Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Ас қорыту мүшелері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Сабақ жоспары "Ас қорыту мүшелері"

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы, ауыз қуысы, жүтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, ұйқыбез, бауыр, ішек бездері).

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Адамның асқорыту мүшелерінің құрылысы, ерекшеліктері, қандай бөлімдерден тұратындығы туралы білім беру. Оқушылардың білімділігін жан- жақты

жетілдіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге қызығушылықтарын

ойлау қабілетін арттыру. Тақырып бойынша сызба, схемаларды пайдалана отырып

оқушылардың ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелілігі: Қосымша материалдармен жұмыс істеуге және ағзаға пайдалы тағамдарды пайдалану арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар: «Ас қорыту жүйесінің құрылысы суреттері, слайд

Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг «Амандасу түрлері»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау

Тақтада 3 адам бейнесі салынған сурет тұрады. Бейненің үстінен номерлеген 5 карточка қойылған. Карточканың артқы бетінде «адам организміне қажетті тағамдық заттар» жазылып тұрады. Карточканың сұрақтары проблемалық, яғни логикалық ойлау дәрежесін бақылау мен бағалау үшін негізделген. Дұрыс жауап болса карточка алынады, ал қате болса карточка орнында қалады. Карточка толық ашылу керек. Егер суретте 1 немесе 2 карточка қалып қойса, онда адам организмінде сол тағамдық заттардың жетіспеуінің белгісі болады.

1 - ші карточка сұрақтары:

1. Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеуі үшін, организмде әр уақытта қоректік заттар болу керек)

2. Ал қоректік заттар дегеніміз не? (нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен витаминдер)

3. Азықтық заттардың, қоректік заттардан айырмашылығы неде? (Құрамында нәруыздар, майлар және көмірсулар бар өсімдіктекті және жануартекті өнім; Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды заттар, су, витаминдер, күрделі өңдеуге ұшырайтын органикалық қосылыстар)

4. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруына, адам организмін құрастырушы бір күндік нәруыз мөлшері 100 - 120 гр. Осы нәруыз тағы нелер түзеді? (ферменттер мен гормондар)

5. Ас тағамдары әр түрлі болу керек? Себебін айт (үнемі бір түрлі тағамдар ішкенде оның сіңімділігі төмендейді және адамның тамаққа деген тәбеті тартпайды)

2 - ші карточка сұрақтары:

1. Майлар әрбір жасушалардың тіршілігіне өте қажетті тағамдық заттар болып табылады. Май өсімдік және жануарлардан алынатын тағамдар құрамында болады. Ал май тышқанда бола ма? (тышқанда болады, құмырсқада болмайды)

2. Адам организіміндегі нәруыздар, көмірсулар, майлар мен витаминдердің рөлі қандай? (нәруыз - құрылыс материалы, майлар - энергия көзі, құрылыс материалы, көмірсу – энергия көзі, витаминдер – алмасу процесіне белсенді қатысады)

3. Нәруыздар негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, жармада көп кездеседі. Ал жәндіктерде кездесе ме? (кейбір жәндіктерде кездеседі, м/ы: ағаш қуысындағы жұлдыз құрттарда)

4. Ас қорыту дегеніміз не? (тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі)

5. Ферменттердің рөлі қандай? (Нәруыз текті заттар. Олар ас қорыту жолында заттарды ыдырататын химиялық реакцияларды тездетеді. Әр фермент белгілі бір затқа әсер етеді)

3 - ші карточка сұрақтары:

1. Организм қабылдаған тағам әр түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Организмге түскен тағамдық заттар қалай өңделіп, қалдық заттар сыртқа шығарылып отырады? (қан, лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралады)

2. Адам организміндегі тамақтың рөлі қандай? (Организмнің қалыпты тіршілік әрекеттері үшін жасушалары мен ұлпаларына үнемі қоректік заттар керек)

3. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді)

4. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Организм үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян. Не себепті? (суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиян тигізеді. Ал су тапшылығы адам организмімін өлтіруге дейін барады)

5. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Не себепті? (кейде адам тамақтан шашалып, тұншығып, өліп кетуі мүмкін)

ІІІ. Жаңа материалды оқу

«Денсаулық – өмірдің азығы, білім – ақыл - ойдың дамуы»

Адам денінің сау болып қалыптасуы үшін салауатты өмір сүру қажет. Адам организімінің қалыпты өсіп, дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай – дұрыс тамақтану. Олай болса бүгінгі сабағымызда ас қорыту мүшелерінің құрылысына тоқталамыз. Тамақ өнімдерін ыдырататын да, қорытатын да универсал аппарат - ас қорыту жүйесі. Ас қорыту – өте күрделі процесс. Ол ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерден тұрады. Ас қорыту мүшелері түтік тәрізді ас қорыту жолын құрайды. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы 8-10 м. Ас қорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан (қарын), аш ішек, тоқ ішек, тік ішек жатады.

Ауыз қуысы алдыңғы жағында сыртынан ерін мен үрт, ішінен тіс пен қызыл иек, жоғары жағы қатты және жұмсақ таңдай, төменгі жағы тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы жұтқыншаққа жалғасады. Жұмсақ таңдайдың артқы жағы бөбешік түрінде болады. Сүйек тәрізді тығыз, қатты заттан түзілген тістер тамақты тістеп, тартып алып, ауызда ұстап қалу, шайнау қызметін атқарады және дыбыс түзілуге қатысады.

Тіл сілемейлі қабықпен жабылған көлденең салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Олар тілдің түбі, денесі және ұшы деп аталатын аймақтарға бөлінеді. Тіл дәм сезу мүшесі. Оның бетінде дәм сезу рецепторлары орналасқан әр түрлі бүртіктер болады. Тіл түбі ащы, тіл ұшы тәтті, ал бүйір жағындағы рецепторлар қышқыл мен тұзды дәмге сезімтал келеді. Тіл қозғалмалы мүше болғандықтан, сөйлеуге, асты шайнауға және жұтуға қатысады. Ауыз қуысының артқы жағында ауызды өңешпен жалғастыратын шұңғыма тәрізді жұтқыншақ орналасады.

Жұтқыншақ – ұзындығы шамамен, 11-13 см, бұлшық етті мүше, онда ас қорыту тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып, өңешке жалғасады.

Өңеш – ұзындығы шамамен, 25 см бұлшық етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, XI кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.

Асқазан (қарын) – ас қорыту жолының кеңейген көлемді мүшесі. Ол құрсақ қуысында көкеттің астында орналасқан. Асқазанның сыйымдылығы 2-3 л, пішіні алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді.

Ашішек (ащы) – асқорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Оның ұзындығы 5-6 м және үш бөлікке : ұлтабар, ашішек және мықынішекке бөлінеді. Ұзындығы шамамен 25 см болатын ұлтабардың пішіні таға тәрізді, оған ұйқы безі мен бауыр өзектері ашылады. Ашішек пен мықын ішектің сілемейлі қабы,ғында ішек сөлін бөлетін түтік тәрізді көптеген бездер мен жіңішке өсінділер – ішек бүрлері болады. Ішек бүрлерінің жалпы саны 4 млн – ға жетеді. Ашішек және мықынішекте астың қорытылуы аяқталады да, негізінен, астың сіңірілуі жүзеге асырылады. Астың қорытылмаған қалдығы тоқішекке өтеді.

Тоқішектің ұзындығы 1,5-2 м, және ол соқырішек, жиекішек және тікішекке бөлінеді. Соқырішекте құрт тәрізді өсінді – ұзындығы 8-15 см аппендиксі болады. Оған қорытылмаған ас қалдығы немесе ауру тудыратын микробтар түскенде, қабыну процесі аппендицит пайда болады. Тоқішек тікішекпен аяқталады.

Ұйқы безі ұзындығы 10-12 см, асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Ұйқы безі сөлі ас қорытуда маңызды рөл атқарады. Бездің негізгі сөл шығару өзегі ұлтабарға ашылады. Ас қорыту қызметінен басқа ұйқы безі ішкі секрециялық қызметін де атқарады.

Бауыр – қоңырқай түсті ең ірі без, массасы, шамамен, 1500 г. Оның үлкендеу келген оң жақ бөлігі құрсақ қуысының оң жағында көкеттің астында, қабырғаға жақын орналасады. Бауыр – күрделі түтікшелі без. Ол көптеген қызмет атқарады. Бауырдың негізгі қызметі – өт бөліп шығару. Бауырда үздіксіз түзілетін өттің біразы өт қабына жиналады. Алмұрт тәрізді өт қабы бауырдың астыңғы бетінде орналасқан. Ас қорыту кезінде өт қабының және бауырдың өзектерінің бойымен өт жалпы өт өзегіне, одан ұлтабарға құйылады. Өт майлы тағамдардың жылдам қорытылуына жағдай туғызады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

1. Сызықтық диктант

1. Тоқ ішек қарыннан (асқазаннан) кейін орналасқан

2. Аш ішектің ұзындығы 5 - 6 м

3. Асқазанның сыйымдылығы – 3л

4. Ішектер 2-ге бөлінеді: Аш ішек және тоқ ішек

5. Бауырдың негізгі қызметі өт бөліп шығару

6. Ең ірі без - бауыр

7. Ауыз қуысында сілекей бездері болмайды

8. Қарында ас 3 - 10 сағат аралығында қорытылады

Жауабы: 1 -, 2+, 3+, 4+, 5+, 6+, 7 -, 8+.

2. Тест

1. Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?

А) аш ішек; ә) тік ішек б) ұлтабар

2. Адамның   ас қорыту жолының ұзындығы:

а/ 3-5м                        ә/ 8-10м                      б/ 15-18м              в/ 18-20м

3. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

а/ жұмсақ таңдайда                                                         ә/ ұрттың сілемейлі қабығында

б/ тілде                                                                             в/ көмейде

4. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?

а/ ауыз қуысында                                                            ә/ жұтқыншақта

б/ өңеште                                                                         в/ көмейде

5. Асқазанның сыйымдылығы қанша литр?

а/ 2-3 л                                                                        ә/ 1-2 л

б/ 4-5 л                                                                       в/ 3-4 л

6. Тоқ ішектің бөлімдері:

а/  аш ішек, жиек ішек,  тік ішек                                 б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек

ә/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар                                   в/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек

7. Аш ішек бөлімдері:

а/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек                                       б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек

ә/ ұлтабар, аш ішек, мықын ішек                                в/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар

8. Ол мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан ас қорыту мүшесі:

А) өңеш; ә) жұтқыншақ; б) асқазан

9. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:

а) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, жұтқыншақ, өңеш;

ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек;

б) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.

10. Астың қорытылмаған қалдығы қайда өтеді?

А) ашішекке ә)тікішекке б) тоқішекке

Жауабы: 1.А 2.Ә 3.Б 4. Ә 5.А 6.Б 7.Ә 8.А 9.Ә 10.Б

3. Сәйкестігін тап

1. Ас қорыту мүшесі басталады. а) бөбешік

2. 25 см іші қуыс бұлшық етті мүше. ә) бауыр

3. .... 5-6 метр болады. б) ауыз

4. Ең үлкен ас қорыту безі. в) өңеш

5. Аш ішектегі ұсақ өсінділер. г) ащы ішек

6. Ауыздағы кішкене тілшік . ғ) бүрлер

7. Сөйлеу функциясын атқаратын д) тіл

8. Әрі тыныс алу,әрі ас қорыту мүшесі е) қарын

9. Өңештен кейінгі асқорыту жолы ж) жұтқыншақ

10. 8-15 см құрт пішінді тұйық өскін з) ұлтабар

11. Он екі елі шек и) соқыр ішек


VI. Сабақты қорытындылау

Еліміздің, қазақ ұлтының болашағы - жас ұрпақ! Қазақ халқының қаны таза, дені сау, сымбатты, білімді болуы үшін салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтануды естеріңде сақтаңдар!

Биологиялық есеп”

Есеп №1.

Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткілікті болса, әр отбасыға бір аптада, бір

айда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады.

Жауабы:

(6 г х отбасы саны) х 7 = 6 х 5 х 7 = 210 г

(6 г х отбасы саны) х 30 = 6 х 5 х 30 = 900 г

Есеп №2.

Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды. 50 000 халқы бар елді мекенде бір жылда қанша нан шығындалады?

Жауабы:

А) (1 г • 4 мезгіл) • 50 000 = 4 х 50 000 = 200 000 г = 200 кг.

Ә) 200 кг • 365 күн = 73 000 кг = 73 т



VІI. Бағалау


VIІI. Үйге тапсырма 163-беттегі кестені толтыру










2. Тест

1. Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?

А) аш ішек; ә) тік ішек б) ұлтабар

2. Адамның ас қорыту жолының ұзындығы:

а/ 3-5м ә/ 8-10м б/ 15-18м в/ 18-20м

3. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

а/ жұмсақ таңдайда ә/ ұрттың сілемейлі қабығында

б/ тілде в/ көмейде

4. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?

а/ ауыз қуысында ә/ жұтқыншақта

б/ өңеште в/ көмейде

5. Асқазанның сыйымдылығы қанша литр?

а/ 2-3 л ә/ 1-2 л

б/ 4-5 л в/ 3-4 л

6. Тоқ ішектің бөлімдері:

а/ аш ішек, жиек ішек, тік ішек б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек

ә/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар в/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек

7. Аш ішек бөлімдері:

а/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек

ә/ ұлтабар, аш ішек, мықын ішек в/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар

8. Ол мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан ас қорыту мүшесі:

А) өңеш; ә) жұтқыншақ; б) асқазан

9. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:

а) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, жұтқыншақ, өңеш;

ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек;

б) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.

10. Астың қорытылмаған қалдығы қайда өтеді?

А) ашішекке ә)тікішекке б) тоқішекке


2. Тест

1. Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?

А) аш ішек; ә) тік ішек б) ұлтабар

2. Адамның ас қорыту жолының ұзындығы:

а/ 3-5м ә/ 8-10м б/ 15-18м в/ 18-20м

3. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

а/ жұмсақ таңдайда ә/ ұрттың сілемейлі қабығында

б/ тілде в/ көмейде

4. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?

а/ ауыз қуысында ә/ жұтқыншақта

б/ өңеште в/ көмейде

5. Асқазанның сыйымдылығы қанша литр?

а/ 2-3 л ә/ 1-2 л

б/ 4-5 л в/ 3-4 л

6. Тоқ ішектің бөлімдері:

а/ аш ішек, жиек ішек, тік ішек б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек

ә/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар в/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек

7. Аш ішек бөлімдері:

а/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек

ә/ ұлтабар, аш ішек, мықын ішек в/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар

8. Ол мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан ас қорыту мүшесі:

А) өңеш; ә) жұтқыншақ; б) асқазан

9. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:

а) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, жұтқыншақ, өңеш;

ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек;

б) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.

10. Астың қорытылмаған қалдығы қайда өтеді?

А) ашішекке ә)тікішекке б) тоқішекке





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1347
Номер материала ДВ-455977
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх