Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сабақ жоспары: Қазақ тілі 3сынып

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 3сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

11.01.16ж.Тақырыбы: Сөз құрамы

Мақсаты: а) 2 - сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау;ә)сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін дамыту;б)ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс - тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру

II.Өткен сабақты еске түсіру. Сұрақ- жауап.

Көп мағыналы сөздер деген не? Мәндес сөздер деген не?

III.Сөз құрамы.

Сөз дыбыстардан құралады. Дыбыстар әріптермен таңбаланып жазылады. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді көреміз,жазамыз. Мысал келтіріп оны сөз құрамына талда ауызша.

1-жаттығу. Ауызша орындау.

2-жаттығу.Сызбаға қарап, оны толықтыр.

3-жаттығу.Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. Сөйлем құрастырып жаз.

Құр-ақ, құр-ақ-тар, күй-ші, күй-ші-нің, оқу-шы, оқу-шы-ның, теңіз-ші-ні, теңіз-ші-лер, теңіз-ден, кітап-тар, қобыз-шы-лар, ауыл-дар-ға, үй-ге, өнер-лі, орау-шы-лар.

4-жаттығу.Сөздерге жұрнақты жалғап жаз.

1.Мүсін-ші, қой-шы, ел-ші, мал-шы, би-ші.

2.Саз-гер, қала-шық, іс-кер, көл-шік.

3.Мұнай-лы, көктем-гі, қыс-қы, дала-лы, жылқы-лы.

IY. Сергіту. Ойын: кім жылдам?

Y. Өзіндік жұмыс.Қима қағазбен жұмыс.

YI.Бекіту. Сұрақ-жауап.

1.Түбір деген не? 2. Қосымша деп нені айтамыз?

3.Жалғау деген не? 4. Жұрнақ дегеніміз не?

YII.Бағалау. Үйге: 5-жаттығу. 115 бет.

12.01.16ж. Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы.

Сабақ мақсаты: а)оқушылардың   сөз құрамы  бойынша   алған  білімдерін    тиянақтау, қосымшаларды сөздерге  дұрыс   жалғай  білуге үйрету ; сөйлеу мәдениетін жетілдіру, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

ә)ауызша, жазбаша жаттығулар   жүргізе отырып оқушылардың   сауаттылығын ,  тілін  дамыту, логикалық ойлау   және сөздік  қорын  молайту.  

 б) сыни тұрғыдан талдауға өз көзқарастарын білдіре алуын,сөйлеу мәдениетін,ой түюге баулу қабілеттерін шыңдау, адамдық асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  ойын сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО технологиясы, ойын әдісі, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:  сызбалар, топшамалар, бағалау парақтары.

САБАҚ БАРЫСЫ: І.Ұйымдастыру кезеңі:

- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісім? - Тірлік,тірек, адамдық.

- Әрбір сөзім? - Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеріп, пысықтау.

Жұппен жұмыс. Қатар отырған екі білім алушы бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

ІІІ.Жаңа сабақ: Сөз құрамы.

Түбір дегеніміз – сөздің  бөлшектеуге келмейтін ең түпкі мағыналы бөлігі. Ал, қосымша дегеніміз түбірге жалғанатын бөлшектер. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері – жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді. Осы түбірлерге жалғанған –дас,  - тық, - ын, - шы, - тер, дің – бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды .Қосымша екіге бөлінеді:жұрнақ,жалғау .

.  «Ой шақыру» стратегиясы. Білім алушылар өз ойларын ортаға салады.

1.Жұрнақ деп нені айтады? 2.Жалғау деген не? 3.Қосымша деген не?

Оқулықпен жұмыс.6-жаттығу. Тақтаға орындау.

7-жаттығу.Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.

8-жаттығу. Өз бетімен орындау.

1.Ән-ші, жылқы-шыл, жер-шіл, мал-шы, би-ші.

2.Жұмыс-кер, ойын-шық, іс-кер, үй-шік.

3.Арба-лы, жаз-ғы, қыс-қы, қала-лы, күз-гі, түйе-лі.

9-жаттығу. Ауызша орындау.

10-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Ребусты шеш: егіншілер

11-жаттығу.Сөйлем құрастыр.

дәрі-гер, оқу-шы, жұмыс-шы, кітап-тар, өнер-лі, бүркіт-ші.

12-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жаз.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. Ердің атын еңбек шығарады. Жері байдың елі бай. Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды.

14-жаттығу. Өз бетімен жазу.

Ұш-қыш, ұш-па, ұш-ты, ұш-ақ.

15-жаттығу. Жұппен жұмыс.

IV. Сергіту. Ойын: Қай топ шапшаң? Топшамамен жұмыс. 

 V. Қорытындылау:  «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап». 

Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?

Қай тапсырма орындауда қызықты болды?

Білімдеріңді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңдар?

VI. Үй тапсырмасы:16-жаттығу. Ережені қайталау.

VIІ.Білімді бағалау:  Үш топ бірін-бірі бағалайды.   Бағалау парағы

.

14.01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз  және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:  а) бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру. ә) сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту. б)сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:ребус, жұмбақтар, сызбалар, т.б.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарың сабаққа аудару.

Балалар,бәріміз қасымызда отұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен ,күлімдеген көзбен жеткізейік: - Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың;  адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің  және т.б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға карточка тарату.

1.Түбір дегеніміз не? Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман. 2.Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.

3.Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз

ІІІ.Жаңа сабақ :Түбір сөз  және туынды сөз.

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз:ерлік татулық жұмысшы

19-жаттығу. Түбір сөзге тиісті жұрнақты қосып жаз.

Жұмыс-шы, дос-тық, сый-лық, талап-кер, қызмет-ші, дойбы- шы, ас-тық.

20-жаттығу. Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екенін айт.

21-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.

Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.

22-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.

23-жаттығу.Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.

25-жаттығу.Қай гүлге көбелек қонғанда жаңа сөз жасалады.

Сергіту сәті. Ойын: Көбелек қуу.

ІҮ.Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою

1.Түбір дегеніміз не? 2.Туынды сөз дегеніміз не?

3.Туынды сөзге мысал келтір.

Ү. Бағалау. Үйге: 31-жаттығу.

15.01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз  және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:  а) бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру. ә) сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту. б)сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:ребус, жұмбақтар, сызбалар, т.б.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарың сабаққа аудару.

Балалар,бәріміз қасымызда отұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен ,күлімдеген көзбен жеткізейік: - Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың;  адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің  және т.б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға карточка тарату.

1.Түбір дегеніміз не? Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман. 2.Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.

3.Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз

ІІІ.Жаңа сабақ :Түбір сөз  және туынды сөз.

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз:ерлік татулық жұмысшы

26-жаттығу. Түбір сөзге тиісті жұрнақты қосып туынды сөз жаса. Өз бетімен жұмыс.

Жыр-шы, тәрбие-ші, еңбек-ші, сын-шы, тау-лы, сән-ді, көр-ші, көңіл-ді, су-лы, құрылыс-шы, төре-ші, футбол-шы.

27-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Туынды сөздерді тап.

Оқушы, тәртіпті, татулық, ұшқыш

28-жаттығу. Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады?

29-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз.

30-жаттығу.Жаңылтпашты көшіріп жаз.Топпен жұмыс. .

32-жаттығу. Ауызша орындау. Мәтінді оқы. Туынды сөздерді тап.

33-жаттығу. Ауызша орындау.

Сергіту сәті. Ойын: Көбелек қуу.

ІҮ.Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою

1.Түбір дегеніміз не? 2.Туынды сөз дегеніміз не?

3.Туынды сөзге мысал келтір.

Ү. Бағалау. Үйге: 31-жаттығу.

.01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз  және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:  а) бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.

ә) сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту. б)сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: жұмбақтар, сызбалар,топшама т.б.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарың сабаққа аудару.

Балалар,бәріміз қасымызда отұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен ,күлімдеген көзбен жеткізейік: - Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың;  адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің  және т.б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға карточка тарату.

1.Түбір дегеніміз не? Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман. 2.Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.

3.Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз

ІІІ.Жаңа сабақ :Түбір сөз  және туынды сөз.

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз:ерлік татулық жұмысшы

34-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұшта,

Үшкірлеп ұштап, сақтап ұста.

35-жаттығу. Түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін қосып, туынды түбір жаса.

Бастық, күзгі, сызғыш, екінші, ойыншық, орындық, құлыншақ, кезекші, қойшы.

36-жаттығу. Ауызша орындау.

38-жаттығу. Түбір сөз бен қосымшалы сөзді сәйкестендір.

ерін-ерні, ерік-еркі, орын- орны, халық-халқы, тап-тауып, шап-шауып, жап-жауып.

39-жаттығу.Сөйлем құрап жазу. Топпен жұмыс. .

Сергіту сәті. Ойын: Көбелек қуу.

ІҮ.Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою

1.Түбір дегеніміз не? 2.Туынды сөз дегеніміз не?

3.Туынды сөзге мысал келтір.

Ү. Бағалау. Үйге: 37-жаттығу.

19 .01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз  және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:  а) бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.

ә) сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту. б)сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: жұмбақтар, сызбалар,топшама т.б.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарың сабаққа аудару.

Балалар,бәріміз қасымызда отұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен ,күлімдеген көзбен жеткізейік: - Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың;  адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің  және т.б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға карточка тарату.

1.Түбір дегеніміз не? Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман.

2.Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.

3.Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз .

4.Туынды сөз деген не?Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз

ІІІ.Жаңа сабақ :Түбір сөз  және туынды сөз.

40-жаттығу. Ертегіні оқу.

41-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу.

Су, суат, сушы, сулы, сусын, сулық.

42-жаттығу.Өз бетімен орындау.

43-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жазу.Түбірлес сөздің астын сызу.

44-жаттығу. Мәтінді оқу. Спорт сөзінің түбірлес сөздерін көшіріп жазу..

Сергіту сәті. Ойын: Көбелек қуу.

ІҮ.Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою

1.Түбір дегеніміз не?

2.Туынды сөз дегеніміз не?

3.Туынды сөзге мысал келтір.

Ү. Бағалау. Үйге: 45-жаттығу.



21 .01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз  және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:  а) бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.

ә) сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту. б)сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: жұмбақтар, сызбалар,топшама т.б.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарың сабаққа аудару.

Балалар,бәріміз қасымызда отұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен ,күлімдеген көзбен жеткізейік: - Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың;  адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің  және т.б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға карточка тарату.

1.Түбір дегеніміз не? Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман.

2.Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.

3.Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз .

4.Туынды сөз деген не?Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз

ІІІ.Жаңа сабақ :Түбір сөз  және туынды сөз.

46-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жаз. Түбірлес сөзді тап..

47-жаттығу. Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жаса.

Жаз-жазғы, жазу-жазғыш, бас-бастық, бас-шы.

42-жаттығу.Өз бетімен орындау.

48-жаттығу. Суретке қара. Түбірлес сөздерді оқы.

49-жаттығу. Түбірлес сөздерді көшіріп жаз. Әр сөздің түбірін белгімен белгіле.

51-жаттығу. Өз бетімен орындау.

Сергіту сәті. Ойын: Көбелек қуу.

ІҮ.Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою

1.Түбір дегеніміз не?

2.Туынды сөз дегеніміз не?

3.Туынды сөзге мысал келтір.

Ү. Бағалау. Үйге: 50-жаттығу.

22.01.16ж.Шығарма. Қыс.

Мақсаты:а) оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, ә)оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру; б) әдемі жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Түрі: жазбаша бақылау

Әдісі: қорыту

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

II.Шығарма . Қыс.

III.Сурет бойынша әңгімелеу.

C:\Users\User\Desktop\image_l.jpeg

Қыс келді.Түн ұзара бастады,Қар қалың жауды, Аяз қатты болады,Өзен суы мұз болып қатты,Балалар далада қармен ойнады,Қардан ойыншықтар жасады,Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр,Бәрі жылы киім киген,Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр. Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.

Сурет бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау;

ІҮ. Сабақты қорыту:

Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық?

Бұл мәтіннен өзіңе қандай әсер алдың?



25.01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты: а)Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.

ә)Сөздің түбірі мен қосымшасын дұрыс ажырата білуге, сөздің мағынасын түсінуге төселдіру, сауатты жазу мен ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
б)Әдептілік пен адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, ойын, қима қағаздар.
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап, ізденіс, топтық, жеке жұмыстар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Кім білгіш?» ойыны
Мұғалім: -Мен сөздерді оқимын, сендер сөзге қандай қосымша жалғанып тұрғанын айтасыңдар.
Домбырашы, кітаптар, әдепті, гүлдер, тәртіпті, талапты, бесікке, тазалықшы, балалар,татулық, ақиқатқа, тыныштық. Бүгін сабақты ойын сайыс түрінде өткізіміз. Және топ болып білімімізді ортаға салып , өз жетістіктерімізді көрсетеміз.
1-топ : «Түбір» 2-топ: «Жалғау» 3-топ: «Жұрнақ»
ІIІ. Жаңа сабақ.:
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Біз бүгінгі сабақта «Түбір мен қосымшаның жазылуы», яғни түбір және қосымша туралы алған білімімізді одан ары жалғастырып, шыңдай түсеміз.
Дәптерімізді ашайық, Оны көлбеу қояйық. Қолға қалам алайық, Әдемі етіп жазайық.
Көркем жазу сәті

59-жаттығу. Күй, жыр сөздеріне төмендегі қосымшалардың тиістісін қосып жаз.
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса,оған жалғанатын қосымша да жуан болады.

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
60-жаттығу.Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жаз.

61-жаттығу. Көп нүктенің орнына -лар, -лер, -тар, - тер, -дар, -дер жалғауын жалға.

қуыршақ-тар өсімдік-тер құлындар шағалалар өрмекшілер қыздар кітаптар жидек-тер жүзім-дер IV.Сергіту. Ойын: Көбелек қуу. Қар жинау.
V. Қорытынды бөлім «Ойымды жалғастыр» бөлімі (теориялық білімді меңгеруі)
Түбір- мағынаны білдіреді. Түбір- сөз бола алады.
Түбір- одан әрі бөлінбейді. Түбір- қосымшалар жалғанады.
Қосымша- бір өзі тұрып мағынаны білдірмейді. Қосымша- түбірге жалғанады.
Қосымша- сөз бола алмайды. Қосымша- сөз мағынасын өзгертеді.
Қосымша- сөз бен сөзді байланыстырады.

Ойын шарты . Мына берілген суреттерге қарап , сол заттар бойынша қосымшаларын жалғаймыз

1-топ 2-топ 3-топ Суреттер беріледі ,сол суреттерді атына қосымша жалғап жазу.
VI. Бағалау VII.Үйге тапсырма: 62-жаттығу. Ережені жаттау.

26.01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың мақсаты : а)Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін меңгерту;.ә)Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін , логикалық ойлауы мен дүние танымын , есте сақтау қабіліттерін , оқуға деген қызығушылығын іскерлігін дамыту б) сауатты , әдемі, жазуға , тиянақтылыққа , ұжымдыққа, әдептілікке , өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : ойын -сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі : Сұрақ –жауап , ой жинақтау , ереже айту, , таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі : сызба, топшама, оқулық.
Сабақтың барысы :1.Психологиялық дайындықСыныбымыз тап –таза Борда дайын тақтада. Ойымызды жинақтап, Отырайық партаға.

II.Үй жұмысын тексеру:Бәйге ойыны III.Жаңа сабақ: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса,онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, немесе у дыбыстарына өзгереді.Мысалы:Күрек – күрегі, сабақ- сабағы, тап – табады, сеп – сеуіп – себеді.

IY.Дәптермен жұмыс: Таза ,көркем жазу минуты

63-жаттығу. Өз бетімен орындау.

64-жаттығу.Ауызша орындау..

65- жаттығу.Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Топпен жұмыс. Лақ-лағы Өсімдік – өсімдігі Арғымақ –арғымағы Сеп –себу

Кеп –кебу Теп –тебу Қап –қауып Тап –тауып Жап –жауып

66-жаттығу.Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап көшіріп жаз.

Бұршақ-бұршағы, кірпік-кірпігі, көбелек-көбелегі, күрек-күрегі,

бүйрек-бүйрегі, жарық-жарығы, тоқылдақ-тоқылдаға, өрік*-өрігі,

сандық-сандығы, жаңғақ-жаңғағы.

67-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айтып, жаз.

68-жаттығу.Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндір.

1.Еңбек - адамның екінші анасы.

2.Еңбегіне қарай өнбегі.

Y.Сергіту сәті.Ойын: Қай топ шапшаң?

YI. Бекіту. Сұрақ-жауап. YII. Үйге:Жаңғақ, бұршақ сөзіне дыбыстық талдау жасау. Сөйлем құрау.

28.01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың мақсаты : а)Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін меңгерту;.ә)Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін , логикалық ойлауы мен дүние танымын , есте сақтау қабіліттерін , оқуға деген қызығушылығын іскерлігін дамыту б) сауатты , әдемі, жазуға , тиянақтылыққа , ұжымдыққа, әдептілікке , өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : ойын -сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі : Сұрақ –жауап , ой жинақтау , ереже айту, , таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі : сызба, топшама, оқулық.
Сабақтың барысы :1.Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап –таза Борда дайын тақтада. Ойымызды жинақтап, Отырайық партаға.

II.Үй жұмысын тексеру:Бәйге ойыны .Көркем жазу.

III.Жаңа сабақ: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса,онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, немесе у дыбыстарына өзгереді.Мысалы:Күрек – күрегі, сабақ- сабағы, тап – табады, сеп – сеуіп – себеді.

IY.Дәптермен жұмыс: Таза ,көркем жазу минуты

1-жаттығу. Алматы Ауызша.

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, белгіле.

69-жаттығу. Өз бетімен орындау.

70-жаттығу. Ауызша орындау.

71-жаттығу.Сөздерді көшіріп жаз. Сөздерді салыстыр.

72- жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.Қарамен жазылған сөздің түбірін тап.

Ел көркі - мал, Өзен көркі - тал.

Топпен жұмыс. Лақ-лағы Өсімдік – өсімдігі Арғымақ –арғымағы Сеп –себу

Кеп –кебу Теп –тебу Қап –қауып Тап –тауып Жап –жауып

73-жаттығу.Топпен жұмыс.

Y.Сергіту сәті.Ойын: Көбелек қуу .Топшамамен жұмыс.

YI. Бекіту. Сұрақ-жауап.

YII. Үйге:74-жаттығу.

29.01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың мақсаты : а)Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін меңгерту;

ә)Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін , логикалық ойлауы мен дүние танымын , есте сақтау қабіліттерін , оқуға деген қызығушылығын іскерлігін дамыту

б) сауатты , әдемі, жазуға , тиянақтылыққа , ұжымдыққа, әдептілікке , өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : ойын саяхат сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі : Сұрақ –жауап , ой жинақтау , ереже айту, , таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі : сызба, топшама, оқулық.
Сабақтың барысы :1.Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап –таза Борда дайын тақтада. Ойымызды жинақтап, Отырайық партаға.

II.Үй жұмысын тексеру:Бәйге ойыны .Көркем жазу. Үш ауылға саяхат.

1 топ:Абай. 2 топ: Ыбырай 3 топ: Ахмет ауылы. Сұрақтар қойылады.

III.Жаңа сабақ: Түбір мен қосымшаның жазылуы..

Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса,онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, немесе у дыбыстарына өзгереді.Мысалы:Күрек – күрегі, сабақ- сабағы, тап – табады, сеп – сеуіп – себеді.

IY.Дәптермен жұмыс: Таза ,көркем жазу минуты

75-жаттығу. Ауызша орындау. Тап - тауып, кеп-кеуіп, жап-жауып,

сеп-сеуіп, қап - қауып,шап-шауып,

76-жаттығу. Сөйлем құрап жазу.

Сеуіп, кеуіп, тауып.

77-жаттығу.Мәтінді көшіріп жаз. Мәтінді сөз құрамына талда.

78- жаттығу. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

Топпен жұмыс. Лақ-лағы Өсімдік – өсімдігі Арғымақ –арғымағы Сеп –себу

Кеп –кебу Теп –тебу Қап –қауып Тап –тауып Жап –жауып

79-жаттығу.Топпен жұмыс.

Y.Сергіту сәті.Ойын: Қар жинау.Топшамамен жұмыс.

YI. Бекіту. Сұрақ-жауап.

YII. Үйге: 80-жаттығу.

2.02.16ж.

Сабақтың тақырыбы: Диктант Қыс.
Сабақтың мақсаты: а)оқушылардың дыбысты есту қабілеттерін тексеру,дұрыс

жаза білуге баулу; ә)оқушыларды сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға үйрету;

білімдерін тексеру;қос дыбысты әріптердің жазылуын пысықтау. оқушылардың

сөздік қорын арттыру, б)дыбыстарды ажырату дағдысын қалыптастыру,

тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге машықтандыру,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: мәнерлеп оқу, түсіндіру, бақылау,

Көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

II . Дәптерлерін үлестіріп беру.

Қыс.

Қыс мезгілі .Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын,сүртемін,шашымды тараймын,тамақ ішемін.Сонан соң басыма бөрік,қолыма қолғап,үстіме жылы пальто,аяғыма етік киіп,мектепке барамын.Мектептен шыққан соң,мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.

(51 сөз)



Тапсырма:

1.Бастауыштын астын сызындар.

2.Бесінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.


Сергіту сәті:

Бекіту. Дәптерлерін жинап алу.













4.02.16ж.Сабақтың тақырыбы:Түбірлес сөздер.

Мақсаты: а) оқушылардың түбір мен қосымша туралы алған білімдерін тереңдете отырып, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметі, түбірлес сөздердің жасалу жолдары туралы білім беру;ә)ой өрісін, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту,ізденуге дағдыландыру.б)ұйымшылдыққа, көркем, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі:  Сұрақ – жауап, әңгімелеу, ойын. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, түрлі- түсті қағазға жазылған түбірлес сөздер. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:

І топ: «Түбір» ІІ топ: «Жұрнақ» ІІІ топ: «Жалғау» Қане бәріміз сабаққа белсенді қатысамыз! ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Кім жылдам?» ойыны арқылы Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір. Қосымша қаншаға бөлінеді? Жұрнақ дегеніміз не? Жалғау дегеніміз не? -хана, -шік, -паз жұрнақтарын жалғап, жаңа сөздер тап. Туынды сөз дегеніміз не? Берілген жұрнақтар арқылы түбірлес сөздер жасап жаз   І топ.                       ІІ топ                            ІІІ топ Біл гіш гір таза лық лықшы су лы лық Қызығушылықты ояту.  -Ерте – ерте, ертеде, біз білмейтін сиқырлы көп өлкеде бір қария өмір сүріпті. Оның үйінде алтын ағаш өсіпті. Қария сол ағашта өскен алманы базарға апарып сатып күнін көреді екен. Бір күні көршісі оны қызғанып, түнде келіп, ағашты кесіп алып кетеді де, оны өз үйіне отырғызады. Түбірі кесілген ағаш өспей, өліп қалыпты. Балалар, ағаш не үшін өспей, өліп қалды деп ойлайсыңдар? (жауаптары тыңдалады). -«Ия», балалар, себебі ағаштың түбірі қарияның бағында қалып қояды. Қария ертесі есіктің алдында тұрған ағаштың жоқ екенін байқайды. Ағаштың түбіріне су құйып күте бастайды.Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп, кейін қайтадан жеміс береді. (Осы ертегідегі оқиғаны салыстыра отырып, түбір- сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін қосымшаның мағынасы болмайтындығы түсіндіріледі).Бізде тапсырмаларды орындай отырып, атайдың ағашының жайқалып өсуіне көмек берейік.

ІII.Жаңа сабақ: Түбірлес сөздер. Туынды  сөздер дегеніміз не? Түбір сөзге жұрнақ жалғанған сөзді айтамыз. Түбірлес сөздер бір түбірден тарайды.Мағынасы жақын сөздер бір сөз табынан болады,ал түбірлес сөздер әр түрлі сөз табынан бола береді. Мысылы: Бас - басшы, бастық, басқар. Кітап - кітапша, кітапхана, кітапханашы. 52-жаттығу.Түбірлес сөзді теріп жаз. 53-жаттығу.Өлеңді оқып, жатқа жаз. 54-жаттығу. Түбірлес сөзді тап. 56-жаттығу. Артық сөзді тап. Түбірлес сөзді көшіріп жаз. 57-жаттығу. Ауызша орындау. 58-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Түбірлес сөздердің астын сыз. Қане түбірлес сөздер бар ма?Шалғышы Жалғау жалғанған түбір сөз – түбірлес сөз бола алмайды

Болжау стратегиясы есімізге түсірейік.Мына суреттен кімді көріп отырамыз? (баланы) Ол бала қандай бала? (оқушы) Оның алдындағы не? (оқулық) Ол мектепке неліктен барды? (оқу оқуға) Қай сөз түбірлес сөзге жатпайды? «Оқу» деген сөз жатпайды. Себебі ол түбір сөз. «Оқу» деген түбір сөзден – оқушы, оқулық сөздері жасалып тұр. Оқуға сөзі жатпайды. Себебі ға – жалғау.

Ү. Сергіті сәті. Ойын: "Көбелек қуу" Мына жапырақтардың артына сөздер жазылған.  І топ      Бала, балақай, балақан, балалық. «Баламен» — сөзі түбірлес сөз бола алмайды. Себебі, сөздің мағынасы өзгермейді, мен – жалғау.  ІІ т. Сый, сыйлау, сыйлық, сыйлы. Барлығы да түбірлес сөздер.  ІІІ топ Ек – егін, егіндік, егінші. «Егінді» — сөзі түбірлес сөз бола алмайды. Себебі, сөздің мағынасы өзгермейді, ді – жалғау.

ҮІ. Сабақты қорыту.  Ендеше түбірлес сөздер де бір түбірден тараған туынды сөз екенін ұмытпайық. Топшамамен жұмыс.

ҮІІ.Бағалау: . ҮІІІ.Үйге тапсырма: 55-жаттығу.

5.02.16ж. Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты: а) Сөз таптары туралы білім - білік дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру .Өз ойларын ортаға салуға, талқылауға үйрету. ә) Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. б) Бірінің сөзін бірі зер салып тыңдауға, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, ереже жазылған қағаздар, суреттер
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс.
Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі.
II .Өткенді пысықтау. Үй тапсырмасын тексеру. Көркем жазу.
«Бәйге» ойыны

1. Сол жақтағы 10 - Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалса, оны қандай сөз дейміз?

2. Ортадағы 30 - Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлімін не дейміз?
3. Ортадағы 50 - Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не деп атайды?
4. Оң жақтағы 20 - Түбір сөзге жалғанатын бөлікті не деп атайды?
5. Сол жақтағы 40 - Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
6. Ортадағы 20 - Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз қалай аталады?
7. Ортадағы 10 - Түбірлес сөзге мысал келтір.
8. Оң жақтағы 30 - Туынды сөздерге мысал келтір.
III. Жаңа сабақ: Сөз таптары
Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан - жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді... дейміз. Заттардың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздер... деп аталады. Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер... және... арқылы беріледі.
- Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді екен.
- Сөз таптары неше тармақтан тұрады? Оны ассоциация арқылы көрсетейік.

IY.Оқулықпен жұмыс.2-жаттығу. Әр сөз табы туралы білетініңді айт.

3 - жаттығу. Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастырып жаз
4 - жаттығу. Сөздерді оқы. Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта. Зат есім мен етістікті тіркестіріп жаз.
5 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айт. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?

7-жаттығу.Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір.Өз бетімен жұмыс.

Y. Сергіту. Ойын: Қай топ шапшаң? Топшамамен жұмыс.
YI.Сабақты қорытып, оқушыларды бағалау. Топтар бір-біріне сұрақ қояды.
YII.Үйге тапсырма: 6 - жаттығу



8.02.16ж.Сабақтың тақырыбы: «Зат есім»
Мақсаты:а) Зат есім туралы алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.ә) Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.б) Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа баулу.
Сабақтың түрі:  жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, кестелер,слайд,музыка, «Алтын балық» ойыны.
Түрі: Аралас  сабақ
Әдісі: Түсіндіру,  көрнекілік  қолдану,  сұрақ-жауап,  әңгімелеу,  көркем  сөз  қолдану,  практикалық, жеке  жұмыс  жүргізу.

Сабақтың барысы:  І.Қызығушылығын ояту. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру. Түбір дегеніміз не? Жұрнақ дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? қосымша дегеніміз не?

Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Әдемі етіп дәптерге, Күннің жадын жазайық.

Көркем жазу.С С С С С С С «Сөзжұмбақ»

к

ө

з



А

х

м

е

т

т

ү

б

і

р

е

к

і



қ

о

с

у

Е

с

і

л

м

а

қ

т

а

 

 Қандай сөз шықты? «Зат есім»

III.Бүгінгі танысатын тақырыбымыз «Зат есім» деп аталады. Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейді. Зат есімдерге кім?не?  кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады. Кісінің аты-жөні, жер – су аттары, жануарларға қойылған атаулар, газет- журналдар,қала аттары бас әріппен жазылады. Оларды жалқы есімдер деп атайды.Жалқы есімдерден басқа сөздерді жалпы  есімдер деп атайды. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады. Зат есімнің жекеше, көпше түрі болады. Кім? Не? зат есімнің жекеше түрі, кімдер? нелер? зат есімнің көпше түрі жауап береді. Ойлан, тап! Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы.Сені жан – жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді не дейміз? 1. Сан есім 2. Сын есім 3.  Зат есім Берілген суреттерді кім? не? және жекеше,көпше түрге айналдырып жазу
0ой
ешкі IY.Сергіту сәті.0ысбалажаманжыл0ы

Суреттерге қара. Олардың астындағы сөздерді оқы.       Қарақат    раушан                         WP_002612WP_002611

Өлеңді жатқа жаз Сенің атың-балапан, Менің атым – балақан.Балапандар шоқуда,Балақандар оқуда.

Y.Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу.Ауызша орындау. 2-жаттығу. Суретпен жұмыс.Ауызша.

  Суреттегі заттың атын атап, оған сұрақ қою. Қандай зат есім екенін айту.

3-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Зат есімді тауып, астын сыз. Сұрақ қой.

4-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.

5-жаттығу. Ауызша орындау. Топпен жұмыс.

YI.Бекіту. Бәйге ойыны. Топшамамен жұмыс.

YII.Үйге тапсырма: 6-жаттығу. 145 бет.









9.02.16ж.Сабақтың тақырыбы: Зат есім   

 Сабақтың мақсаты: а)Оқушылар кім?, не? сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысу. Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді таба білу; ә) Зат есімді толығымен зерттеу арқылы ізденімпаздық қабілеттерін,  түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік есте сақтау қабілеттерін ашу.б)Жұпта жұмыс істей отыра, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: оқулық, фломастер, ватман.Сабақ әдіс тәсілдері: ой шақыру, топпен жұмыс, іздену, «еркін жазу»Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру . Психологиялық жағдай.

Адамның күлкісі-әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі.Адам күлкінің көмегімен таныса  да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің  сезімімізді дарытуға  жол ашады.Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Біріңе-бірің  жымиып ,күлкілеріңді көршілеріңе сыйлаңдар, маған да күлкілеріңді сыйлаңдар.Рақмет! Көңіл күйлеріңнің,құлшыныстарыңның  жақсы екенін байқап тұрмын.Ендеше іске кірісейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . Қызығушылығын ояту.     ( Жұмбақ шешу)

Сөз табының ең басында тұрамын Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағым Сөйлемде ой иесі боламын Етістікпен көркейемін толамын     (Шешуі:  зат  есім)

III. Зат есім.Дұрыс, жұмбақтың шешуі : зат есім.Бүгінгі сабағымызда  біз  берілген  түрлі тапсырмаларды  орындау барысында зат есімді толық зерттеп ,оны дәлелдейміз. Ол үшін топқа бөлінеміз. Әр топ нені зерттейтінін білу үшін әр түрлі қызықты тапсырмалар орындаймыз.

Топқа бөліну 1  тапсырма:                                         Әр топтың зерттейтін тақырыптары

1 топ   сөзжұмбақ шешеді.                   Заттың  атын  білдіретін  сөздер

2 топ   «Ойлан тап!» ойыны                 Сұрақтары: кім? Не? Кімдер? Нелер?

3 топ    ребус шешеді                   Жекеше,көпше түрлері Жалқы,жалпы есім

Оқулықпен жұмыс.7- жаттығу.Тақтаға орындау. 8-жаттығу.Суретпен жұмыс.

10-жаттығу.Суреттегі үй жануарлары мен үй хайуанаттарына ат қой. Сөйлем құрап жаз.

11-жаттығу. Ауызша орындау. Сұрақ-жауап.І топ  9- жаттығу. Қазақстан қалаларын жазады.

ІІ топ  Қазақстан көлдерін жазады.ІІІ топ Ауыл аттарын жазады.

IY. Сергіту сәті .  Ойын: Қай топ көп біледі?

І топ   Зат есім туралы не білгенін қорытындылайды. Мысалмен дәлелдейді.

ІІ топ      Зат есімнің сұрақтары жайлы айтады.  Мысалмен дәлелдейді.

ІІІ топ     Жалқы есім , жалпы есім  туралы айтады.  Мысалмен дәлелдейді. Дұрыс ,бүгін біз әр түрлі тапсырмалар орындау барысында  зат есім туралы білетін білімімізді  толық ашып, дәлелдедік. Келесі сабақта осы тақырыппен әрі қарай тағы да жұмыс жасаймыз.

Y. Бекіту. Тестпен жұмыс. YI.Үйге тапсырма:12-жаттығу. Ережені жаттау. Бағалау.

11.02.16ж.Сабақтың тақырыбы: Зат есім   

 Сабақтың мақсаты: а)Оқушылар кім?, не? сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысу. Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді таба білу; ә) Зат есімді толығымен зерттеу арқылы ізденімпаздық қабілеттерін,  түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік есте сақтау қабілеттерін ашу.б)Жұпта жұмыс істей отыра, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, фломастер, қима қағаздар, қарлар.

Сабақ әдіс тәсілдері: ой шақыру, топпен жұмыс, іздену, «еркін жазу»

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру . Психологиялық жағдай.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .

Қызығушылығын ояту.    Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр топ өз ұранымен таныстырады. Көркем жазу.

I топ. Алғырлар тобының ұраны. Оқу білім бұлағы-білім өмір шырағы.

II топ. Зеректілер тобының ұраны. Білікті бірді жығады, Білімді мыңды жығады.

III топ. Тапқырлар тобының ұраны.Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.

III. Зат есім. Бәйге ойыны.Сұрақ-жауап.

Оқулықпен жұмыс.13- жаттығу.Тақтаға орындау.

14-жаттығу.Ауызша орындау.

15-жаттығу. Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз.

Ауданда суретшілер жарысы өтті. Балалар сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.

16-жаттығу. Көптік жалғауы бар сөздерді теріп жаз. Ол сөздерге сұрақ қой.

Хайуанаттар, аңдарды, маймылдар, аюлар, түлкілер, барыстар.

18-жаттығу. Ауызша .

Туыс-туыстар, сабақ-сабақтар, құжат-құжаттар, парақ-парақтар, қап-қаптар.

әнші-әншілер, кенші - кеншілер, суретші- суретшілер, биші-бишілер, әже-әжелер, көрші-көршілер.

IY. Сергіту сәті .  Ойын: Қай топ көп біледі? Қар жинау.Топпен жұмыс.

Өзіндік жұмыс.

Y. Бекіту. Тест.

YI.Үйге тапсырма:17-жаттығу. Ережені жаттау. Бағалау.




Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров3260
Номер материала ДВ-440687
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх