Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Сабақ жоспары "Алынбайтын асу жоқ"

Сабақ жоспары "Алынбайтын асу жоқ"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп : «№2 орта мектеп» КММ Мерзiм: 12.11.2015ж. №10

Тақырып: Алынбайтын асу жоқ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қанағатшылдық, сенім, мақсаткерлік

Мұғалiм: Нурманбетова Г.Ж. Сынып: 10 Оқушылар саны:


Сабақтың мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.

Міндеттері:

а) адам мүмкіндіктері туралы түсініктерін одан әрі тереңдету;

ә) әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;

б) өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Орманға ойша серуен

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Жұмыс дәптеріндегі берілген сабырлылыққа, ұстанымдылыққа апаратын сатыларға талдау жасау.

Сабақ барысын талқылау:

Әңгiмелеу (сұхбат).

Д.Алленнің шығармасындағы жетістіктің адамға көп еңбекпен, парасатпен келетінін ұғындыру мақсатында сұрақтар қояды.

  • «Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді, ой-санасы әдемі адам өмірдің ләззатын көреді» деген оймен қаншалықты келісесіз?

  • Табысқа жетудің қандай жолдарын білесіз?


  1. Дәйек сөз.

«Алынбайтын асу жоқ»

Қанатты сөз


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Менің алға қойған мақсатым» тақырыбында шығарма жазу.


  1. Топпен ән айту.

Оқушылармен бірге көңілді ән айту.




  1. Үй тапсырмасы.

В.Ягодинскийдің зиянды заттардың адам өміріне тигізетін

залалдары туралы мәтінді оқып келу.



  1. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді ой-елегінен өткізіп,

ойларыңызбен бөлісіңіз.


8.Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.




Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров800
Номер материала ДВ-401558
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх