Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары Қазақ тілі пәнінен "Көмектік септігі"

Сабақ жоспары Қазақ тілі пәнінен "Көмектік септігі"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі


Тақырыбы: Көмектес септік.


Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға көмектес септік атау тұлғадағы сөзге –мен, -бен, -пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру; кмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.

2. Шығармашылық тілдерін дамыту.

3. Білімпаздыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. - Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 73-жаттығу

  • Көмек дегеніміз не?

  • Бір нәрсеге көрсетілген жәрдем, қолғабыс.

  • Өз-өздеріңе қандай көмек бересіңдер? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

  • Салқын сумен бетімді жуамын.

  • Дене шынықтырумен айналысамын.

  • Кітапты көп оқимын. Құраған сөйлемнен көмектес септіктегі сөзді тап.

Бүгінді өтетініміз соңғы септігіміз – көмектес септік.

Біз білеміз:

  • Сұрақтарын

  • Жалғауларын.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Көмектес септік іс-әрекеттің құралын, тәсілін, амалын білдіреді. Бір заттың екінші затқа көмекшілік қызметінде жұмсалатынын білдіреді.


1-Кесте. Көмектес септік

Соңғы дыбыс

Дауысты және үнді

Ұяң

Қатаң

Буын

Жуан
Жіңішке

бала-мен/-менен


көз- бен/-бенен

бастық-пен/-пенен


Қосымшалары -мен, -бен, -пен жиі қолданылады. Ал -менен, -бенен, -пенен түрлері қазіргі кезде көп жұмсалмайды. Көмектес септіктің басқа септіктерден ерекшелігі – жуан варинты жоқ. Түбірге үнемі жіңішке тұлғада жалғанып, буын үндестігіне бағынбайды.


ІV. Оқулықпен жұмыс:

83-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау. (тақтаға)


V. Сергіту сәті

81- жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз. Мақалдардың мағынасын түсіндір. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. (топтық жұмыс)

  1. Желмен жарыспа, көлеңкеңді қума.

  2. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

  3. Таспен ұрғанды, аспен ұр.

  4. Оқу инемен құдық қазғандай

  5. Сумен ойнама – батарсың,

Отпен ойнама – күйерсің.


80- жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді талдау арқылы көмектес септік туралы түсінік беру. (өздік жұмыс)

85- жаттығу. Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып, олармен сөйлем құра.

Еңбек, су, Ораз, кітап, ән.


VI. Сабақты бекіту.

84-жаттығу. Мәтінді оқып, көмектес септікте тұрған сөздерді табу және оның көмектес септікте екенін дәлелдеу.

VІI. Сабақты қорыту. Газдалған шар ілініп тұрады. Алдарына қағаздан қиылған көбелектер мен көгершіндер қойылады.

Бүгінгі біз тапсырмалар орындадық. Өзіміздің мектебіміздің көркеюіне қандай тілек айтасыңдар? Соны жазып шарды ұшырыңыздар.

VIII. Үйге тапсырма: 86 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдердді көшіріп жазу, зат есімдердің қай септікте тұрғанын айту.

Бағалау.





















Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров81
Номер материала ДВ-503340
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх