Инфоурок Другое ПрезентацииСабақ жоспары "Адалдық-адамдықтың белгісі"

Сабақ жоспары "Адалдық-адамдықтың белгісі"

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары

Мектеп: Талдықорған қаласы, «№2 орта мектеп» КММ,     №15

Сабақтың тақырыбы: Адалдық – адамдықтың белгісі 

Құндылық: Ақиқат 

Қасиеттер: Мұғалім: Нурманбетова Г.Ж.

Сынып: 9

Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-          Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

-          Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

-          Адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

 

Ресурстар (материалдар, дерек сөздер),

Оқулық

Дәптер

Күнделік

Қалам-қарындаш

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтағы жағымды күйге келу.

Нұрға бөлену.

Мұғалім:

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

 

Ескертулер:

Үнтаспа

II. Үй тапсырмасын тексеру

     Ш.Мұхамеджановтың «Сыйластық»өлеңін жаттау. Оқушылар өлеңді жатқа айтып, ондағы әрбір сөздін мағынасын түсіндіру.

«Өзін-өзі тану» оқулығы, 9 сынып, 76 бет

III.Жағымды ой-пікір (Дәйексөз)

«Адалдық –ардың ісі»

                                         Халық мақалы

Оқушылармен бірге дәйексөзді талдау.

 

IV.             Дәптермен жұмыс.

     Ары таза адал адам мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түседі.

     Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді.

     Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес, шындыққа ешбір қалтқысыз сену.

     Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді. Адал адамға сенім артуға болады, оның қандай жағдайда да бұлтақтамай, сөзінен таймай, берген уәдесінде тұратынына күмән келтіруге болмайды. Адалдығы бар адамның рақымы да мол болады.

    

 

 

V.                Оқиға айту. Мұғалімнің сыйы.

Видеоролик көрсету

Видеоролик

VI.             Шығармашылық жұмыс.

Жағдаятты талдау:

1.      Талғат теледидардан спорттық бағдарламаны қарап отырған еді. Сол мезет інісі жүгіріп келіп «Сізді досыңыз Самат телефонға шақырады» деді. Талғат бағдарламаны үзгісі келмей «Мені жоқ деп айта салшы» деді.

Сұрақтар:

Талғаттың әрекеті туралы не айтасыз?

Сіз Талғаттың орнында болсаңыз не істер едіңіз?

2.      Асан көрші досы Маратқа үйін көшірісугекөмектесемін деп, уәде беріп қойған еді. Сол күні мұғалім бақылау жұмысына дайындалып келуді тапсырды. Асан Маратқа көмектесіп келіп, шаршап ұйықтап қалуы себепті, бақылау жұмысына дайындала алмады. Таңертең Асан ұйқыдан тұрған соң «бақылау жұмысынан құлаймын» деп ойлап, «Неге сабаққа бармайсың?» деген анасына «басым ауырып тұр» деп айта салды. Оның өзіне де басы ауырып тұрғандай болып көрінеді.

Сіз Асанның орнында болсаңыз не істер едіңіз?

 

3.      Әсел туған күніне жаңа көйлек киіп келді. Әселдің көйлегі өзіне қонымсыздау тұрды. Сыныптағы Алма Әселге «көйлегің өзіңе тамаша жарасып тұр» деп айтты.

Алма неліктен Әселге «Көйлегің өзіне тамаша жарасып тұр» деді?

Сіз Алманың орнында болсаңыз не айтар едіңіз?

 

 

VII.          Топпен ән айту.

Оқушылар  өздері қалаған көңілді әнді бірге орындайды.

Үнтаспа

VIII.       Үй тапсырмасы

Қ.Толыбаев «Ақиқат» мәтінін оқу. Сұрақтарға жауап беру

«Өзін-өзі тану» оқулығы, 9 сынып, 79-80 беттер.

IX.             Сабақтың қорытынды сәті

Оқушылар сабақта нені білгенін, қандай сұрақтарға жауап алғаны туралы ойларымен бөліседі.

 

X.                Соңғы тыныштық сәті

Тыныштық,  тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде

 Тыныштық,  тыныштық, тыныштық, тыныштық бар әлемде

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Адалдық-адамдықтың белгісі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 475 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 5660
    • DOCX 19.2 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурманбетова Гаухар Женисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурманбетова Гаухар Женисовна
    Нурманбетова Гаухар Женисовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75085
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 388 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 252 человека

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек