Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары: "Қанның құрамы мен қасеті"
  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 15.12.2015 ж

Пәні:Биология

Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы мен қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қанның құрамы мен қасиеттері туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен : а) амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа назарларын аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау

1.Организмнің ішкі ортасы неден түзілген?

2.Ұлпа сұйықтығы дегеніміз не?Оның маңызы неде?

3.Қан қандай қызмет атқарады?

III.Үй тапсырмасын пысықтау

IV.Жаңа сабақ

Қан плазмасы – барлық қанның шамамен, 55 – 60% көлемін құрайтын мөлдір, түссіз сұйықтық.Оның құрамында 90-92% су, 7-8% нәруыздар,шамамен, 2% глюкоза, майлар, минералды тұздар, т.б. болады.Плазмада еріген нәруыздар, минералды тұздар мен басқа заттар белгілі бір осмос қысымын тудырады.Қан плазмасының нәруыздары әртүрлі қызмет атқарады.Мысалы, глобулиндер организмді бактериялардан қорғауға қатысады; альбуминдер плазмадағы судың мөлшерін реттейді; фибриноген қан ұюында маңызды рөл атқарады.Фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.

Эритроциттер немесе қызыл қан жасушаларының пішіні (форма) диаметрі 7-ден 10 мкм-ге дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді.Жетілген эритроциттерде ядро болмайды.1мм3 қанда 4,5 -5 млн эритроцит болады.Эритроцитте ерекше нәруыз – гемоглобин болады.Қалыпты жағдайда қанның құрамындағы гемоглобиннің мөлшері 120 – 150 г/л болуы тиіс.Адам организмінде эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің кемуі қаназдылық, яғни анемия ауруының қалыптасуына себеп болады.

V.Сабақты бекіту

1.Қан плазмасының құрамын атаңдар?

2.Эритроциттер қандай қызмет атқарады?

3.Гемоглобин дегеніміз не?

VI.Үйге тапсырма

§ 27 оқу мазмұндау кесте толтыру

VII.Оқушыларды бағалау



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров122
Номер материала ДВ-433797
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх