Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Сабақ жоспары "Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету " (6 сынып)
  • Информатика

Сабақ жоспары "Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету " (6 сынып)

библиотека
материалов

Бекишева Кульзия Есеновна

Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің

информатика пәні мұғалімі



Сынып: 6


Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Power Point бағдарламасының қолдану мақсатын, оны іске қосу мен жұмыс істей білуді үйрету.

Дамытушылық: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырма орындау.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: Қосымша материалдар, нұсқаулық карта.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі:

а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды тексеру;

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

б) Қауіпсіздік ережесін айту.

І. Жаңа сабақ

Power Point-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:

  1. Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.

  2. Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.

  3. Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.

  4. Презентацияларға объектілер қосу.

  5. Презентацияларға ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.

  6. Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.

  7. Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.

  8. Презентацияны демонстрациялау.

PowerPoint терезесінің құрылымы.

PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар - Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:

  • Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.

  • Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.

  • Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.

  • Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

  • Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.

  • Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. 6- слайд

  • Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:

  • Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан.

Слайдтарды безендіру.

Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі-мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа бағдарламадағы сууреттерді пайдалануға болады.

Анимация қосу.

PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.

немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу керектігін белгілей аламыз.


Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звукЗвук из файла командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.

Сабақты бекіту

Компьютерде «PowerPoint бағдарламасы» арқылы тапсырмалар орындау.

PowerPoint бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту үшін компьютерде «Тестік жұмыс» орындайды.


ІІ. Ағымды нұсқау (Өздік жұмыс):

Осы тақырыппен берілген нұсқау картасы арқылы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, компьютерде тапсырманы орындау. Оқушылардың тапсырмаларын тексеру. Қатемен жұмыстану.

Тапсырма: Power Point бағдарламасында әр оқушы компьютерлеріңіздің

жұмыс үстелінде орналасқан “Менім отбасым” және “Менім сыныбым” деген папкалардағы дайын файлдарды пайдаланып, Power Point

бағдарламасында 2 – 3 секундтық жарнама ролик дайындаңыздар.

ІІІ. Қорытынды нұсқау:

Оқушылардың компьютерде нұсқау картасы бойынша берілген тапсырмаларының нәтижесін тексеру. Оқушыларға жеке-жеке тоқталу. Қателермен жұмыстану.

IV. Сабақты қорытындылау:

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою:

1. Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы не үшін қажет?

2. Презентация неден құралады?

3. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?

4. Power Point бағдарламасының терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?

V. Бағалау.





























Сынып: 6


Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Word редакторының мүмкіндіктеріне көңіл бөле отырып, оқушыларды кесте ұғымымен таныстырып, әр түрлі деңгейдегі кестелерді жасауға үйрету.

Дамытушылық: Өзіндік жұмыс істеуге баулу, алған теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау және шығармашылық деңгейлерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Word редакторы, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақты жүргізу әдісі: Топтық, жеке оқушымен жұмыс, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау, оқушының практикалық жұмысы, тест, өзін-өзі тексеру, бағалау


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында жетелей сұрақ қою.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын электрондық тест арқылы тексеру.Тест компьютерде орындалады,нәтиже компьютерде бағаланады.

Тест сұрақтары:

1. MS WORD программасында мәтінді қағазға қалай басуға болады?

  1. Файл/Беттің параметрлері;

  2. Файл/Алдын-ала көру;

  3. Файл/Печать

2 MS WORD программасын қалай іске қосуға болады?

  1. Пуск-Все программы-Microsoft Office-Microsoft Word

  2. Пуск-Стандартные-Microsoft Office-Microsoft Word

  3. Мой компьютер- Все программы-Microsoft Office-Microsoft Word

3.Мәтінге суретті қалай кірістіреді?

  1. Файл – Картинки - Вставит

  2. Вставка – Картинки – Таңдау-Қою

  3. Файл – Картинки - Сохранить

4. WORD құжатын қалай сақтауға болады?

  1. Файл – Сохранить как – Имя файла- Сохранить

  2. Вставка – Сохранить как – Имя файла - Сохранить

  3. Файл – Картинки - Сохранить

5.Құжаттың бет нөмірлерін қалай қоюға болады?

  1. Вид – Номера страниц - Ок

  2. Вставка – Номера страниц - Ок

  3. Файл – Номера страниц - Ок

6. Мәтінге суретті қалай кірістіруге болады?

  1. Правка-Картинки

  2. Формат -Картинки

  3. Вставка - Картинки

7. Сақталған құжатты қалай ашамыз?

  1. Файл-Открыть

  2. Правка -Открыть

  3. Формат-Сохранить

8. Құжат бетіне колонтитул қою болады?

  1. Вставка- Колонтитул

  2. Файл- Колонтитул

  3. Вид - Колонтитул

9. Мәтіндік редактордың қызметі?

  1. Сурет салуға арналған

  2. Есептеуге арналған

  3. Мәтін өңдеуге арналған

10. Мәтінді бағанға қалай бөлуге болады?

  1. Вставка-Колонки

  2. Формат - Колонки

  3. Разметка страницы - Колонки


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарламас бұрын таратпалар арқылы жаңа сабаққа қатысты қысқаша ақпарат ұсыну.

Кесте ұғымы

Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан тұрады.

Ұяшық ұғымы

Ұяшық баған мен жолдың қиылысында орналасқан. Ұяшықтағы мәтінді ереже бойынша пішімдеуге болады.

Кесте жасау әдістері:

Кестені бірнеше әдіспен жасауға болады.


Оқушылар берілген мәліметпен танысқан соң, алған мәліметтері бойынша сұрақтар қою:

  • Қандай ұғыммен таныстыңыздар?

  • Кесте ұғымын қалай түсінесіздер?

  • Күнделікті өмірдегі қолданысы?

Оқушылардың берген жауаптары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын айқындау.

Бүгін Word редакторының тағы бір мүмкіндігімен танысамыз, жаңа сабақтың тақырыбы: «Кестелермен жұмыс»

Оқушылар жаңа тақырыпқа қажетті мәліметті электрондық оқулықтан алады. (Интерактивті тақта арқылы дыбысталған электрондық оқулықты пайдалану)

IV. Жаңа білімді бекіту.

Жаңа сабақ бойынша алған теориялық білімді практика жүзінде бекіту.

Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, компьютерде деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материалды бекіту және шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.


І-деңгей

  1. 6 бағаннан, 4 жолдан тұратын кесте құру;

  2. Кестеге апталық сабақ кестесін үлгі бойынша толтыру;

  3. Апта күндерін, пән атауларын ортаға туралау;

  4. Апта күндерінің атауы курсив және жартылай қарайтылған болуы керек.


Негізгі апта күндері жазылған жолды белсенді ету, меню қатарынан – Работа с таблицами-Макет әрекеттер тізбегін орындап, кестені өңдеу;

Кестеге сол жақтан 1 баған қосу;

Кестенің басына 1 жол қосу;

Жаңадан қосқан жолдағы ұяшықтарды біріктіру;

Біріктірілген ұяшықтарға Апталық сабақ кестесі сөзін жазу;

Апталық сабақ кестесі сөзін ортаға туралау және курсивпен жартылай қарайтылған сызылымға келтіру.


Кестенің соңына 1 жол қосу;

Жаңадан қосқан жолдағы ұяшықтарды біріктіру;

Негізгі апта күндері жазылған жолды белсенді ету, меню қатарынан – Работа с таблицами-Конструктор әрекеттер тізбегін орындап, кестенің күрделендірілген бір түрін таңдау;

Кестедегі мәтінді көк түске бояу


Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1

Қазақ тілі

Химия

Неміс тілі

Қазақ тілі

География

Экономика

2

Математика

Информатика

Сызу

Физика

Музыка

Абайтану

3

Орыс тілі

Тарих

Д/Ш

Биология

Ағылшын тілі

География










V Қорытындылау

Мәтінге кесте кірістіру және оны өңдеу әдістерін сұрақ-жауап түрінде қорытындылау.


VІ Бағалау

Бағалау парағы бойынша бағалау


VІІ Үйге тапсырма: оқулықтан § 23. Кестелермен жүмысты оқу, шығармашылық жұмыс «Наурыз» айының күнтізбесін жасау

Электронды оқулықтан мәлімет алу. (Интерактивті тақта арқылы көріп-тыңдау)

















Автор
Дата добавления 05.05.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров335
Номер материала ДБ-067633
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх