Инфоурок Биология КонспектыСабақ жоспары "Ас қорытудың маңызы "(8 сынып )

Сабақ жоспары "Ас қорытудың маңызы "(8 сынып )

Скачать материал

 

Күні:

Сынып:  8

Пән: Биология

Тақырыбы: Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы, ауыз қуысы, жүтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, үйқыбез, бауыр, ішек бездері).

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Жаңа тақырыпты меңгерту. Оқушыларға асқорыту мүшелері

жайлы  түсінік беру

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру,қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Тақырыпты түсіндіре отырып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас

Сабақ турі:  ЖИГСО-1

Сабақ әдісі: ауызша

Көрнекіліктер: Карточкалар, интероактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар.

Пән аралық байланыс: валеология

 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру сәті(2 мин)

2.Пысықтау сұрақтары(8 мин )

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (25мин)

4.Жаңа тақырыпты бекіту (5мин)

5.Бағалау  (3мин)

6.Үйге тапсырма беру(1мин)

1.Ұйымдастыру

- сәлемдесу

-оқушыларды түгендеу

- сабаққа назар аударту

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Сәйкестікті тап

1

Тағамдық заттардың қызметі

А) Ет, балық, жұмыртқа, жаңғақ, асбұршақ

2

 Нәруыздардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері

 

Б) Сүт өнімдері, жұмыртқа

3

Нәруыздар қандай тағамдардың құрамында кездеседі?

В) 500г

4

Майлардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері

Г) Құрылыс материалы, энергия көзі

5

Майлар қандай тағамдардаң құрамында кездеседі?

Д) Көмірсу

6

Жануартекті тағамдардың құрамында көп кездесетін органикалық зат

Е) 100-120г

7

Ағзаға қажетті көмірсудың тәуліктік мөлшері

Ж) 70-100г

8

Өсімдіктекті тағамдардың құрамында көп кездесетін органикалық зат

З) Нәруыз

 

      1

      2

      3   

     4

      5

     6

      7

      8

      Г

     Е

     А

    Ж

      Б

     З

      В

      Д

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

  Сыныпты 5 топқа бөлеміз (жұмыс тобы):

 


          

 

 

Бұл топтар жұмыс тобы деп аталады. Осы топтардағы оқушыларға 1-5 дейін белгіленген карточкалар таратылады. Содан кейін 1 карточканы алған оқушылар 1-ші топқа, 2 карточканыалғандар 2-ші топқа,...... барады.

Эксперттер тобы:

 

 

 

 

 


Ауыз қуысы             Жұтқыншақ,өңеш                     Асқазан                             Аш ішек                        Тоқ ішек

 

Әрбір топтағы оқушыларға тақырып бойынша жеке тақырыпшалар бөлініп беріледі. 7 мин ішінде барлық топтардағы оқушылар берілген тақырыпшаларды бірігіп оқып, бір-біріне түсіндіріп, қысқаша конспект жазып алады. Берілген тақырыпшаны толық түсініп алған соң барлық оқушылар бастапқы жұмыс топтарына қайтып барады да, өздері оқыған жеке тақырыпшаларды бір-бірлеріне түсіндіреді (10-15 мин). Оқушылар тақырпты толық меңгеріп, түсініп алған соң карточкаларды пайдалана отырып жаңа тақырыпты бекітеміз.

Қосымша материалдар:

Жұту – рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі процесс. Ауызда шайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды. Ас кесегі тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады. Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас кесегін таңдайға тақап қысады да жұтқыншаққа қарай ысырады, сөйтіп ауыз ішін жұтқыншақтан бөліп тастайды. Жұтқыншаққа ас кесегі өткен кезде алдымен жұмсақ таңдай мен тілшік, жұтқыншаққа қарай көтеріледі де, оның мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды, сөйтіп жұтынған сәтте ас кесегінің мұрынға өтіп кетпеуіне кедергі жасалады. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмейді жауып тастайды. Одан әрі ас кесегі өңешке қарай жылжиды.  

Сіңіру – күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішіндегі бүрлер арқылы белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүрлердің көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлары келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады.

 4.Жаңа тақырыпты бекіту

5. Оқушыларды бағалау

6.Үйге тапсырма беру  § 45

 

 

 

 

 

 

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып:  8

Пән: Биология

Тақырыбы: Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, су, минералды тұздар. Тағам-денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы. Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік:Жаңа тақырыпты меңгерту. Оқушыларға тағамның

маңызын,      құрамын, қызметін, адам өміріндегі ұлттық

тағамдарды пайдаланудың денсаулықты нығайтудағы рөлін айтып түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру,

 қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

 Тәрбиелік: Дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу туралы түсінік беру,  дені сау,  жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

 Сабақ типі:аралас

 Сабақ турі: дәстүрлі

 Сабақ әдісі: Саралап деңгейлеп оқыту.

 Көрнекіліктер: Кестелер, интероактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар.

 Пән аралық байланыс:география

 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру сәті(2 мин)

2.Пысықтау сұрақтары(8 мин )

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (25мин)

4.Жаңа тақырыпты бекіту (5мин)

5.Бағалау  (3мин)

6.Үйге тапсырма беру(1мин)

1.Ұйымдастыру

- сәлемдесу

-оқушыларды түгендеу

- сабаққа назар аударту

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Сызба бойынша сөйлеу

                                                      ӨТС

 

 Тыныстық                  Тыныс алудың қосымша           Тыныс шығарудың қо-

сыйымдылық                      сыйымдылығы                     сымша сыйымдылығы

                                

  500мл                                     1500мл                                       1500мл

                                                 

                                                 3500мл

 

 

 

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тағамның маңызы.

Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі.

Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. Ағзаға қажетті тағамды заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді.

Өңделген тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және  жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам-ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.

2.Тағамның құрамы.

 

                                          Тағамның құрамы

 

 

 


                 Органикалық заттар                             Бейорганикалық заттар

 


                                                                                                  

 

 

Нәруыз            Май       Көмірсу   Витаминдер          Минералды        Су

                                     

Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Нәруыз адам ағзасына өздігінен түзілмейді,тек тағаммен бірге қабылданады. Нәруыз еттің, балықтың, жұмыртқаның, бұршақтың, жаңғақтың құрамында мол болады.

Майлар адам ағзасы үшін қажетті органикалық заттардың бірі. Май сүт өнімдерінің, жұмыртқаның құрамында мол болады. Май жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Май ыдыраған кезде энергия екі есе көп бөлінеді. Адам өсімдік майын көбірек пайдалану қажет.

Көмірсулар өсімдіктекті тағамдардың құрамында көп, нәруыздар аз болады. Жануартекті тамақта нәруыздар көп, көмірсулар аз болады. Адам күнделікті пайдаланылатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көп болады. Қант, қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Адам ағзасы үшін жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам ағзасында жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшық еттерде қор ретінде жиналады.

Витаминдер тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті зат. Ағзаның өсуі,дамуы тіршілігі үшін дәрумендер аз мөлшерде болса да өте қажет. Дәрумендерді адам ағзасы тағамның құрамынан алады. Дәрумендердің адам ағзасында жетіспеушілігі түрлі аурулар пайда етеді.

Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен су арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады.

Су - адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам денесіндегі физиологиялық процестердің бәрі де, судың қатысуымен жүреді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Суды шектен тыс пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді.

                                       

Органикалық заттардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері

Бейорганикалық заттардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері

1.Нәруыз

100-120 г

1.Минералды тұздар

5-6 г ас тұзы

2.Көмірсу

500 г

2.Су

1,5-2,5 л

3.Май

70-100 г

 

 

4.Витаминдер

Аз мөлшерде

 

 

 

3.Тағамдық заттардың қызметі. Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады. 2-түрлі қызметін ерекше атап өту керек. 1-ден тағамдық заттар адам ағзасында тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. 2-ден тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден бір көзі болып табылады.

 

 

Тағамдық заттардың қызметі

                                

 

                                    Құрылымдық                      Энергетикалық

 

 

1.       Қазақ халқының ұлттық тағамдары. Әр халықтың ертеден келе жатқан ұлттық тағамдары бар. Қазақ халқы асқа,тағамға үлкен мән берген. Халқымыз кәделі әрі, орны бөлек тағамдарын ет пен сүттен жасаған. «Ұлттық тағам - ұлы байлық» деген мақал бар. Қазақстанның көрнекті ғалымы, академик Төрегелді Шарманов ұлттық тағамдардың адам ағзасына әсерін зерттеп келеді.

 

Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Сүт өнімдері

Айран, қатық, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, сүзбе, құрткөже, малта, уыз көже, шалап, наурыз көже.

Ет

Ет, қазы-қарта, жал-жая, қуырдақ, шұжық, құйрық-бауыр, т.б.

 

Тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуі асқорыту деп аталады.

 4.Жаңа тақырыпты бекіту

Сәйкестікті тап

1

Тағамдық заттардың қызметі

А) Ет, балық, жұмыртқа, жаңғақ, асбұршақ

2

 Нәруыздардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері

 

Б) Сүт өнімдері, жұмыртқа

3

Нәруыздар қандай тағамдардың құрамында кездеседі?

В) 500г

4

Майлардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері

Г) Құрылыс материалы, энергия көзі

5

Майлар қандай тағамдардаң құрамында кездеседі?

Д) Көмірсу

6

Жануартекті тағамдардың құрамында көп кездесетін органикалық зат

Е) 100-120г

7

Ағзаға қажетті көмірсудың тәуліктік мөлшері

Ж) 70-100г

8

Өсімдіктекті тағамдардың құрамында көп кездесетін органикалық зат

З) Нәруыз

 

      1

      2

      3   

     4

      5

     6

      7

      8

      Г

     Е

     А

    Ж

      Б

     З

      В

      Д

 

5. Оқушыларды бағалау

6.Үйге тапсырма беру  §44 Деңгейлік тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Ас қорытудың маңызы "(8 сынып )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 926 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2015 4398
    • DOCX 106.8 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садвакасова Айдана Бахтыбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37084
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 273 человека

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 841 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 383 человека

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе