Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары Айнымалылар типтері

Сабақ жоспары Айнымалылар типтері

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Айнымалылар типтері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға айнымалы типтер және программа құрылымын таныстыруды қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, кітап т.б.б.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды


Жаңа түсінік

Тип дегеніміз не?

Мәліметтердің немесе айнымалылардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады.

 


 

Типтерді сипаттау

Айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.

Жазылу пішімі:

1. var<идентификатор> : <тип>

2. type<тип атауы> = <тип мәндері>;

Типтерді сипаттау диаграммасы

Бүтін сан түріндегі типтер

Типі

Мәндердің өзгеруі

Ұзындығы, байт

BYTE

0 – 255

1

SHORTINT

-127 – +127

1

INTEGER

-32768 — +32767

2

WORD

0 — 65535

2

LONGINT

-2147483648 — +2147483647

4


 

Нақты сан түріндегі типтер


Типі

Ауқымы

Мәнді цифрлары

Өлшемі, байт

REAL

-1.7∙10³ – 1.7∙10³

11 – 12

6

SINGLE

- 3.4∙10³ – 3.4∙10³

7 – 8

4

DOUBLE

-1.7∙10³⁰⁸ – 1.7∙10³⁰⁸

15 – 16

8

EXTENDED

-1.1∙10⁴⁹³² – 1.1∙10⁴⁹³²

19 – 20

10

COMP

-2∙10³-1 – 2∙10³+1

19 – 20

8


 

Логикалық тип

BOOLEAN

Логикалық типтегі шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды — TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.

Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: AND — (және), OR — (немесе), NOT — (емес), XOR -(арифметикалық немесе)


Символдық тип

  CHAR

  Символдық типтегі шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады.Мәннің символ екенін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘h’, ‘5’, ‘*’ т.б.

 

Тіркестік тип

·           STRING

·           Тіркестік типтегі шамалар апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды.

Сипаттау мысалы:

VAR

s : string[25]; { s айнымалысының ұзындығы 1-ден 25 символға дейін өзгере алады}

s1 : string; { s1 айнымалысының ұзындығы көрсетілмеген, яғни символдардың ең үлкен саны 255-ке тең }

 

Саналатын тип

Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады. Мысалы:

атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор, …, n- идентификатор);

Var

kunder = (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексенбі’);

 

Диапазондық немесе ауқымдық тип

·  Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөліп көрсетеді.

·  Мысалы:

атау = <алғашқы мән>..<соңғы мән>;

Var

Apta_kunderi = 1..7;

Ai_kunderi = 1..31;

 

Жиымдар (Массивтер).

  Жиым дегенімізбір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі.

  ARRAY

  Әрбір массив элементінің реттік нөмірі (индексі) болады.

  Массив көп өлшемді бола алады; алайда, 65520 байттан артық орын ала алмайды.

 

Жиымдар. Сипаттау мысалы.

1.

VAR

M1 : array[1..200] of integer; { М1, A1 – бүтін және нақты сандардың бір өлшемді жиымдары }

A1 : array[100..200] of real;

ch1 : array[‘A’..’Z’] of char; { сh1, ch2 – символдардың бір өлшемді массивтері }

ch2 : array[0..255] of char;

 

Жиымдар. Сипаттау мысалы.Жалғасы

2.

TYPE

Date_M = 1..31;

Cyrillic_b = ‘А..Я‘;

Latin_b = ‘A..Z'; {диапазондық тип}

Belgi = (2,3,4,5);

Ball = (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10); {саналатын тип}

VAR

t1, t2 : Date_M;

c1 : Cyrillic_b;

s1 : Latin_b;

a1, a2 : Belgi;

b : Ball;

 


Логикалық тапсырмалар


 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Айнымалылар типтері.

Типтерді сипаттау.

Типтер мысалы.




Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 


Жаттықтыру және білімді есепке алу


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Паскаль тілінің типтерінің сызбанұсқасын сызыңыз.

  2. Паскаль тілінде қолданылатын кез-келген бес типті сипаттаңыз.

  3. Келесі типтердің қайсысы Паскаль тілінде бүтін сандарды сипаттауға қолданылмайды?

  4. a) WORD; b) INTEGER;   c) SINGLE;   d)LONGINT;  e)

  5. Келесі типтердің қайсысы сандарды сипаттауға қолданылмайды?

  6. a) COMP; b)BYTE;          c) WORD;    d)EXTENDED;    e)

  7. Паскаль тілінде 100 және 100.0 сандарының айырмашылығы қандай?

 

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Айнымалыларды сипаттау бөлімі қалай жазылады?

  2. у=х2 функциясының мәнін табатын программада айнымалыларды қай типті пайдаланып сипаттау қажет?

  3. Дөңгелектің ауданын табатын программадағы айнымалыларды сипаттау үшін қандай типтерді қолданау қажет?

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

  • Адамдар туралы келесідей ақпарат беретін төрт BOOLEAN типіндегі айнымалы берілсін:

  • MARRIED егер адам үйленген болса рас;

  • BLOND егер адамның шашының түсі сары болса рас;

  • MALE егер ер адам болса рас;

  • EMPLOYED егер адам жұмыс жасайтын болса рас.

Адамдарға қатысты келесідей ақпараттың дұрыстығын анықтайтын BOOLEAN типіндегі өрнек жаз (AND, OR, NOT амалдарын қолдан):

  1. тұрмыс құрған әйел;

  2. үйленбеген ер адам;

  3. тұрмыс құрмаған сары шашты әйел;

  4. жұмыссыз тұрмыс құрмаған әйел адам;

  5. тұрмыс құрмаған немесе жұмыссыз, не екеуі де.














Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров585
Номер материала ДВ-445710
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх