Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Сабақ жоспары: Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Сабақ жоспары: Абзацтар, шегіністер және интервалдар



  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 22.01.2016ж

Сыныбы: 6 «А», «Ә»

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды абзацтар, шегіністер және интервалдар ұғымымен таныстыру, мәтінді пішімдей білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларға абзацтар, шегіністер және интервалдар туралы түсінік бере отырып ой-өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жазбаша жұмыс, компьютермен жұмыс, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дербес компьютер, презентация, үлестірме қағаздар.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың өту ретін баяндау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ақпараттық диктант

  1. Символдар кестесі Кірістіру-Символ-Басқа символдар көмегімен шақырылады.

  2. Symbol қаріпінің құрамына математикалық символдар, сілтемелер, грек әліпбиінің әріптері кіреді.

  3. Қаріпті өзгерту үшін жолақтың Басты-Қаріп тіркеме парағы немесе қаріп жанама мәзірінің бұйрықтарын пайдаланады.

  4. Жол асты белгісі х2

  5. Интервал - қаріптер арасындағы интервалды ұлғайтуға кішірейтуге мүмкіндік береді.

  6. Математикалық өрнектерден тұратын мәтіндерді теру үшін жоғарғы және төменгі индекстер әсерлерін пайдаланады.

  7. Меңзер қаріптің мөлшері өрісінде көріну үшін мөлшер көрсетілген өрістің ішін тінтуірмен шертіп,қаріптің пунктпен берілген кеглін тереді. Одан кейін Enter пернесін басу қажет.

  8. Мәтіндік процессор- кез келген басып шығарылатын ақпарат дайындайтын (теруді, түзетуді, пішімдеуді) қолданбалы компьютерлік программаның түрі.

  9. Құжаттар бойынша жылжу бұйрығы: Түр-Басқа терезеге ауысу.

  10. Тіркеме парақта сипатталған бұйрықтарды қайталайтын: қаріптің гарнитурасы, қаріптің кеглі, қаріптің сырт пішімі, түсі бұйрығы орындалады.



ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. Қосымша сұрақтар қою арқылы пысықтап сұрау:

  1. Кегль дегеніміз не? (қаріптің мөлшері)

  2. Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін бұйрық қандай? (Кірістіру-символ бұйрығы)

  3. Сиректеп теру үшін не істеу керек? ( қаріп сұхбат терезесін шақырып, қосымша тіркеме парағына ауысамыз және «интервал» тізімінен «сиректелген» параметірін таңдаймыз.

  4. Жолүсті белгісі қалай белгіленеді? (х2)

  5. Мәтіннің түсіе өзгертетін батырманы көрсет. А

  6. Қаріптің мөлшерін үлкейту және кішірейту үшін қолдануға болатын батырманы көрсетіңіз.

  7. Қаріптің кеглін көрсететін батырма?

  8. Сызылып тасталған қаріп белгісі?

  9. Мәтіннің түсі фломастермен боялғандай етіп өзгертуге болатын батырма?

  10. Интервалдың мүмкіндігін ата? ( қаріптер арасындағы интервалды ұлғайтып , кішірейтеді).

ІV. Жаңа сабақ. Абзацтар , шегіністер және интервалдар

Пішімдей ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фергаментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен, жолақтың Басты- Абзац бөлімі немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.

-тізімдер құру, олар туралы басқа сабақтарды айтылады;

-ағымдағы абзацта мәтінді түзеу: сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, екі жақ шеті бойынша ;

-абзацтағы шегіністі азайту, ұлғайту.

Интервалды абзацтың алдында да (алдыңғы абзацтың соңғы жолы мен ағымдағы абзацтың бірінші жолының арасына) және абзацтан кейін де (келесі абзацтың бірінші жолы мен ағымдағы абзацтың соңғы жолының арасына) орнатуға болады. Бұл функция үшін алдындағы интервал және соңындағы интервал өрістері жауап береді.

Пішімдеу сызғышын экраннан алып тастауға және қайта қоюға болады. Пішімдеу сызғышын экранда көрсетуге Түр-көрсету немесе- жасыру- сызғыш бұйрығы жауап береді.

V. Практикалық кезең

Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар. Компьтермен жұмыс:

А-деңгейі

  1. «Вирус» құжатын ашыңдар.

  2. Оны толықтырыңдар және төмендегі мысалда көрсетілгендей етіп өзгертіңдер.

  3. Мәтіндң төменде ұсынылған түрде теріңдер. Түзетуге , азат жол шегіністеріне және әріптеріне назар аударыңдар.

В-деңгейі

  1. Мәтінді үлгі бойынша теріңдер.

  2. с) және д) әріптерімен белгіленген жолдарды жасыл түсті Arial қаріпімен ерекшелеңдер.

  3. Құжаттың басына g) әріпімен белгіленген жолды көшіріңдер. Көшіру үшін Саймандар тақтасының батырмаларын пайдаланыңдар.

  4. Экраннан сызғышты алып тастаңдар.

  5. Абзацтар арасындағы интервалды 6пунктке тең етіп орнатыңдар.

С-деңгейі

  1. Келесі үлгіде тест теріңдер.

  2. Мәтіннің бар бөлігіне 1,5см азат жолды тағайындаңдар.

  3. Абзацтардың арасындағы қашықтықты ұлғайтыңдар.

  4. Мәтінді қоршау сызықтарыға алыңдар.

  5. Бірінші абзацты сары түсті бояумен толтырыңдар.

  6. Мәтінге «Ақпаратты өлшеу) тақырыбын қосыңдар.

  7. Мәтінді дискіге «Ақпарат» атауымен сақтаңдар.

VІ. Сабақты бекіту.

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.

  1. Пішімдеу деген не?

  2. Мәтіндік процессордың терезесіндегі пішімдеу сызғышын қалай қосып-өшіруге болады?

  3. Жолдар арасындағы қашықтықты қалай өзгертеміз?

  4. Сөздердің түсін қалай өзгертеміз?

  5. Интервалды қай жерде орнатуға болады?

VІІ. Қорытынды.

Пішімдей ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фергаментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен, жолақтың Басты- Абзац бөлімі немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.

Жолдардың аралығы интервалдармен белгіленеді.

Пішімдеу сызғышын экранда көрсетуге Түр-көрсету немесе- жасыру- сызғыш бұйрығы жауап береді.

VІІІ. Бағалау.

Оқушылардың білімдеріне, ақпараттық диктанттарына қарай бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма.

Абзацтар, шегіністер және интервалдар тақырыбын оқып келу. Өзіңде тексерді орындау.








Автор
Дата добавления 03.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров381
Номер материала ДВ-502972
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх