Күні: 20.02.2015ж
Сыныбы: 5б
Сабақтың тақырыбы: Ғабит
Мүсірепов “Жаңа достар”(III сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға
Ғабит Мүсірепов “Жаңа достар” әңгімесін толықтай меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың қазақ
әдебиетінің классигі, көркемсөз зергері Ғ.Мүсірепов туралы мәліметтерін
кеңейту, “Жаңа достар” әңгімесінің әңгімесінің мазмұнын бекіту, мағынасы
қиын сөздерге көңіл бөлу, кейіпкерлерге талдау жасау, әдебиет теориясына
тоқталу.
Дамытушылық: Оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру, көркем оқу шеберлігін, тілін,
ой-өрісін дамыту, прозалық шығарманы талдау дағдыларын дамыту, қосымша деректер
арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік:Оқушыларды
адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,«Қазақ
солдаты» романы кітабы,
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
I Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасы
Ойлан, тап!
1.Ғ.Мүсірепов кім?
2.Шын есімі?
3.Ұстазы кім?
4.Ғ.Мүсіреповтің қандай шығармалары бар?
5.Қайрош қалаға неге қашып келеді?
6.Қайроштың жаңа достарының есімі?
7.Шеген Қайрошқа қандай қамқорлық жасады?
8.Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен
қарады?
III Қорытынды сабақ
Бүгінгі өтетін тақырып, Ғабит Мүсіреов
өмірі мен шығармашылығы, “Жаңа достар” әңгімесін қорытындылау. Ғ.
Мүсірепов 1902 жылы қазіргі солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы “Жаңа жол”
ауылында кедей шаруа отбасында туған. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып,
ескіше хат таниды. Оның азанмен қойған аты – Ғабде-әл Ғабит. Бұл арабша “құлдың
құлы” деген сөз. Ғабит Мүсіреповтің "Қыз Жібек", "Қозы
Көрпеш-Баян Сұлу", "Амангелді" пьесалары, "Оянған
өлке", "Қазақ солдаты", "Ұлпан" сияқты кесек романдары
бар.
Соның ішінде сіздерге "Қазақ
солдаты" романынан үзінді берілген. Оны бастамас бұрын, "ДОС"
деген сөзді қалай түсінесіздер? Достарыңыз көп пе? Адал дос, амал дос туралы
айтсаңыздар.
Кім?
Қашан? Қайда?
Шығармадан үзінді келтіремін, оқушылар қай кейіпкердің қашан, қайда
айтқанын айтады.
-Мен
әлі өліп көрген жоқпын!-дедім тайынғым келмей. Жалғыздық жасқаншақ
таетеді,жаужүрек те етеді.
Мынаның аты
Бораш... Мұны Боря дейтін боласың. Менің атым онша бұрмалауға келмейді.Мен
екеуіңнен де үлкенмін. Әкем байғұс баласын еркелете алмайтынын білген ғой
сорлы....
-Соқаның үстіне
құлап түстім... Шеген ағам жазды ғой әйтеуір... Енді бір айда жүруге жарайсың
дейді... Балық майынан жазылды. Тіпті жазылып қалып еді,әнеугүні «дегдом» ұстап
ала жаздап,содан қашқанда тағы бүлдіріп алдым.
О,!..Сабаздың
өзі екен!
Айдаш есіме түсіп
кетіп,жалғызсырай бастадым.
-Шеген аға,шайға келіңдер.
IVСабақты бекіту.
1.Шеген Қайрошқа неше шарт қойды?
2.Портрет дегеніміз не?
3. Шығармадан Шеген мен Бораштың
портретін тап.
Портрет – Көркем әдебиетте адамның сыр бітімін, кескін-кейіпін,
жүріс-тұрысын суреттеу.
Шеген – сұлу,
сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы.
Бораш –
аққұба,қағілез мінезді,көздері бұзаудың көзіндей,бар дүниеге таңдана
қарайтын,қуануы да,ренжіп қалуыда оп-оңай.
V Сабақты қорытындылау.
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ.Онымен мақтануымыз керек.»
З.Қабдолов.
Олай болса, ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Еліңе
жаның ашыса,еліңнің ұлы болсаң ерінбей еңбек ет. Елдің, жердің иесі
-сіздерсіздер! Бүгінгі ұрпақ-елдің ертеңі!-деп сіздерге үлкен сенім артамын.
...Мол бақыт күтем, жас ұрпақ,
Сенен жасырман
Басқаны қайдам?!
Ұлылық күтем өз басым,
Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан!-
деп үкілі үмітпен сіздерге сенім артамын.
Үйге тапсырма
1. "Менің досым" тақырыбында
шығарма жазу.
Бағалау
Белсене
қатысқан оқушыларды бағалау.
№39 жалпы білім
беретін орта мектеп
Сабақ жоспары
Тақырыбы:
Ғабит
Мүсірепов “Жаңа достар”
Машықкер:
Әдіскер:
Мұғалім:
Баға:
2014-2015 оқу жылы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.