Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Қамқор болып өсемін"

Сабақ жоспары "Қамқор болып өсемін"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:




Алматы облысы20150919_112038

Ақсу ауданы

«Қ.Мұқашев атындағы негізгі

орта мектебі м.д.ш.о »к.м.м

Педагог-психолог

Оспанова Гулим Молболдиновна

Еңбек өтілі 5 жыл



Мектеп:«Қ. Мұқашев атындағы орта мектеп, м.д.ш.о» к.м.м.

Тақырыбы:Қамқор болып өсемін.

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, бауырмалдық

Мұғалім:Г.М.Оспановасыныбы 1 оқушылар саны 11

Сабақтың мақсаты :

«Қамқорлық» ұғымын, «Сүйіспеншілік» құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Сабақтың міндеттері :

  • қамқорлық бәрін жақсы көру туралы түсінік беру;

  • жанашырлық, аяушылық ақкөңілділік сезімдерін дамыту;

  • қайырымды, мейірімді, ізгілікті, бауырмалды болуға тәрбиелеу.

Ресурстар :

Аудио жазбалар, бейнетаспа

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі :Оқушылармен сәлемдесу, көңіл –күйін сұрау.

Тыныштық сәті. Жағымды жағдай туғызу . «Нұрға бөлену» . Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар , денелеріңізді түзу ұстаңыздар .Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз . Қолыңызды тізеңізге немесе үстелдің үстіне қоюға болады .Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін .Елестетіп көріңіз : Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан . Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді . Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды , әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты . Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде . Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз . Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп , сәуле шашуда . Қолымыз тек жақсы , ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі .Нұр аяқтарыңызға тарады . Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда . Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды .Одан әрі нұр сіздің аузыңызға , тіліңізге тарады .Тіліңіз тек шындықты және жақсы , ізгі сөздер ғана айтады . Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді .Нұр көздерімізге де жетті , көзіміз тек жақсыға қарап , бәрінен жақсылықты ғана көреді .Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп , басыңызға тек ізгі , сәулелі ой келеді .Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды , сіздің денеңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады .Осы нұрды туысқандарыңызға , мұғалімдеріңізге , достарыңызға , таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей , ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттыңыз , олардың да жүрегі нұрға толсын . Осы нұр бүкіл әлемге : барлық адамдарға , жан-жануарларға ,өсімдіктерге , барлық тірі жанға таралсын ....Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз .Ойша айтыңыз : «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын». Осындай Нұр , Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз ....Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз .Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде . Оны осындай қалыпта сақтаңыз . Жаймен көзіңізді ашуға болады «Рахмет ! Ал балалар кім не сезінді , ойларыңды ортаға салайық» .

5Т (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

Ескерту

«Нұрға бөлену».

Мұғалімге арналған әдістемелік құрал


2. Үй тапсырмасын тексеру : В. Сухомлинскийдің «Әйнек адам» шығармасын оқып әңгімелеп беріңдер.


3. Жағымды ой-пікір: (дәйексөз)«Қайырымдылық» дегеніміз адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қиналған, сырқаттанған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жүректен туған сол жақсылық қайырымдылық болып табылады. Сондықтан да халық «Қайырымдылық-жылы жүректен» деп тегін айтпаған.

1 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы 67-68 бет



Тақтаға дәйексөзді жазу






4.Жаңа сабақ :

  • Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Оқиға айту : (әңгіме)

Балаларға «Әжей мен балалар» атты әңгімені айтып беріп,сұрақтар қою арқылы жауаптарын тыңдау.

«Алдар көсе» мульттоптамасын көру.

Сабақта оқушылардың білімдерін бекіту үшін шығармашылық жұмыс ұсынылады. Балалар оқулықта берілген суреттерді қарап, қамқорлық туралы әңгіме құрастырады.









Оқулық



Бейнетаспа



Оқулық


5.Шығармашылық :(топтық жұмыс)

Дәптердегі суретті бояу.

«Сиқырлы жаңғақтар» ойын-жаттығуы оқушыларды ойнай отырып ойлантуға, тақырыпты жете түсінулеріне ықпал етеді.



Оқушы дәптері

Жаңғақ тәрізді ашылатын үш қорапша.

6. Топпен ән айту: Болайықшы осындай

Сөзі мен әнін жазған А.Меңжанов

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер-азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай

Болайықшы,досым-ай!

Үнтаспа

7. Үй тапсырмасы : Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ шуағым

Қайырымды баламын. өлеңін жаттау.

Соңғы тыныштық сәті .

(музыкамен)(2минут)Тыныштық,тыныштық,тыныштық...бар елде.Тыныштық,тыныштық,тыныштық...бүкіл әлемде .

Бүгін сендер сабақты өте жақсы оқыдыңдар ,жақсы ойлар айттыңдар , сол үшін , сендерге көп-көп рахмет айтамын .

1 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы 76 бет

8. Сабақтың қорытынды сәті :

- Мен қамқорлықты ешкімді ренжітпеу деп түсінемін.

-Мен үшін қамқорлық кішілерге көмектесу.

-Құстарға жанашырлықпен қарау қамқорлық деп ойлаймын.

-Мен үшін қамқорлық-табиғатты аялау.

Біз әдепті баламыз,

Тату-тәтті тұрамыз.

- Сабақтан қандай әсер алдың?

- Өзіңе сабақтан қандай ой түйдің?









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров85
Номер материала ДВ-428999
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх