Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Сабақ жоспары "Алгоритм қасиеттері" (5 сынып)

Сабақ жоспары "Алгоритм қасиеттері" (5 сынып)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Алгоритм және оның қасиеттері
Сабақ мақсаты:
1. «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу, орындаушы мен оның командалары ұғымын қалыптастыру;
2. Алгоритм құру дағдысын қалыптастыру, негізгі қасиеттеріне мысалдар келтіре білу, алгоритмнің берілу тәсілдерін қолдана білу, алгоритмді орындау түсінігін дамыту;
3. Қарапайым алгоритмдер құра білу, нәтижесін талдай алу;
Сабақ түрі: түсіндіру - пікірталастық, теориялық.
Оқушылар білуі қажет: алгоритм ұғымын, алгоритмдер қасиеттерін.
Оқушылар орындай білу керек: алгоритм қасиеттерін ерекшелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ.

«Алгоритм» ұғымы.
Алгоритм дегеніміз - берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.
Мысалдар келтіру...

Бұл термин алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс - әрекеттердің тізбектеліп орындалуы.
Алгоритм сөзінің пайда болуы ұлы математик Мұхаммед әл - Хорезмидің атымен байланысты.
Алгоритм мен атқарушы ұғымы өзара тығыз байланысты. Алгоритмді тек адамдар жасайды. Одан алгоритмді құру ережелері талап етіледі. Ал алгоритмді адамдар немесе әртүрлі құрылғылар - компьютерлер, автоматтар, тұрмыс техникасы және роботтар орындайды.
Алгоритмдегі әрбір іс - әрекет команда, ал командалар жиынтығы атқарушы командалар жиынтығы д. а.
Алгоритмдер. Айналамыздың барлығы алгоритмдер, яғни іс - әрекеттердің көбісін белгілі бір алгоритммен орындаймыз, оны өзімізде кейде байқамай қаламыз (өрт кезінде эвакуациялау нұсқаулықтары, егін егу, салат жасау т. б.). мыс: ағаш отырғызу алгоритмі
1. Жерді қазамыз;
2. Ағашты отырғызамыз;
3. Құммен жабамыз;
4. Ағашқа су құямыз.

алгоритмдер барлық салада да болады.
Мысалы: қазақ тілінде, математикада, биологияда және т. б.
Қазақ тілінде: «Жаңбырбаст жауыпбаянд, күнбаст суытыпанықт тұрбаянд» берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау. Мұнда сөйлемді оқимыз, мағынасын талдаймыз, құрылымын талдаймыз, сосын біріншіден сөйлемнің баяндауышын және бастауышын табамыз, содан толықтауышты, анықтауышты, пысықтауышты табамыз.

Алгоритм қасиеттері:
1. Түсініктілігі – атқарушыға алгоритмнің орындау жолы түсінікті болатындай, алгоритмнің жазылу түрі дәл және толық болуы тиіс.
2. Дискреттілігі немесе үзіктілігі – алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым қадамдарға бөлінуі тиіс. Келесі қадамға көшу алдыңғы қадам аяқталған соң ғана мүмкін болады.
3. Анықтылығы – алгоритмнің әрбір қадамы бірнеше болмай, дәл және бір мағыналы болуы керек.
4. Нәтижелігі – алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан кейін ол дұрыс шешім әкелуі тиіс.
5. Жан - жақтылығы немесе жалпылылығы – алгоритм, ұқсас есептерді шешекенде кез - келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазлады.
Алгоритмнің қасиеттеріне мысал қарастырайық: «оливие» салатын дайындау.
1. Керекті компоненттерді дайындаймыз: 2 картоп, 2 сәбіз, 2 жұмыртқа, 0, 2 гр шұжық, ¼ бөлік консерві бұршағы, ¼ бөлік консерві жүгері дәні және 0, 3 гр майонез, су, тұз, қақпағы бар ыдыс, салатты қосатын ыдыс.
2. Картоп, сәбіз, жұмыртқаны қақпағы бар ыдысқа салып, үстіне су құйып қайнатамыз
3. Шұжықты кішкентай төртбұрышты етіп тураймыз.
4. Піскен компоненттерді де кішкентай төртбұрышты етіп тураймыз.
5. Барлық компоненттерді салат салатын ыдысқа салып, бұршақты, жүгері дәнін салып, тұз салып, майонезін қосып араластырамыз.
Ал енді оның қасиеттерін анықтаймыз:
1. Алгоритм түсінікті, себебі біз салатты қалай дайындау керек екенін білеміз.
2. Алгоритм дискретті, себебі барлық процесс жеке қадамдарға бөлінген
3. Алгоритм анық жазылған, себебі әрбір қадам атқарушыға түсінікті.
4. Алгоритм нәтижелі, себебі алгоритмді дәл орындалса оливье түскі асқа дайын болады.
5. Алгоритм жалпы, себебі мұнда ыдыстың түрі, картоптың сорты, майонездің түрі дегендей және т. б. қадамдар қарастырылмаған. Мұнда барлық әрекеттер жалпылама түрде сипатталған.
Сынып жұмысы:

Сабақты бекіту:

І топ – «Сабаққа даярлану» алгоритмі

ІІ топ – «Шәй ішу» алгоритмі

ІІІ топ – «Компьютерді сөндіру» алгоритмі

ІV топ – «Жолдан өту ережесі» алгоритмі

Сұрақтар:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм термині қалай пайда болған?
3. Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар алгоритмінің мысалдарын келтіріңдер?
4. Алгоритмді орындаушы?
5. Алгоритм қасиеттерін атаңдар?
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: алгоритм құрастыру

























Тест

1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?

А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан 

Ә) Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан

Б) Латынның algoritm сөзінен

В) әл-Фараби атының латынша айтылуынан

2. Алгоритм дегеніміз не?

А) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері

Ә) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар

Б) Орындаушының белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын іс-әрекеттер тізбегінің дәл және түсінікті сипаттамасы

В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау

3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет

А) Алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі

Ә) Алгоритмнің айқындылығы, үзіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелілігі

Б) Алгоритмнің түсініктілігі, дискреттілігі, анықтылығы, нәтижелілігі, жан-жақтылығы

В) Алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы 

4. Алгоритм, ұқсас есептерді шешкенде кез келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазылуы?

А) Нәтижелілігі                                                             Ә) Жан-жақтылығы

Б) Түсініктілігі                                                              В) Дискреттілігі

5. Алгоритмнің жазылу түрі дәл және толық болуы?

А) Нәтижелілігі                                                             Ә) Түсініктілігі

Б) Жан-жақтылығы                                                       В) Анықтылығы

6. Алгоритмнің дәл және бір мағыналы болуы

А) Анықтылығы                                                            Ә) Жан-жақтылығы

Б) Нәтижелілігі                                                              В) Дискреттілігі

7. Алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым қадамдарға бөлінуі?

А) Нәтижелілігі                                                             Ә) Дискреттілігі

Б) Анықтылығы                                                             В) Түсініктілігі

 

8. Алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан кейін дұрыс шешімге әкелуі?

А) Анықтылығы                                                             Ә) Түсініктілігі

Б) Нәтижелілігі                                                               В) Дискреттілігі

5. Сабақты бекіту.

І топ – «Сабаққа даярлану» алгоритмі

ІІ топ – «Шәй ішу» алгоритмі

ІІІ топ – «Компьютерді сөндіру» алгоритмі

ІV топ – «Жолдан өту ережесі» алгоритмі



Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров133
Номер материала ДВ-434414
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх