастырып жаз.
Қара бала сары баланы жықты,
..........
Сұрақтарға жауап беру, бекіту.
1. Өлеңде айтылған баланың арманы ма, өтініші ме, серті ме?
2. Өлеңде ақын бірнеше рет айтқан надандық деген не?
3. «Шығамын тірі болсам адам болып» тақырыбына жазған эссені оқу.

3. «Кітап» шартты белгісі бар ауыл. Теориялық білім, нақыл сөз.
Жұмбақ шешу.
Бұтақ басында ұясы бар,
Дәл осында өмірің бар.
Біреуін бердім,
Онын тердім.
Шешуі: Бидай

Бидай — бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық - түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Адамға қажетті бүкіл калорияның 35 пайызы бидай өнімінен алынады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады. Масақшаларының ұзындығы 5 - 19см, ал дәндерінің ұзындығы 5 - 9мм болады.
Бидайдың жиырмадан астам түрі бар. Солардың ішінде ең көп тарағаны — жұмсақ бидай. Бұл дақылдың, алуан түрлі сорттары бар және олар жер шарының барлық
аймақтарында егіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 3

Күні:

Тақырыбы: Ересек оқушы. Әміртай Бөриев

Мақсаты: Оқушылардың қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен еңбектері туралы білімдерін толықтыру. Ойын, есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын, шығармашылық дағдыларын дамыту.

   Мәтіннің идеясын түсінуге өмірге деген құштарлығы, өнерге сүйіспеншілігі арқылы ұлттық құндылықтарды бағалауға құрметтеуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Ә. Қастеев кітабы, суреттер, слайдтар.

Әдісі: сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру. ББҮ әдісі. INSERT.

Түрі: дәстүрлі.

Типі: жаңа білім беру.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың өту барысы.

Қызығушылықты ояту.

а) ұйымдастыру, топтарға отырғызу

ә) Психологиялық дайындық.

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі, әрі нәзік, жарық, мейірімді.

Болып кетер сонда дереу жан – жағым.

 Үй тапсырмасын тексеру. Әр топтан 10 оқушы жатқа 1 оқушы оқып береді.

Балалар ана тіліне деген сезімдеріңді қалай жеткіздіңдер? (тіл арқылы)

Ойларыңды қалай жеткіздіңдер? (тіл арқылы)

Өлеңде өз тілін білмейтін адамдардың сезімін қалай суреттеген?

Ана тілін қалай сипаттаған?

Ана тілі арқылы адам қалай өседі?

Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған.Қазақстан

Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі делінген.  

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызын, мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Мағынаны тану.

Балалар үстелдеріңде түрлі құралдар жатыр олар қай мамандық иесіне керек деп ойлайсыңдар?

Суретшіге.

Суретші олармен не істейді?

Сурет салады.

Суретшілерден кімдерді танисыңдар?

Әбілхан Қастеев.

Бүгінгі сабағымызда Әміртай Бөрелиевтің «Ересек оқушы» тақырыбындағы әңгімесімен танысамыз.

   Автор туралы мағлұмат.   Әміртай Бөриев – 1946 жылы 16 қарашада туған. Жзушы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қызтуған ауылында туған. 1968 жылы Қазақ ұлттық университетін аяқтаған. 1968 – 75 жылдарда Қазіргі «Ұлан» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

1975 – 76 жылдарда Қазақ телерадио комитетінде редактор 1976 жылы Қазақфильм киностудиясында редактор болды. «Арманына жолыққан адам», «Доңыз деген не?» т.б. шығармалары бар.

   Әбілхан Қастеев – 1904 – 1973 жылы Талдықорған облысы Жаркентауданы Шежін ауылында дүниеге келген. Мәскеуде Хлудовтың өнер студиясында оқыған. 25 жасында мектеп табалдырығын аттаған. «Ана», «Амангельді сарбаздары», «Турксибтегі жиын» т.б. туындылары бар. Қазақстанның халық суретшісі атағын 197 жылы алды.

   Америка, Венгрия, Франция, Бразилияның мұражайларында туындылары бар.

   Биыл туғанына 110 жыл  туады.

   Слайдтардағы суреттерінен үзінділер көрсете отырып түсіндіріледі.

   Оқушылар мәтіннің мазмұнын кезектесіп оқиды.

Түсіндірме күнделігі.

Берілген сөз

Мағынасы

Сырттан тон пішу

Тілмаш

Шымбайына бату

Н.Г. Хлудов

Сыртынан жобалау

Ұйғырларша аға деген сөз

Аудармашы

Намыстану

Белгілі Қазақстандық жазушы, суретші (1850 – 1935)

Сұрақ бізден жауап сізден.

Әбілханның өмірінде қандай өзгеріс болды?

Әбілхан сурет өнерін қалай үйренген? Мәтіннен тауып оқы.

Әбілхан жас шағынан қандай еңбек түрлерін атқарған?

Мәтін неліктен «Ересек оқушы» атанған?

Мәтіннен Н.Г.Хлудовтың портретін тауып оқы.

Әбілхан Қастеевтің туындылары бейнелеу өнерінің қандай түріне жақын?

3.Ой толғау

- Өнер туралы мақал – мәтелдер айту.

 Өнерлі өрге жүзер. Жігітке жетпіс өнер де аз.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Суретші

кітабы барын

Өмірі, отбасы, шығармашылығы, ұстазы, туындылары

Туындылары туралы тереңірек білгім келеді.

Үйге. Қастеев туралы деректер жинау. (кітаптан, ғаламтордан, қариялардан)

Мәтінді оқып мазмұнын айту.

Бағалау.

5-6 жауап – «5»

3-4 жауап – «4»

3 – жауап – «3»

№ 8

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Адалдық. Дәулет Қасенов
Сабақтың мақсаты:
1.
Оқушыларды Дәулет Қасеновтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Адам бойындағы жағымды қасиеттерді дұрыс тануына дамыту.
2. Сөйлеу тілдерін дамыту
3. Адалдық адами қасиеттерді бойына жинау, қоршаған ортасына деген көзқарасын қалыптастыру, үлкендерді, ата – ананы сыйлау керектігін ұғындыру
Сабақтың түрі: шығармашылық
Сабақтың әдіс – тәсілі: әңгімелеу, талдау, ой бөлісу сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: адам бойындағы жағымды қасиеттер туралы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А психологиялық дайындық
2. Үй жұмысын қорытындылау
3. Жаңа сабақ
4. Сергіту сәті
5. Қорытындылау
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
5 - ке қолды жеткізу
- Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» - деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетуге тырысайық.
- Бүгін сабағымызды Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтан ба» өлеңінен бастайық.
Өлеңді оқушыларды жатқа айтуы.
- Абай атамыздың бес асыл іс деп отырғаны нелер?
(Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Осы аталған бес асыл іс бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады.
- Адам болам десеңіз, бұл бес асылдың саған тигізер пайдасы қандай?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ тақырыбы не туралы болуы мүмкін?
- Адам бойындағы жағымды қасиет ол адалдық жайлы дұрыс айтасыңдар
- Бүгінгі жаңа сабағымыз Адалдық
- Мұралардың ең. қымбаты - сөз.
- Өмірде асыл адам да, нәрсе де тозады, жоғалады.
- Мәңгі жасайтын асыл сөз»адалдық»
Ал енді осы жағымды және жағымсыз қасиеттерді «Т. кестесіне» салып таразылап көрелік. Қай таразы басы жеңер екен?
Жағымды, Жағымсыз

- Жағымсыз қасиеттердің ішіндегі ең нашары не екен?
- Өзіңнің бойыңдағы осылардың қайсысы бар деп ойлайсың?
Барын жанына қарындашпен ақырын белгілеп отыр. Жаңа сабағымызды барысында сол қасиеттерден арылу жолдары жайлы әңгіме болады, есте сақтап отыр.

Мағынаны тану.
Автор туралы мағлумат беру.
Дәулет Қасенов – 1937 - 1967ж
. Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туылған. Д. Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп көтерген азамат.»Адал»- деген сөздің өзі «таза»деген мағына береді.

Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға кезектете оқыту. Мәтін бойынша өз түсініктерін айтады.
Сөздік (жаңа сөздермен таныстыру).
Сергіту сәті.
Ақындар айтысы (жұмбақ айтыс)

4.Дәйексөздерді талдап,дәптерге жаздыру.

5.Топпен жұмыс.

Оқушыларды 4 топқа бөліп парақша үлестіріледі және 1-ші топ «адалдық» тақырыбында өлең шумағын шығарады,2-топқа тізбе құрастыру,3-топ ой-толғау жазады.

6.Қорытынды

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы қорғау және талдау жасалады.

7.Ән «Жақсы адамдар»әні тыңдалады.

8.Үйге тапсырма. Мәтінді оқу



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№10

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Шал мен балалар
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтін мазмұнын түсініп оқу, идеясын ашу. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай С. Көбеев өмірі мен твочествосымен таныстыру. Тыйым сөздердің мағынасын дұрыс ұғыну
2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.
3. Қариялардың ақылын тыңдауға, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, СТО.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылардың қызығушылығын ояту – психологиялық дайындық.
Мұғалім: — Көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.

Мұғалім: — Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

ІІ. Өтілген материалды пысықтау
Қайталау Сауалнама жүргізу
1. Қазақша жыл санау бойынша ең соңғы жыл
А. түйе Б. ит В. доңыз
2. Аңыз деген не?
А. Өмірде болған адамдардың басынан өткен оқиғалары жөніндегі шығарма
Б. Ойдан құрастырылған шығарма
Б. Екі адамның өзара сөйлесуі
3."Құлақ пен тымақ" қандай шығарма?
А. ертегі Ә. мысал Б. аңыз
4. Қысқы ойын түрлері туралы айтылған өлең
А. Жұмыстың жылуы Ә. Шынықсын денеміз Б. Қыста қызық жұмыс бар
5."Жұмыстың жылуы" өлеңінің авторы
А. Қадір Мырза Әли Ә. Бүркіт Ысқақов Б. Бердібек Соқбақбаев
ІІ. Жаңа сабақ
С. Көбеев жөнінде кең көлемде мағлұмат беру
Спандияр Көбеев 1878 жылы 1 - октябрьде бұрынғы Торғай облысы Обаған болысында туған. Ол алғаш ауылдық мектепте, кейін Қостанайдағы орыс - қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі жолын қуушы. Көбеев ұзақ жылдар бойы ағартушылық жұмыспен айналысып, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісімен шұғылданды, қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында баяндады. Мұнда автор өз көзімен көрген екі өмірдің қарама - қарсы бейнесін, басынан кешірген оқиғаларды баяндау арқылы көрсетеді

"Шал мен балалар" мәтінін дауыстап оқып беру
Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтінге талдау жасау
1. Шалдың жағдайы қандай еді?
2. Балалар шалды не деп мазақтады?
3. Шал қалай жауап берді?
4. Балалар неге ұялды?
Ой шақыру - оқушылар пікірін тыңдау
- Осы мәтін идеясына қандай мақал - мәтел сәйкес келеді деп ойлайсыңдар?
1. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
2. Таспен ұрғанды аспен ұр

Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Оқулықтың 118 бетіндегі тыйым сөздің мағынасын талдау
Сөздік жұмысы
Тыйым сөзді дәптерге көшіріп жазу
Әркімді бір келемеждеп. мұқатпа
Жағдаяттан шығу
Оқулықтың 118 бетіндегі 8 тапсырма
ІІІ. Сабақты бекіту
- Мен не үйрендім?
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма беру
Мәтінді түсініп оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№12

Күні:

Сабақ тақырыбы: Ж.Молдағалиевтің  «Ар-ұят туралы»өлеңі

Сабақ мақсаты: а)Ж.Молдағалиевтің  өмірінен қызықты, тағылымды мәлімет

бере отырып,өлең идеясымен таныстыру, ақын мұратын ұғын-

дыру, әдебиет теориясынан  білімдерін кеңейту;

ә) «Үлкенге –құрмет, кішіге –ізет »сезімін жетілдіру, баба

өсиеті,ерлік рухынан тағылымды тәрбие беру, ұлттық болмысты

насихаттау,поэзияны сүюге, шешен сөйлеуге баулу;

б)шумақ бойынша тұжырым жасай білуге, ойларын дәлелдеуге

және көркем сөйлеуге машықтандыру, түсіну –түйсіну дағдыла-

рын дамыту.

Сабақ түрі  Жаңа сабақ

Сабақ әдістері: мәнерлеп оқу, проблемалық жағдаят туғызу, оны шешу, ойтолғау…

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақ құрылымы: І.Ұйымдастыру бөлімі.(Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, психологиялық жағдаят  туғызу…)

ІІ.Жаңа сабақ

А) «Мен қазақпын»өлеңі оқылып, қазақ халқының тарихынан

сыр шертетін деректер көрсетіледі.

Ә) Ж.Молдағалиев өмірінен мәлімет беріліп, слайдтық шолу жасалады.

Б) Тақырыптық өлеңді оқымас бұрын проблема қойылады.

— Балалар, «ұят», «ождан», «ар» , «намыс» деген сөздерді қалай түсінуге, елестетуге болады? (…жауаптар тыңдалады)

-Өз бастарыңнан қатты ұялған кезең өтті ме, қандай сезім бойыларыңды билейді?

(… денеңді діріл билеп, жүрегің қатты соғып, бет –құлағың күреңіте қызарып, өртеніп жанып бара жатқандай…)

-Ұялу, ұяла білу жақсы қасиет пе, жаман қасиет пе?

-Ал енді Жұбан атамыздың ұят туралы айтқан ойларын оқып,талдау жасайық(өлең мәнерлеп оқылады.)

Өлең мазмұны  бойынша сұрақтар бере отырып, шығарма жан –жақты талданады.:

1.Өлімнен ұят  күшті.

2.Арымнан жаным садаға.

Қоянды қамыс өлтіреді,

Батырды намыс өлтіреді.

Батыр бір өледі, қорқақ күнде өледі. т.с. с.

2.4. Сөздік жұмысы (өлеңдегі кей тіркестердің мағынасын ашып, оқушының сөздік қорына енгіземіз.)

                                    ІІІ. Білімді бекіту бөлімі.

Сызба арқылы түйіндеу.

         1.1.Сонымен, ҰЯТ дегеніміз:

-зор парыз, үлкен қасиет;

— ата-баба (әке,ана) тәрбиесі;

-ар, намыс биіктігі;

-адал достық;

-тынымсыз еңбек;

-тіліңе тағзым;

-өнерлі,білімді болу;

-жан мен тән сұлулығы;

-еліміздің өткені, бүгіні, ертеңі .

Ұлы ақын бабамыз Абайша айтсақ:

Үш ақ нәрсе -адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек…

                                                                                           

терең ой                                  талап                               иман,рақым

Ақыл ‹                               →  Қайрат ‹             ›    →     Жүрек ‹

              білім                                          жігер                                ұят, ар

Осы қасиетті игерген толық адам ғана ел, мемлекет мұратын зор жауапкершілікпен келесі ұрпаққа табыстай алады.

1.2.Шағын психологиялық  тест :

1.Өлең маған :            А)қатты ұнады   Ә)ұнады  Б)ұнаған жоқ;

2.Жұбан атаның бізге айтар ойын :   А)өте жақсы түсіндім  Ә)  жақсы түсіндім

Б)түсінбедім;

3.Ұят мен үшін :         А)аса қымбат      Ә) қажет сияқты      Б)қажетсіз;

4.Қазіргі заманда ұят :    А)  қай кезде де қажет     Ә) кейде ғана қажет  Б)қажетсіз;

5.Бүгінгі сабақтан : А)қанаттандым    Ә) ұят туралы білдім   Б) жалықтым.

                              ІҮ Үйге тапсырма .

1.Өлеңнен өздеріне ұнаған жеті шумақты жаттау;

«Ұят –зор парыз, зор сүндет»тақырыбына шағын шығарма жазу.

                              Ү.Бағалау

Сабаққа ынталы қатысқан оқушылардың бәрі бағаланады.

                              ҮІ. Сабақты қорытындылау.

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№13

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаттары: Білімділік: Тақырып мазмұнын ашуға, өздігінен ізденіп білім алуға, өз ойларын тұжырымдап қорытынды шығаруға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, ой-өрісін сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа тәрбиелей отырып, жақсы және жаман қасиеттерден айыра білуге үйрету.

Әдіс-тәсіл: Сөзжұмбақ, «Болжау тәсілі», «Блум түймедағы».

Көрнекілік:Мақал-мәтелдер,суреттер,кестелер.

            Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу: Үлкенге де сіз

            Кішіге де сіз

            Сәлем бердік сіздерге

            Құрметпенен біз.

II.   Үй тапсырмасын сұрау. (шеңбер бойымен әңгімелеу)

а)Беріктің газетті рұқсатсыз алып кетуінен қандай келеңсіздік туды?

ә)Беріктің: «Бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар?!» деген ойына сен не айтар едің?

б)Беріктің қылығына көзқарасың қандай:

а)Ұрлық деуге болады

ә)Көңіл аударуға тұрмайтын, ойланбай жасаған іс.

в)Егер Берік өз үйінде, үстел үстінде жатқан газетті байқап қалса, оқиға қалай өзгерер еді деп ойлайсыз?

г)Әңгіме неліктен «Өкініш» деп аталған.

III.  Жаңа сабақ.

1.Қызығушылығын ояту.

- Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын өздеріне тапқызу.

А)Көкте бар      Ә)Кептерде бар     В)Партада бар           Г)Төбетте бар

   Құмда жоқ                Торғайда жоқ                 Тақтада жоқ            Қабанда жоқ

   Сөлде бар                  Бөктерде бар                  Арпада бар             Көжекте бар

   Суда жоқ  (Ө)            Тоғайда жоқ  (К)             Мақтада жоқ   (П)              Қоянда жоқ  (Е)                

2.Сөздік жұмыс.

 Өкпе- деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

     Өкпе-зат есім Адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі.

     Өкпе-зат есім Наз, реніш; КӨҢІЛ ҚАЛАУШЫЛЫҚ (АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ҚАСИЕТ)

     -Бұндай сөздерді қазақ тілінде қандай сөздер дейміз?

 /  Омоним сөздер- айтылуы,дыбысталуы бірдей,мағынасы әр түрлі сөздер. / 

IV. Бүгінгі тақырыбымыз: Толымбек Әбдірайым  «Тарқаған өкпе»

           1.Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.

          2.Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады,қандай тақырып маңайында өрбиді,қандай негізгі мәселелер көтеріледі.

 

№ 22
Күні: 9. 10.2015 ж

Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып»
Сабақтың мақсаты:
1/Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып негізгі түйінің табу.
2/Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ете отырып, тіл байлықтарын дамыту. Ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
3/Өлең арқылы оқушылар бойында жауапкершілік сезімін ояту, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, СКТ, Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, талқылау
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, кестелер.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ.
а/- Сұлтанмахмұт кім?
- Қандай еңбегін білесіңдер?
ә/Топтастыру стратегиясы.
Мұғалімнің кіріспе сөзі./Өлеңнің шығу тарихымен таныстыру/Интернет желісі арқылы интерактивті тақтадан С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян жүріп жатады.
- ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. С. Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын жырға қосады.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында - хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі - үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларға барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист - ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті.

Кесте. Тірек сызба Өлеңдері
Поэмалары
Прозасы
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» «Анау - мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т. б «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы», «Қамар сұлу»,«Кім жазықты?» «Ауырмай есімнен жаңылғаным»

« Шығамын тірі болсам адам болып»өлеңінің шығу тарихына тоқталу.
Бұл өлеңді ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған. Өзінің досы, туысы Шайбай Аймановқа хат арқылы жолдаған. Өлең 1913 жылы жазылып, 1922 жылы Қазан қаласында «Адасқан өмір»кітабында жарияланған. С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаһарман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. /Өлеңді оқушыларға мәнерлеп айтып беремін.
Интерактивті тақтадан өлең сөзі шығып тұрады.

Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиҺанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп өз - өзіме еткем егес.

Кітаппен жұмыс. 1 - 2 оқушыға мәнерлеп оқыту.
Топтық жұмыс. С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып» Өлең құрлысына Сатылай кешенді талдау жасау. (5 - слайд)
1. Авторы - С. Торайғыров.
2. Тақырыбы - Адамдық
3. Жанр түрі - өлең
4. Идеясы - Білім - ғылымға, өмірге деген құштарлық
5. Шумақ - 3
6. Әдеби - теориялық ұғымдар - эпитет, теңеу - Көрде тыныш жату,
жарық күнде сәуле қуған,
алуға күнді барып белді буған,
толған айдай балқып туған,
ойында оты барлар, надандықты тебу
Абайдың он жетінші қара сөзінің мәтіні көрсетіліп, Сұлтанмахмұт идеясымен үндестігін тану.

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

Ой сергіту. Оқушылар өз ойын білдіріп, ашық пікірлеседі
Осы өлеңнің мазмұны қалай әсер етті?
Кім болуды армандайсыңдар?
Ақынның айтайын деген ойы не?
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- С. Торайғыров ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық саяси және тарихи - әлеуметтік оқиғаларға және қазақ жерінің өзгерістерге өзінің азаматтық ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының қатарына жатады. Сұлтанмахмұт қазақтың жыр - дариясын құрайтын үлкен, асау арналы өзеннің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.

Үйге тапсырма.
«Кім болам»тақырыбына эссе жазу
Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Абылай" 4класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 778
    • DOCX 65.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиева Лаззат Амирхашовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиева Лаззат Амирхашовна
    Алиева Лаззат Амирхашовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11983
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 15 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 57 регионов

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 39 регионов

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе