Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Ата -баба дәстүрі-ұрпаққа аманат
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сабақ жоспары "Ата -баба дәстүрі-ұрпаққа аманат

библиотека
материалов

«Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат » тақырыбы аясында өтетін «Ана –өмірдің шуағы» мерекелік кештің сценарийі


Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.


Сахна іші әсем етіп безендірілген , шарлар, қанатты сөздер, әуезді музыка ойналып «Ана» туралы бейнекөрсетілім көрсетіліп тұрады.


Ана туралы ән әуенімен залға қолдарына шар, гүл ұстаған бүлдіршіндер енеді.Олар залды толтыра орналасып, сахна төріне бірнеше оқушы шығады.Бүлдіршіндер ардагерлерге арнаған жыр жолдарымен қарсы алу сөздерін айтады.


1-оқушы:

Уа, Ассалаумағалейкум,атайлар,

Сау-сәлемет жүрсіздер ме, апайлар!

Күннің көзі шуағы боп ананың

Таң нұры да аналармен арайлар!


2-оқушы:

Бөбектерін еркелетер шақырып

Әз жандарға әлем келед бас ұрып

Сіздер келген бұл төртінші мектепте

Ардақты ана- дәл бүгінгі тақырып.


3- оқушы:

Адам қылған жеткізіп ұл-қызын да,

Түн ұйықтамай, алмай тіпті тыным да.

Әсіресе бала үшін біздердей

Аналардың орны бөлек шынында.


4-оқушы:

Толғанайық, ой жүгіртіп байқайық,

Көңіл толқып, жан сергітіп қайтайық

Ардагерге кеп отырған бұл төрге,

Ана жайлы үсті-үстіне айтайық!


5-оқушы:

Көрейікші барша жанды салмақтап,

Жанұя үшін жүр ғой олар ар сақтап.

Аналарды сондықтан да ту қылып,

Өтеміз ғой өмір бойы ардақтап!


6-оқушы:

Ана біткен бар әлемнің шуағы,

Күн боп шығып, ай боп тағы туады.

Бесік жырын айтқан сәби кезімде

Ана сөзі құлағымда тұрады.


7-оқушы:

Бата алғанбыз үлкендерден, елден де,

Үлкен құрмет бала бізге сенген де.

Бар өнерді көрсетеміз аянбай,

Аталарым, апаларым келгенде!


8-оқушы:

Ана есімі шарықтасын көктеде де,

Қандай сыйды көрсетсек де «көп» деме.

Парызыңнан құтылмайсың арқалап,

Аналарды апарсаң да Меккеге.


9-оқушы:

Қолдаушысы үлкеннің де, жастың да,

Сол анадан бір де бірің астың ба?

Ойлап тұрсаң барлық асыл ананың,

Бар бақыт та табанының астында.


10-оқушы:

Етіп жүрміз әр нәрсеге қанағат

Жолықпасын деп жастарға жаман ат.

Ата-баба өсиеті – шынында,

Біз сияқты жас ұрпаққа аманат!


11-оқушы:

Ән-жырымыз, өнеріміз төгілген,

Ана барда шырқап өтем өмірден.

Осы залға жиналған жұрт баршаға

Алғыс айтам балалық шын көңілден!


12-оқушы:

Қиындықтан біз балалар қашпаймыз

Аталардың ақылынан аспаймыз

Ардагерлер тосып,шаршап қалмасын

Ана жайлы кешімізді бастаймыз!






5 сынып оқушыларының орындауында би шашуы


Фанфара ойналып ортаға жүргізушілер шығады.


1-жүргізуші: Армысыздар,ардақты ардагерлер!


2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар!


3-жүргізуші: Қайырлы күн , ойшыл оқушылар!


1-жүргізуші: Бірнеше жылдан бері жақсы дәстүрге айналып кеткен, түрленіп, терең мәнге ие болып келе жатқан «Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» атты бағдарлама аясында өткелі тұрған «Ана-өмір шуағы » тақырыбындағы кезекті мерекелік кешке, қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: Ия мазмұнды да мағыналы, үйретері мен берері көп бұл шарамыз аналар мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр.


3-жүргізуші: Олай болса кешімізді бастамас бұрын ,кешімізге арнайы келген қадірлі қонақтарымызбен таныстырып өтейік: Олар:


1._____________________________________________________________

2.____________________________________________________________

3.______________________________________________________________

4._____________________________________________________________

5._____________________________________________________________

6.______________________________________________________________



1-жүргізуші: Алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры, білім беру ісінің үздігі Оңғаров Алматай Ерметайұлына береміз:


/Директор құттықтау сөзі/


/Ана туралы бейнетүсірілім көрсетіледі/


1-жүргізуші: Ия, ана десек шынында да жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады емес пе?!


2-жүргізуші:Рас айтасыз, олай болса әлемдегі ең асыл жан,ең аяулы жан, ең құрметті жан ана туралы оқушылар үніне кезек берейік:


/ көркем сөздер оқылады/



1-оқушы: Ана туралы монолог


Ана шырақ ұрпағымен жағылған,

Өз анасын бар періште сағынған.

Құдіретін сезінгендер бас иуп,

Ана деген үш әріпке бағынған.

Аман болса ана деген ардағым,

Күндей болып нұрланады жан-жағын.

Қуанышпен бар қайғысын өмірдің,

Ана ғана көтереді салмағын.

Ана деген жылағанды жұбатқан,

Ана мөлдір жаралғандай бұлақтан.

Қорған болып аймаласа перзентін,

Тәңірінен амандығын сұратқан.

Ана деген түн ұйқысын төрт бөлген.

Ана ғана өткізеді өткелден,

Жадыратса жаздай етіп жаныңды.

Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен,

Ана болса, жүзіп өтер кемең бар.

Анаң болса қартаймайсың деген бар,

Тірі кезде қаірлесең анаңды.

Шын өкініш жауламайды санаңды.

Ұзақ өмір жасай берсін аналар,

Ааналарын қадірлесін балалар.

Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған,

Аман болсын ақ жаулықты аналар!


2-оқушы: Ана, Мұқағали Мақатаев
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын. 
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді... 


3-оқушы: Ана , Мағжан Жұмабаев

Үйдің іші ұйқыда,
Түн ортасы шамасы.
Көзін алмай бесіктен,
Бөбек жатыр албырап.
Бесікте бөбек ауру,
Тербетіп отыр анасы.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн,
Жел азынап тұр есіктен.
Шөкиіп ана отыр,
Жүрегіне біреу біз
Сұғып алып кеткендей.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн
Шөккен қара бір нардай.
Сарғайып, ана сарылып,
Демігіп, қызып, қысылып,
Ауық-ауық, селк етед,
Әлденеден шошынып.
Селк етсе бөбек, ананың
Өзіне ажал жеткендей.
Шөкиіп отыр дем алмай...
Таң алдында қара бұлт
Күңіреніп көкті жабады.
Бөбегінің бетіне
Ананың жасы тамады. 


4-оқушы : Бәрі де, Ана,бір өзіңнен басталған... , Қадыр Мырза Әли

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді. 



5-оқушы: Мен саған желменен жетемін , Нұрлан Оразалин

Мен жоқта желменен сырласпа,

жүрегім желді күн жылаған.

Жазбақ боп тумысы жыр басқа,

жаза алмай жастыққа құлағам.

Айтатын арман көп әлі де,

Сен жәйлі бұл жырым - бастама;

бастама сөзімнің бәрі де,

басылар күні ертең баспаға.

Айтамын бір сөзді қиылып:

«Жанымда сен еккен жаз қалсын.

О, Ана! Кеудемнің күйін ұк,

сол күймен жүректер маздансын!..»

Сол күймен саналар оянсын,

толқысын аппақ Ай төбемде;

омырау жаспенен боялсын,

тіл бітсін қарағай, еменге.

Мен жоқта желменен сырласпа,

мен саған желсіз де жетемін.

Жазылар көп әлі жыр басқа,

тербетер тауымның шетенін.

Мен саған желсіз де жетемін. 


6-оқушы:

7-оқушы:

8-оқушы:

9-оқушы:

10-оқушы:



1-жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр бір жерінде, әр үйде, мейірім мен достықтың туын тіккен адам


2-жүргізуші:Бүгінде ұрпақ өсірумен қатар ,ел еңсесінің көтерілуіне өз үлесін қосқан ол да -ана.


3-жүргізуші:Сондықтан да ана тек қана мақтауға лайық адам. Ана-құдыретті,ана-қасиетті. Қане, ендеше көз жеткізіп көрелікші:


/«Әйел-ана» сахналық қойылымы/

Автор:Ерте, ерте, ертеде береке дарып бақ қонған ғажайып бір жер болыпты. Сол жерде кішісі үлкенін сыйлаған, үлкені кішісіне қамқор болған Күншуақ деп аталатын бір ел бақытты ғұмыр кешіпті.

(музыка)

Аяқ астынан осы елге жау шапты. Аяқ астынан бала жүгіріп шығады. Айқай салады: -Жау шапты, жау шапты!(дабыл даусы қорқынышты)

Автор: Күншуақ елінің үлкенді- кішісі сұмдық жарлықты естігенде теңіздей толқып, кемедей теңселіп, күңіркніп қоя береді.

Кейіпкерлер ары бері жүгіреді. Қорқыныш кейпін танытады. 4 бала сахнаға жүгіріп шығып, кейіпкерлерді қоршап тұрады. Арасынан біреу шығып,

Елші:-Уа, тұтқындар! Әміршінің жарлығы екі болмақ емес! Маңдайларыңа жазылған екі –ақ таңдау бар: бірі – қолынан ұстар баласын жетектеп, иығы көтерер жүгін арқалап, Күншуақ елінің әйел азты мына тас қорғаннан ама-есен бостандыққа шығады. Оған көнбесеңдер, екінші таңдайтындарың –жаппай өлім! Осы екі жолдың бірін таңдау үшін үш күн уақыт беріледі!

Автор: Бұр жарлықта дұшпанның есебі : Еркек атаулыны жойып, әйел атаулыны өз еліне алып кету еді. Осы ойды түсінген тұтқындар бір байламға келеді.

Қария :Дүниеде өлімнен өткен өкініш жоқ. Із-түссіз жоғалғанша, тұяқ жалғар баламыз бен сүйген жарымыз бостандық алсын. Басқа жол жоқ.

(Осы кезде бәрі күңіренеді, балалар жылайды, бір-бірімен қоштасады. Осы кезде ақ шашты ананың даусы естіледі.)

Ана:Уа, бауырлар, сабыр етіңдер. Ақылға салайық. Күзетші арқылы жаудың әміршісіне хабар беріңіздер, шартты бұлжытпай орындайтынына ант берсін. Сонда, дегені болады.

(Осы кезеде әмірші келеді.)

Әмірші: -Уа, тұтқындар! Күншуақ елінің әйел затына азаттық беремін. Қолынан ұстар баласын жетелеп, иығы көтерер жүгін арқалап кетемін десе, қақпаны ашамын.

(Сол кезде ақ шашты ана тіл қатады.)

-Уа, әмірші. Шартыңды естідік., қабыл аламыз. Айтқан сөзіңді орындаймын деп ант бер. Содан соң қақпаңды аш.

Әмірші :Ант беремін!

Автор: Осы кезде ақ шашты Ана баласын жетектеп, шалын иығына мінгізіп, қақпадан шығады.

Әмірші:-Бұл қалай?

Ана: Өзің емеспе, қолынан ұстар балаңды жетектеп, иығың көтерер жүгіңді арқалап шықсаң азаттық еткен деп ант еткен!


(ана қақпадан шығып кетеді)


Автор: Осылайша Күншуақ елі құрып, кете жаздаған қиын шақта әйел Ананың ақыл парасатының арқасында аман қалыпты.

Автор:Осындай парасатты да, ақылды әйел-ананың арқасында біз бақытты ғұмыр кешудеміз. Сондықтан әйел-ананы қадір тұтайық, құрметті қауім.


1-жүргізуші: Ана деген - жүректегі асыл ән,
«Ана - бақыт» деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің - өмірдегі асыл жан!


2 «Ә» сынып оқушысының орындауындағы «Ақ мамам» әні

/қолдарында гүл ұстаған 2-3 оқушы әннің сүйемелдеуінде залдағы барша аналарға гүл таратады/


1-жүргізуші: Бейнекөрсетілімдегі сөздерді оқып тұрады музыка ырғағында баяу үнмен мәнерлеп


1-жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.


2-жүргізуші: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.


3-жүргізуші: Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.


1-жүргізуші: Ардақты ардагерлер!Қадірлі ұстаздар, құрметті қонақтар және оқушылар! Кешіміздің соңында мектеп оқушыларының ана туралы ой-түйінді пікірлерін ұсынамыз.


Мектеп оқушыларының ана туралы үні бейнекөрсетілімі кетеді



1-жүргізуші: Ана деген - адамзаттың данасы,
Ана деген - сәбилердің панасы
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген - қайнар ыстық бұлағың
Ана деген - өмірдегі қамқорың
Ана деген - сүйенерің жан құрбың


2-жүргізуші: Ана десе сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бір адамға берсе ана мейірім
Орнар еді бар әлемде тыныштық


3-жүргізуші: Құрметтейік, о, адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды


Фанфара ойналып жағымды аналар әуеніндегі музыка ырғағымен сахнаға барлық қатысушылар шығады. «Ана» әнін орындайды







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-526966

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"